Ветеринариялық лабораториялардың ветеринария саласындағы негізгі қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2015 в 21:12, реферат

Описание работы

Ветеринариялық лабораториялардың ветеринария саласындағы маңызы зор. Себебі, адамның өмірі саулығына айтарлықтай ықпалын тигізеді. Жұқпалы аурумен күресудің негізі аурудың алдын алу болып табылады. Сиыр шаруашылығында жүргізілетін ветеринариялық шаралар шаруашылықтың жоспарлы жұмыстары құрамына кіреді және мал шаруашылық мамандарымен біріге отырып жүргізіледі.

Содержание работы

1. Ветеринариялық лабораториялар туралы жалпы сипаттама;

2. Лабораторияның құрамы мен міндеттері;

3. Ветеринариялық лабораториялардың ветеринария саласындағы негізгі қызметтері;

Файлы: 1 файл

1Еркебулан.docx

— 30.52 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

CӨЖ

 

 

Тақырыбы: Ветеринариялық лабораториялардың ветеринария саласындағы негізгі қызметі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

Семей-2015

 

Жоспар:

 

1. Ветеринариялық  лабораториялар туралы жалпы сипаттама;

 

2. Лабораторияның құрамы мен міндеттері;

 

3. Ветеринариялық лабораториялардың ветеринария саласындағы негізгі қызметтері;

 

 

 

 

 

 

Ветеринариялық лаборатория

 

  Ветеринариялық лабораториялардың ветеринария саласындағы маңызы зор. Себебі, адамның өмірі саулығына айтарлықтай ықпалын тигізеді. Жұқпалы аурумен күресудің негізі аурудың алдын алу болып табылады. Сиыр шаруашылығында жүргізілетін ветеринариялық шаралар шаруашылықтың жоспарлы жұмыстары құрамына кіреді және мал шаруашылық мамандарымен біріге отырып жүргізіледі.

Жануарлар мен құстардың жұқпалы ауруларымен күресу мақсатында кешенді жалпы және арнайы шаралар жүргізіледі. Жануар ағзасының саулығын қорғау, шаруашылық мамандарының күнделікті жұмыстарының басты нәтижесі болып саналуы қажет. Жануар өнімінің өнімділігін арттыру және ның саулығын сақтау өзара тығыз байланысты. Ветеринариялық лабоаторияларды дамыта отырып, алдағы уақытта малшаруашылығы өнімдерін көбейту қарастырылған. Сонымен қатар мал және шикізат өнімдерін өңдеуге үлкен мән берілген. Қазақстан Республикасында жүргізілетін ветеринариялық лабораториялардың негізігі мақсаты шаруашылықтарда ветеринариялық шараларды сапалы әрі уақытылы жүргізіп, жануарларды жұқпалы емес, жұқпалы және паразиттік аурулардан тазарту, қауіпті індеттерден адамды сақтандыру, мал ауруын азайту, шығынға жол бермей, шаруашылықтарға келтіретін зиянды барынша азайту болып саналады.

 

   Ветеринариялық лаборатория-ветеринариялық қызметтегі мемлекеттік мекеме жүйесі, жануарлардың ауруларына лабораториялық диагноз қоюмен айналысатын, ауыл шаруашылық жануарлардың ауруларын, қалай пайда болғанын, олардың өлу себебін анықтайды.   Ветеринариялық лабораториялардың негізгі міндеті ауру жануарларға, сондай-ақ құстарға, аңдарға, балықтарға және араларға лабораториялық диагноз қою, ауру жануарды тауып,  оның өлу себебін және жаппай ауруға шалдығудың себебін табу, сонымен қатар сапаны және азық - түліктің залалсыз екенін анықтау.

  Көрнекті ғалымдардың жан жақты жүргізген ғылыми зерттеулерінің нәтижесінде жануарлардың көптеген ауруларын жою әдістері және аурулардан сақтандырудың жолдары ойластырылып табылған.

Республикамыздағы ветеринариялық лабораториясында  қызметі бірегей мақсатпен арнайы қызмет атқарушы органдар, мекемелер, ұйымдар және қызметтер жүйесінен тұрады. Олар ветеринариялық қызметті тікелей атқарушы және оған тиісті жағдай туғызып, қамтамасыз етуші болып екі топқа бөлінеді. 
  Ветеринариялық лабораторияларда патологоанатомиялық, гистологиялық, бактериологиялық, микроскопиялық, вирусологиялық, микологиялық, химиялық, токсикологиялық, биохимиялық, радиологиялық, гельминтологиялық және басқа да зерттеулер жүргізіледі. Ветеринариялық лабораторияларда зерттеулер объектілері мыналар - жануарлардың өлігі, олардың дене  мүшелері, қан, асқазаны, ішегі, сүйектері, тері шикізаты, жүні, сүті, еті және т.б.  Ветеринариялық лабораторияда жануарлардың инфекциялық, паразиттік және жұқпалы емес ауруларды диагностика арқылы анықтайды, олардың иммунитеттерінің кернеулігін, жем - шөптеріндегі ақуыздың, дәрумендердің, минералдық заттардың құрамын, сонымен қатар олардағы зиянды қоспалардың және т.б. болатындығын немесе болмайтындығын анықтайды.

