Диктаторлар биліктен қалай кетті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2012 в 19:57, реферат

Описание работы

Ливия билігінде табаны күректей 40 жыл отырған Муаммар Каддафиден де қалды бұл дүние. 2011 жылдың 20 қазанында қорлықпен өлтірілген Каддафидің қаладан қашып шығуына НАТО-ның әуе күштері кедергі келтірді дейді көтерілісшілер. Бір елді біраз жыл билеп-төстеп, орынтақтан оңайлықпен бас тартпаған диктаторлардың өмірі қалай аяқталды?! Назар аударыңыз.

Файлы: 1 файл

Диктаторлар биліктен қалай кетті.docx

— 265.23 Кб (Скачать файл)

Диктаторлар биліктен қалай кетті?

28 қазан, 2011

Ливия билігінде табаны күректей 40 жыл отырған Муаммар Каддафиден де қалды бұл дүние. 2011 жылдың 20 қазанында  қорлықпен өлтірілген Каддафидің қаладан қашып шығуына НАТО-ның әуе күштері кедергі келтірді дейді көтерілісшілер. Бір елді біраз жыл билеп-төстеп, орынтақтан оңайлықпен бас тартпаған диктаторлардың өмірі қалай аяқталды?!  Назар аударыңыз... 
 
Қазір бар әлем Каддафидің қазасы туралы күбір сыбыр әңгімені тоқтататын емес. Ливияны 42 жыл басқарған Муаммар туралы аңызға бергісіз  әңгімелер өріп жүр. Тамыздың аяғында Триполидегі полковник резиденциясын басып алған көтерілісшілер, Каддафидің өзін емес, әйгілі фуражкасын ғана тапқан еді. Сол кезде Ливияның ұлттық кеңесі Муаммарды өлтірген адамға 1,3 миллион $ көлемінде  сыйақы тағайындап, Каддафиді құрықтағандардың тасы өрге домалайтынын ескертті. Көтерілісшілер биліктен бас тартса, диктатордың Ливиядан аман-есен шығып кетуіне мүмкіндік берген. Алайда, радио арқылы халыққа үндеген Муаммар не бел, не белбеу кететін айтып, соңына дейін соғысатынын жеткізді.  Және өз сөзінде тұрып, демі үзілгенге дейін соғысты да. Бұл соғыс Каддафидің өлімімен аяқталған болатын.  Сирт қаласындағы қақтығыс кезінде екі аяғына оқ тиген Муаммар  Каддафи қалың жұрттың арасында қансырап, көз жұмды...Каддафидің жерленгені туралы ресми мәлімет жоқ. Алайда, Муаммарды жерлеген сәттегі бейнематериалдар ғаламторда өріп жүр. 
 
 
 
Хосни Мүбәрәк, Египеттің бұрынғы президенті. Елді 30 жыл басқарған, бүгінде тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 
 
3 тамыз күні Хосни Мүбәрәк пен оның екі ұлы тергеу абақтысына әкелінгенін бүкіл әлем тамашалады.  Бұрынғы Египет президенті жемқорлық жасағаны және жүздеген көтерілісшілерді өлтіруге бұйрық бергені үшін айыпталуда. Хосни билік басына 1981 жылы келді. Осы жылы сол кездегі президент Анвар Садаат өлтірілген болатын. Отыз жылы бойы орнынан ығыспаған Мүбәрәк  төрт мәрте референдум қорытындысы бойынша президент болып сайланды. Сондай-ақ, бұл сайлаудағы жеңіске үміткер жалғыз өзі еді.  Егер ел көтерілмегенде, Хоснидің ұлы Гамалдың билік басында тізгін ұстап отыруы бек мүмкін еді. Каир, Александрия және өзге қалалардағы көтеріліс 18 күнге созылды және 800-ге жуық көтерілісші полициямен қақтығыста қаза тапты. Келесі сайлау додасына қатыспайтынын айтып, халықтың бетін бері қаратуға тырысқанынан түк шықпайтынын білген Хосни 11 ақпан күні орнынан кетті. Алдымен үйқамаққа алынған Хосни мен ұлдарының үстінен бүгінде тергеу жұмыстары жүргізілуде. Қылмыстары дәлелденсе, олар өлім жазасына кесіледі.  
 
