Агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2014 в 21:54, курсовая работа

Описание работы

Мемлекет басшысының идеяларын, қабылданған заңдар мен Республика үкіметінің қабылданған қаулыларын іс жүзінде асыра отырып, Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының ғалымдары «Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 1993-1995 жылдарға және 2003-2005 жылға дейінгі тұжырымдық Бағдарламасын» жасады.
Оны жасау барысы кезінде мынадай көптеген обьективтік факторлар еске алынды:
Егемен мемлекет құру;
Материалдық өндіріс сферасындағы нарықтық қатынас заңдары;
Адам тамақтануының ғылыми негізделген нормалары;
Жеңіл және өңдеу өнеркәсібінің шикізатқа деген қажеттілігі;

Содержание работы

Кіріспе
І-бөлім. Қазақстан Республикасының экономикасының аграрлық саласын реттеудегі ғылыми негізі.
1.1. Аграрлық сала және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы
1.2. Аграрлық сала жүйесіндегі мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары
1.3. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені және оның реформалау мен нарықтық қатынастарға көшу кезеңіндегі дамуының негізгі бағыттары
ІІ-бөлім. Қазақстан Республикасының аграрлық саланың даму мәселері және шешу жолдары.
2.1. Тиімді аграрлық саясатты жүзеге асырудың мәселелері
2.2. Қазақстандағы аграрлық реформаны тереңдету мен кеңейтудің міндеттері және нәтижесі
2.3. Аграрлық бизнестің тиімді жүйесін қалыптастыру
ІІІ-бөлім. Агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары.
3.1. Аграрлық сала өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және сатудың көлемін ұлғайту
3.2. Агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары
3.3. Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізгі бағыттары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиетер

Файлы: 1 файл

Дип.-аграрлық-саланың-дамуы.doc

— 563.50 Кб (Скачать файл)

     Агроөнеркәсіп үшін  машина жасаумен Павлодар трактор  зауыты, Ақмола эрозияға қарсы  техника шығару өңдірістік бірлестігі  және «Манкентживмаш», «Актюбсельмаш»  пен Мамлют машина жасау зауыттары  мал шаруашылығы үшін машина жасаумен айналысады. Бұдан басқа, бөтен саладағы, оның ішінде қорғаныс зауыттарында да ауыл шаруашылық машиналарының кейбір түрлері және қосымша бөлшектері шығарылады.

     Химиялық өнеркәсіп  саласында Жамбыл және Ақтөбе  облыстарындағы кәсіпорындар минеральдық тыңайтқыштар шығарады. Мұндай өнімдерді жолай өнім ретінде Қарағанды металлургия және Өскемен титан-магний комбинаттары да шығарады. Шымкенттегі «Фосфор» өндірістік бірлестігі өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдарын шығаруды жүзеге асырады. Микробиологиялық өнеркәсіптің басын Шымкент гидролиз, Түркістан жемдік дәрілер және Степногорск «өркениет» сияқты үш зауыт біріктіріп тұр.

     Республика агроөнеркәсіп  кешенінің екінші сферасында (ІІ  – ауыл шаруашылығы) экономикалық  реформалардың басында 2200 кеңшар және басқа мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен 406 ұжымшар жұмыс істеді.

     Қазақстан агроөнеркәсіп  кешенінің үшінші сферасы (ІІІ  – дайындау, сақтау және т.б.) тамақ, ет-сүт және ұн-жарма өнеркәсібі  кәсіпорындарынан, дайындау, сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығын өндірістік-техникалық, транспорттық, агрохимиялық, мал дәрігерлік-санитарлық және суландыру жөнінен қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдардың жүйесінен және агроөнеркәсіп кешенінің басқа да салаларынан тұрады.

     Адамзат тарихы әлі  саясатөкіметі, яғни мемлекеті болмаған  қоғамды білмейді. Мемлекет өте  маңызды саяси, әскери, экономикалық, құқықтық және т.б. қызметтерді  атқарады. Олардың барлығы бір-бірімен  байланысты және бәрі де экономиканың  даму дәрежесіне тәуелді болып келеді Ұзақ уақыттар бойы мемлекет тек елдің шекарасын қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау және салық жинаумен айналысты. Экономикалық қатынастардың дамуы, әсіресе, нарықтың пайда болуымен: мемлекет өзіне тиесілі қызметті дұрыс атқарып отыр ма ? деген мәселе туындады. Бұл мәселе туралы бірнеше көзғарас, пікірлер бар:

