Қылмыстық істің қозғалу заңдылығын прокурордың қадағалауы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2014 в 12:52, курсовая работа

Описание работы

Құқық қорғау органдарының қызметтері, әрі олардың статустық мәртебесі, қылмыспен күресудегі ерекшелігі және азаматтардың құқықтық мәдениеті мен сапасын көтеруге байланысты елімізде құқықтық реформалар өтіп жатыр. Құқықтық мемлекет құруға байланысты заңдылықты күшейту жұмыстары, соның ішінде қылмыстық заңдардың қазіргі өмірлік талапқа сай қайта өзгерту мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылуда.
Қылмыстық іс қозғаудың үлкен маңызы бар, өйткені ол кейінгі тергеу сатыларына бастама болумен бірге қылмысты ашу мен қылмыскерді әшкерелеп жазасын тағайындауға әсері бар.
Судья, прокурор, тергеуші анықтама органдары заңмен көрсетілген шеңберде өз құзіретіне сәйкес қылмыс белгілері бар деп тапса, онда қылмыстың іс қозғауы міндетті болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе.......................................................................................................................3
I Тарау. Қылмыстық іс қозғаудың мәні мен маңызы...........................................4
1.1 Қылмыстық істі қозғау сатысының түсінігі мен маңызы..............................4
1.2 Қылмыстық істі қозғауға құқылы органдар мен лауазымды адамдар.........8
II Тарау. Қылмыстық істі қозғаудың себептері мен негіздері..........................14
2.1 Азаматтардың арызы.......................................................................................14
2.2 Мекемелердің, кәсіпорындардың, ұйымдар мен лауазымды адамдардың хабарламасы...........................................................................................................17
2.3 Баспасөзде жарияланған хабарлар.................................................................18
2.4 Айыбын мойнына алып өзі келуі...................................................................19
2.5 Анықтама жүргізетін органдардан тергеушінің, прокурордың немесе соттың тікелей өзі байыптауы..............................................................................21
III Тарау. Қылмыстық істі қозғауды болғызбайтын жағдайлар........................23
3.1 Қылмыстық істі қозғауды болғызбайтын жағдайларды топтау..................23
3.2 Қылмыстық іс қозғауды жоятын жаңдайлардың қысқаша сипаттамасы...25
IV Тарау. Қылмыстық іс қозғаудың және одан бас тартудың процессуалдық тәртібі......................................................................................................................29
4.1 Қылмыстық іс қозғаудың процессуалдық тәртібі........................................29
4.2 Қылмыстық іс қозғаудан бас тарту................................................................31
V Тарау. Қылмыстық істің қозғалу заңдылығын прокурордың қадағалауы...33
Қорытынды............................................................................................................35
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................................36

Файлы: 1 файл

Мазмұны.doc

— 176.00 Кб (Скачать файл)

Прокурордың жәбірленушінің шағымынсыз іс қозғауға шешімнің тек қылмыстық іс жүргізушілік маңызы бар және қылмыстық жауапкершіліктің алғы шарты болып табылмайды, себебі, әрекеттің қылмыстылығын прокурор немесе жәбірленуші емес, заң анықтайды.

Бір себептің бар болуы қылмыстық істі қозғауға әлі жеткіліксіз. Қылмыстық іс қозғау үшін іс қозғауға негіз және қылмыстық іс бойынша жүргізуді болғыздырмайтын жағдайлардың болмауы сиқты шарттардың болуы қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III Тарау. Қылмыстық  істі қозғауды болғызбайтын жағдайлар

3.1 Қылмыстық істі  қозғауды болғызбайтын жағдайларды  топтау

Қылмыстық істі жүргізуді болдырмайтын жағдайлар ҚР ҚІЖК 37-бабында алдын-ала көрсетілген. Бұдан басқа ҚІЖК материалдары қылмыстық істі қозғамастан қоғамдық әсер шараларын қолдау үшін жіберу негіздерді алдын-ала көрсетеді. Қылмыстық істі қозғаудан бас тартуды Қазақстан Республикасы қылмыстық істер жүргізу кодексінің бұл баптарында аталған негіздер толық болады. Сонымен бірге, кейбір авторлар, қылмыстық іс қозғаудан бас тарту негіздері әйтсе де жеткіліксіз реттелген деп есептейді. Л.М.Корнеевтің пікірінше, заңда қылмыс белгілерінің жоқтығына сүйену (ҚР ҚІЖК 187-бабы), өзіндік мазмұнынан айырылған және қылмыстық іс қозғаудан бас тартуға негіздердің дәл анықтамасының орнын толықтырмайды деп есептейді.

