Азаматтық қорғаныстың міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Сентября 2013 в 05:45, реферат

Описание работы

«Қазақстан-2030» даму стратегиясына сәйкес ұлттық қауiпсiздік нөмi рi бiрiншi ұзақ мерзiмдi басымдық болып табылады. Қазақстан Республи касында ТЖ заңнамаға сәйкес ұлттық қауiпсiздiкке төнген қауiп-қатерге жат қызылады. Соңғы онжылдық әлемде қауiптi өндiрiстердi кеңiнен пайдала натын iрi өнеркәсiптiк аймақтардың индустриялық жедел өсуiмен, табиғи ресурстардың қарқынды игерілуiмен, урбанизациялануымен, халықтың едәуiр өсуiмен және олардың шек қойылған аумақтарға, көбiнесе қауiптi аймақтарға көп шоғырлануымен сипатталады. Мұның бәрi қоршаған ортаға түсетiн антропогендiк күштiң күрт өсуiне, экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық зардаптарға әкеп соғатын авариялардың, апаттардың және дүлей зiлзалалардың туындау ықтималдылығын арттырады.

Содержание работы

Кіріспе
1. Азаматтық қорғаныс терминінің сипаттамасы, азаматтық қорғаныспен қамтылатын салалар
2. Азаматтық қорғаныс жүйесі, халықты террорлық әрекеттердің зардаптарынан қорғау
3. Азаматтық қорғанысты ұйымдастырудың
негізгі міндеттері мен принциптерi
4. Жоғары оқу орындарында азаматтық қорғанысты ұйымдастыру
5. Төтенше жағдайда халықтың моральдық-психологиялық дайындығы туралы
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Азаматтық қорғаныстың міндеттері.docx

— 29.70 Кб (Скачать файл)

Азаматтық қорғаныстың міндеттері

 

Мазмұны 

Кіріспе

1. Азаматтық қорғаныс  терминінің сипаттамасы, азаматтық  қорғаныспен қамтылатын салалар 

2. Азаматтық қорғаныс  жүйесі, халықты террорлық әрекеттердің  зардаптарынан қорғау 

3. Азаматтық қорғанысты ұйымдастырудың

негізгі міндеттері мен принциптерi

4. Жоғары оқу орындарында азаматтық қорғанысты ұйымдастыру

5. Төтенше жағдайда халықтың моральдық-психологиялық дайындығы туралы

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 
  
 

Кіріспе      

«Қазақстан-2030» даму стратегиясына   сәйкес ұлттық қауiпсiздік нөмi рi бiрiншi ұзақ мерзiмдi басымдық болып табылады. Қазақстан Республи касында ТЖ заңнамаға сәйкес ұлттық қауiпсiздiкке төнген қауiп-қатерге жат қызылады. Соңғы онжылдық әлемде қауiптi өндiрiстердi кеңiнен пайдала натын iрi өнеркәсiптiк аймақтардың индустриялық жедел өсуiмен, табиғи ресурстардың қарқынды игерілуiмен, урбанизациялануымен, халықтың едәуiр өсуiмен және олардың шек қойылған аумақтарға, көбiнесе қауiптi аймақтарға көп шоғырлануымен сипатталады. Мұның бәрi қоршаған ортаға түсетiн антропогендiк күштiң күрт өсуiне, экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық зардаптарға әкеп соғатын авариялардың, апаттардың және дүлей зiлзалалардың туындау ықтималдылығын арттырады.     

Азаматтық қорғаныс бойынша  жоғары оқу орындарында, басқа да мекемелерде табиғи апат, катастрофа, өндірістік апат нәтижелерін жою барысындағы Азаматтық қорғаныс құралдары мен күштерін басқару үрдісін игеруге бағытталған топтық-штабтық оқулар, сондай ақ, өндірістік авариялардың, апаттар барысындағы Азаматтық қорғаныс тарапынан қолданылатын іс – шараларды қолдану жөніндегі арнайы-тактикалық оқулар және де авариялық жағдайларға дайындық, хабарлау және жинау бойынша оқулар өткізіледі.

