Қолданылған әдебиеттер тізімі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2012 в 06:41, контрольная работа

Описание работы

Өзара әрекеттесу, өзара ықпал, сонымен бiрге қазiргi ғаламдану процестерінiң қарқынды ықпалы жағдайында халықаралық және ұлттық құқықтың өкiлеттiктерi шеңберiнiң шектелуi маңызды практикалық және теориялық мәні бар көп жоспарлы ғылыми проблема ретінде қалып отыр. С.И.Ожеговтың орыс тiлінің сөздiгіне сәйкес «өзара байланыс», «өзара әрекеттесу» сөздері «екi құбылыстардың өзара байланысы», «қатынас» мағынасында қолданылады, мысалы, өзара әсер ету, өзара тәуелділік, өзара пайда сияқты.

Содержание работы

1. Халықаралық құқық пен ұлттық құқық арақатынасының теориялық негіздері
2. Халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың арақатынасы нысандары
3. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың арақатынасы.doc

— 175.00 Кб (Скачать файл)

1. Халықаралық құқық пен ұлттық құқық арақатынасының теориялық негiздерi

Өзара әрекеттесу, өзара ықпал, сонымен бiрге қазiргi ғаламдану процестерінiң қарқынды ықпалы жағдайында халықаралық және ұлттық құқықтың өкiлеттiктерi шеңберiнiң  шектелуi маңызды практикалық және теориялық мәні бар көп жоспарлы ғылыми проблема ретінде қалып отыр. С.И.Ожеговтың орыс тiлінің сөздiгіне сәйкес «өзара байланыс», «өзара әрекеттесу» сөздері «екi құбылыстардың өзара байланысы», «қатынас» мағынасында қолданылады, мысалы, өзара әсер ету, өзара тәуелділік, өзара пайда сияқты. Сондықтан «арақатынас» термині аталған сөздікке сәйкес «бiр нәрселердің арасындағы өзара байланыс, қатынас» мағынасын білдіретін болғандықтан, халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың арақатынасындағы өзара әсер етуді, өзара тәуелдiлiкті және өзара тиiмдiлiкті сипаттайтын термин ретінде бiздiң жұмыста қолданылды. Осы өзара байланыс, арақатынас жүйелiк сипатта болады, және жүйедегі негізгі фактор зат емес, олардың арасындағы байланыс екенін ғылым әлдеқашан дәлелдеп қойғаны белгілі. /1,  21б./ А.К.Гульдің пікірінше, халықаралық және мемлекетішілік құқықтың арақатынасы құқық нормаларының екі жүйесінің өзара байланысын, өзара тәуелділігін, өзара әсерін, сонымен бiрге «белгілі бір мемлекеттің ішкі құқығы нормаларының қазіргі заманғы жалпы демократиялық халықаралық құқық нормаларына сәйкестiгін немесе айырмашылығын» білдіреді. /2, 1б./.

Бірақ бұл екі  құқықтық жүйенің өзара ықпалының  ұзақ дамуына қарасақ, оның әр кезеңде  тең болмағанын, бір жүйенің екінші жүйеден басым болуға ұмтылған бәсекелестік болағаны көрінедi. Кеңес ғалымдары өздерінің социализмнің құқықтық жүйесіне арналған белгiлi еңбектерінде халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың дамуы мен қызмет етуінің әлеуметтік нормативтік ортақтығы олардың бір бірінен басымдығы туралы сұрақтың қойылуының орынсыздығын көрсетеді деп атап өтедi.

Бiз бұл құқықтық сипаттағы емес, саяси сипаттағы  көзқарас және социализмнің құқықтық жүйесі жоғары немесе халықаралық құқықтың жалпыға танымал қағидалары мен  нормаларына сай келеді деген ережені қорғаудан туындаған деп санаймыз. Бұл шындыққа сай еместігін уақыт көрсетті, М.Т. Баймаханов өзінің «Противоречия в развитии правовой надстройки при социализме» атты еңбегінде қарама қайшылықтар социализмнің құқықтық жүйесінің өзінде ғана емес, оның басқа құқық жүйелерімен қатынасында да әрдайым болғанын жазады. Және бұл процесс идеология мен мемлекеттің өмір сүрген уақытына қарамастан қоғам мен құқықтың диалектикалық дамуына тән, сондықтан бiз халықаралық және ұлттық құқықтың нормаларының арақатынасындағы басымдықты анықтау туралы мәселе қоямыз.

