Жоғары оқу орнында инновациялық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 21:32, доклад

Описание работы

Жоғары оқу орнында инновациялық тәсілдерді енгізу білім берудің тиімділігін арттыруда маңызды саналады. Білім беруде инновацияға деген ұмытылыс бұқаралық сипат алуда. Жаңа білім алуға және жоғары мектептегі оқытушының инновациялық білімдарлығы мен мәдениетіне деген қажеттілік артып келеді.
ЖОО оқу процесіндегі кредиттік технология бойынша семинар дәрістерін өткізуде жаңа инновациялық тәсілдер де осы талаптардан туындайды. Білім берудің инновациялық тәсілі – оқу материалын игеру процесінің практикалық қызметіндегі жаңалықпен айқындалатын «оқытушы-студент» қарым-қатынасындағы жаңа әдістер.

Файлы: 1 файл

Жана иновациялық әдістер.doc

— 57.00 Кб (Скачать файл)

СЕМИНАР САБАҚТАРЫНДА қолданылатын

жаңа ИННОВАЦИЯЛЫҚ тӘсілдер

 

Жоғары оқу орнында  инновациялық тәсілдерді енгізу білім  берудің тиімділігін арттыруда  маңызды саналады.  Білім беруде инновацияға деген ұмытылыс бұқаралық сипат алуда. Жаңа білім алуға және жоғары мектептегі оқытушының инновациялық білімдарлығы мен мәдениетіне деген қажеттілік артып келеді.

ЖОО оқу процесіндегі  кредиттік технология бойынша семинар  дәрістерін өткізуде жаңа инновациялық тәсілдер де осы талаптардан туындайды. Білім берудің инновациялық тәсілі – оқу материалын игеру процесінің  практикалық қызметіндегі жаңалықпен айқындалатын «оқытушы-студент» қарым-қатынасындағы жаңа әдістер.

Білім берудегі инновация білім беру мазмұнындағы, оның формасы мен әдістеріндегі, «оқытушы-студент» қарым-қатынасындағы жаңалық, жаңа енгізілім, білім беруде ақпараттық технологияны пайдалану, оқу-тәрбие барысында жаңа жабдықтар енгізу және оны басқару деп аталады.

Қазіргі заманғы ақпараттық қоғамның дамуы инновация деп  сипатталады. Оның негізінде ақпарат жатады. Ал ақпараттың, О.Тофлер атағандай, жаңашылдық, динамикалық және әртүрлілік сипаты болады. Сонымен, осы аталған ақпараттың  үш сипаты қоғамның да, әлеуметтік институт ретінде білім беруді де сипаттайды. Ақпарат деректерінің ұлғаюы қоғамдағы ақпарат алмасу процесінің динамизациясына әкелетіндіктен жаңашылдық қашан да пайда бола бермек /1/.

Лекцияда студентке  берілген білім, біліктілік пен дағдыларды семинар сабақтарында тереңдетіп оқытуға, нығайтуға, өз бетінше ізденуге ынталандыратын дәріс өткізу формасы семинар саналады. Семинарды өткізу мақсатына білім алушының ақпаратты өзінше сараптай білуі, дұрыс тұжырымдай алуы, өз пікірін негіздей алуы жатады. Лекцияда алған білімді тереңдету, нығайту, студенттің оқу материалы бойынша өзіндік жұмысының тиімділігі мен нәтижелілігі, білім алушының ізденіс дағдыларын қалыптастыруға студенттік аудиторияда оқу материалын жинақтау мен түсіндіре білуге, өзіндік көзқарасын дәлелдей білуге үйрету семинардың міндеттері саналады. Семинар – студенттің өнімдік-қайта құрылымданатын білім берудің белсенді түріне жатады. Семинар белсенді түрде өту үшін дискуссиялық, бірақ басқарылатын сипатта болуы тиіс. Бұл үшін оқытушы алдын ала тиісті сұрақтар, мысалдар, сюжеттер  дайындап, семинар сценариін құрады. Төменде семинарды өткізуде қолданылатын бірқатар инновациялық әдістер ұсынылады /2/.

 

Ақпараттық технология жетістіктерін пайдалану:

  • Оқу процесінде Microsoft Publisher бюллетень,  буклет, Веб-бөлімдерін, хабарландыруда дайындауға және өзгертуге мүмкіндіктер беретін бағдарламасын пайдалану;
  • Microsoft Power Point веб-беттерін және баяндама, сипозиумдар, пікірсайыстарда баяндама жасауға, сөз сөйлеу кезінде бағдарлама мүмкіндіктерін пайдалану;
  • Microsoft Word бағдарламасы бойынша лекциялар мен практикалық сабақтардың мазмұнына қажетті диаграмма, кесте, картинкаларды пайдалану;
  • Интернет бойынша сайттар каталогын жасауды қолдану;
  • Интернеттегі ақпараттарды сараптау;
  • Виртуальдық форумдар мен Интернет-конференцияларды ұйымдастыру.