  Зерттеулер методика бойынша және методикалық орталық болып табылатын ветеринариялық лабораториялық - диагностикада жүргізіледі. Территорилық қызмет көрсетуіне байланысты: аудандық, ауданаралық, қалалық, облыстық, республикалық ветеринариялық лаборатория болады. Олар мекемелер жүйесіне және мемлекеттік ветеринариялық ұйымына кіреді, барлық жергілікті пункттерге қызмет етеді. Ветеринариялық лабораторияда облыс бойынша мынадай бөлімдер қарастырылған: бактериологиялық, протозоологиялық,химиялық-токсикологиялық,азықтық, патологоанатомиялық, радиологиялық, азықтарды зерттеу бойынша; ал ауданаралық және аудандық бойынша бактериологиялық, серологиялық, химиялық - токсикологиялық бөлімдер қарастырылған. Зерттеудің нәтижесі және оның қорытындысын ветеринариялық дәрігерге хабарлайды. Ветеринариялық лабораторияда ветеринариялық дәрігерлер, лабораториялық - диагностиканың әр түрлі салалары бойынша мамандар, лаборанттар және техникалық персоналдар жұмыс істейді.

 

Ветеринариялық лабораториялардың құрылысы және штаты жергілікті жағдайларға және жүргізілетін зерттеулердің көлеміне байланысты әртүрлі болып келеді. Мәселен, обылыстық ветеринариялық лабораторияларда бактериологиялық, серологиялық, протозоологиялық, химико-токсикологиялық, клинико-диагностикалық, патологоанатомиялық, радиологиялық, мал азықтарын және тамақтарды тексеретін бөлімдер болады. Кейбір лабораторияларда шаруашылық және эпизоотологиялық бөлімдер қарастырылады. Ал ауданаралық және аудандық лабораторияларда міндетті түрде бактериологиялық, серологиялық және химико-токсикологиялық бөлімдер болады.

Малдәрігерлік лабораторияны директор – малдәрігері басқарады. Бөлімдерінде – меңгеруші-малдәрігері, лаборант және препаратор немесе санитар болады. Жергілікті жағдайларға байланысты бөлімдерде арнайы маман малдәрігерлері болуы мүмкін.

Типтік жоба бойынша обылыстық ветеринариялық лабораторияда келесі құрылыстар болуы керек: лабораториялық корпус, радиоактивті суды сақтайтын резервуары бар радиологиялық лаборатория, виварий, гараж, залалсыздандыратын дәрілерді сақтайтын қойма және сарай, өлексені және патологоанатомиялық материалдарды жағатын пеш. Лаборатория жарық, кең болуы керек. Төбесінің биіктігі 3 м, сеңкесінің кеңдігі - 2,5-3 м, терезелерінің көлемі - 2,2-2,4 м. Әрбір терезеде оңай және жеңіл ашылатын желдеткіш болуы керек. Терезелердің көлемі жалпы бөлменің 15-20 % -дай мөлшерде болуы қажет. Есіктерінің ені 1 м, биіктігі - 2,25  м. Едені линолеуммен, плитамен немесе пластикатпен жабылады. Қабырғаларын майлы бояумен боялады. Бу көп болатын бөлмелердің қабырғаларын плитамен қаптаған жөн. Арнайы зерттеулер үшін жеке бөлмелер қарастырылады.

  Бактериологиялық кабинет – көлемі 23-32 м², бактериологиялық зерттеулер жүргізуге бейімделіп, арналған бөлме. Онда шынымен қоршалған, 7-8 м² көлемде бокс болады. Кабинет және бокс бактерицидті лампалармен қамтамасыз етіледі. Бактериологтың жұмыс үстелі линолеуммен, пластикатпен немесе шынымен қапталады. Үстелде барлық қажетті реактивтер, приборлар, аппараттар және материалдарды дайындауға, бояуға, микроскоп арқылы тексеруге қажетті заттар болады. Бокста сондай үстелде зерттелетін материалды қоректік ортаға себуге және қайталап өсіруге қажетті құрал-саймандар болады. Бактериологиялық кабинетте микроорганизмдерді өсіру үшін термостат қойылады.

Жақсы жабдықталған бактериологиялық кабинеттерде люминесцентті микроскопқа арналған қараңғыланған бокс болады. Сондай-ақ араластырғыш аппараттар, центрифугалар, анаэробтарға арналған микроанаэростаттар және т.б. лабораториялық заттар болуы керек.