 
 
Зин Эль Абидин Бен Али, Тунистің бұрынғы президенті. 27 жыл бойына тақтан түспеген. Бүгінде елден қашып кетті.  
 
1994 жылы ел президенттігіне жалғыз өзі үміткер болған Бен Али ойлаған мұратына қиындықсыз қол жеткізді. 2002 жылы өткен референдум қорытындысы бойынша, президенттің әдеттегідей үш мәрте емес, төрт-бес рет қатарынан сайлануына мүмкіндік туды. Осылайша, Бен Әли төртінші және бесінші мәрте президенттікке таласып, жеңіп шықты.  
Тунистегі толқулар 2010 жылдың  желтоқсанында басталды. Көтерілісшілер жұмыссыздық пен жемқорлық жайлаған мемлекеттің  жанұясын сын садағына алды. Өйткені, Тунис Үкіметі Бен Әли мен оның әйелінің туыстарынан құралған еді. Көтерілістің басталғанына үш күн толғанда, 14-і қаңтар күні Бен Әли мен оның біраз туыстары Тунистен қашып шығып, Сауд Арабиясынан  саяси баспана сұрады. Ал, маусым айында диктатор мен әйелі Лейлаға сыртынан сот үкімі шығып, 35 жылға сотталды және  65 миллион доллар көлемінде айыппұл салынды. Тунистен қашып кете алмаған президенттің отызға жуық туысқаны қазір қамауда отыр. Қаңтарда Бен Әлидің швейцар банктеріндегі барлық қаражаты күшін жойғанымен, әйелі екеі елден қашқанда құр кетпей, құны 60 миллионға жететін бір жарым тонна алтынды ала кетіпті. 
 
 
 
Лоран Гбаго, Кот Д Ивуардың бұрынғы президенті. Елді 11 жыл басқарған. Қазір түрмеде отыр. 
 
Лоран билік басына 2000 жылы келді. Оның президенттік мерзімі 5 жылдан соң бітуі керек еді, алайда ол 2002 жылдан бері солтүстік өңірлерге үстемдік құрып отырған көтерілісшілердің сайланып кетуінен қорқып, 2005 жылғы сайлауды кейінге шегерді.  2010 жылғы сайлауда Лоран Гбаго бұрынғы премьер министр Алласан Уаттардан жеңіліп қалды. Бірақ, Конституциялық кеңестің шешімімен солтүстік аймақтардағы біраз дауысты есептемей, сайлауды тағы да өз пайдасына шешті.  Елде басталған көтерілісті Гбаго суық қару күшімен таратып отырды. Ал, Human Rights компаниясы Кот д Ивуардағы оқиғаларды бүкіл адамзатқа қарсы қылмыс деп бағалаған еді.  Қақтығысқа БҰҰ мен Франция да араласты. Ақырында, президент резиденциясына шабуыл жасалып, Лоран Гбаго түрмеге түсті. 
 
 
 
Николае Чаушеску. 24 жыл Румынияны басқарған. Өлім жазасына кесілді.  
 
1989 жылдың  25 желтоқсанында Румыния президенті Николае Чаушеску және оның әйелі, вице президент Еленаның ісін тексерген жедел сот оларды ату жазасына кесті. Соттың шешіміне сенсек, 1965 жылдан бері ел басқарған Николае өз халқын қырғына ұшыратып, елдің аш жалаңаш қалуына «көмектескен».  Көшедегі қарсылық акциялары Румынияның Тимошара қаласында басталған ды. ПРезидент болса, көтерілісшілерге қарсы оқ атуға бұйрық берді. Келесі күні ішкі істер министрі Василе Миляның өлі денесі табылды. Оның өліміне қатысты екі нұсқа бар: министр өз-өзіне қол жұмсаған немесе бұйрықты орындамағаны үшін Чаушескудің қолынан  қаза тапқан. Барлық қалада тұтанған қақтығыс оты Бухарестке де жетті. 22 желтоқсан күні Чаушеску Орталық Компартия ғимаратының балконынан көтерелісшілерге үн қатпақ болған. Алайда, ашынған халық оны тыңдаған жоқ. Өзіне қарсы шапқан ызалы халықтан президен пен оның әйелін тікұшақ қана құтқарды. Алайда, көтерілісшілерді қолдайтын тікұшақтың ұшқышы ел басшысын Тырговиште қаласына түсіріп кетті. Жол бойына көлік тоқтатып, қашып құтылмақ болған Николаеның әрекеті өте сәтсіз болып, диктатор мен әйелі оққа ұшты.  
 
