Ұлттық экономикалық жүйедегі мемлекеттік бюджет және оның теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 17:51, курсовая работа

Описание работы

Бюджет- ақшалай қатынастар жүйесі болып табылады. Мемлекет әлеуметтік- экономикалық үрдістерді реттеуді жүзеге асыра отырып, экономикалық міндеттерге, материалдық мүмкіншілікке, реттіудің жинақталған тәжірибесіне байланысты өзгеріп тұратын әдістер мен құралдар жүйесін пайдаланады. Экономиканың ішкі тепе- теңдігіне қол жеткізуге көбіне- көп бюджеттік реттеу құралдары сәкес келеді. Бюджет экономикалық ықпал ету әдісі ретінде экономикалық өсуді ынталандырады.

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

І. Ұлттық экономикалық жүйедегі мемлекеттік бюджет және оның теориялық негіздері
1.1 Мемлекеттік бюджеттің түсінігі және оның құрылымы ..............................5
1.2 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі және оның құрылу принциптері..............................................................................................................7
1.3Шетелдердегі бюджет жүйесінің ұйымдастырылу ерекшеліктері...............9

ІІ. Қазақстан Республикасының ұлттық экономикадағы мемлекеттік бюджет ерекшеліктері
2.1 Мемлекеттік бюджеттің кірісін толтырудағы және шығындарын қаржыландырудағы рөлі.......................................................................................10
2.2 2010-2011 жыдардағы мемлекеттік бюджеттің атқарылуын талдау..........13
2.3 Қазақтандағы мемлекеттік бюджеттің орны мен рөлі................................14

ІІІ. Ұлттық және жүйедегі мемлекеттік бюджеттің тапшылығы және жетілдіру шаралары
3.1 Мемлекеттік бюджет жүйесінде кездесетін мәселелер...............................16
3.2 Бюджеттік жүйесін шешу жолдары...............................................................18

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................20

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................22

ҚОСЫМША

Файлы: 1 файл

МАЗМҰНЫ мемлекетт бюджет.doc

— 154.00 Кб (Скачать файл)

Шығыстарды қамтамасыз ету  үшін сәйкесінше табыстар болу керек. Ресейдің бюджеттік табыстары, негізінен салықтық, салықтық емес және қайтарымсыз аударымдардан тұрады (Қосымша Б ).

Кесте 2 көріп отырғандай, бюджеттік түсімдердің басым  бөлігін салықтық түсімдер алады (80 проценттен жоғары). Оның ішінде:

- пайдаға салық                 104 870         14,7 %

- жеке табыс  салығы         75 235          10,6 %

- қосымша құн  салығы     182 812         25,7 %

- Акциздер     64 407           9,0 %

     - мүлік салығы                   47 773           6,7 %

Қосымша құн  салығы және акциздер 35%-ке жуық. Егер оларға импорттық және экспорттық баждарды қоса, олардың үлксі 40 процентке дейін өседі. Өндіріспен байланысты салықтар мөлшері онша жоғары емес және бүкіл түсімдердің 15 процентке жуығын алады. Оларға кәсіпорынның мүлік салығын қосқанның өзінде жиынтық түсім 22 процентті құрайды.

Салықтық емес түсімдер бюджеттік түсімдердің 10 процентінен  аспайды. Олардың ішінде неғұрлым маңызды  арнайы бюджеттік қорлардан түсім (6%) және мемлекеттік мүлікті сатудан  түскен табыс (3%) болып табылады. Ал ішкі экономикалық қызметтен түскен табыс небәрі 1,5 процентті құрайды [4-141 б.].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Қазақстан  Республикасының ұлттық экономикадағы  мемлекеттік бюджет ерекшеліктері

 

2.1 Мемлекеттік  бюджеттің кірісін толтырудағы  және шығындарын

қаржыландырудағы рөлі

 

Мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қаражат қорларының құрылуы мен қолданылуы – бюджеттің табысы мен шығысының пайда болуымен сипатталады. Бюджеттің бұл екі категориясы да объективті болып табылады және қоғамдық сипатқа ие: табыстар мемлекетті қажетті ақшалай қорлармен қамтамасыз етеді, ал шығыстар жалпы мемлекеттік қажеттілікке сай орталықтанған ресурстарды үестіреді.

Табыстар мен  шығыстардың құрамы мен құрылымы мемлекеттің бюджеттік және салық  саясатының жүзеге асырылу бағыттарына  байланысты. Бұл жағдайда мемлекет табыстарды құру мен шығыстарды жүзеге асырудың арнайы мысалдары мен әдістерін қолданады.

