Қазақстан Республикасында президенттік институттың қалыптасу кезеңдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2013 в 22:56, курсовая работа

Описание работы

Өзін нақты мемлекетке ауыстырған СОКП шексіз өкілетті СССР сияқты үлкен мемлекеттердің сыртқы және ішкі қызметтерінің барлық сипаттамаларын анықтады, ол мақсатына және қатаң өз шарттарын күштеп таңу орталығының міндетін өзіне тәуелді етті. Қоғамдық өмірдің барлық сферасында таралған бұл өкілеттілік қазақ ССР мемлекетінің егемендігі басқа одақтық республика сияқты тең, кеңестік кезеңінде шынында үстірт болғандығын көрсетеді және дәлелдейді. Қазақстандық зерттеушілер қалай әділетті белгілейді: «...Республика ішкі саяси өмірде ешқандай құқық болған жоқ, толығымен СССР-ға тәуелді болды. Ол өзінің байлығын, экономикалық ресурстарын қолдануына құқығы болмады – барлық құқық экономиканы басқару бойынша СССР жүргізуде қолданылды». Берілген мәселені талдауда осындай тұжырымдаманы белгілі Қазақстандық заңгер Сапарғалиев Г.С. шығарды: «...Қазақ ССР егемендігі тек әлеуетті жағдайында ғана болды. Біртұтас мемлекет деп мойындаған болашақта СССР одағы құрамында болатын Қазақ ССР барлық белгілері мен егемендік құрылымы бар болса да, ерікті тәуелсіз болған жоқ»

Содержание работы

КІРІСПЕ...................................................................................................................4

1 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ПРЕЗИДЕНТТІК ҮЛГІСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ....................................................................................9
1.1 Басқарудың республикалық үлгісінің тарихы мен түсінігі...........................9
1.2 Президенттік республиканың ерекшелігі.....................................................10
1.3 Қазақстан Республикасында президенттік институттың қалыптасуының құқықтық алғышарты............................................................................................15
1.4 Қазақстанда басқарманың президенттік үлгісі.............................................19

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТУСЫ..............................................................................................................30
2.1 Қазақстан Республикасында президенттік институттың қалыптасу кезеңдері.................................................................................................................30
2.2 ҚР Президентінің құқықтық жағдайы...........................................................39
2.3 Президентті таңдаудың тәртібі және оны қызметтен босату......................45
2.4 Президент Әкімшілігі және басқа органдар.................................................47

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІ МЕН ПРЕЗИДЕНТТІҢ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ....................................................................58

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................64

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................

Файлы: 1 файл

КР ПРЕЗИДЕНТ дип.doc

— 519.50 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының  Президенті туралы Конституциялық заңның 3-бабы бойынша елімізідің Тұіғыш Президентіне ешкімнің тиіспеушілігіне кепілдік берілген.

Қазақстан Республикасы Конституциясында Президентке оның мемлекет басшысы  ретіндегі жағдайымен байланысты кең  ауқымды өкілеттіктер шеңбері белгіленген.

Қазақстан Республикасының  Президенті мемлекет басшысы ретінде  Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Осыған байланысты Президент жыл сайын Қазақстан халқына жолдау арнайды, онда елдегі жағжай сипатталып, ішкі және сыртқы саясаттың стратегиялық бағыттары тұжырымдалады. Мұндай жолдау бағдарламалық сипатқа ие және Парламенттің, Үкіметтің, мемлекеттік биліктің және басқа орталық органдардың қызметінде көрініс табады. Мемлекет басшысы ретінде Президент Республиканың мемлекеттік бағдарламаларын бекітеді.

а) Президенттің Үкіметке қатысты өкілеттіктері.

Президент атқаркшы билікті құру бойынша өте ауқымды өкілеттіктерге ие. Бұл ең алдымен Ұкімет мүшелерін қызметке тағайындау және босатудан көрінеді.