 
Саддам Хусейн, Ирактың бұрынғы президенті. Билік басында 24 жыл отырған. Өлім жазасына кесілді. 
 
1968 жылы Ирактағы төңкеріс кезінде елдегі билік  «Баас» партиясының қолына өтті. Партия көсемдерінің бірі Саддам Хусейн вице президент қызметіне тағайындалып, елдегі қорғанысты, арнайы жасақты және әскерді өз қолын алады. 1979 жылы президент әл Бәкір орнын босатқан соң, ел басқарудың Саддам қолына өтуі қалыпты жағдай еді. Билікке келгеніне бір апта толғанда Хусейн «Баас» партиясыныдағы бармақ басты, көз қыстыны әшкере еткенін жариялап, ондағы 68 лауазымды тұлғаны абақтыға қамап, 21 шенеунікті өлім жазасына кесті. Бүгінге дейін Саддамның қанша адамды ана дүниеге аттандырғаны белгісіз. 1988 жылы күрдтер мекен ететін Халабджа қаласына газбен шабуыл жасалып, нәтижесінде бес мың адам жарық дүниемен қош айтысты. «Анфаль» операциясы кезінде мыңдаған күрдтің көз жұмғаны анықталды. 8 жылға созылған Иран Ирак соғысы кезінде 300 000  адам құрбан болды.  Кувейтке басып кіріп, күрдтер мен шейіттерге зәбір көрсетуден қаза болғандардың санында шек жоқ. Ондаған мың күрдтің ирак түрмелерінде азапталып өлтірілгені де кейін анықталды.  
2003 жылы АҚШ әскери операция кезінде Иракқа басып кіріп, Саддам Хусейннің билігі күшін жоғалта бастады. Диктатор сол жылы 13 желтоқсанда  Ирактағы жертөлелердің бірінен табылған. 2005 жылы Саддамның үстінен сот ісі басталып, бір жылдан соң миллиондаған адамның өмірін қиған диктатор өлім жазасына кесілді. 2007  жылдың басталуына бір күн қалғанда Саддам Хусейн өмірмен қош айтысты. Өлер алдында ол Құран Кәрімді көп оқып, өлең жазған көрінеді.  
 
 
 
Фердинанд Маркос, Филиппинның бұрынғы диктаторы. Елді 20 жыл басқарған.  
 
1965 жылы билікке келген Фердинанд 1969 жылы қайтадан сайланды. 1972 жылы елге төтенше жағдай жариялаған ол бұл қылығын коммунистік қысым деп түсіндірді. Бұл кездері елдегі сөз бостандығы шектеліп, ашық айтқан жүздеген мың адам абақтының арғы жағынан бір шықты. Төтенше жағдайлар кейінге шегерілген соң оппозицияның беткеұстары Бениньо Аквино елге оралған еді. Алайда, әскерилер оны ұшақтан түскен бойда атып өлтірді. Осыдан соң, Аквиноның әйелі Фердинандқа басты қарсылас атанды. 1986 жылы сайлауға түскен Корасан Аквинодан Маркос тек жалған дауыс жинап оза алды.  Филиппиндегі әскери элита Корасан мен Фердинандтың жақтастары болып екіге бөлінген сәтте, Маркос Америкадан бір шықты.Үш жылдан соң Гавай аралдарында Филиппиннің әйгілі диктаторы көз жұмды. Ол басшылық еткен жылдары АҚШ-тағы және Швейцариядағы есепшоттарына миллиардтаған ақшалар түсіп жатты. Фердинанд қайтыс болған соң, оның мүліктерін тәркілеу барысында әйелі Имельданың 2700 жұп туфлиі табылған екен.  
 
 
Слободан Милошевич, Сербияны 11 жыл басқарған. Түрмеде қайтыс болды. 
 