Табыстардың негізі көзі болып салықтар немес соларға  балама төлемдер саналады. Қазақстан  Республикасының мемлекеттік бюджетінің құрамы мен құрылымы салықтық төлемдер мен салықтық емес түсімдермен анықталады. Мемлекеттік бюджеттің құрылымы бюджеттік жіктелу негізінде құрылады және 7 бөлімнен тұрады:

І. Түсімдер

ІІ. Алынған  ресми трансферттер (гранттар)

ІІІ. Бюджеттен  берілген несиелердің қайтарылуы

IV. Шығыстар

V. Несиелендіру

VI. Бюджеттік  дефицит (профицит)

VІI. Дефицитті  қаржыландыру (профитті пайдалану).

Өз кезегінде  түсімдер мынадай топтарға бөлінеді:

  1. салықтық түсімдер
  2. салықтық емес түсімдер
  3. капитал мен операциядан түскен түсімдер.

Бюджеттік түсімдердің  бұл негізгі үш категориясы тағы да алынған ресми трансферттермен толықтырылады.

Салықтық түсімдер бюджетке түсетін барлық тсімдердің 90%-ке жуығын құрайды.   Жаңа Салық  кодексіне сәйкес 2002-жылдан бстап  қазақстанда төмендегідей салықтар іс-әрекет етуде:

  1. корпоративтік табыс салығы
  2. жеке табыс салығы
  3. қосымша құн салығы
  4. акциздер
  5. жер қойнауын пайдалану салығы мен арнаулы төлемдері
  6. әлеуметтік салық
  7. жер салығы
  8. көлік құралдарына салықъ
  9. мүлік салығы

Корпаративтік табыс салығы Қазақстанда мемлекеттік  бюджеттің салықтық түсімдерінің 28 %-ін құрайды. Салықты табыс табатын рециденттер және резидент емес заңды тұлғалар, сонымне қатар коммерциалық емес және бюджеттік ұйымдар төлейді. Салық салу объектісі – жылдық жиынтық табыс. Салықтың ставкасы - 30%.

Жеке табыс  салығы мемлекеттік бюджет түсімдерінің 11%-ін құрайды. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ Қазақстан Республикасы территориясында қызмет істейтін адамдар табыс салығын төлеуші жеке тұлғаларға жатқызылады. Салық ставкасы табыс көлемімен байланысты 5-30% аралығында болады.

Қосымша құн  салығы – жанама салықтардың ішіндегі ең маңыздысы болып саналады. Бұл  салық Қазақстан Республикасында 1992 жылдан бастап енгізілген. Салықтық түсімдердің 20%-ін алады. Қосымша құн  салығы тауарды (жұмыс, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған. Оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы территориясында тауарлар импорты кезіндегі аударымды білдіреді. Қосымша құн салығы бойынша есепте тұрған немес тұруға міндетті кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және  жеке тұлғалар  салық төлеушілер болып табылады.

Акциздер - өнімнен  алынатын жанама  салық болып  табылады,  әрі тауардың бағасына қосылды. Қазақстан Республткасының аумағында өндірілген және Қазақстан территориясында импортталатын, тізбесін Қазақстан Үкіметі бекіткен тауарларға, сондай-ақ ойын бизнесіне салынады.

Әлеуметтік  салық Қазақстанда 1999 жылдан бастап енгізілді. Мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдердің 19 %-ін құрайды.  Салық төлекушілер заңды тұлғалар болып табылады, салық ставкасы - 21%.

Жер салығы 1992 жылы енгізілген. Салық салу объектілері  – салық төлеушінің меншігіне  немес тұрақыты пайдалануына берілген жер учаскелері. Салық ставкасы жердің сапасына, орналасуына қарай, жер учаскесінің алаңының бірлігіне тағайындалады.

Мүлік салығын  төлеушілер жеке жіне заңды тұлғалар. Объектісі заңды  және жеке тұлғалардың  меншігіндегі негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлар.Бұл салықтардың құрылымын келесі кестеден көруге болады

( Қосымша В).

Бұл кестеден бюджеттік  түсімдердің жыл сайынғы өзгерісін  байқауға болады, сондай-ақ салықытқ түсімдердің  құрамдарын.

Бюджеттен берілген несиелердің қайтарылу категориясы  бюджеттік несиелер бойынша мемлекеттік шаруашылық субъектілер тарапынан ақшалай қаражаттардың түсімін білдіреді.

Шығыстар негізгі  функционалды топ бойынша көрсетіледі: жалпы сипаттағы мемлекеттік  қызмет көрсетулер, қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік; білім беру; денсаулық  сақтау; әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек; тұрғын үй коммуналды шаруышылық; мәдениет; спорт және ақпараттық кеңістік пен туризм; отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану; өнеркәсіп және құрылыс; ресми трансферттер және тағы басқа.

