Инвестициялық жобаның тиімділігі: мәні, түрлері, бағалау әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2013 в 17:36, реферат

Описание работы

Коммерциялық тиімділік инвестициялық жобаны жүзеге асырудың әрбір қатысушы үшің жеке-жеке қаржылық салдарын есепке алады. Коммерциялық тиімділікті есептеу үш кезеңнен тұрады:
нақты ақша ағындарын құру және соның негізінде жоба қаржыландыру көлемін анықтау;
коммерциялық тиімділік көрсеткіштерін анықтау;
жобаның тұрақтылығын бағалау.
Әдетте инвестициялық жобаның ақша ағындары мынадай үш санатқа жіктеледі:

Содержание работы

Кіріспе
Негізгі бөлім
1.1 Инвестициялық жобаның тиімділігі (112-124)
1.2 Инвестициялық жоба тиімділігін бағалау (126-133)
1.3 Инвестицияның тиімділігін бағалауда инфляцияны есепке алу және тәуекелділік факторын есептеу әдістері (170-204)
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Инвестициялық жобаның тиімділігі.doc

— 40.50 Кб (Скачать файл)

Инвестициялық жобаның тиімділігі: мәні, түрлері, бағалау әдістері

Жоспар:

    1. Кіріспе
    2. Негізгі бөлім
  1. 1.1 Инвестициялық жобаның тиімділігі (112-124)

  • 1.2  Инвестициялық жоба тиімділігін бағалау (126-133)
  • 1.3  Инвестицияның тиімділігін бағалауда инфляцияны есепке алу және тәуекелділік факторын есептеу әдістері (170-204)
      1. Қорытынды

         Қолданылған  әдебиеттер тізімі

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Қолданылған әдебиеттер:

    Көшімова М. Ә., Аманиязова Г. Д. 2011 «Кәсіпорынның инвестициялық қызметі»

     

     

    Инвестициялық жобаның коммерциялық тиімділігін бағалау

    Коммерциялық тиімділік  инвестициялық жобаны жүзеге асырудың әрбір қатысушы үшің жеке-жеке қаржылық салдарын есепке алады. Коммерциялық тиімділікті  есептеу үш кезеңнен тұрады:

    1. нақты ақша ағындарын құру және соның негізінде жоба қаржыландыру көлемін анықтау;
    2. коммерциялық тиімділік көрсеткіштерін анықтау;
    3. жобаның тұрақтылығын бағалау.

    Әдетте инвестициялық  жобаның ақша ағындары мынадай үш санатқа жіктеледі:

    • бастапқы инвестициялар;
    • операциялық табыстар және операциялық шығындар;
    • активтердің қалдық  құны.

    Жобаны жүзеге асыруда  қызметтін мынадай  үш түрі жүзеге асырылады: инвестициялық, операциялық (өндірістік) және қаржылық. Қызметтін  әрбір түрінде кіріс және жылыстайтын ақша ағындарының қозғалысы туындайды.

     

    Инвестициялық жобаның қоғамдық тиімділігін бағалау

    Қоғамдық мәні жоғары жобаларды бағалау қоғамдық тиімділікті  есептеуден басталады. Инвестициялық  жобаның қоғамдық тиімділігін бағалау  қоғам тұрғысынан алғанда жобаны жүзеге асыру үшін қаржы бөлудін  негізділігін тексеруге мүмкін береді. Әлеуметтік- экономикалық дамуға оң ықпал ететін кең ауқымды жобалардың қоғамдық тиімділігін  анықтаудың маңызы зор. Мұндай жобаларға металлургиялық және химия зауыттарының құрылысы, агроөнеркәсіп кешеңдері, ірі пайдалы қазбалар кеңорындарын игеру, мұнай және газ құбырларың, автокөлік және теміржол құрылыстары жатады.

    Қоғамдық тиімділік  көрсеткіштері барлық қоғамның, тұтас  халық шаруашылығының мүддесін тұрғысынан алғандағы жобаның тиімділігін  сипаттайды. Жоба қатысушыларының қаржылық мүдделерінен тыс болатын инвестициялық жобаны жүзеге асырумен байланысты табыс пен шығындарды есепке алады.

    Шығындар:

    • Инвестициялық жобаға барлық қатысушылардың ағымдағы және біржолғы шығындары;
    • Жанама шығындар.