1999 жылы Сербияның президенті болып тұрғанда БҰҰ-ның халықаралық әскери соты Слободанның күллі адамзатқа қарсы қылмыстар жасағанын анықтады. Бұрынғы Югославияда әскери қылмыстар жасап, жазықсыз жандарды қырғаны үшін, жүздеген мың косоволық албандарды жер аударып, Косоводағы соғыс кезінде жергілікті халықты өлтіруге бұйрық бергені үшін айыпталған Слободанның қылмысы мұнымен аяқталмайды. Сребреницадағы 8000 босниялық мұсылманға қорлық көрсетіп, Хорватия, Босния және Герцоговениядағы этникалық халықты тазалауға кіріскен де осы Слободан.  
Косоводағы соғыс пен Сербияны НАТО-ның бомбалауы біткен соң Милошевич тез арада жедел сайлау өткізуді қолға алған. Сайлаудың  бірінші турында оппозицияның көшбасшысы Воислав Коштуница 50 пайыз дауыс жинағанымен, орталық сайлау комиссиясы 48,96 % қол жинады деп шешті. Осыдан соң сайлаудың екінші туры өтуі керек деген шешім қабылданған еді. Алайда, келесі күні елде бейберекетсіздік орын алды. Көтеріліске шыққан жүздеген мың адам қазанның 5-е орталық телеарна ғимараты мен парламентті басып алды. Любислав Джокич атты көлік жүргізушісі көтеріліске бульдозерімен келгендіктен, бұл  көтеріліс «бульдозерлі революция» деген атпен тарихта қалған еді. 6 қазан күні Слободан өз орнын босататыны туралы мәлімдеді. Сайлау комиссиясы Коштуницаның бірінші турда жеңгенін хабарлап, президент тағына отырғызды. 2001 жылдың наурызында қолына кісен салынған  Слободан Милошевич тергеу барысында өз кінәсін мойындаған жоқ. 2006 жылы өзіне шығатын үкімді күтпеген қаһарлы диктатордың жүрегі тоқтап қалды.  
 
 
 
 
 
Пол Пот, Камбоджаның бұрынғы премьер министрі. Елді 4 жыл басқарған. 
 
Камбоджаны Пол Пот пен қызыл кхмерлер басқарған жылдары елдің төрттен бір бөлігі қаза тауып, миллиондаған адам көз жұмды. 1997 жылы Пол өзінің бұрынғы жақтасы  Сон Сен мен оның отбасын өлтіруге бұйрық берді. Бұл қылмысы әшкере болған соң, Пол Пот үйқамаққа алынды. 1998 жылдың сәуірінде халықаралық әскери сот оның 1975-1979  жылдар арасында адамзатқа қарсы жасаған қылмысын анықтап, үкім шығармақшы болған кезде, ол жүрегі ұстап, қайтыс болды. 
 
 
Жан Клод Дьювале, Гаитиді 15 жыл басқарған 
 
«Сәби Док» Жан Клод президенттік тақты әкесінен қабылдап алды. 1971 жылғы бүкілхалықтық референдум кезінде сайланған Жан Клод 1985 жылғы тағы бір реферндумда өзіне өмір бойына ел басқаруға мүмкіндік беретін заң қабылдады. Бұл заң бойынша ол өзінің ұлын да тақта мұрагер етіп қалдыра алатын еді. Алайда, халық президенттің бұл қылығына шыдай алмады. Кішкентай көшелерді басталған көтеріліс кейін бүкілхалықтық сипат алды. Нәтижесінде, Жан Клод соқыр тиынын да қалдырмай, Францияға қашып кетті. Оның елден қанша қаражат алып кеткені белгісіз. Бірақ, Парижде бақуатты күн кешкеніне қарап, қалтасынад аз ақша болмағанын байқайсыз. Осы жылы Гаитиге келген ол тәртіп сақшыларының қолына түсті. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр. 
 
Аугусто Пиночет, Чилиді 17 жыл басқарған.  
 
Аугусто Чили билігіне 1973 жылғы әскери бүліктің нәтижесінде келді. Ол басқарған жылдары Пиночеттің режиміне қарсы шыққандарға бір ғана жаза болды. Ол – өлім жазасы. 1990 жылы ол бейбіт түрде биліктен бас тартып, біраз уақыт ел Сенатында қызмет атқарды. Алайда, «өткен күнде белгі бар».  Испания Аугустоны өз азаматтарының өліміне себепкер деп айыптады. Осыдан соң түрлі қылмыстарының арты ашылғанын білген Пиночет сот үкімі оқылғанша қайтыс болды. 
 