Несиелендіру  бөліміне басқа экономикалық бірліктерге қайтарымдық негіздер несие беру кіреді.

Алтыншы бөлім  – бюджеттік дефицит – түсімдер мен шығындар арасындағы кері айырмашылықты  білдіреді. Яғни, шығыстардың бюджеттік  түсімдерден асып кетуі. Ал бұл көрсеткіштердің  арасындағы жағымды айырмашылық бюджеттік профицитті сипаттайды.

Жетінші бөлім  – бюджет тапшлығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – мемлекеттің  ішкі және сыртқы қарыздарын жабу шығындарын білдіреді. Ол екі жақты сипатта  болады:

  1. дефицит жағдайында – сыртқы заемдар мен ішкі көздерден (Ұлттық Банк, коммерциялық банктер, бағалы қағаздарды өткізу) ресурсстар тарту;
  2. профицит жағдайында – жоспардан тыс түсімдерді, ең алдымен, мемлекеттік міндеттермелерді жабуға пайдалану немес маңызды мемлекеттік бағдарламаларды қосымша қаржыландыру.

Кірістер мен  шығыстардың толық тізбесі мен  топталуы бюджеттік сыныптамада  анықталады. Бюджеттік сыныптама  – бұл бюджеттің түсімдері  мен шығыстарының бірыңғай белгілері  бойынша жүйеленген топтамасы. Бюджетке түсетін түсімдер 4 бөлім бойынша жіктеледі: санат, сынып, сыныпша, ерекшелік. Санатқа салықтық түсімдер; капиталмен жасалған операциядан түсетін табыс; алынған ресми трансферттер, қатарылған несие; жалпы қаржыландыру; бюджеттік қаражаттардың қалдықтарының қозғалысы кіреді [6-102 б.].

 

        

 

 

 

        2.2 2010-2011 жылдардағы мемлекеттік бюджеттің атқарылуын талдау

 

Экономикалық, әлеуметтік және де басқа мәселелерді  шешу үшін қажетті қаржы көлемі мен  мемлекетті толық қамтамысыз ету  барлық кезеңнің, бар халықтың басты  мәселесі болып табылады. Барлық мәселенің түйіні бюджеттің атқарылуына келіп тіреледі.

Бюджеттің атқарылуы  – бюджеттік қорлардың құрылуы  мен пайдалануы бойынша бюджеттік  процесстің маңызыд сатысы болып  табылады. Бюджеттік атқарылу  процесіне  атқаруыша билік органдары, қаржылық және салық органдары, несиелік мекемелер салық төлеуші заңды және жеке тұлғалар қатысады.

Бюджеттің атқарылуы түсімдер бойынша және шығыстар бойынша қарастыруға  болады. Түсімдер бойынша қарастырылатын болса, Қазақстан Республикасының  бюджеттік түсімдері 3 бөлімнен тұратындығын жоғарыда айтып өттік, яғни олар:

  1. салықтық түсімдер
  2. салықтық емес түсімдер
  3. капиталмен жасалған поерациялардан алынатын кірістер.

Салықтық түсімдердің  ішінде маңызыды, бірінші орында корпоративтік  табыс салығы тұр. 2003 жылы бұл салық түрімен бюджетке 169 048 млн.тнг. , яғни салықтық түсімдердің 16,6%, 2010 жылы 209054 млн.тнг., 2005 жылы бюджетке 159 288 млн.тнг. (26,6%) түсім түскен.

Корпоративті  табыс салығынан кейінгі екінші орында қосымша құн салығы. Әлеуметтік салық , қосымша құн салығы, акциздер құрамындағы өзгерісті келесі диаграммадан көруге болады (диаграмма 1).

Диаграммадан 2010-2011 жылдарда қосымша құн салығының түсімдері көбейгенмен олардың үлес салмағының төмендегенін байқауға болады. Қосымша құн салығы 8903 млн.тнг., 2005 жылы 105 159 млн.теңгені құрап, ал 20006 жылы 159 913 млн. теңгеге дейін жоғарылаған.

Әлеуметтік  салықтар 2010 жылғак қарағанда, 2005 жылы 28 639 млн.теңгеге артқан, алайда олардың үлес салмағы 21,3 проценттен 18,9 процентке төмендеген. Ал 2011 жылғы айырмашылық барлығы 25 202 млн.тнг. құрайды, яғни бүкіл салықтық түсімдердің 19,5 процентін және бүкіл бюджеттік түсімдердің 16,7 процентін алады.