Оқулардың мақсаты:

I. Азаматтық қорғаныстың  бейбітшілік жағдайдан қарсыластың  мүмкін шабуыл қаупі жағдайындағы  қауіп төнудің тууына байланысты  әскери жағдайға ауыстыру барысында  ҚММу қызметкерлері мен жұмыскерлерінің,  басқару органдарының, жетекші құрамның  жұмысындағы үлкен қиындықтарға  жету. Апат, катастрофа, стихиялық апат, азаматтық қорғаныс және өмір  қауіпсіздігіне төнген қауіпті  жоюға байланысты әрекеттер.

II. Білім  алушылардың жоғары моральдық және психологиялық қасиеттерін дамыту, қалыптасқан жағдайда сауатты әрекет етуге дайындық. Қазақстан Республикасында азаматтық қорғаныс барлық жерде аймақтық-өндірістік принциппен ұйымдастырылған. Оны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы тікелей басқарады. Комитеттің облыстық, қалалық және аудандық бөлімдері бар. Жергілікті жерлерде мекеме, ұйым, оқу орындары, өнеркәсіп басшылары және азаматтық қорғаныс шараларын өткізуге жауапты болып табылады. Азаматтық қорғаныс күштері - Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері, аумақтық, объектілік құрамалар, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерінің құрамалары, мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жедел-құтқару отрядтары; Азаматтық қорғаныс құрамалары - облыстарда, қалаларда, аудандарда, орталық және жергілікті атқарушы органдарда, ұйымдарда құрылатын аумақтық және объектілік құрамалар, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерінің құрамалары.   
 

  1. Азаматтық қорғаныс терминінің сипаттамасы, азаматтық қорға ныспен қамтылатын салалар.         

 

  
       

 Азаматтық қорғаныс - бүл басқару органдарының мемлекеттік  жүйесі және бейбіт, соғыс уақытында  халықты, шаруашылық объектілерін  және ел аумағын осы заманғы  зақымдау қүралдарының, табиғи және  техногендік сипаттағы төтенше  жағдай факторларының зақымдағыш (жойқын) әсерінен қорғау мақсатында  өткізілетін жалпы мемлекеттік  шаралардың жиыны.

Азаматтық Қорғаныс (АҚ) — мемлекеттік қорғаныс шаралары жүйесінің құрамдас бөлігі. Міндеттері: жергілікті халық пен халық шаруашылығын жау шабуылынан, жаппай қыру қаруынан, табиғат апаттарынан т.б. төтенше жағдайлардан қорғау және қорғану шараларын үйрету; су тасқыны, сел, жер сілкінісі, өрт болған аймақтарда құтқару жұмыстарын жүргізу; халыққа жау шабуылының немесе табиғат апатының қаупі туралы алдын-ала хабарлау,т.б. азаматтық қорғаныс бейбіт кезеңде және соғыс уақытында мынадай шараларды жүзеге асырады: жаппай қыру қаруынан сақтану үшін арнайы қорғаныс жайлары салынып, жеке бас қорғаныс жабдықтары дайындалады, ірі қалалар тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп, оларға қорғану тәсілдері үйретіледі, ықтимал қауіп туралы халыққа егжей-тегжейлі түсіндіріледі, соғыс кезінде өндіріс орындары мен мекемелерде жұмыс тоқтамау үшін әртүрлі ұйымдастыру және инженер-техникалық шаралар жүргізіледі, нақты өндіріс орындары қорғалады, математика-техника құралдар, электр энергиясын шығару көздері, газбен, сумен қамтамасыз ету қорлары жасалады; қираған шаруашылықтарды қалпына келтіруге қажетті қосалқы жабдықтар жинастырылады, арнайы азаматтық қорғаныс топтары құрылады т.б. Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақы лауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган; Азаматтық қорғаныстың басқару органдары - бейбіт уақытта және соғыс уақытында Азаматтық қорғаныс іс-шараларына басшылық жасайтын және олардың орындалуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республи касының орталық және жергілікті атқарушы органдары, ұйымдар; "Бар шаңыздың назарыңызға!" дабылы - Азаматтық қорғаныстың дабылдама лармен және басқа да дабыл беру құралдарымен берілетін бірыңғай дабылы. Осы дабыл бойынша халық теледидарларды, радионы және басқа да ақпарат қабылдау құралдарын іске қосып қоюға, беріліп жатқан ақпаратты мұқият тыңдап, іс-әрекет тәртібі мен жүріс-тұрыс ережелері жөніндегі талаптарды орындауға міндетті; жедел-құтқару отрядтары - жол қатынасы қиын аудандарда және аса күрделі объекті лерде іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған республикалық, облыстық, қалалық, аудандық ұйымдар; қорғану құрылыстарының қоры - өндірістік персонал мен халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде арнайы қорғауға арналған қолда бар барлық инженерлік құрылыстардың жиынтығы; шаруашылық жүргізу объектілері - өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы өндірісінің және қоғам қызметінің басқа да салаларының мүдделері үшін пайдаланылатын үйлер, ғимараттар және басқа да құрылыстар; эвакуациялық органдар - халықты, материалдық құндылық тарды қауіпсіз аймаққа эвакуациялау, оларды орналастыруды, өндірістік қызметті және тыныс-тіршілікті қамтамасыз етуді ұйымдастыру үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар құратын эвакуациялық және эвакуация лық-қабылдау комиссиялары.   
 