Мануель Норьега, Панаманың бұрынғы диктаторы 
 
Мануель есірткі сатқаны үшін Америка түрмесінде 20 жылын өткізген. 2010 жылы есірткіден түскен ақшаның ізін жасырғаны үшін ол тағы да 7 жылға сотталды. Панама соты оны сырттай үш бап бойынша соттаған. Оның әрқайсысы үшін Мануель жиырма жыл түрмеде отыру керек.

 

 

 

 

 

 

Хиджаб астындағы  қитұрқы саясат

2010 жыл, 29 наурыз.

Мәскеу. «Лубянка» метро станциясы. Ешкімнің ешкіммен ісі шаруасы жоқ. Бәрі өз ойларымен арпалысуда. Көпі ішінде елден ерекше арам пиғылды адам бар екені анық еді. Ол айналасына бажайлап қарап алды да, көзін жұмығаны сол еді, күл боп көкке үшты.

Дәл осы сәтте метро ішінде интервалы 40 минутқа созылған жарылыс орын алды. Станция іші күл талқан, ыңырсыған адамдар, қолқаңды алар, тұншықтырар сасық иіс. Жарылыс салдарынан он адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды. Тексеру барысында лаңкестік әрекетті ұйымдастырған 28 жатсағы Дағыстан тұрғыны Мариям Шарипова болып шықты. Өз денесіне жарылғыш зат салып алып, жарылыс салдарынан қаза тапқан адамдардың әзірейіліне айналды. Ұйымдастыру себебін полиция зерттей келе «кек алу» деген болжам жасады. «Комерсант» газетінің баяндауынша, Мариям Шарипованың алғашқы жұбайы – Доктор Мұхаммед, атақты террорист Хаттабпен бірге Ресейге 1990 жылдары келген. Кейіннен оның көзін ҰҚК қызметкерлері көзін жойған. Болжам бойынша жанкешті күйеуінің өліміне деген кекті осындай жолмен қайтарған.

Ия, кез келген адамның жүрегін бей  жай қалдырмайтын мұндай жағдайларды  естігенде шошитының белгілі. Ал, соңғы кездері мұндай жанкештілік  тіптен жиілеп барады. Бұрындары лаңкестердің, соның ішінде ер адамдардың өзін өзі  жарып жіберетіндігін естігенде  жағамызды ұстасақ, қазіргі кезде  жанкештілікке гүлдей нәзік деп  есептейтін әйел затының мойынсұнуын  естігенде таңқалмайтын жағдайға жеттік. Жанкешті құрбандардың саны артқанымен қоймай, қарапайым еш жазығы жоқ адамдардың өмірден қол үзуі қоғамды алаңдатып отыр. Статистикалық мәліметтерге сүйенер болсақ, 1990 жылдардан бастап терорлық әрекетті, соның ішінде «жанкештілік» терактісінің 40%-ын әйелдер орындайтын көрінеді.

Адамзатқа ғұмыр сыйлап, ұрпақ жалғастырар  «тірі бомбаға» айналуын немен және қалай түсіндіруге болады? Соңғы уақытта әлемде қалыптаса бастаған «камикадзе әйел», «боевик әйел»түсініктері қалай пайда болды? Діні мұсылман әйелдерді шет елдерде неге террористке теңеп, олар тепершік көріп жатады?

Тарихтың  шаң басқан беттерін парақтасақ, әлемдегі ең алғаш террорист әйел біздің көршіміз Ресей елінде пайда болған екен. Дворян отбасында дүниеге келген Софья Перовская (1853-1881) ата–анасымен қатты сөзге келіп қалғанан кейін ауылдық жерде мұғалім және фельдшер қызметін атқарған. «Халық қалауы» атты солшыл насихат партиясының мүшесі болған. Александр II- ге арналған үш қастандыққа белсене қатысып, ең ақырында ұсталып дарға асылады.

Ленинге қастандық ұйымдастырып, ойлағаны сәтті  болмаса да, елу пайыз жүзеге асқан  Фанни Каплан ең алғашқы «жауынгер» әйел болып есептеледі. Ленинді жаралаған  қанішерді ұстап, кейін жазаға тартты.