Қазіргі ақпараттық қоғамға  ұмтылған елдерде білім беру процесіне жаңа технологияларды батыл енгізуде. Солардың бірі білім берудің модульдық жүйесі - www.moodle.org саналады. Бұл – білім берудің барлық деңгейін бағдарламалық қолдайтын жүйе. Жыл сайын осы жүйе әлем елдерінде танымал бола түсуде.

Коммуникацияның вербальды құралдары бойынша:

  • Байланыс орнату тәсілдері: танымдық (ақпарат бере білу), сендіру (қарым-қатынас стратегиясын орнату), экспрессивті (психоэмоционалды орта орнату), суггеститві (мінез-құлық және қарым-қатынасын өзгертуге әсер ету);
  • Қолданылатын құралдар: ақпараттық-сараптамалық хабарламалар дайындау, жаңа лекцияны талықлау, түйіндеуде аудио, визауалды, кинестикалық құралдарды қолдану, дискуссия, шешендік өнер тәсілдері, презентация, дөңгелек үстөл, брифинг, пресс-конференция, жарнамалау, дебат, кеңес беру, тренинг, өзіндікмаркетинг, жаттығулар.
  • Білім берудегі ойын түрлері: жағдайды сараптау тәсілі, кейстерді сараптау тәсілі, оқиғаларды сараптау тәсілі, іскери корреспонденцияны сараптау тәсілі, рөлдерді ойнау тәсілі, психологиялық видеотренинг тәсілі, имитациялық ойын тәсілі, іскери ойындар тәсілі.
  • Идеяларды қолдау тәсілдері: брейнсторминг (идеяларды басқару тәсілі), синектика (шығармашылықты психологиялық тұрғыда белсендіру тәсілі), ассоциация (теңестіру, салыстыру тәсілі), қойын кітапшасы тәсілі және сауалнамалар тәсілі.

Педагог-зерттеушілер семинар өткізуде біршама кепілдемелер ұсынады. Солардың қатарында қызу пікірталас тудыру үшін қолайлы орта тудыру қажеттігі баса айтылады. Яғни студент семинар барысында ойын еркін білдіруге, пікірін нақтылауға, көзқарасын толық жеткізе отырып, пікірталасқа  белсенді қатыса білуі маңызды. Студенттердің белсенділігін қашан да қолдап, дамыту қажет.

Студенттің оқу үдерісіне ынталы болуы, білім, біліктілік пен дағдыны қабылдаудағы белсендігінің артуы және оған жақын да жағымды қызмет түрлерін ұсыну оқытушының мақсаты саналады.

Қазіргі уақытта әлем елдерінің көптеген жоғары оқу орындарында  білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін игеру өзекті мәселеер қатарында. Өйткені бәсекеге қабілеттілік сол жоғары оқу орнынын білім берудің жаңа технологияларын меңгеруімен, оны оқу процесіне енгізуімен және де түлектердің еңбек нарығында сұранысына ие болуымен айқындалса керек.

2008 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Ұлыбританиядағы Лондон Колледжі Университетін (UCL) арасындағы ынтымақтастық нәтижесінде университетіміздің бір топ оқытушысы Білім беру және оқыту жөніндегі біліктілікті арттыру курсынан өтті.  Мазмұны мен сипатына қарай курс екі бағытта ұйымдастырылған болатын.  Соның бірі – академиялық ағылшын тілін оқыту арқылы білім берудің әдіс-тәсілдеріне баулу болса, келесі бағыты – жаңа ақпараттық технологияларды білім беру барысында  игеру болды.

Британиялық жоғары оқу орындарында оқытушы мен студент  арасындағы қарым-қатынасты оқытудың проблемаларына ерекше көңіл бөлінеді. Проблемалық білім берудің қатарында, әсіресе, семинар сабақтары аса тиімді саналады. Семинар сабақтарының екі түрін атап өткен модератор, оларды былайша сипаттайды:

1) Семинар барысында студентке өздері жиі кездесетін проблеманы атайды. Оқытушы сұрақ қоя отырып, студентті проблеманың туындауы және шешу жолдары жайлы ұсыныстарын тыңдай отырып, пірікталас өрбітеді. Семинар барысында студенттің сыни ойлау өресі арта түсуі сабақтың басты талабы.