Президент Парламенттің келісімімен Республиканың Премьер-Министрін қызметке тағайындайды және оның ұсынысы бойынша Үкіметтің құрылымын белгілейді. Өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттігін тоқтату, Премьер-Министрі мен Үкіметтің кез келген мүшесін қызметтен босату туралы мәселені шеше алады.

Президент аса маңызды  мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына төрағалық етеді. Президент үкімет актілерінің күшін жоюға не толық немесе ішінара тоқтата тұруға хақылы («Қазақстан Республикасының Президенті туралы Конституциялық Заңның 10-бабына сәйкес»).

ә) Заң шығарушылық  саласындағы өкілеттіктері.

Президенттің заң шығарушылық  саласындағы өкілеттіктері де өте ауқымды. Жалпы Президентті заң шығарушы органдарға жатқызуға болатынын айта кету қажет. Құқықтық жүйе құруға Президен барынша ықпал ете алады. Конституция мен көзделген жағдайларда Республика Президенті заңдар шығаруға хақылы. Парламент Президенттің бастамасы бойынша бір жыл мерзімге дейін заң шығарушылық өкілеттігін беруі мүмкін (53-бап, 3-тармақ). Конституцияның 61-бабының 2-тармағына сәйкес заң жобасының шұғылдығы туралы Президент талабын орындамаған жағдайда Президенттің заң күші бар жарлық шығаруға құқығы бар. Президент заңдарды пайдалануға тікелей де, оған заң жобасын Парламент мәжілісінетенгізу туралы тапсыра отырып Үкімет арқылы да ықпал ете алады.

Президент ең алдымен  Қазақстан Республикасы Конституциясына  өзгертулер мен толықтырулар енгізуге бастамашы болады (53-бап 1- тармақ), заң жобасының шұғылдығын жария етеді, сондай-ақ заң жобаларын ҚР Парламентінде қараудың басымдығын белгілейді.

Президент кейінге қалдырушылық ветосы құқығына ие бола отырып заң  шығару процесіне қатысады. Президент Парламент Сенаты қол қоюға және жария етуге ұсынған заңды қайтарып беруге хақылы. Преидент он бес күн ішінде заңды не оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады. Президенттің кейңнге қалдырушылық ветосы егер Парламентте әрбір Палата депуттарының жалпы санының үштен екісі бұрынырақта қабылдаған шешімді жақтап дауыс берсе алынады. Бұл жағдайда Президент жеті күн ішінде Парламент ұсынған заңға қол қояды.

б) Парламентке қатысты  өкілеттігі.

Президенттің заң шығарушылық  билікті атқарушы Республика Парламентіне қатысты бірқатар өкілеттіктері бар.

Республика Президенті:

- Парламентке кезекті  және кезектен тыс сайлау тағайындайды;

- Сенаттың өкілеттік  мерзіміне Сенаттың он бес  депутатын тағайындайды;

- Парламенттің бірінші  сессиясын шақырады;

- Парламент депутаттарының  Қазақстан халқына беретін антын  қабылдайды;

- Парламент Сенатының  төрағасы лауазымына кандидатура ұсынады;

          - Парламент сессияларын ашады және  Парламент Палаталарының кез келген отырысына қатысуға құқығы бар; 

- Парламент сессиясы  кезінде өзінің қлауымен  Палата төрағасының ұсынысы бойынша немесе Парламент депутаттарының жалпы санының кем дегенде үштен бірі қолдаған кезде Палатаның кезектен тыс бірлескен отырысын шақыра алады;

- Парламент Сенатымен  көрсетілген заңдарды он бес жұмыс күн ішінде заңды жаңалайды немесе заңды қайтарады немесе қайта талқылау мен дауыс беру үшін оның жеке мақалаларын жазады;

  - Парламенттің Конституцияға енгізген қосымшалар мен өзгертулер туралы жобаны қарастыруға құқығы бар;

- Сенат немесе Мәжіліспен қабылданған заңның өздері тарапынан орындалмаған жағдайда Үкімет мүшелерін қызметтен босатылуы туралы Парламенттің Сенаты немесе Мәжілісіне ұсыныс түсіре алады. т.б. 

в) Сыртқы саясатқа және қорғаныс саласына қатысты өкілеттігі

Қазақстан Республикасының Президенті мемлекет басшысы ретінде сыртқы саясат және қорғаныс саласында бірқатар құқықтармен міндеттерге ие. Сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыра отырып Президент мынадай өкілеттіктерге ие болады.

- келіссөздер жүргізеді  және ҚР халықаралық шарттарына қол қояды;

- республика жасасқан  халықаралық шарттарды бекіту  немесе денонсациялау туралы  Парламентке ұсынысенгізеді;

- бекіту грамоталарына  қол қояды;

- ҚР дипломатиялық  өкілдіктерінің басшыларын тағайындайды  және кері шақырып алады;

- республика жасасқан, бекітуге жатпайтын халықаралық  шарттардың күшін тоқтата тұру  туралы шешім қабылдайды;

- сенім грамоталары  мен кері шақырып алу грамоталарын  қабылдайды.

Республика Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы ретінде  Қарулы Күштердің жоғарғы қолбасшылық құрамын тағайындайды және қызметтен босатады. Мемлекет басшысы ретінде ҚР Әскери доктринасын бекітеді.

Президент Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей қатер төнген ретте Республиканың бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде әскери жағдай енгізу, ішінара немесе жалпы мобилизация жариялауға құқығы бар. Бұл жағдайда ол туралы Республика Парламентіне дереу хабарлауға тиіс.

Президент Парламент  Палаталарының бірлескен отырысының қарауына Республика Қарулы Күштерін бейбітшілік пен қауіпсіздік сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін пайдалану туралы  ұсыныс енгізе алады. Президент Республикалық ұланды жасақтайды және Қауіпсіздік Кеңесін құрайды. Республика азаматтарын ерзімді әскери қызметке шақыру және мерзімді әскери қызметтің қызметшілерін запасқа шығару туралы шешім қабылдайды.

г) Соттарға және судъяларға қатысты өкілеттігі.

Қазақстан Республикасының  Президенті сот билігін құруға қатысады, ол мынадай өкілеттіктермен негізделеді:

- Жоғарғы Сот Кеңесінің  кепілдемесін негізге ала отырып, Республика Жоғарғы Сотының Төрағасын,  Жоғарғы Сот алқасының төрағалары  мен судьяларын сайлау және  қызметтен босату үшін Парламент  Сенатына ұсынады;

- Жоғарғы Сот Кеңесінің  кепілдемесі бойыша облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағаларын, облыстық және оларға теңестірілген соттар алқаларының тқрағалары мен судьяларын қызметке тағайындайды.

- Әділет министрінің  Әділет біліктілік алқасының  кепілдемесіне негізделген ұсынысы  бойынша Республиканың басқа да сотарының төрағалары мен судьяларын тағайындайды.

Сонымен қатар Президент  Жоғары Сот Кеңесін құрады, оның төрағасын тағайындайды, ол өз кезегінде  судьялар копусын құруға тікелей  ықпал етеді.

Мемлекет басшысы ретінде  Президент азаматтық жөніндегі, саяси баспана беру, сондай-ақ азаматтарға кешірім жасау туралы мәселелерді шешеді.

Президенттің республикалық  референдумға қатысты біршама өкілеттіктері  бар:

- референдум өткізу  туралы;

- референдум өткізуді  кейінге қалдыру туралы;

- конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша референдум өткізу туралы мәселелерді шешеді.

Референдумға шығарылатын  мәселелердің тұжырымын, оның бастамшыларының  келісімімен, нақтылайды.

Президенттің Конституциялық Кеңеске де қатысты өкілеттіктері  бар:

- оның төрағасы мен екі  мүшесін қызметке тағайындайды;

- Конституциялық Кеңеске  жүгінуге және Конституциялық  Кеңестің шешіміне қарсылық білдіруге  құқығы бар.

Қазақстан Республиксының Президенті өз өкілеттіктерін жүзеге асыру мақсатында норма шығарушылық  қызметті жүзеге асырады.

ҚР Президенті ҚР Конституциясы 53-бабының 3-тармағына сәйкес заңдар, сондай-ақ 61-баптың 2-тармағына сәйкес заң күші бар жарлықтар шығара алады. Басқа жағдайларда Президент заңға қарасты сипаты бар жарлықтар мен өкімдер шығарады. Жарлықтар мен өкімдер ҚР барлық аумағында орындалу үшін міндетті.

Президент жарлықтары Республиканың  Конституциясы және заңдары негізінде  және соларды орындау үшін шығарылады. Президент жарлықтарының нормативтік  құқықтық акт күші бар.

Президент жарлықтары мынадай мақсаттарда шығарылады:

  • Президенттің конституциялық өкілеттіктерін жүзеге асыру;
  • Мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелерін шешу;
  • Парламенттің, Үкіметтің және басқа да мемлекеттік органдардың заңдық құзыретіне кірмейтін мәселелерді құқықтық реттеуді жүзеге асыру;
  • ҚР экономикалыө және әлеуметтік, саяси дамуының стратегиялық мәселелрі бойынша шешімдер қабылдау.

Президенттің өкімдері әкімшілік-әкімдік, жедел және жеке сипаттағы мәселелерді шешу мақсатында шығарылады.

Актілерді шығарған кезде  Республика Президенті констрасигнатура институтының жекелеген элементтерін пайдаланады. Республика Президенті қол  қоятын Парламент актілері, тиісінше осы актілердің заңдылығы үшін заңдық жауапкершілік  жүктелетін Парламенттің әр Палатасы Төрағаларының Премьер-Министрдің алдын ала қолдары қойылып тиянақталады.

Президенттің нормативтік  сипатағы актілері, егер Президент басқаша белгілемесе, олардың ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен кейін Республиканың бүкіл аумағында бір мезгілде күшіне енгізілді.

 

 

    1. Президентті таңдаудың тәртібі және оны қызметтен босату

 

Қазақстан Республикасы Конституциясына (40б.) Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. Республиканың Президенті — халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Республика Президенті мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.

   Қазақстан Республикасының Президентін конституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды.

Республика Президенті болып тумысынан Республика азаматы  болып табылатын қырық жасқа  толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады.

Республика Президентінің  кезекті сайлауы желтоқсанның бірінші  жексенбісінде өткізіледі және ол мерзімі жағынан Республика Парламентінің жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиіс.

Президенттің кезектен тыс сайлауы Республика Президентінің  шешімімен тағайындалады және конституциялық заңда белгіленген тәртіп пен мерзімде өткізіледі .

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентінен астамының дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледі. Егер кандидаттардың бірде-бірі көрсетілген дауыс санын ала алмаса, қайтадан дауысқа салынады, оған көп дауыс алған екі кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледі9.

Қазақстан Республикасының  Президенті 42 статьяға сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін», — деп халыққа ант берген сәттен бастап қызметіне кіріседі.

Ант беру қаңтардың екінші сәрсенбісінде салтанатты жағдайда Парламент депутаттарының, Конституциялық Кеңес мүшелерінің, Жоғарғы Сот  судьяларының, сондай-ақ Республиканың  бұрынғы Президенттерінің бәрінің  қатысуымен өткізіледі. Конституцияның 48-бабында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін өзіне қабылдаған адам Республика Президентінің өкілеттігін қабылдаған күнінен бастап бір ай ішінде ант береді.

Информация о работе Қазақстан Республикасында президенттік институттың қалыптасу кезеңдері