Аумалы  төкпелі заманда яғни, 1980-2000 жылдар аралығында көпетеген өзгерістер болып, саяси қақтығыстар, соғыстар, түсініспеушілік пен әлеуметтік проблемалардың бал арасының ұясындай гулеген заманды түрлі жанкешті оқиғалар пайда бола бастады. Жанкешті әйелдердің белсенді түрде «тірі бомбаға» айнала бастаған кезеңі деп 1998-1999 жылдарды атауға болады. Кейін тағы да Ресейде (2004) метро ішінде жарылыс орын алса, соңғысы жоғарыда атап өткен лаңкестік әрекет деуге болады. Бұл тек солтүстіктегі көршілеріміздің жағдайын сараптауымыз.

Ендігі  кезекте Азия аймағындағы (Палестина, Ауғанстан, Ирак, Иран) мұсылман әйелдерінің  жанкештіге айнала бастауын ерекше атап өткен жөн. Бұл жағдай 2001 жылғы  АҚШ еліне жасалған қастандықтан кейін өршімесе, азая түспеді. Аты шулы терористерді атасақ, ең алғаш рет әуеде әйел қолымен жасалған лаңкестік әрекетті Лейла Халед жүзеге асырса, Американың Сан-Франциско штатында туылып, жас кезінде лаңкестік топқа тұтқын болып, кейін шаһид жолындағылардың артынан еріп, көптеген операцияларды «сәтті аяқтаған» Патти Херстті атауға болады. Аталған есімдерді «камикадзе әйелдердің» негізін қалаушылар деуге болады. 2002 жылы 29-қаңтарда палестиндік 22 жастағы студент Шиназ Амури Иерусалим қаласында өзін-өзі жарып жіберіп, ең атақты «тірі бомбаға» айналды. Тіпті Ирак диктаторы Саддам Хусейн Шиназға арнап, Бағдад қаласына ескерткіш те орнатыпты.

Келтірілген мысалдардан әйелдердің өзіне құрбан ету процесінің негізі ХІХ ғасырда қаланғанын байқауға болады. ХХ ғасырдың аяғында оқиға тіріле бастап, жаңа ХХІ ғасырда белсенді жалғасын тауып келе жатыр.

Біздің  сараптауымыз бойынша Шешен соғысының  басталуы отқа май құйғандай болды. Жанкештілердің көбісі ұлты мен нәсіліне, көзқарасына қарамай, киген киімінен, яғни хиджабты әйелдердің лаңкестікке бел буғандарын естиді де, «мұсылман әйелдері өздерін өлтіруден тайынбайды» деген стереотип қалыптастыра бастады. Еуропа немесе басқа елдерде хиджаб киген әйел затын көргендер күдікпен қарап, алшақ жүруге тырысады. Бұл қалыпты жағдай. Себебі, мұндай көзқарастың тууына орын алып жатқан оқиғадағы детальдар кінәлі. Дегенмен, соңғы уақытта стереотип арты өшпенділік пен қауіпке айналып бара жатыр десек артық айтпаспыз. Мысалға, Франция лаңкестік жағдайдың орын алуын жою мақсатында хиджаб киюге тыйым салды. Мұндай жағдайлар әлемдегі мойындалған үш діннің бірі исламға деген ала-құла көзқарастың тууына, алдын алмаған жағдайда мемлекеттер арасындағы алауыздық пен халық ішіндегі хаосқа әкеліп соғуы ықтимал.

Әйелдердің  өзін өлімге қиып, құрбан болуының себептерін психологиялық аспектілермен байланыстурға болады. Ең алдымен құрбандыққа нәзік жандылардың таңдалуының бір себебі – адамзат ғұмырына трагедия әкеледі деген ойдың болмауы. Әйел адамдар кейбір жағдайларда болмаса, көп уақытта қоғамға күдік тудырмайды. Иығындағы сөмкесін зорға көтеріп жүрген адамнан әрине, жамандық күтпейсің. Айнадай жалтыраған күдік әлемінде олар көрінбейтін жамылға жабынып алғандай. Көп жағдайда шаһидтыққа бас ұрғандар психолгиялық тұрғыдан әлсіз келеді. Белгілі бір ортадан жәбір көргендер не болмаса, күйеуінен, баласынан, ағайынынан айырылған жандар бас ұрады. Себебі олардың ойында ең алдымен террористердің теріс диктатурасы жөнінде лекция оқылады және кек алу не болмаса «мұсылмандардың азаттығы үшін» деген үгітпен жантүршігерлік оқиғаның негізгі датчигіне айналады. «Тірі бомбалардың» әрекеттерін сараптағанда үш кезеңге бөліп қарастыруға болатындығын байқауға болады.

