Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылар және лауазымды тұлғалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 17:11, реферат

Описание работы

Қылмыстық іс жүргізу қызметі іс-жүргізушілік-құқықтық қатынас нысанында жүзеге асырылады. Ал өз кезегінде мұндай қатынасқа түскен субъектілер заңға сәйкес белгілі бір іс-жүргізушілік құқықтар мен міндеттерге ие болады.
Заңмен белгіленген құқықтық мәртебелерге байланысты қылмыстық іс жүргізудің қатысушылары деп-өзінің немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерін қорғау мақсатында қылмыстық істі тергеу өндірісіне мемлекеттік органдармен тартылған немесе жіберілген жеке не заңды тұлғаларды айтамыз.

Файлы: 1 файл

Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылар және лауазымды тұлғалар - копия.doc

— 58.00 Кб (Скачать файл)

   Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылар және лауазымды тұлғалар

        Қылмыстық іс жүргізу қызметі іс-жүргізушілік-құқықтық қатынас  нысанында жүзеге асырылады. Ал өз  кезегінде мұндай қатынасқа түскен  субъектілер заңға сәйкес белгілі бір іс-жүргізушілік құқықтар мен міндеттерге ие       болады.

Заңмен белгіленген құқықтық мәртебелерге  байланысты қылмыстық  іс жүргізудің қатысушылары деп-өзінің немесе өздері  білдіретін құқықтар мен мүдделерін қорғау мақсатында қылмыстық істі  тергеу өндірісіне мемлекеттік органдармен тартылған немесе жіберілген  жеке  не заңды тұлғаларды айтамыз. Сонымен қатар,  олардың қатарына  кең іс-жүргізушілік құқықтар мен міндеттерге ие болатын, қылмыстық сот ісін жүргізуге өкілетті лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік органда және көмекші қызметтерді атқаратын өзге тұлғалар мен органдар жатады.1  Осыған байланысты қылмыстық іс жүргізу қатысушыларын жіктеу мәселелесімен көптеген авторлар айналысқан. Қылмыстық іс жүргізу қатысушыларын жіктеудің қандай түрі  болмасын, ондағы басты рөлді  мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар атқарады. Оларға  қылмыстық  істі  жүргізу, қылмыстық ізге түсуді бастау, қылмыстық  істі  бағыттау және оның тағдырын анықтау туралы шешімдерді қабылдау  бойынша арнайы өкілеттіктер берілген. Іс жүргізудің қалған  қатысушыларының орны өзгеше. Олардың өздері  іс бойынша ешқандай  шешім қабылдамайды, бірақ іс жүргізуге қатыса отырып, белгілі бір іс-жүргізушілік қызметті жүзеге асырады және сонысымен қылмыстық істің  қозғалысына әсерін тигізеді.

 

       Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылар – деп қылмыстық істерді тергеуге және қарауға өздерінің немесе өздері білдіретін құқықтар мен заңды мүдделерді қорғауы мақсатымен мемлекеттік органдар тартатын немесе қатыстыратын және іс жүргізушілік кең құқықтар берілген жеке және заңды тұлғаларды, қылмыстық сот ісін жүргізуге өкілетті лауазымды адамдар мен мемлекеттік органдарды,сондай –ақ қосалқы функциялар атқаратын адамдар мен органдарды айтамыз.

Қылмыстық  процеске қатысушылар  деп, бір сөзбен айтқанда  қылмыстық  ізге  түсуді және сотта  айыптауды қолдауды  жүзеге асыратын  органдар  мен адамдар. Қылмыстық  процеске  қатысушыларды   қылмыстық  іс  жүргізу  функцияларына   орай  мынадай  түрлерге  ажыратсақ  болады:

  • қылмыстық  ізге  түсу  функциясы - прокурор, тергеуші, анықтаушы,  анықтау  органы;

  • тергеу  функциясы  -  тергеуші,  анықтаушы;

айыптау  функциясы  – айыптаушы (мемлекеттік  айыптауды  қолдайтын  прокурор,  бірқатар  жағдайларда  жәбірленушінің өзі);

прокурордың  заңдылықты  қадағалау  функциясы – прокурор;

  • қорғау  функциясы -  сезікті, айыпталушы, сотталушы,  қорғаушы;

қылмыстық  істі  сотта  қарау  және  шешу – судья, сот,  ал  жекелеген   жағдайларда  тергеуші не прокурор (мысалы, қылмыстық  істі алдын  ала  тергеу  сатысында  қысқарту);

азаматтық  талапты  қолдау – азаматтық   талапкер;

азаматтық  талаптан  қорғау –  айыпталушы,  азаматтық  жауапкер;

Сонымен бірге процеске  қатысушылардың  бұл  тізбесі  мұнымен  шектелмейді,  өйткені  ол  функцияларды  тікелей  орындау  процеске  өзге  де  адамдардың  тартылуын, оларға  да  құқықтар мен міндеттер   жүктелуін көздейді. Қылмыстық процеске   қатысушы   өзге  де  адамдар тізбесіне   куәні,  сарапшыны,  маманды,  аудармашыны, куәгерді,    сот отырысының   хатшысын,  сот  приставын    жатқызамыз.  Қылмыстық  іс  жүргізу   кодексінің  баптарында   осы  аталған  қылмыстық  процеске қатысушылардың  құқықтары  мен  міндеттері,  мәртебесі,  процессуалдық  жағдайлары,  өкілеттіктері  көрсетілген. Әрбір  іске  қатысушының дербес   іс  жүргізу функциялары болады.(1.77.)          

Қылмысқа  қатысушылар  проблемаларын  қылмыстық  іс  жүргізу  функцияларымен  өзара  байланыстыра   шешу  екі  мақсатқа  жеткізеді.

Бірінші мақсат – сот  ісін  жүргізуге  әрбір  қатысушының   статусын  белгілеуге;

Екінші мақсат – түрлі  қатысушылардың  өзара  іс – қимыл  жасау   шектерін  жекелеген   функциялар   арасындағы  генетикалық   байланыстарды   табу  арқылы   анықтауға  мүмкіндік  береді.

Қылмыстық  сот  ісін  жүргізуге қатысушылардың  мәнін  түсінудің  біз  жақтап      отырған  жолының пайдалы  жағы мыналар:

а)функция, бүкіл қылмыстық  іс жүргізу қызметі секілді, құқық  қатынастарында жүзеге  асырылады;

ә)функциялар қылмыстық  іс жүргізу қызметіне әрбір қатысушының  құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруы жолымен орындалады;

б)қылмыстық іс жүргізу  қызметіне әрбір қатысушының  тек өзіне тән құқықтары мен  міндеттері болады;

в)құқық қатынастарының сипаты адамның құқықтық статусын негізге  ала отырып белгіленеді (тергеуші мен  прокурор қатынастары тергеуші мен сезікті, тергеуші мен куә қатынастарынан өзгеше және т.т.);

г)құқық қатынастарына  әрбір қатысушы тек  бір роль атқарады.

          Сонымен  қатар,  заң  бойынша   қылмыстық  процеске  қатысушылардың  қауіпсіздігін   мемлекет  өз  қамқорлығына  алады. 

Алдағы тарауларда  қылмыстық  процеске  қатысушылардың  әрқайсысына  жеке – жеке  тоқталамыз.  Сондай-ақ,  сотқа  дейінгі  сатыда,  сот   сатысында,  алдын  ала  тергеу  сатысында қылмыстық  процеске  қатысушылардың іс жүргізуші  органның іс-әрекеті мен шешімдеріне   қарсылықтар келтіру, наразылықтар мен шағымдар беру жолдары мен тәртібі туралы да    айтылады.

 

 

 

 

 

           Қылмыстық процеске қатысушылар  және оның түрлері.

 

Кылмыстық іс жүргізудің қатысушылары мен субьектілері.









 











 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылар және лауазымды тұлғалар