2) Семинар барысында студенттің аталған проблеманы түсінбестен жай ғана қабылдауы. Олар әдетте қойылған сұрақты да дұрыс қабылдамауы және бұл проблема жайлы терең ойламауы мүмкін. Дегенмен аудиторияда интерактивті байланыс орнағанымен, оқытушы көбінде семинарда тек өз сұрағына жауапты өзі іздейді. Семинар өткізудің мұндай моделі студенттің сыни ойлау жүйесін дамытпайды.

Семинар дәрістерін өткізудің  келесі мысалы, оқытушы проблеманы аудиторияға жеткізгенде студент сұрақты өзі іліп алып қоя беретіндей дәрежеде жеткізу. Сабақта қашан да сыни ойлауға баса назар аудару қажет.  Оқытушы тек проблеманы атап көрсетпестен, соны студенттің ой-елегінен өткізіп, терең қабылдауына және шешім қабылдауына ықпал ету керек. Нәтижесінде студенттің парасатты дамуы арта түседі. Ал студентті пікірталасқа қалай тартуға болады? Міне, ағылшындық педагог-зерттеушілер студенттердің сыни көзқарасы дамуына байланысты екі түрін сипаттап өтеді:

  1. Студент – стратег, яғни проблеманы тереңінен ойлайды.
  2. Студент – адресат, яғни проблеманың тек мазмұнын ғана қабылдайды.

Сонымен, университет қабырғасында оқитын студенттер қатарында  сараптау қабілеті жоғары, мәселенің қыр-сырын  терең ойлай білетін  және мақсаты - емтихан тапсыру, диплом алуды ойлатын, проблеманың байыбына үңіле бермейтін аса алаңсыз студенттер қатар кездесіп отырады. ВВС түсірген видеожазба кейіпкерлері қатарында осындай студенттерге сипаттама беріледі.

Білім беруде басты тұлға  оқытушылардың 3 түрін атаған ағылшындық зерттеушілер, оларды былайша жіктейді:

    1. Студент жайлы ойлайтын оқытушы;
    2. Білім беру жайын ойлайтын оқытушы;
    3. Өз жайын ойлайтын оқытушы.

Студентпен белсенді жұмыс жүргізуде түсіну теориясын  ұсынған зерттеушілер мынадай деңгейге бөліп, айқындайды:

Solo 5 – ‘Extended abstract’

Solo 4 – ‘Relational’

Solo 3 – ‘Multi-structural’ 

Solo 2 – ‘Unistructural’

Solo 1 –  ‘Prestructual’

4-5 категориядағы студенттер мәселенің қыры-сырын меңгергендер, ал 2-3 – мәселенің мән-жайын үстіртін ойлайтындар деп санайды.  Сонымен, студенттер пәнді терең ізденіспен толықтай меңгеруге ұмтылса, келесілері  пәнннің алға қойған мақсаты, міндеттерін жеңіл-желпі қабылайды /3/.

Сонымен, университетте  білім беру процесінде оқытушы мен  студент қарым-қатынасы қандай маңызды  болса, олардың арасындағы байланысты нығайтуда семинар дәрістерінің де маңызы соншалықты болмақ. Яғни семинар сабақтары оқытушы – студент, студент – оқытушы арасындағы байланысты нығайтып қоймастан, пәннің студент алдына қоятын мақсаты мен міндетін айқындауда, лекция барысында аталған проблемаларға жауап іздеп, шешу жолдарын іздестіруде, соңында студенттің парасаттылық қабілетін арттыруда да маңызды саналмақ. Студенттің білім өресі мен деңгейі тек тапсыратын емтихан не бақылау жұмыстарынан ғана емес, олардың ертеңгі қоғамға пайдалы білікті маман болып қалыптасуынан да көрініс табуы тиіс.

 

Әдебиеттер:

1. А.К.Мынбаева, З.М. Садвакасова. Инновационные методы обучения, или как интересно преподавать. Алматы, 2007. – 5 с.

2. А.П. Панфилова. Деловая коммуникация в профессиональной деятельности.  Учебное пособие. – СПб.: ИВЭСП, 2001. – 23-24 с.

3. Mark Weyers. Преподавание в малых группах – активное обучение в аудитории // Фокусировать деятельность студента / Центр по продвижению обучения и преподавания (Centre for the Advancement of Learning and Teaching (CALT, UCL), 2008.




Информация о работе Жоғары оқу орнында инновациялық