    Нәтижелер:

    • Түпкі нәтижелер;
    • Әлеуметтік және экологиялық нәтижелер;
    • Тікелей қаржылық нәтижелер;
    • Шетелдік мемлекеттер мен банктердің несиелері;
    • Жанама қаржылық нәтижелер.

     Сонымен  қоғамдық  тиімділік көрсеткіштері тұтас  қоғам үшін жобадан алынатын  нәтижелер мен шығындардың қатынасын көрсетеді.

     

    Жобаға қатысу тиімділігін  анықтау

    Жобаға кәсіпорынның қатысу тиімділігінің көрсеткіштерін есептеуге ақша құралдарын пайдалану  мүмкіндіктері қаржыландыру көздеріне  байланысты болмайды. Мұнда қызметтін  барлық түрінен (инвестициялық, операциялық  және қаржылық) алынатын ақша ағындары есепке алынады.

    Кәсіпорынның жобаға қатысу тиімділігін  анықтау әдістемесі коммерциялық тиімділікті  анықтаумен бірдей, бірақ мұнда тек  инвестициялық қызметтен алынатын ақша ағындарының құрамы ғана өзгереді. Қарыз қаражаты инвестициялық қызмет бойынша кіріс ақша ағынына, ал пайыздарды төлеу операциялық қызметте жылыстайтын ақша ағынына және несиенің негізгі сомасы мен дивиденд төлеу қаржылық қызметте жылыстайтын ақша ағынына жатады.

    Акционерлер үшін инвестициялық жобаның тиімділік көрсеткіштерін бағалау акцияның әрбір түрі үшін жекелеген ақша ағындарының негізенде жобаның өмірлік циклімен жүргізіледі. Бұл ақша ағындарының есебі жобамен алынады, өйткені инвестициялық жобаны жасау сатысында дивидендтік саясат белгісіз болады. Есептеулер жобаға қатысатын әлеуетті акционерлерді тарту мүмкіндігін бағалау үшін қолданылады. Акционерлер үшін инвестициялық жобаның тиімділігін есептеуде қолданылатын ақша ағынының құрамы төмендегідей болады:

    • кіріс ақша ағынына акцияларға төленетін дивидендтер, кезең соңындағы пайдаланылмаған амортизация, өткен кезеңнен бөлінбей қалған пайда жатады.
    • Жылыстайтын ақша ағынына – акцияны алу шығындары (жобаны бастапқы жүзеге асырудағы – инвестиция) және жойылатын кәсіпорын мүліктерін сатудан түскен табысқа салынатын салықтар жатады.

    Акция иелері үшін дисконт нормасы ретінде акционерлік кәсіпорынның дисконт нормасы алынады.

    Жобаға жоғары деңгейдегі құрылымдардың қатысу тиімділіг  анықтау аймақтық тиімділік пен салалық тиімділік көрсеткіштерін есептеуден тұрады. Жобаның аймақтық тиімділік көрсеткіштері жобаны жүзеге асырудың аймақ экономикасына, әлеуметтік және экологиялық ахуалына, жергілікті бюджеттің кірістері мен шығыстарына әсерін есепке ала отырып сәйкес аймақ тұрғысынан алғандағы қаржылық тиімділікті қамтиды. Аймақтағы ақша ағындарына жобамен байланысты сыртқы ортадан түскен ақшалай түсімдер ( тауардың ақысын өтеу, субсидиялар мен дотациялар, республикалық бюджеттен, басқа өңірлерден, шетелден алынған қарыз қаражаттары) жатады. Ал жылыстайтын ақша ағындары сыртқы ортаға төленетін төлемдерді қамтиды.

    Салалық тиімділік көрсеткіштерін есептеуге жобаға қатысушы-кәсіпорындардың  ірі құрылымдардың (қаржы-сауда палаталары, холдингтік бірлестік) құрамына кіруі  есепке алынады. Салалық тиімділік  көрсеткіштерін есептеу жобаға кәсіпорынның қатысу тиімділігін есептеуге балама болып табылады.

    Бюджеттік тиімділік республикалық және жергілікті бюджеттер үшін инвестициялық жобаны жүзеге асырудың қаржылық нәтижелерін қамтиды. Бюджеттік тиімділіктің негізгі көрсеткіші – бюджет нәтижесі.


    Информация о работе Инвестициялық жобаның тиімділігі: мәні, түрлері, бағалау әдістері