2. Азаматтық қорғаныс  жүйесі, халықты террорлық  әрекеттердің зардаптарынан  қорғау.       

Егемендiк  алғалы берi азаматтық қорғаныс жүйесiнiң қазiргі бар әлеуетi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою үшiн кең қолданылды. Нарықтық экономика жағдайла рында жеке меншiк иелерi есебiнен азаматтық қорғаныстың қазiргi инженерлiк құрылыстарын, сондай-ақ кәсiпорындарда орнатылған хабарлау жүйелерi ұстау қиынға соқты. Жаңадан салынып жатқан объектiлерде панажайлар салу жүргізiлмей отыр. Халыққа арналған жеке қорғану құралдарын, олардың сандық құрамын тиiмдi caқтaу және облыс бойынша аумақтық бөлу мәселелерi шешiлмеген.       

Азаматтық қорғаныс саласындағы  түрлi оқыту бағдарламалары (алғашқы  әскери дайындық, азаматтық қорға  ныс, жол қауiпсiздiгi, өрт қауiпсiздігі, тыныс-тiршiлiк қауiпсiздiгi негiздерi, медициналық дайындық және басқалар) көбiнесе бiр бiрiмен еш байланысы  жоқ жүйесiз енгізiледi. XXI ғасырдың басында адамзат халықаралық  терроризм мен экстремизм сияқты тағы да бiр қатерлi арандатушылыққа  аяқ басты. Террористердiң осы  заманғы техниканы, радиациялық-химиялық және биологиялық қауiптi заттар мен  материалдарды пайдалана алатын, сондай-ақ техногендiк төтенше жағдайларды  қолдан жасай алатын мүмкiншiлiктерiнiң  болуы террорлық әрекеттердiң, әсiресе химиялық және биологиялық шабуылдардың жасалуы кезiнде олардың зардаптарын жоятын күштердiң (қызметтердiң) материалдық-техникалық базасын одан әрi нығайтуды талап етедi.               

Азаматтық қорғаныс республиканың бүкiл аумағында  аумақтық-өндi рiстiк принцип бойынша ұйымдастырылады. Азаматтық қорғаныс шара ларын орындауды Қазақстан Республикасының орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс ұйымдары, басқару органдары мен күштерi және азаматтары жүзеге асырады.       