  1. экономиканы толықтай, жаппай мемлекет реттейді деген пікірді жақтаушылар: мемлекеттің күшімен бүкіл экономикалық мәселелерді шешуге болады деппайымдайды. Яғни, экономиканың тиімділігін қамтамасыз ету, адамдарды еңбекпен қамтамасыз ету, әлеуметтік тепе-теңдікті қалыптастыру сияқты сұрақтар нарықсыз, мемлекеттің өктемділігімен, билігімен жүзеге асырылмақ;
  2. экономикаға мемлекеттің араласуын шектеуді жақтайтындар экономикалық мәселелерді шешетін мемлекет емес, адам және өзін-өзі реттейтін нарық деген пікір айтады. Олардың ойынша, мемлекет нарыққа араласпайды, ол тек ақша сферасына араласуы керек;
  3. мемлекеттің экономикаға белсенді араласуын жақтайтындар экономикаға мемлекет болмаса экономикалық дағдарысты, өндірістің құлдырауын жұмыссыздықты жою мүмкін емес және т.б. дейді.

     Нарықтық қатынастар  кеңінен дамып отырған Қазақстанда  мемлекет экономикалық Істерге  араласпауы керек деген түсінік  барынша кеңінен тараған. Соған  қарамастан, Қазақстанда 5-6 жыл бұрын басталған реформалар мемлекеттің экономикалық қызметінің қажеттігін көрсетті. Яғни, мемлекеттік реттеу – экономиканың қажетті буыны, мемлекеттің реттеуінсіз нарықтық экономика жұмыс істей алмайды. Қазіргі нарықтық экономикада үкіметтің сапалы, жан-жақты жасалған бағдарламасы егер оны іске асыратын мықты мемлекет құралдары болмаса іске аспай қалады. Себебі, нарық барлық жағдайда  да кез-келген мәселені шеше алатын әмбебаб немесе тиімді реттеуші бола алмайды. Көптеген мәселелердің шешуі нарыққа бағынбайды және мемлекеттің араласуын қажет етеді. «Мемлекет жекеше сектор басты роль атқаратын нарықтың заңды шеңберлерін құра отырып, экономикада маңызды, бірақ шектеулі роль атқаруға тиіс.»

     Нақты түрде мемлекеттің  қазіргі экономикада ролі ұсақ-түйекке (мысалы, бұрын біздің тәжірибемізде болғандай, дән себу, егін жинау және басқалары) араласпай, бүкіл халық шаруашылғы үшін маңызды деген салаларға араласпауы керек. Алдыңғы қатарлы ірі индустриялы елдерде товар өндірісінде мемлекеттік сектор бар болғаны 20-30 проценттей болып келеді. Шетелдерде мемлекет ұлттық өнімді бөлуге араласады. Мысалы, Швейцарияда мемлекет ұлттық өнімнің 27 процентін  қайта бөледі, Жапонияда 33%, АҚШ-та -36%, Германияда-45%, Италияда-43%. Бұл елдерде мемлекет жаңа экономикалық құрылымдар жасау, кәсіпкерлік қызметтің барлық түрлерін кеңінен өрістету бағытында неғұрлым батыл күш-жігер жұмсайды. Біз әзірге бұл мәселелерде шабандық көрсетіп, жасқаншақтыққа бой ұрамыз.

     Мемлекетарқылы шешілетін  экономикалық мәселелерді мынандай  топтарға біріктіруге болады:

  1. адамдардың және шаруашылықтардың табысын қайта бөлу;
  2. бүкіл елдің ресурстарын қоғам мүддесі үшін қайта бөлу;
  3. қоғамдық өнім өндірісі мен қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
  4. экономиканы тұрақтандыру;
  5. адамдарды әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру;

     Жоғарыда айтылған  сұрақтармен нарық нашар айналысады  немесе тіпті айналыспайды.

     Ұлттық табысты мемлекеттің  араласуы арқылы қайта бөлу  адамдардың арасындағы әлеуметтік  теңсіздікті болдырмауға көмектеседі, яғни бай адамдардың табысын  кедей адамдарға қарай ығыстыру мүмкін болады. Мұндай теңсіздік нарық жағдайында көрінеді.

     Ұлттық табысты мемлекет  екі жолмен қайта бөледі:

  1. трансферттік төлемдер ақша төлеуді, товарларды беруді және қызмет көрсетуді бір жақты ұйымдастыру (айырбас ретінде емес). Бұған әртүрлі жәрдем ақыларды жатқызуға болады (мүгедектерге, жұмыссыздарға, стипендия және т.б.).
  2. баға құрылымы процесіне араласу арқылы. Мемлекет кейбір халыққа өте қажет товарларға және қызмет түрлеріне шектеулі баға қоюды, жалақының төменгі мөлшерін анықтауды ұйымдастырады.

     Мемлекет ұлғаймалы  түрде өндіруге болмайтын ресурстар  мен бүкіл адамзатқа тиесілі  ресурстарды тұтынуды реттейді.