ХІХ ғасырдың ортасы мен аяғынан бастап, ХХ ғасырдың аяғына дейінгі орын алған лаңкестік әрекеттер басталу кезеңіне жатқызуға болады. Бұл уақыттары тек қана «камикадзе, жауынгер» әйелдердің соғысқа, қастандық операцияларына қатысып, мылтық, пышақ сынды құралдар пайдаланылса, екінші кезеңде мини бомбалар мен «Әль-Каида», «Талибан», сынды террористік топтардың құрамында соғысып, арнайы диктатураның арқасында өзін-өзі өлтіру процесі басталды. Бұл кезеңге 1996 жылдардағы Шешенстандағы соғыс кезінде әйелдердің арнайы тапсырмаларды орындау барысында қаза таба бастауы мен одан кейінгі жылдардағы өзгерістерді айтуға болады. 2000 жылдың 7 –ші маусымында 22 жастағы Хава Бараева Ресейдің әскери обьектін жою мақсатында жарлығышты толтырып алып, қылмыс болатын жерге келіп мына жарық дүниемен қоштасты. Жарылыс салдарынын 2 адам қаза болып, 5 адам жарақат алған. Екінші кезеңде ұлт, дініне назар аударыл а отырып, атап өткеніміздей стереотип қалыптаса бастады. Үшінші кезеңде жауыздар құрбанына «Аллаһ атымен» дей отырып, құрбаныны еуропалық стильде киіндіріп, «операцияға» жібереді. Мәселен, Анна Клиновичтың діні христиан болған, бірақ, терорлық әрекеттерге қатыс бар болғандықтан оны арнайы снайперлікке үйретіп, шошқа етінен бас тартқызып, мұсылман дінін қабылдатқызған. Басқа паспорт, басқа ұлт ретінде Еуропа елдеріне «саяхат жасап», лаңкестік ұйымдармен бірге жұмыс істеген. Мұндай камикадзе әйелдер, қоғамға қауіп туғызғанымен қоймай адамдық болмысын жжоғалтып, психологиялық ауытқуларға ұшырайды екен. Психолог Клара Бейлер аталмыш әйелдер жайлы былай дейді: «Әйел адам өмірін қиюға шешім қабылдаған сәтте әйел болудан бас тартып, өмірден күдер үзеді. Алдына қойылған мақсатқа жетуге тырыспақ болады. Мұндай әрекетке бару себептерін анықтадық». Марта Креншоудың айтуы бойынша, лаңкестік оқиғаның себепшісінің мұндай шешімге келуіне күйеулері құқық қорғау орындарынан қаза тапқан жағдайда, жас қыздар барынан айырылғанда, кедей отбасының нан табу мақсаты әсер етеді екен.

Айналада  болып жатқан барлық оқиға адам психолгиясы  мен дүниетанымына, адамгершілік болмысына  әсер етеді. Сондықтан бұл проблемадан  шығар басты жол басыңа бәле тілемей, өз өміріңді дұрыс таңдау жасаудан бастау. Хиджаб астындағы арам саясатын өзне ған қолданса, жұмған аузымызды ашпас едік. Әлемдегі әйел затына деген айрандай ұйыған «нәзіктік» атты сөзге ерекше ие болған жандардың хиджаб астына бүркеніп алып, сауатсыздықтан босқа құрбан болғанымен қоймай, өз өміріңдегі орын алған оқиғаға еш жазығы жоқ тіпті танымайтын адамды кінәлі етіп қоюың надандықтың белгісі демеске амал жоқ… Ағымдағы жылдың наурыз айының 24-і күні Түркияда 15 «жауынгер әйел» қақтығыс кезінде өлген. Сол он бестің өзі қаншама адамның өмірін алып кетер еді. Елімізді мұндай сұмдықтан сақтасын.


Информация о работе Диктаторлар биліктен қалай кетті