Азаматтық  қорғаныс бойынша дайындық осы  заманғы зақымдау құралдарының  дамуы және аталған аумақта,  салада немесе ұйымда барынша  ықтимал төтенше жағдайлар ескерiле  отырып, алдын ала жүргiзiледi. Азаматтық  қорғаныс шараларын кешендi түрде  және саралап жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды топтарға, ал ұйымдарды санаттарға жатқызу маңыздылық дәрежесiне қарай жүзеге асырылады. Азаматтық қорғаныс шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының орталық, жергiлiктi атқарушы органдарының және ұйымдардың басшылары жауапты болады.   
 

3. Азаматтық қорғанысты ұйымдастырудың негізгі міндеттері мен принциптерi     

Халықты және шаруашылық жүргiзу объектiлерiн  қорғау Азаматтық қорғаныстың бiрiншi кезектегi мiндетi болып табылады және осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану мен табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде нұқсанды азайту мүдделерi үшiн халықтың iс-қимыл жасауының оңтайлы тәсiлдерiн ғылыми тұрғыдан анықтау және аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн дер кезiнде дайындау негiзiнде жүргiзiледi.       

Азаматтық  қорғаныстың негiзгi мiндеттерi:      

1) басқару,  құлақтандыру және байланыс жүйелерiн  ұйымдастыру, дамыту және оларды  ұдайы әзiрлiкте ұстау;      

2) Азаматтық  қорғаныс күштерiн құру, оларды  дайындау және төтенше жағдайлар  кезiнде iс-қимыл жасауға ұдайы  әзiрлiкте ұстау;      

3) орталық  және жергiлiктi атқарушы органдардың,  ұйымдардың қызметшiлерiн даярлау  және халықты оқыту;      

4) радиациялық,  химиялық, бактериологиялық (биологиялық)  жағдайды қадағалау және оған  лабораториялық бақылау жасау;       

5) Азаматтық  қорғаныстың әскери құрамаларын  жұмылдыруға әзiрлiктi қамтамасыз  ету;      

6) шаруашылық  жүргiзу салалары мен объектiлерiнiң жұмыс iстеу тұрақтылығын арттыру жөнiндегi шаралар кешенiн жүргiзу;      

7) қорғану  құрылыстарының қажеттi қорын, жеке  қорғану құралдарының және Азаматтық  қорғаныстың басқа да мүлкiнiң  қорларын жинау және әзiрлiкте  ұстау;      

8) халыққа, орталық және  жергiлiктi атқарушы органдарға адамдардың  өмiрi мен денсаулығына төнген  қатер және орын алып отырған  жағдайда iс-қимыл жасау тәртiбi  туралы хабарлау;      

9) iздеу-құтқару  жұмыстары мен басқа да шұғыл  жұмыстарды жүргiзу, зардап шеккен  халықтың тiршiлiгiн және оларды қауiптi аймақтардан эвакуациялауды ұйымдастыру;      

10) азық-түлiктi, су көздерiн, тамақ шикiзаттарын, жемшөптi, мал және өсiмдiктердi  радиоактивтiк, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) уланудан, мал және  өсiмдiк iндеттерiнен қорғау.     

Азаматтық қорғанысты жүзеге асыру барысындағы  жергілікті атқару органдары, ұйымдарының  функциялары:

  • Халықты қорғау үшін перспективалық және ағымдағы жоспарларды жетілдіру, төтенше жағдайлардың табиғи және техногендік характері мен елді-мекендер мен шаруашылық объектері және оларды жоюдың іс-қимыл жоспары;
  • Шаруаылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеуін, іс-шараларды комплексті жақсарту мен төтенше жағдайлар жұмыстарының қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуі;
  • Жергілікті хабар беру жұйелерін құру және олардан  алдын алу үшін күш-құралдар дайындау;
  • Төтенше жағдайлар зардаптарын жою мен және оларды ұдайы дайын дықта ұстау;
  • Су тасқыны болады-ау деп жүргізіліп отырған құрылыс аймақтарын, көшкінді және басқа да қауіп-қатерлерді жоспарлау;
  • Төтенше жағдайларда баспанасыз қалуы мүмкін тұрғындар үшін уақытша тұрғын жай қорын жасайды;
  • Мониторинг жасау, тұрғындарға, шаруашылық субъектілеріне техно гендік авариялар, болуы мүмкін су басу, тасқын, сел, сырғымалар және басқа қауіпті экзогендік құбылыстар жөнінде хабарлау жүйесін ұйымдастырады;
  • Азық-түлік, дәрі-дәрмек және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде материалдық-техникалық жабдықтау қорларын құру;
  • Объектілерде (ауданда, қалада, елді мекендерде, аумақта, нысандарда т.б.) бейбіт мезгілге арналған АҚ жоспарын жасау және уақтылы нақтылау;
  • Объектілерде орын алу мүмкін ірі көлемді авариялардың,