Басымдық ұғымы («бір нәрсенің жоғары, артық болуы» /4, 508 б./) саяси құқықтық тұрғыдан алсақ  біздің пікірімізше үш негізгі мағынаға ие:

басты, маңызды, негізгі бағыт (құқықтың дамуы, мемлекеттің  саясаты, экономиканың қалыптасуы және т.б.);

белгілі бір  норманың, құқықтық институттың, саланың, құқықтық жүйенің пайда болу уақытына қарай алғашқылығы;

құқықтық нормалардың  иерархиясында олардың алатын орны, бір құқықтық норманың екіншісінен  жоғарылығын анықтау, халықаралық құқықтың жалпыға танымал қағидалары мен нормаларының, халықаралық шарттардың ұлттық нормативтік құқықтық актілер иерархиясында алатын орны;

«Басымдық»  термині бiрiншi мағынада саяси, экономикалық зерттеулерде, құжаттарда, бағдарламаларда  пайдаланылады. Осылай, Қазақстан Республикасы жүздеген халықаралық ұйымдар және көптеген конвенциялардың мүшесі және қатысушысы болып табылады және 64 бірлестіктің алдында қаржы мiндеттемелерi бар. Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы бойынша сарапшылық кеңес оларды басым және басым емес деп бөлдi. Жарналар да деңгейіне қарай төленеді. Жарна ең алдымен БҰҰ, ЕҚЫҰ, ДДҰ, ХЕҰ, ЭЫҰ (экономикалық ынтымақтастық ұйымы), Азық-түлiк және ауылшаруашылық ұйымына, ЮНЕСКО-ға төленеді. ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның бұл ұйымдарға мүшелiгi егемендiк пен мемлекеттiң тәуелсiздiгiн күшейтуге мүмкiндiк туғызады және әлеуметтiк-экономикалық реформалардың жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасайды деп санайды /5/. Бiрiншi мағынада бұл термин 2003 жылы біздің еліміздің сыртқы саяси және сыртқы экономикалық саясатының ең маңызды аспектілерін қозғаған Парламенттің ратификациялық қызметін айқындау кезінде де қолданылған. Мысалы, 2003 жылы екiншi шақырылымның төртiншi сессиясының жұмысы барысында 46 халықаралық шарттар ратификацияланған. Олардың ішінде Каспийдің солтүстік бойынша түбінің шекарасын белгілеу туралы Ресей Федерациясымен келісім, Орта Азия аймағындағы көршілерімізбен шекараны делимитациялау туралы келісімдер бар.

Кез келген елдiң  дамуының басым бағыттарын саясаткерлер дамудың барлық кезеңдерінде ішкі мемлекеттік даму мен халықаралық жағдайдың объективтік күйі мен мақсаттарын ескере отырып анықтайды. Осылай, жас посткеңестік мемлекеттер тәуелсiздiктiң алғашқы он жылдығында бұрын жоғалтқан мемлекеттiктi қалпына келтiру, егемендiктi күшейтуi мәселелерiне көңіл аударды. Мұны Испан Корольдігінің Қазақстан мен Қырғызстандағы Төтенше және өкiлеттi Елшiсi Франсико П. де ля Парте нақты байқады: «Қазақстан - жас демократияның типтiк мысалы және осы жағдайда ел басшылары мемлекеттің өмір сүруі, аумақтық тұтастыққа, саяси құрылымдардың негізгі шеңберіне кепілдік беру, егемендiкті нығайту сияқты өз мемлекетi үшін басым бағыттарды анықтауы керек» /6/.

Қазақстанның  Республикасының Президентi Н.А.Назарбаев  жаңа мыңжылдықтың басында бiздiң елдің жаңа басымдықтарын ұсынды: «Жаһандану заманының онжылдығы күн тәртібіне жаңа типтегі жаңа проблемаларды қойды. Біз ұлттық тәуелсіздігімізді нығайтумен қатар жалпыәлемдік жүйенің өзара тәуелділігін күшейтуге ат салысуымыз қажет. Біз өзіміздің ұлттық экономикамыздың дамуына жағдай жасауымыз керек және бұл бізге көрші елдердің өркендеуіне бөгет болмауы тиіс, керісінше біз бір-бірімізге көмектесуіміз қажет. Біз өзіміздің қалыптасқан саяси институттарымызды нығайтып қана қоймай аумақтық ынтымақтастықты да бірге дамытуымыз керек. Біз Орта Азия, Кавказ және Ресей Федерациясын қамтитын ортақ экономикалық кеңістікке ие бола отырып аумақтық интеграцияны дамытқымыз келеді» /7/.

