Экономиялық ілім пәні мен әдістрі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Сентября 2013 в 04:19, реферат

Описание работы

Белоктар органикалық заттар дамуының ең жоғарғы сатысы және жер бетіндегі тіршіліктің негізі. Организмнің тірек, бұлшық ет, жамылғы тканьдері белоктардан құралған. Олар организмде әр түрлі қызмет атқарады, химиялық реакцияларды жүргізеді, дене мүшелерінің қызметтерін өзара үйлестіреді, аурулармен күреседі, т.б.
Белоктардың құрамы мен құрылысы өте күрделі. Молекулалық массалары жүздеген мыңнан миллионға дейін жетеді. Төрт түрлі құрылымы болады. Олардың құрылымы бұзылса, денатурацияға ұшырап, организмдегі қызметін атқара алмайды.

Содержание работы

• 1 Жалпы мәліметтер
o 1.1 Құрлымы
o 1.2 Түзілуі
• 2 Белоктардың құрамы және құрылысы
• 3 Полипептид тізбегінің құрылысы
• 4 Белоктардың жіктелуі
• 5 Белоктардың денатурациясы
• 6 Химиялық қасиеттері
• 7 Белоктардың организмдегі өзгерісі
• 8 Белок синтезінің проблемасы
• 9 Азықтық ақуыз алу
• 10 Дереккөздер

Файлы: 1 файл

Ақуыз.docx

— 422.43 Кб (Скачать файл)

Белоктардың организмдегі өзгерісі


Белоктар аса маңызды  тағамдық, заттар (ет, жұмыртқа, сүт, нан, т.б.) құрамында болғандықтан, ас қорыту жолдарында ферменттер әсерінен аминқышқылдарына дейін ыдырап гидролизденеді. Аминқынщылдары ішек қабырғалары арқылы қанға өтеді. Көмірсулар мен майлардан айырмашылығы — аминқышқылдары организмде қор  болып жиналмайды. Олардың біразы адам немесе жануар организмінің өзіне тән белогын түзеді. Ал аминқышқылдарының бір бөлігі белок емес азотты қосылыстардың, нуклеин қышқылдарының синтезіне жұмсалады.[1] Кейбіреулері тотығып, ең ақырғы өнімдерге (С02, Н20, т.б.) дейін ыдырап, энергия бөледі.

Белок синтезінің проблемасы

Белокты синтездеу проблемасының  теориялық және практикалық маңызы бар. Белок молекуласының күрделі  болуына байланысты қазіргі уақытқа  дейін белок синтезі толық  іске аспай отыр. Белок молекулалары үздіксіз қозғалыста болады. Белок  молекулаларын синтездеуге әрекет жасаған ғалымдардың сәтсіздіктерінің себебі де осында болуы мүмкін. Белок молекулаларының үздіксіз өзгеруін анықтайтын заңдылықтарды түсіну — қазіргі ғылымның ең басты міндеттерінің бірі.

Жоғары деңгейлі организмдерде  белок биосинтезі таңғаларлықтай тез  жүреді: 350 аминқышқылынан тұратын полипептид бар болғаны 10 секундта түзіледі! Белок  синтезінің құпия сырын ашу көптегек вирус ауруларын жеңуге мүмкіндік  береді, жаңа химиялық талшықтар мен  пластмассалар жасауға, тамақ және химия өнеркәсібінде жаңа өндіріс  процестерін ойлап табуға көмектеседі.

Алғаш рет қарапайым белокты  заттар, гипофиздің гормондары вазопрессин  мен окситоцин алынды. Одан басқа  белок синтездеудегі зор табыстарға инсулин мен интерферон алу жатады. Полипептидтік теория ашылғаннан бері белоктық қасиеттері бар полипептидтер  синтезделіп, жемдік қоспа, дәрі-дәрмек ретінде қолданылып жүр.

Қазіргі замандағы маңызды  міндеттердің бірі — синтездік тағам  жасау проблемасы. Соның ішінде белоктық тағам түрлерін алу бірінші кезекте  түр. Бұл салада академик A. Н. Несмеянов  бастаған ғалымдар тобы жұмыс істеп, біраз жетістіктерге жетті. Мысалы, сапасы жөнінен табиғи түрінен кем соқпайтын қара уылдырық синтездеп алды.

Ғалымдар  биосинтез бен  клеткаларда жүретін  процестердің заңдылықтарын  толық меңгерген  кезде жасанды  жолмен белоктар алу  мәселесі де толық  шешілуі мүмкін]


Информация о работе Экономиялық ілім пәні мен әдістрі