катастрофалар, дүлей апаттар тізілімін анықтайды;

  • Авариялар, дүлей апат нәтижесінде қалыптасуы жағдаптты мүмкін 

бағамдаудан қорытынды жасау (төтенше жағдай түріне қарай) болуы мүмкін көлемі  және олардың зардаптары;

  • Зардаптарды жоюда атқарылатын жұмыстар көлемінің шамасын және

қажет күш-құралдар санын анықтайды;

  • Басшы құрамға, құрылымдардың жеке құрамына, мемлекеттік

қызметкерлерге  және тұрғындарға хабарлау сызбасын жасау және бекіту;

  • АҚ ұйымдары мен күштерінің бейбіт мезгілдегі төтенше жағдапттарда

іс-қимыл  жасауға дайындығын қадағалау;

  • Қорғану ғимараттарының құрылысын бақылауда ұстау және

ұжымдық, жекеше қорғану құралдарын ұдайы  дайындықта ұстау және көбейту;

  • Басшы құрамның қалыптасқан жағдайларды  дұрыс бағамдай білуі,

бейбіт  мезгілде  АҚ іс-шараларын жүргізу  үшін негізделген жедел шешім  қабылдау білуі,  бағыныстағы күштерді сенімді басқара білуі қажет.

 

 

4.Жоғары оқу  орындарында азаматтық қорғанысты  ұйымдастыру

Жоғары оқу орындарында  азаматтық қорғаныстың бастығы  – ректор, ол азаматтық қорғаныстың  ұйымдастырылуы мен жай-күйіне, оның күштері мен құралдарының құтқару  және өзге шұғылжұмыстарды жүргізуге, тұрақты дайындылығына, содай-ақ профессор-оқытушы  құрамының, білімгерлер мен қызметкерлерді тосын жағдайлардағы іс-әрекетке икемділігі үшін жауап береді.

Жоғары оқу орындарында  азаматтық қорғаныстың бастығының бұйрығымен АҚ мен ТЖ қажетті қызметтері құрылады. АҚ мен ТЖ қызметтеріне басшылықты жоғары оқу орындарының басшы  құрамы қатарынан ректор тағайындаған бастықтар жүргізеді. Олар өз міндеттерін  негізгі міндеттермен қоса атқарады. Көщіру комиссиясының төрағасы болып  проректорлардың бірі тағайындалады.

Жоғары оқу орындарында  құтқару жұмыстарын жүргізу үшін төмендегідей жасақтар құрылады: құтқару  командасы, дәрігерлік, барлау топтары, звенолар, командалар, қоғамдық тәртіпті сақтау командалары.

5.Төтенше жағдайда  халықтың моральдық-психологиялық  дайындығы туралы

Төтенше жағдай адам психологиясына үлкен әсер етеді. Қорғаныштан сасып  қалмас үшін халыққа төтенше жағдайларда  не істеу керек екенін түсіндіру  қажет, сондықтан халық бейбітшілік  және соғыс кезінде болатын төтенше  жағдайлар туралы білу керек. Сонымен  қатар адамдарды қорқытудың қажеті жоқ, кез келген жағдайда халықтың дұрыс  іс-әрекеттері мен психологиялық  дайындығы төтенше жағдайларда  қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Информация о работе Азаматтық қорғаныстың міндеттері