     Қазіргі уақытта нарық  айналысқысы келмейтін көптеген  қоғамдық товарлар мен қызметтер  бар. Мысалы, білім, денсаулық сақтау, ұлттық қорғаныс, қоғамдық көлік, автомобиль жолдары, дамбылар және т.б. Бұл товарлар жеке тұтынуға жатпайды. Ал, оларды күтіпұстау, жөндеу, ол үшін қаржы бөлу тек мемлекеттің қолынан келеді.

     Ауыл шаруашылығындағы  қоғамдық товарларға жеке өндіруші шығара алмайтын товарлар мен қызметтердің түрлері, мәселен, ауыл шаруашылығы ауруларымен күресу, ауыл шаруашылығы өнімдерінің зиянкестерімен (колорад қоңызы, шегірткелер) күресу, шикізаттар мен азық-түлік өнімдерінің сапасын тексеретін ұйымдарды ұстау үшін шығатын шығындарды жатқызуға болады.

     Қазақстан экономикасы  дамуының қазіргі сатысында мемлекеттік  реттеу арқылы «меншік құқықтарын  рәсімдеуге, бәсекелес рынок пен  монополияға қарсы күрестің сенімді  құралдарын құрауға, фиськалды және  монетарлық саясатты қолдауға әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға, қажетті инфрақұрылымды, білім деруді, денсаулық сақтауды дамытуды қамтамасыз етуге және мықты экономикалық саясат жүргіуге бағытталған құқықтық және нормативтік база жасауды аяқтау көзделіп отыр».

     Дүние жүзілік экономикалық тәжірибе көрсетіп отырғандай нарықты монополияландыру кезінде қоғамға көптеген шығындар келеді: өнімді сату көлемі азаяды, соған сәйкес баға көтеріледі, жаңа фирмалар шаруашылықтар ашуға «жасанды» кедергілер жасалады. Бұл жағдайда мемлекет ауыл шаруашылығындағы өндірушілерді қолдау мақсатында өнімді өндіру, өткізуге кепілдік беруге тиіс. Мемлекеттік реттеусіз монополизм жағдайында өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы арасындағы бағаның паритетін қамтамасыз ету мүмкін емес. Сондықтан да өндіріс құралдарын шығаратын, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына қызмет көрсететін немесе олардың өнімін өңдейтін барлық монополист-кәсіпорындар үшін келісімді бағаның жоғарғы шегін (немесе рентабельдік деңгейінің шегін) белгілеу қажет. Сонымен қатар, мемлекет ауыл шаруашылығы нарығын реттеу кезінде қаржы, инвестиция әлеуметтік саясаттарына көп көңіл бөлуге тиіс. Яғни, мемлекет аграрлық секторды жеңілдікпен қаржыландыруға, жекелеген экономикалық аймақтарды дамытуға, шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға, табиғи апаттардың шығындарын өтеуге, ауыл шаруашылығында жаңадан ұйымдастыратын өндіріс шығындарын жабуға көмектеседі.

     Ауыл шаруашылығындағы  инвестициялық саясат өнеркәсіп  пен ауыл шаруашылығы өнімдеріне  баға паритетінің сақталмауы  жағдайында мемлекеттік қолдау көрсету жолымен меншіктің барлық тәсіліндегі ауыл шаруашылық кәсіпорындарының материальдық-техникалық базасының сапалық жаңғыруын, негізгі қордың шапшаң қалпына келтірілуін және жаңартылуын, өндірістік инфрақұрылымның дамытылуын көздейді.

     Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеудің басты құралдарының бірі-жоғарыда айтылған салық саясаты. Қазақстан аграрлық секторында салық салу кәсіпорындарға тікелей салықтық жеңілдіктер берумен ерекшеленеді. Айта кету керек, Қазақстанда салық саясатында реформа басталған кездерден-ақ көптеген жеңілдіктер жасалды. Айталық, Қазақстан бойынша 30 проценттік салық үстемесі жағдайында ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін (меншік түріне байланыссыз-ақ ет, сүт, жеміс-көкөніс, нан өнімдері, мақта өндірісі, балық, құс, мал шаруашылықтары) 10 проценттік салық үстемесі белгіленді.

     Алғашқы екі жыл  бойына ауыл шаруашылығы өнімдерін  өндіретін және өңдейтін кәсіпорындар, кооперативтер табысқа салық  төлеуден босатылып отырды. Яғни, бұл кооперативтер өзін-өзі ақтайтындай  дәрежеге жеткізуге жағдай туғызады деген сөз.. Сол сияқты, балалар бақшаларында, мүгедектер үйіне, ауылдық ауруханаларға, мектеп асханаларына өнім өткізетін шаруа қожалықтарықосымша құн салығын төлеуден босатылған.

     Жер ауыл шаруашылығы  өндірісінің негізгі құралы екендігін және оны тиімді пайдаланудың маңыздылығы ескеріліп, жер участоктерін ғылыми зерттеу ұйымдары, тәжірибе шаруашылықтары пайдаланған уақытта, олар жер салығынынан босатылды.