Тәжірибеде бұл мәселенің маңызды мағынасы бар. Ішінара зерттеу нәтижелері ведомстволық бақылау мен прокурорлық бақылау материалдары заңның дәл емес және толық емес тұжырымдамасы іс қозғаудан бас тарту кезінде бұл шешімге мүлде негіз болмайтын жағдайларға сілтеуге жиі әкеліп соғатынын растайды. Аты-шулы мақсатқа сәйкессіздік куәлердің және өтініштің растығын дәлелдейтін басқа дәлелдің жоқтығы, есіктегі құлыптардың бұзылғандығы т.б.с.

Осыған байланысты Л.М.Корнеева одан қылмыстық іс қозғауға негізгі қылмыстық белгілерінің жоқтығы туралы ескертпелерді шығарып тастап, тұжырымдаманы анықтау қажет және негіз ретінде ССРО Одағы мен Одақтас республикалар қылмыстық істерді жүргізу кодексінің 65-бабында аталып өткен жағдайларда негіз ретінде көрсету керек деп есептейді (ҚР ҚІЖК 37-бабы).

Іс жүргізуді болдырмайтын негіздер көптеген белгілермен сипатталады. Көптеген авторлар осы негіздердің барлығынан адамның ақталуына әкеліп соғатын жағдайдарды бөліп көрсетеді. Қылмыстық істі қозғау сатысына сәйкес қылмыс оқиғасының жоқтығын адамды анықтау негізі болады немесе іс-әрекетте қылмыс құрамының жоқтығы адамды ақтап қана қоймайды, сондай-ақ сот жүргізуді мағынасыз етеді.

Іс қозғауды болғызбайтын жағдайлар материалдық құқықтық және процессуалдық болып бөлінеді. Біріншілері қылмыстық жауапкершіліктің негізінің өзін, әрекеттің қылмыстылығы оның жазаланушылығын болғызбайды. Қылмыс оқиғасының құрамының жоқтығы, мерзімінің өсуі, кешірім құралы т.с.с. Екіншілері қылмыс фактілерімен жасаған әрекет үшін жазаны жоймайды, бірақ заң талап ететіндіктен қылмыстық іс қозғау және ол бойынша тергеу жүргізу мүмкіндігін жояды, жақтардың татуласуы немесе жеке айыптау істері бойынша шағымның жоқтығы заң күшіне енген үкімінің, анықтаманың немесе қаулының барлығы, сондай-ақ істі тоқтату туралы шұғыл қаулының барлығы.

В.Н.Фаткулин зерттеудегі жағдайды қылмыстық іс жүргізу үшін алғы шарттардың жоқтығын "қылмыстық іс қозғау мүмкіндігін жоймайтын және қылмыстық іс жүргізуге кедергі келтірмейтін" деп сын айтады. Біріншісіне ол мыналарды жатқызады: қылмыс оқиғасының негіздердің 5-бабының 1-пункті және құрамының негіздерінің 5-бабының 2-пункті субъектілерінің қылмыстық жауапкершілік басталатын жасқа толмауы, екінші қылмыс жасаған адамның өлімі негіздің 5-бабының 8-пункті мерзімінің бітуі негіздің 5-бабының 3-пункті амнистия негіздердің 5-бабының 4-пункті сол құқық бұзушылық бойынша үкімнің барлығы негіздердің 5-бабының 9-10-пунктері бойынша жәбірленушінің оған қатысты шағым берілмеген адаммен шатысылуы негіздердің бұдан басқа қылмыстық істі қозғауды жасаушы жағдайларды міндетті түрде іс қозғаудан бас тартуға әкеліп соғатындарға, мысалы: ҚР ҚІЖ 37-бабы және құзыретті орындарға диспозивті сипат алатындарға ҚР ҚІЖК 37-бабын бөлуге болады.[9]

Заңда көрсетілген қылмыстық Іске сот жүргізуші болғызбайтын заң жардайлары тергеу, прокурорлық тергеу және сот орындарына қылмыстық іс қозғаудан бас тартуға осыдан келіп шығатын барлық салдармен қоса тергеу жүргізуге береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2  Қылмыстық іс қозғауды жоятын жағдайлардың қысқаша сипаттамасы

Қылмыс оқиғасының жоқтығы бұл жағдай сотта қылмыстық іс жүргізуі негіздерінің 5-бабының 1-пункті алдын-ала көрсетілген (ҚР ҚІЖК 37-бабы). Ол алғашқы материалдарды қорғау барысында өтініште айтылған құқық бұзушылық жоқ және болмағанын анықтаған кездегі жағдайларда орын алады.