Ал акциздер салықтық түсімдердің шамалы бөлігін ғана құрайды: 2010 жылы – 5,7 процент, 2005 жылы 3,7 процент, ал 2011 жылы 3,4 процент. Сонымен қатар, кейінгі жылдары акцизік түсімдер мөлшерінің азайғандығы байқалады. Ал салықтық емес түсімдер жалпы түсімдердің 2010 жылы 6,74 процентін, 2005 жылы 6,45 процент, 2011 жылы 9,5 процентін құрайды.  200- 2011 жылдардағы құрылымдық өзгерісі 82,7 процентті құрайды [12-132 б.].

 

   

 

 

2.3 Қазақстандағы  мемлекеттік бюджеттің орны мен  ролі

 

Мемлекеттік бюджет мемлекет құзырындағы ұлттық табыстың бір бөлігін оқшаулаумен және барлық қоғамның, оның жекелеген мемлекеттік-аумақтық қалыптасуының қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында пайдаланумен байланысты қайта бөлу қатынастардың ерекше экономикалық түрі болып табылады.

Мемлекеттік бюджеттің көмегімен ұлттық табыстың, яғни ұлттық байлықтың халық шаруашылығы салалары, ел аумақтары, қоғамдық қызмет салалары арасына қайта бөлінуі жүреді. Сондай-ақ қаржының басқа буындарына қарағанда бюджеттің қайта бөлу құнының үйлесімі көбіне, жалпы кеңейтілген ұдайы өндіріс қажеттіліктерімен және қоғам алдында оның әрбір тарихи даму сатысында тұрған мәселелермен анықталды.

Мемлекеттік бюджет әрқашан да әлеуметтік сала мен экономиканың дамуына әсер етуші маңызды құрал  болып келеді.  Оның көмегімен  мемлекет, ұлттық табысты қайта бөлуді іске асыру отырып, қоғамдық өндірістің құрылымын өзгерте, шаруашылық етудің нәтижесіне әсер ете, әлеуметтік жаңартулар енгізе алады. Қаржы жүйесінің ортаңғы буыны болатын бюджет оынң экономикалық табиғатымен қоғамдық бағытталуымен шартталған қоғамдық өндірістің аумақтық және салалық үйлесімдерін реттеуге кең мүмкіндіктер алады.

Мемлекеттік бюджеттің  халық шаруаышылығы үйлесімдерін реттеуге белсене қатысудың объективті негізі болып, оның мемлекетке қоғамдық өндірістің өсу мәселелеріне жауап беретін үйлесімде салалық және аумақтық ақша қорларын құруға мүмкіндік беретін бөлу қызметі табылады.

Нарықтық экономиканың тұрақты даму жағдайында мемлекеттк бюджет өз ролін жоғалта алмайды  және жоғалтпауы тиіс. Қоғамдық өндіріске  бюджеттің ықпалының әдістерінде өзгерістер болуы мүмкін. Бұл өзгерістерге бюджет қатынастарын түбегейлі қайта құру мен жаңа қағидалы бюджет механизмі қалыптастыру керек.

Макроэкономикалық реттеудің маңызды құралы болып  бюджет саясаты болып табылады. Бұл  салық салу мен мемлекеттік шығындарды өзгерту арқылы іскерлік, белсенділік деңгейіне мемлекеттің әсерін көрсетеді.

Бюджет саясаты  ұдайы өндірістік кезең аяқталуының  нәтижесінде жинақталған, қаржы  ресурсстарын жұмылдыру бойынша  мемлекеттің қаржы саясатын экономикалық мазмұнын анағұрлым толық көрсетеді. Олардың мемлекет дамуының әлеуметтік-экономикалық басымдылықтың пайдаланылуы және бөлінуі. Қаржы ағындарының қозғалысын реттеудің бастапқы принципі жиынтық тұтынудың өсуіне бағытталған. Ұдайы өндіріс үдерісінің барлық қатысушыларының мүдделерін ымыраға жекізуден тұрады. Бюджет бюджет саясатының негізгі құралы тетінде мемлекеттің қаржы жүйесінің барлық буындарын бекітеді. Үлкен қаржы ағындарымен басқарудың қажеттілігі осымен шартталған, яғни бұған қоса экономиканы реформалауға арналған шетел несиелері мен инвестициялары елдің төлем балансын өзгерту мен жалпы қоғамдық өнімнің қозғалысына бюджетсаясатының белсенді әсері де шартталған.

Информация о работе Ұлттық экономикалық жүйедегі мемлекеттік бюджет және оның теориялық негіздері