Халықаралық ұйымдар  да өзi үшiн басымдылықтарды (қызметінiң  ең маңызды бағыттарын) анықтайды. Мысалы, ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы жұмысының басты басымдықтарының бiрi лаңкестікпен, экстремизммен, наркотизммен және ғасырдың басқа да жағымсыз көріністерімен күресу табылады. Экономикалық қатынастарда да басымдықтар анықталады: 2002 жылдың сәуiрiнде Манилада Азия Даму Банкiнің штаб-пәтерінде Орта Азиядағы экономикалық ынтымақтастық бойынша конференция өттi және оның жұмысына Қазақстанның делегациясы да ат салысты. Жұмыс нәтижесiнде ынтымақтастықтың неғұрлым басты салалары анықталды: көлiк, энергетика және сауда. Басымдылықтар нормативтiк құқықтық актілерде де анықталады. Мысалы, Қазақстан Республиканың Президентiнiң «Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың басымдықтары және аймақтық бағдарламалары туралы» Жарлығында үкiметке 1997-1998 жылдарда аумақтық жағдайларды ескере отырып, тауарлар өндiру мен қызмет көрсету түрлерi жөнiнде шағын кәсiпкерлiктi дамытудың басымдықтарын анықтау туралы тапсырма берілді.

Осы терминнің  екінші мағынасын (норманың, құқықтық институттың, саланың, құқықтық жүйенің пайда болу біріншілігін) төменде толық ашпақпыз.

Халықаралық құқық  пен ұлттық құқықтың арақатынасындағы басымдық үшінші мағынасында бір  құқық жүйесі нормасының екінші құқық  жүйесінің нормасынан заңдық күшінің жоғарлылығын білдіреді. Әрине, бұл жоғарылылық абсолюттi емес, ситуациялық сипатта болады. Салыстырмалы зерттеу сипатында болатын жұмысымызда бiз халықаралық құқық нормалары мен қағидаларының ұлттық құқық нормаларының иерархиясына әсер ету деңгейі мен осы иерархиядағы олардың алатын орнын анықтауды міндеттеріміздің бірі етіп қойдық. Осы жерде адамзаттың даму процесінде бірде халықаралық құқық ұлттық құқықтан, енді бірде ұлттық құқық халықаралық құқықтан басым болғанын айта кетуіміз керек. Кеңес Одағы мен социалистік елдер лагері болған кезде халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың бәсекелестігі анағұрлым теңескен болатын, кеңестік ғылыми доктрина олар өзара тең деген көзқарасты қатал ұстанды. Қазіргі постсоциалистік кезеңде халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың өзарақатынасы жаңа сатыға көтерілді және мұнда халықаралық құқық мемлекетаралық сала да, мемлекетішілік салада да ұлттық құқықтан басым.

Жұмысымызда біз  «басымдық» («приоритетность») және «басымдылық» («примат») терминдерінің екеуін де қолданамыз, бірақ алғашқы термин көбірек қолданылады. Себебі, бұл термин Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясында қолданылған және халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың өзара қатынасының заңдық мазмұнын неғұрлым дәл көрсетеді.

Өз зерттеуімізде  біз «мемлекетішілік құқық», «ішкі құқық» терминдерін емес, «ұлттық құқық» терминін қолданамыз. Мұны атақты өзбек ғалымы А.Х.Саидов дәл тұжырымдаған: «Құқық – бұл жалпыадамзаттық және ұлттық мәдениет құбылысы, белгілі бір өркениеттің көрінісі. Құқық жалпы, ерекше, біртұтас бірлік элементтерді құрайды және бұл арада әрі абстрактілі, әрі нақты ұлттық табиғатқа ие» /8,  400б/. Бұл ежелгі римнің «халықтар, ұлттар құқығы» және «халықтар, ұлттар арасындағы құқық» деген мағыналарды беретін  res gens және res inter gens терминдерінен де көрінеді. Н.Н.Деев өзінің еңбектерінің бірінде мемлекеттік-саяси және этникалық даму байланысының әдістемелік алғышарттарына сүйене отырып, Батыс Еуропаны мысалға ала халықтардың арасындағы байланысты қарайды. Ғалым тарихта «ұлт» ұғымы әр түрлі мазмұнда болғанын айтады. Ежелгі дүниеде natio ұғымы «ортақ шығу тек» деген мағынаны берген және gens – тайпа ұғымымен синоним ретінде қолданылған. Орта ғасырда ұлт деп ортақ тілі бар жергілікті қауымдастықтар атала бастады, ал Лютер заманында «ұлт» термині мемлекеттегі барлық сословиелердің қауымдастығын білдіретін болды. Кейін Ұлы Француз революциясы кезінде ұлт ұғымы саяси мағынада түсініле бастады, яғни, мемлекеттегі ортақ заңдарға бағынатын азаматтардың жиынтығын білдіре бастады. Қазір ұлтты этникалық мағынада да, саяси мағынада да түсіну кең таралған және олардың мазмұны мен арақатынасына қатысты ортақ пікір жоқ /9/.

«Ұлттық құқық», «ұлттық құқықтық жүйе» терминдерін  А.А.Рубанов қолданады /10/. Ғалым бұл  терминдерді қолдануын зерттеу  объектісін шектеумен, яғни, құқық жүйелерінің халықаралық аренада туындайтын барлық қатынастарын емес, әр түрлі елдердің құқықтары арасындағы қатынастарды ғана қарастыратындығымен түсіндіреді. «Ұлттық құқық» немесе «ішкі құқық» терминдерін латынамерикандық зерттеушілер де қолданады. Географиялық, экономикалық, мәдени және т.б. салада Америка Құрама Штаттарымен тығыз байланыстағы (Қазақстан мен Ресей Федерациясының байланысы сияқты) елдердің ғылыми ойының тәуелділігі немесе дербестігінің көрсеткіші ретінде олардың пікірі бізді қызықтырады.

Заңтануда халықаралық  құқық пен ұлттық құқықтың арақатынасы  мәселесі бойынша негізгі екі  теория бар – монистік (ұлттық құқықтың халықаралық құқықтан басымдығы  теориясы мен халықаралық құқықтың ұлттық құқықтан басымдығы теориясы) және дуалистік (халықаралық құқық пен ұлттық құқық өзара байланысты екі құқықтың жүйесі деген теория).

Бірінші концепция  негізінде ұлттық құқықтың халықаралық  құқықтан басымдығы теориясы дайындалды. Оны Гегельдің көзқарасын қолдайтын  неміс заңгерлері қалыптастырды. Халықаралық құқықты мемлекеттің сыртқы құқығы ретінде сипаттау арқылы Гегель мемлекеттің сыртқы саясатта абсолютті шектелмейтіндігін, халықаралық құқықтың ұлттық құқыққа (тек қана мемлекет анықтайтын біртұтас нормалар жүйесі ретінде) тікелей тәуелділігін баса айтқысы келді /11, 239 б./.

Ғалымның бұл  жорамалы бүкіл әлемде 1789-жылғы адам мен азамат құқығының Декларациясына негізделген Ұлы Француз революциясының идеялары, «Еркіндік, Теңдік, Меншік»  ұранымен қабылданған 1804-жылғы Француз  азаматтық кодексі кең тараған уақытта XIX ғасырдың басында дайындалды. Бұл кодекстің негізгі ережелері осы уақытқа дейін Францияда және басқа көптеген мемлекеттер де әрекет етуде. Бұл бір мемлекеттің ұлттық құқығының басқа мемлекеттердің ұлттық заңнамасының қалыптасуына әсер етуінің нақты мысалы болып табылады және сонымен бірге олар халықаралық әдет-ғұрыптық нормалардың, кейін халықаралық шарттық нормалардың пайда болуына да өз әсерлерін тигізді.

Әр түрлі  халықтардың көшіп-қонуынан, шекараларға  қарамай біреудің жерін иеленуінен туындаған ұлы көштер кезеңіндегі алғашқы мемлекеттердің пайда болуы кезінде, одан кейінірек те неғұрлым күшті мемлекеттің, империяның құқығы басым болды. Соғысу құқығы жаңа заманға дейін мемлекеттер арасындағы дауды шешудің заңды құралы болып қалды, ал аннексия бір мемлекеттің аумағын иеленудің заңды тәсілі болды. Мысалы, қазіргі Ресейдің Калининград облысы бұрынғы Пруссияның бір бөлігі болды және Кеңес Одағы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін оны жеңілген Германиядан алып алды.

Халықаралық құқықтың элементтері өте ерте замандарда қалыптаса бастады. Бірақ көбінесе ол жеңуші халықтардың құқықтарын қамтамасыз ету үшін қалыптасқан болатын. Бұл қасиет Еуропа елдеріне де тән болды және ХVI-XVII ғасырларда осы ортада қазіргі халықаралық құқық туындады.

М.А.Сарсембаев тек орта ғасырларда егемендік, бейтараптық, тұрақты елшіліктер мен консулдық  өкілдіктер сияқты ұғымдар пайда  болғанын айтады, дегенмен, антикалық  дәуірде Ежелгі Рим мемлекеті  халықаралық шарт жасады және онда өздері бағындырған немесе әлі де болса бағына қоймаған халықтардың тағдырын шешті. Олар «мәңгілік бейбітшілік», мәмілеге келу, достық қатынастар орнатып, одақтар құра алды. Және олардың көпшілігі тараптардың теңсіздігіне негізделді, Рим оларды басқа халықтарға күшпен таңды, Ежелгі Римнің халықаралық құқығы ізгілікке сүйенген жоқ. Оларды тұтқындарды өлтірді, құлдарға айналдырды, басып алған қалаларын тонап, жойып жіберіп отырды.

Информация о работе Қолданылған әдебиеттер тізімі