Мысалы, ауруханаға Р. жамбас зақымы және қол сынумен түсті. Жәбірленушінің айтуына қарағанда оны көшеде 03-54 номерлі жүкті өзі түсіретін машина қағып кеткен. Алайда көрсетілген автокөлікті іздеу еш нәтижеге әкелмеді, кейінірек тексеру Фухтарилиннің өзі ешкімнің көмегінсіз қатты мастық күйінде екінші этаждың терезесінен құлап түскенін көрсетті. Қылмыс оқиғасының жоқтығына байланысты Фухтарилиннің өтініші бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тарту қаулы шығарылды /1/.

1958 жылы сотта қылмыстық  іс  жүргізу  негіздерін  қабылдағанға дейін, бұл негіз алдын-ала көрсетілмеген болатын.  Бұл жағдайдан шығатын жолды тәжірибе қылмыс оқиғасы жоқ кезде қылмыс құрамының жоқтығы  үшін істер тоқтату арқылы тауып жүрді. Алайда бұл екі жағдайдың бір-бірінен айырмашылығы бар.[10]

Айырмашылығы мынада: қылмыс оқиғаның жоқтығы, қылмыс немесе заңды деп бағалауға болатын әрекеттің бар екендігін болдырмайды. Қылмыс құрамының жоқтығы әрқашан ақыр соңында қылмыс сипаттамасы жоқ деп танылатын адамның әрекетінің бағасын жорамалдайды. Қылмысты істі қозғау сатысында қылмыс оқиғасының белгіленбегендігін басшылыққа алуға болмайды. Сылтау мен негіз бар болған кезде іс қозғалу тиіс, тіпті егер қылмыс оқиғасының барлығына күмән бар болса да, оқиға болса әрқашанда қылмыс оқиғасымен тура келе бермейді.

Ғылымда қылмыс құрамы төртке топтастырылған. Олар мыналарды сипаттайды:

1.  Қылмыс объектісі.

2.  Объективтік жағын.

3. Субъективтік жағын.

4.  Қылмыс субъектісі.

Әрекетті қылмыс деп тану үшін қылмыс туралы сипаттамасының барлығының болуы қажет. Қылмыстың іс қозғау мәселесін шешіп жатқан барлық белгілерді анықтау міндеті қойылмайды. Бұл қылмыстық іс қозғаудан бас тартуға әкеліп соғады.

Қылмыс нысанасының жоқтығы әрекеттің қоғамға қауіпті емес екенін дәлелдейді. Сондықтан Іс жүзінде жүргізуді болдырмайды, қылмыстық іс қозғалмайды. Адамның қылығы болып табылатын қоғамға қауіпті әрекеттер іс әрекет немесе әрекетсіздік қылмыстың обьективті жағын сипаттайтын белгілер болып табылады. Егер де адам өз еркіне қарсы болса онда бұндай әрекетті осы адамның қылығы деп тануға болмайды. Сондықтан оған қарсы қылмыстық іс қозғалмайды.

Жасалған әрекеттің қоғамға қауіптілігі құқыққа қарсылығын болғызбайтын қылмыстық іс қозғауға мүмкіндік бермейтін жағдайлар әрекеттің мағынасының аздығы (ҚР ҚК-нің 9-бабы) қажетті қорғаны (ҚР ҚК 32-бабы) аса қажеттілік қоғамға пайдалы кәсіптік қызметтерді жүзеге асыру міндетті бұйрықты орындау өз құқықтарын жүзеге асыру.

Заңды орындау қылмыс құрамын болғызбайтыны айдан ашық.

Рұқсат берілгеннің шеңберінде өз құқығын жүзеге асыруда қылмыстық іс бойынша жүргізуді болдырмайды. Мысалы, ата-аналарға өз баласының қозғалыс бостандығына белгілі шектеулер қоюды заңсыз бостандықтан айыру деп қарауға болмайды. Бұндай қимылдар құқықты болады және баланы тәрбиелеу бойынша ата-аналар құқығы аясында жүзеге асырылады.

Бастықтың міндетті бұйрығын орындауға байланысты да қылмыстық іс қозғалмайды.

Адам өз кәсіби міндеттерін орындауды да іс бойынша жүргізуді болдырмайды. Мысалы, сырттай мұндай әрекеттер адамға ауыр және жарақат салған сияқты көрініс те дәрігер қолды немесе аяқты кесіп тастағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуға болмайды. Бұл берілген жағдайда мұндай қызметтің әлеуметтік пайдалы болғаны себепті құқыққа қарсылық жасалады.

Қылмыстық құрамның объективті жағында сондай-ақ материалдық емес сипатта болатын қылмыстық зардаптың нәтижесін немесе басталуы мүмкіндігінің бар болуы тән.

Қоғамға қауіпті әрекеттің (әрекетсіздіктің) және болған кесірдің арасындағы себепті байланыс қылмыс құрамы объективті жағынан қажетті элементі болып табылады.

Қылмыстық әрекетке уақыт, жағдай, орын, оның жасалу әдісі, мәні сипаттама береді.

Қылмыстық құқық бойынша тек қана нақты сәйкес жастағы жауаптылыққа қабілетті танылатын қылмыс субъективті туралы мәселені шешу де қылмыс құрамының барлығын немесе жоқтығын анықтау үшін маңызы зор. Кейбір қылмыстар бойынша кез келген жауаптылыққа қабілетті жеке тұлға емес, тек белгілі бір қасиеттерге ие адам арнайы субьект ғана қылмыс субъекті орындаушысы бола алады.

Тиісті қылмыстың жоқтығы қылмыстық іс қозғаудан бас тартуға әкеледі. Ақыры қылмыс құрамын сипаттайтын белгілердің соңғы тобы. Субъективті жағы деген түсінікті қылмыс жасау ниеті және мақсатымен сипатталатын кінә тағу белгіленеді. Басқаша айтқанда қылмыстық субъекті жағы бұл адамның ол жасаған қылмысына психологиялық жағынан ерікті қатысушы.

Кінәнің жоқтығы әрқашан қылмыстық іс қозғаудың заңдылығын жояды. Кінә жоқ болса, қылмыс құрамы да жоқ. Адамның жауаптылыққа.қабілетсіздігі қылмыстық субъективті жағы толығымен жояды.[11]

Қылмыстық іс қозғаған кезде жасалған әрекеттің ниеті мен мақсатын анықтау маңызды. Мысалы, пайдакүнемдік немесе басқа жеке мүдделік белгілері бойынша билікті немесе қызмет жағдайын асыра пайдалану үшін қылмыстық іс қозғалмайды.

Мерзімі өткеннен кейін қылмыстық іс қозғалмайды. Қылмыстық заң қылмыстық жауапкершілікке тарту мерзімін оны үзу және тоқтата тұру шарттарын дәл тұжырымдаған. Бұл мерзімдер біткен кезде ҚР ҚІЖК 54-бабын басшылыққа алу керек.

Жауапкершілік басталатын жасқа жатпау да қылмыстық іс қозғауды болдырмайды. Жауапкершілікке тартылатын жасқа толмауына байланысты да, қылмыстық іс қозғалмайды.

Қылмыстық заң шығарушылығы бойынша (ҚР ҚК 15-бабы) жалпы қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады, кейбір қылмыстар үшін 14 жастағы адамдар да қылмыстық жауапқа тартылады. Қылмыс субьектісін сипаттайтын негізгі белгі ретінде жасты қылмыс құрамының белгілері қатарына жатқызуға болмайды. Бұл қоғамға қауіпті әрекеттің сәйкес жастағы адаммен жасалуы әрекеттің қылмыс жауапкершілігінен босатылады.

Кәмелетке толмаған жасы, туу туралы құжаты бойынша немесе медициналық сараптау қорытындысы негізінде дәл анықталады. Жәбірленушінің шағымы бойынша қозғалған істер бойынша жәбірленушінің айыптаушымен татуласуы ісі бойынша жүргізуді болдырмайтын жағдай болып табылады.

Соттың осы айыптау бойынша Істі тоқтату үкімінің барлығы да қылмыстық істі қозғаудан бас тартуға негіз бола алады. Заң бұл жағдайда бір әрекет үшін адам екі рет қылмыстық жауапкершілікке тартыла алмайды деген қағидаға сүйенеді. Және ең соңында қоғамдық әсер ету шараларын қолдануға себепті болатын жағдайлардың барлығы қылмыстық іс қозғауға негіз болады. Заң (ҚР ҚІЖК 37-бабы) сотқа прокуратураға, сондай-ақ тергеуші және анықтау орнына кейбір жағдайларды қылмыстық іс қозғамастан мәліметтерді жолдастық сотқа немесе кәмелетке толмағандар Ісі жөніндегі комиссияға беру жолымен немесе кінәліні еңбекшілер ұжымы немесе қоғамдық ұйымға қайта тәрбиелеу және әсер ету шараларын қолдануға құқық береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IV Тарау. Қылмыстық  іс қозғаудың және одан бас  тартудың процессуалдық тәртібі

4.1 Қылмыстық іс қозғаудың процессуалдық тәртібі

Әзірленіп жатқан немесе жасалған қылмыс туралы өтінішті немесе хабарды қарап шығып, қылмыстық іс қозғаудың негізі барлығына көзі жеткізген соң, анықтау органы тергеуші, прокурор, сот немесе судья өз шеңберінде қылмыстық іс қозғауға міндетті.

Қылмыстық іс қозғау туралы шешім тиісті процессуалдық құжат жасаумен рәсімделуі тиіс. Белгілі бір процессуалдық үлгіні сақтау қылмыстық іс қозғаудың заңдылықтарының бірі. Қылмыстық іс қозғау туралы анықтама орны тергеуші прокурор мен судья қаулы шығарады.

Қылмыстық іс қозғау туралы қаулы үш бөлімнен тұрады.

Кіріспе, сипаттау, қарады (резомотиві). Кіріспе бөлімге уақытты, орынды, қаулы шығарған адамды және себепті көрсетулері, яғни қылмыс туралы мәліметтер мен анықтау орындарында тергеуші немесе сотқа түскен алғашқы материалдар енеді. Сонымен алғашқы материалдар құралатын құжаттарды талдап шыққан дұрыс. Сипаттау бөлімінде қылмыстық іс қозғаудың негіздері қылмыстық әрекеттің барлығы туралы куәландыратын нақтылы мәліметтер баяндалады. Сонымен қатар белгілерін осы әрекет түсетін қылмыстық кодекстің бабы көрсетіледі.

Қаулының қаралы бөлімінде қылмыстық іс қозғау туралы шешім тұжырымдалады. Қылмыстық атауы белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалып жатқан қылмыстық кодекстің бабы көрсетілді.

Сипаттау бөлімі қаулы шығарғанда басшылыққа алатын ҚР ҚІЖК 186-бабындағы сілтемемен анықталады. ҚР ҚІЖК 186-бабына сәйкес прокурор қылмыстық іс қозғалғаннан кейін алдын-ала тергеу немесе анықтау жүргізуге жібереді. Сондықтан істі тергеу қандай анықтауға немесе алдын-ала тергеу орнына тапсырылғаны көрсетіледі, тергеушіге тапсырылған болса, онда қаулыда тергеушінің фамилиясы тікелей көрсетіледі. Егер қылмыстық істі анықтау жүргізуші адам немесе тергеуші қозғаған болса және тергеуді де олар жүргізетін болса онда қаулының қарарлы бөлімінде істі өзінің жүргізуіне қабылдағаны туралы көрсетіледі. Бұл жағдайларға қаралып жатқан қаулы қылмыстық іс қозғау және оны өзінің жүргізілуіне қабылдау (алдын-ала тергеудің бастапқы кезеңінен құрайтын) туралы деп аталады. Анықтау орны немесе тергеуші шығарған қылмыстық іс қозғау туралы қаулының көшірмесі тез арада прокурорға жіберілуі қажет (ҚР ҚІЖ 186-бабы).

Заң қылмыстық іс қозғау құқығын анықтап жүргізуші адамға емес анықтау орнына жіберіледі. Осыған байланысты милиция органдарында қылмыстық іс қозғау туралы қаулы анықтау орнын бастығымен бекітіледі.

Сот қылмыстық іс қозғау туралы ұйғарым шығара отырып оған белгілі бір болған қылмыс жөнінде қылмыстық іс қозғайды (ҚР ҚІЖК 183 баптың 4 бөлімі, 303 баптың 1 бөлімі, 323 баптың 1 бөлімі). Бұл ұйғарым оған қатысты барлық материалдардың бәрінен алдын-ала тергеу немесе анықтау жүргізу үшін прокурорға жіберіледі.

Информация о работе Қылмыстық істің қозғалу заңдылығын прокурордың қадағалауы