     Мұның барлығы, әрине, ауыл шаруашылығы өдірісін дамытуға  ынталандырғаны сөзсіз. Алайда, мәселенің екінші жағы сол , республика агроөнеркәсіп кешеніне жеңілдік салық салу бюджеттің табысының өспеуіне, ауыл шаруашылығы өндіріс көлемінің артпауына әкеліп соқты. Осыған сәйкес 1995 жылдан бастап ауыл шаруашылығында салық саясатына өзгерістер еңгізілді. Енді салық саясатының негізгі мақсаттары мен принциптері арасында бұрын берілген салықтық жеңілдіктердің басым көпшілігі алынып қалынды. Бірақ, бұрынғы 10 проценттік салық үстемесі сақталып қалды.

     Тағы бір агроөнеркәсіп  кешеніне жасалған жеңілдік сол, шаруашылықтарда өндірістік құрылысты жүзеге асыратын технологиялық құрал – жабдықтарды орнатудың құңы салық салынатын табыстан алынып қалатын болды. Шаруашылық шығындары табыстың есебінен кейінгі бес жыл бойы жабылып отырады. Мұның өзі негізгі қорды жаңартуға және өндірісті кеңейтуге қаржыны көбірек жұмсауға шаруашылықтарды ынталандырады.

     Жаңа тәртіп бойынша  агроөнеркәсіп кешеніндегі шеттен  әкелінген құрал-жабдықтарға, шикізат-материалдарға, қосалқы бөлшектерге және товарларға шаруашылықтар қосымша құн салығын төлемейді. Шаруа қожалықтары үшін ыңғайлы, ықшамдалған салық төлеу әдістері белгіленіп отыр. Әңгіме бұл жерде заңды тұлғалардың патент алу арқылы салық төлеуі туралы. Қазіргі уақытта шаруа қожалықтарын жүргізушілердің басым көпшілігі қағаз жүзіндегі есеп-қисапқа шорқақ, білімі жетіспейді, соның кесірінен салық ұйымдарына берілуге тиісті құжаттарды сауатты толтыруды келістіре алмайды, декларацияларды уақытында толтырып бермейді. Мұның өзі ақыр соныңда, қосымша шығындарға әкеледі (штраф). Ауыл шаруашылығының ерекшеліктері (маусымдық сипаты, өндіріс уақытының ұзақтығы және т.б.) шаруашылықтарда өндіріс жүргізудің нәтижелерін есепке алудың жан-жақты тегерішін ойластыруды қажет етеді. Көптеген шаруа қожалықтарында түпкілікті қаржылық нәтижені анықтағанда, олардың іс жүзінде коммерциялық қызметпен де айналысатынын ескеру керек. Сондықтан, өтпелі кезенде салық әкімшілігі, салық төлеуде шаруа қожалықтарының бюджетпен өзара қарым-қатынасының қарапайым жүйесін қолдауды талап етуі тиіс.

     Мысалы, шаруа қожалықтары  бойынша табыс және жер салығын  бірге қоса есептегендегі салықтың  орнына белгілі бір қондырылған  үстеменің болуы әбден мүмкін. Шаруа қожалықтарына салық төлемейтін  табысты есептеудің арнаулы жүйесін  пайдалану құқы берілуі мүмкін. Шаруа қожалықтарына салық төлемейтін табысты есептеудің арнаулы жүйесін пайдалану құқы берілуі мүмкін. Бұл жерде жердің, өндірілетін дақылдың түрлері, малдың түрі және аймақтың жер жағдайы бойынша гектармен есептегенде алынатын табыстың көлеміне қондырма алдын-ала белгіленеді. Қондырылған және іс жүзінде алынған табыстың арасындағы айырмашылық мұндай жағдайда келесі жылдың табыс салығы бойынша берілетін декларацияда ескерілуі тиіс. Мұндай жүйе Бельгияда және Европалық қауымдастықтың басқа да бірқатар елдерінің фермерлеріне табыс салығын салуда кеңінен қолданылады.

     Қазақстанда 1996 жылдың  басынан тәжірибе ретінде Семей  облысында бюджетпен есеп айырысудың  сатып алынатын патент негізіндегі  жүйесі енгізілді. Оның нәтижесі  патент сатып алудың шаруа  қожалықтарының өздеріне берілген жер учаскелерін барынша тиімді пайдалануына, ауыл шаруашылығы өндірісінің жалпы көлемінде олардың үлес салмағының артуына ынталандыратындығын көрсетті.

     Салық салудың мұндай  тәртібі салық ұйымдарының салықты  уақытында және дұрыс төлеуі үшін бақылауды барынша қарапайым жүргізуге жол бастайтыны сөзсіз.

Информация о работе Агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары