Алдын ала тергеудің аяқталуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2014 в 11:45, доклад

Описание работы

Жұмыстың көкейтестілігі: Дипломдық жұмыстың тақырыбы «Алдын ала тергеудің аяқталуы» болып табылады.
Диплом жұмысының әдістемелік негізін Қазақстан Республикасының заңдары, ережелері, шетелдік және отандық заңгерлердің ғылыми еңбектері, оқулықтар, мерзімді басылымдардың мәліметтері құрайды.
Дипломдық жұмыс кіріспеден 3 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған.

Содержание работы

Кіріспе. …………………………………………………………………………... 6

І. АЛТЫН АЛА ТЕРГЕУДІҢ АЯҚТАУЛЫ. АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУ ҰҒЫМЫ, ОНЫҢ НЫСАНДАРЫ МЕН КЕЗЕҢДЕРІ
1.1. Алдын ала тергеу ұғымы. ........................................................................ 8
1.2. Алдын ала тергеудің аяқталу институтының жалпы сипаттамасы. .... 11

ІІ. АЙЫПТАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ЖАСАП ТЕРГЕУДІ АЯҚТАУ
2.1. Айыптау қорытындысын ресімдеудің негіздері. .................................. 15
2.2. Қылмыстық істі қысқарту. ...................................................................... 24
2.3. Алдын ала тергеу кезінде түзілетін құжат үлгілері. ............................ 30

Қорытынды. .......................................................................................................... 59
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. ...................................................................... 60

Файлы: 1 файл

Дип.-Алдын-ала-тергеудің-аяқталуы.doc

— 455.00 Кб (Скачать файл)

Алдын ала тергеудің аяқталғаны туралы хабарлау және айыпталушыға іс материалдарын ұсыну туралы хаттамаға әдетте айыпталушының өзі және тергеуші (анықтау жүргізген адам, прокурор) қол қояды. Іс материалдарымен танысуға қорғаушы, заңды өкіл және т.б. сияқты өзге адамдар қатысқан жағдайда, олар хаттамадағы мәліметтердің дұрыстығын растап өз қолдарын қояды.

Алдын ала тергеуді тергеушілер тобы жүзеге асырған жағдайда, алдын ала тергеу органының атынан хаттамаға осы іс жүргізу әрекетін тікелей жүргізген тергеуші-орындаушы және тергеу тобының жетекшісі қол қояды.

Іс үшін маңызы бар мән-жайларды айқындау туралы өтініш білдірілген жағдайда тергеуші алдын ала тергеуді толықтыруға міндеті. Егер қосымша жүргізілген тергеу әрекеттеріне қорғаушы қатысса, ол тергеушінің рұқсатымен куәге, жәбірленушіге, сарапшыға, маманға және айыпталушыға сұрақтар қоюға, сондай-ақ іс үшін маңызы бар мәліметтерді хаттамаға енгізу туралы өтініш жасауға құқылы. Қорғаушы ұсынған сұрақтарды тергеушінің қайтарып тастауға құқығы бар. Бірақ ол қайтарылып тасталған сұрақтар хаттамаға кіруі тиіс.

Егер тергеуші жасалған өтінішті қанағаттандырудан толықтай немесе ішінара бас тартса, ол жайында дәлелді қаулы шығарады, оны құжаттың көшірмесін тапсыра отырып өтініш мәлімдегенге хабарлайды.

Қосымша тергеу әрекеттерін жүргізгеннен кейін, не істе жана құжаттың пайда болуына әкеп соғатын өтінішті қандай да басқадай қанағаттандырғанда тергеуші әрбір айыпталушыны жәке олардың қорғаушыларын, тиісті өтініш болған жағдайда - жәбірленушіні және оның өкілін, азаматтық талапкерді, азаматтық жауапкерді немесе олардың өкілдерін іс материалдарымен таныстыруға тиіс.

Содан кейін тергеуші іс бойынша ақырғы шешімді - айыптау қорытындысын жасайды.

Айыптау қорытындысында істің мәнісі, тағылған айыптың тұжырымы, қылмыстық заңның осы қылмыстар көзделген баптары (белігі, тармағы) баяндалады. Айыптау қорытындысы сот талқысының шекарасын анықтайды, ал сот қылмыстық істі айыптау қорытындысында тұжырымдалғарі айып шегінде ғана қарай алады.

Айыптау қорытындысын жасағанда, тергеуші, айыпталушы ретінде тарту туралы қаулыда баяндалған айыптауды ұлғайтуға немесе өзгертуге құқылы емес. Егер айыпталушыға ҚК-тің жаңа бабы бойынша айып тағылмаса немесе арнайы қаулымен істің бөлігі қысқармаған болса тергеуші айыптаудың саралануын өзгертуге құқылы емес. Бұл талап айыпталушының қорғану құқығының кепілдігі. Айыптау қорытындысы сот залында жарияланатын құжат, сондықтан да ол қысқа әрі түсінікті, қисынды және қарапайым жазылуы тиіс. Істің мән-жайы және дәлелдеме құлаққа үйреншікті, жеңіл қабылданатын фразалармен жазылуы тиіс. Мүмкіндігінше фразалар қысқа болуы керек. Айыпталушылардың және басқа да процеске қатысушылардың, сондай-ақ сот залында отырғандардың әңгіме не жайында екендігін түсінуіне қиындық тудыратын күрделі заң терминдерін жөнсіз пайдаланудан аулақ болу керек. ҚІЖК-не сәйкес айыптау қорытындысы екі бөлімнен тұрады: сипаттау және қорытынды бөлімдер. Біздің және Арменияның ҚІЖК-тері тағы да кіріспе бөлімнен тұрады.

Айыптау қорытындысының сипаттау бөлімі «Алдын ала тергеу анықтады» немесе «Алдын ала тергеу барысында анықталды» деген сөздерден басталады. Бұл бөлімде істің алдын ала тергеу барысында анықталған мән-жайы қатаң жүйелілікпен баяндалады, онда айыпталушыны әшкерелейтін де, ақтайтын да дәлелдемелер келтіріледі, атап айтқанда, қылмыс жасалған жер мен уақыт, тәсілі, себебі, салдары және басқа елеулі мәліметтер; жәбірленген жайында деректер; айыпталушының жазасын ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлар; айыпталушыны өз пайдасына келтірген уәждері: тиісті дәлелдемелер келтірілген томдар мен парақтарға сілтеме жасай отырып оларды тексергендегі нәтиже көрсетіледі. Сонымен қатар, сипаттама бөлім айыпталушының жеке басы туралы, тергеу процесіндегі оның мінез-құлқы туралы, қылмыстың себептері мен оған итер-мелеген мән-жайлар туралы мәліметтермен, қысқарту фактылары және оның негіздеріне сілтемелермен толықтырылуы, сондай-ақ айыпталушының біреуіне қатысгы істің (материалдарды) бөлінгендігі көрсетілуі мүмкін.

Істің материалдары қылмыстың жағдайын, оны жасаудағы себептер мен мақсатты оңай түсінетіндей етіп толықтырылуға және баяндалуға тиіс. Фабула адамды айыпталушы ретінде тарту туралы қаулыны қайталамауы керек. Оның көлемі де, мазмұны да аумақты болады. Фабулада ешнәрсе дәлелденбейді.

Сипаттау бөлімінің соңында айыпталушының түсініктемесі, оның таққан айыпқа қарсылығы келтіріледі, айыпталушының қарсылығына қарсы дәлелдемелерге сілтеме беріледі.

Тергеу практикасы айыптау қорытындысының сипаттау бөлімін баяндаудың бірнеше тәсілін тапты. Оның ең негізгілері - хронологиялық, жүйелік және эпизодтық тәсілдер.

Хронологиялық тәсілде негізгі дәлелдемелер алдын ала тергеу кезінде қандай реттілікпен жинақталса, сол қалпында көрсетіліп қана қоймайды, тергеудің барысы мән-жайлар мен мазмұн көрсетіліп баяндалады. Әр тәсілді негізгі дәлелдемелер жанама болып келетін күрделі істерде қолданған дұрыс.

Жүйелік тәсілде, ал ол бір эпизодтық қылмыстық істердің 99%-інде қолданылады, тергеудің барысы емес, оның нәтижелері баяндалады, яғни қылмыс оқиғалары қалай дайындалған және жасалған тәртіпте беріледі. Әдебиетте айыптау қорытындысының жүйелік тәсілдегі схемасы беріледі, онда мыналар көрініс табады;

1.  Қылмыстың фабуласы (мән-жайы).

2. Фабулада сипатталған іс-әрекетке  заңдық баға беру.

3. Осы іс-әрекет субъектісіне айып тағылғаңдығы туралы мәліметтер.

4. Қылмыстың қылмыстық жауаптылыққа  тартылмайтын қатысушылар-ына қатысты шешімдер туралы мәліметтер,

5. Дәлелдемелік тарау:

а а) айыталушыныңтағылған айыпқа байланысты ұстанымы мен көрсетулері;

б)  айыпталушының алибиін теріске шығаратын дәлелдемелер жүйесі;

п) қылмыс оқиғасының және айыпталушының кінәлі екендіктің дәлелдемелік жүйесі;

г) кейбір дәлелдемелерге сыни көзқарас;

д) айыпталушының жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларға талдама;

е) айыпталуының жеке басының қоғамға қауіптілік деңгейін сипаттайтын мәліметтерді зерттеу.

6. Қорытынды тезис.

Күрделі, көп эпизодты істерде айыптау қорытындысы эпизодтар бойынша құрылады, олардың әрқайсысы хронологиялық немесе жүйелік тәсілде баяндалады.

Айыптау  қорытындысына тергеушінің  ойынша  сот мәжілісіне шақыртуға жататын адамдардың тізімі және іс бойынша қажетті анықтамалар тіркеледі. Сот мәжілісіне шақыруға жататын адамдар (жәбірленуші, куәлер, сарапшылар, т.б.) тізімінде олардың тегі, аты, әкесінің аты, тұрған (жүрген) жері және олардың жауаптары немесе қорытындылары келтірілген іс парағы көрсетіледі, Практикада, әдетте, бұл көрсетілген құжатта куәлерден, жәбірленушілерден және айыптаушылардан жауап алу хаттамасы бар іс парағы ғана көрсетіледі, ал беттестіру хаттамасының қайда екендігін көрсетуді ұмытып кетеді. Бірақ, жауаптар келтірілген нақты мәліметтер кезін осы екі хаттамамен шектеуге болмайды. ҚІЖК-нің 229-бабында былай делінген: тану жүргізу алдында танитын куә немесе жәбірленуші жауап беруден бас тартқандық немесе жалтарғандық үшін және әдейі жалған жауап бергендік үшін жауаптылық туралы ескертіледі. ҚІЖК-нің 229-бабына сәйкес тану хаттамасында «танушының жауаптарын баяндау» керек. Бұл дегеніміз - шақыртуға жататын адамдар тізімінде тиісті тану хаттамасы тігілген іс парағы көрсетілуі керек. Жәбірлеңушінің, куәлердің, олардың жақын туыстарының және басқа адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қолданылғанда олардың мекен-жайы, қажет болса, тіптен, аты-жөні де көрсетілмейді. Кейде мұндай адамдар сотга жасырын ат пайдаланады. Сот пен прокурорға жәбірленушілер мен куәлердің толық деректері бөлек конвертте беріледі, ол сотта жарияланбайды. Сотқа шақырылатын адамдар тізіміне алдын ала тергеуде сұралғандардың барлығы емес, ең керектілер ғана кіреді.

Қылмыстық іс бойынша айыптау қорытындысына тіркелетін анықтамаларда алдын ала тергеудің мерзімдері, таңдалған бұлтартпау шарасы, айыпталушыны қамауда ұстау уақыты, заттан дәлелдеменің бар екендігі және қайда сақтаулы екендігі, азаматтық талап туралы мәліметтер, азаматтық талапты қамтамасыз ету шаралары мен мүлікті тәркілеу мүмкіндігі, алдын ала тергеу органдарының сот шығындарының түрі мен мөлшері көрсетіледі. Кейде, қашан және кімге қатысты қылмыстық ізге түсу қысқарғанда, айыпталушының жеке басын куәлендіретін құжаттардың тұрған жері туралы мәліметтер көрсетіледі. Тергеу мерзімдеріне қатысты анықтамада мыналар болады:

1) қылмыс жасалған күн;

2) қылмыстық іс қозғалған күн;

3) істі жүргізуге алған күн;

4) оған басқа қылмыстық істерді  біріктірген күн;

5) айыпталушылардың әрқайсысына айып тағылған күн;

6) алдын ала тергеу аяқталған  және процеске қатысушыларды  іс материалдарымен таныстырған  күн.

20 және одан көп қылмыстарды  қамтитын көп эпизодтық қылмыстық  іс бойынша айыптау қорытындысын  жасағанда ғана әрбір есі дұрыс айыпталушының қылмыс жасаған күнін анықтамада жеке-жеке көрсетпеуге болады. Егер заттай дәлелдемелер ісітен бірге сақталмаса, онда анықтамада олардың сақтаулы тұрған орны және істің қолхат пен квитанция бар беті көрсетіледі. Ал, заттай дәлелдемелер іспен бірге болса, анықтамада олардың тізбесі беріледі.

Кейде күрделі, көп эпизодты істер бойынша айыптау қорытындысына басқада анықтамалар тіркеледі:

1. Мазмұны – материалдардың томдар бойынша орналасуы;

2. Жекелеген жәбірленушілерге зиянның  өтелгендігі туралы кесте (анықтама).

3. Тергеу барысында алынған заттай  дәлелдемелер мен құжаттардың тұрған жері туралы анықтама.

4. Айыпталушылардың әрқайсыларының қылмыстық әрекеттің эпизодтарына қатысу схемасы.

5. Қылмыстық әрекеттердің әрбір эпизоды бойынша неғұрлым маңызды деректер келтірілген карточкалар (қысқаша фабула, қатысқандардың аты-жөні, олардың кінәларының негізгі дәлелдемелері, орнын толтыруға жататын залал) және т.б.

 

 

 

 

 

 

2.2. Қылмыстық істі қысқарту

 

Тізбесі заңда көрсетілген негіздер бар болғандықтан қылмыстық іс қысқарса алдын ала тергеу тоқталады. Ол негіздерді алты топқа бөлуге болады:

а)  істің жүргізілуін болдырмайтын мән-жайлар (ҚІЖК-нің 37-бабы);

б) жасалған қылмыс немесе оны жасаған адам қоғамға қауіптілігін толықтай жоғалтатындай жағдайдың өзгеруі;

в) тергеушіге қылмыс жасаған адамды қылмыстық жауаптылықтан босататындай құқық беретін мән-жайлар (ҚІЖК-нің 7-9 баптары);

г) айыпталушының қылмыс жасауға қатысканының дәлелденбеуі (ҚІЖК-нің 269-бабының 2-тармағы);

д) қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адам тарапынан қоғам, өзі немесе басқа адамдар үшін қауіптің болмағандығын сол іс-әрекеттің сипатына және адамның психикалық жағдайына қарай дәлелдеу (ҚІЖК-нің 514-бабының                  1-тармағы);

е) Қылмыстық жауапқа тартуға заңда көрсетілген органның (лауазымды адамның) келісімінің болмауы.

"б" және "в" тармақтарда көрсегілген негіздерді алдын ала тергеу органдары тек прокурордың келісімімен ғана қолданады.

Бұл мән-жайлар ҚІЖК-нің 37-бабында бекімін тапқан. Онда қозғалған қылмыстық іс мына жағдайларда қысқарады делінген:

1) қылмыс оқиғасы болмаса;

2) іс-әрекетте қылмыстық құрам болмаса;

3) ескіру мерзімі өтсе;

4) рахымшылық актісі бойынша, егер  ол жасалған іс-әрекет үшін  жаза қолдануды болдырмаса, сондай-ақ  кейбір адамдарға кешірім жасалғанда;

5) қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған кезде заңға сәйкес қылмыстық жауаптылық  болуы мүмкін жасқа жетпеген адамға қатысты;

6) жәбірленушілердің шағымы бойынша  қозғалған істер бойынша жәбірленуші мен айыпталушы өзара бітімге келген және осы Кодекстің                390-бабында көзделген жағдайлардан басқа реттерде;

7) жәбірленушінің шағымымен ғана  іс қозғалатын болып, бірақ оның  шағымы болмаған және жәбірленушінің шағымы болмаса да прокурорға іс қозғау құқығы берілген, осы Кодекстің 390-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайлардан басқа реттерде;

8)  өлген адамды ақтау және жаңа айқындалған мән-жайлар бойынша басқа адамдарға қатысты іс қозғау үшін іс жүргізу қажет болған жағдайлардан басқа реттерде өлген адамға қатысты;

9) сол айыптау бойынша заңды күшіне енген үкім не сол негіздер бойынша істі қысқарту туралы ұйғарым немесе қаулы бар адамдарға қатысты;

10) анықтау органының, тергеушінің, прокурордың сол айыптау бойынша  істі қысқарту туралы бұзылмаған қаулысы бар адамға қатысты, егер қылмыстық істі қараушы сот істі қозғау қажет деп таппаса;

11)  тәубеге келуден өзіне мәлім мән-жайлар бойынша жауап беруден бас тартқан діни қызметкерлерге қатысты.

Қылмыстық істі қысқартудың ең көп таралған негіздерінің бірі - іс-әрекетте қылмыс құрамының болмауы, яғни тіптен қоғамға қауіпті оқиға орын алса да, оны жасағаны үшін адам қылмыстық жауапқа тартылуға жатпайды. Бұл - ақтайтын негіз. Практикада мына жағлайлар оның көрінісі бола алады:

ҚК-тің 23-бабына сәйкес іс-әрекет кінәсіз жасалған деп танылады, егер оны жасаған адам өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіптілігін ұғынбаса және істің мән-жайы бойынша ұғынуы мүмкін болмаса не қоғамға қауіпті зардаптың болуы мүмкін екенін алдын ала көре алмаса және істің мән-жайы бойынша алдын ала көре алуы тиіс емес немесе мүмкін емес болса. Сонымен қатар, іс-әрекет жасаған адам өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті зардап әкелетіндігін алдын ала көре алғаммен өзінің психофизиологиялық қасиетінің төтенше жағдай талаптарына немесе жүйке-психика ауыртпалығына сай келмеуі себепті сол зардаптан бетін қайтара алмаса да кінә болмайды.

Информация о работе Алдын ала тергеудің аяқталуы