  Қабылдау бөлмесі – көлемі 9-15 м² болып келетін, зерттелетін материалдар түсетін бөлме. Бөлмедегі линолеуммен, пластикатпен немесе шынымен қапталған үстелдің үстінде эмальды ванночкалар, пинцеттер, қайшылар, скальпель, залалсызданратын сұйық құйылған ыдыстар орналастырылады. Онда зерттелуге түскен материалдар қабылданып реттеледі. Жеке үстелде ол материалдар тіркеліп, материал иесіне тиісті құжаттар беріледі.

  Мал соятын бөлме – көлемі 17-25 м² болатын, жақсы желдетілетін және жарық бөлме болуы керек. Едені су өткізбейтін, майлы бояумен боялған, немесе плитамен қапталған болады. Бөлме суық және ыстық сумен, су ағындысымен қамтамасыз етіледі. Онда ұсақ малдарды соятын, инструменттерді қоятын үстелдер; хаттама жазуға арналған қозғалмалы үстел және инструменттерді, халаттарды, перчаткалар мен реактивтерді сақтайтын шкафтар орналастырылады.

  Асколи кабинеті – көлемі 11-14 м² болатын сібір жарасына арналған материалдарды зерттейтін бөлме. Онда преципитация реакциясына керекті пробиркаларға арналған штативі бар үстел, пастер және өлшегіш пипеткалар, биологиялық препараттар және басқа да қажетті материалдар болады. Қанның сары суын және антигендерді пробиркаларға құю үшін Кольцовтың немесе Флоринскийдің аппараттары, автоклав болуы қажет.

  Серологиялық кабинет – көлемі 20 м² болатын, серологиялық реакция қоюға арналған бөлме. Онда лабораториялық үстелдер; қыздырылатын прибиорлар мен су ваннасына арналған үстел; лабораториялық ыдыстарды, биологиялық препараттарды, реактивтер мен басқа да материалдарды қоятын шкафтар болады.

  Бактериологиялық асхана – көлемі 13-16 м² болатын, қоректік орталар дайындауға, оларды сүзіп, құюға; материалдарды залалсыздандыруға керекті қыздырғыш приборлар мен аппараттарға арналған үстелдер мен ыдыстарды, реактивтерді, дайындалған қоректік ортаны және тағы да басқа материалдарды сақтайтын шкафтар орналастырылған бөлме.

  Автоклав бөлмесі. Көлемі 13-15 м² болатын, қоректік заттарды, ыдыстарды, патологиялық материалдарды залалсыздандыратын автоклав орнатылған бөлме.

  Жуу бөлмесінің көлемі 15 м²-тан кем болмауы керек. Онда ыдыстар мен инструменттер жуылып, кептіріледі. Ыдыстар мен инструменттердегі зиянды бу мен газдарды соратын шкаф орналастырылған, ыдыстарды хром қоспасымен, сілтілік ертіндімен, таза сумен жууға арналған үстелдер бар. Үстелдердің үстіңгі жағында тақталар мен ыдыстарды кептіруге арналған сөрелер орналастырылады.

  Клиникалық диагностикалық кабинет. Көлемі 17,7 м² болатын қанды, асқазан сөлін, зәрді, нәжісті және басқа да қажетті материалдарды клиникалық-диагностикалық мақсатта зерттеуге арналған бөлме. Бөлмеде қажетті зерттеулер жүргізуге арналған арнайы үстелдер, аппаратуралар және реактивтер болады.

  Гистологиялық кабинет. Көлемі 16,6 м² болатын, патологиялық-гистологиялық зерттеулерді жүргізуге арналған бөлме. Онда гистологиялық кесінділер жасауға қажетті барлық аспаптар (микротомдар, арнайы лаборатроиялық үстелдер, қажетті ыдыстар, бояулар, реактивтер, ыңғайлы жұмыс орны) орналастырылады. Сондай-ақ залалсыздандырылып, ұзақ уақыт сақтауға арналған препараттар бар банкілер қойылатын шкафтар мен музей витринасы болғаны жөн.

  Химикалық-токсикологиялық кабинет. Көлемі 30,4 м² болатын, сорғыш шкафтар мен лабораториялық үстелдері бар; мал өнімдерінен дайындалатын азықтарды, суды, топырақты және басқа да патологиялық материалдарды зерттеуге бейімделген бөлме.

  Азық лабораториясы. Көлемі 18,5 м² болатын; етті, сүтті, балықты, жұмыртқаны және басқа да заттарды санитарлық-гигиеналық зерттеуге арналған бөлме.

  Мал азығының сапасын тексеруге арналған кабинет. Көлемі 14,2 м² болатын, мал азығының құрамын (белоктарды, тұзды, каротинді, витаминдерді, сүрлемнің қышқылдығын, азықтың құрамындағы қоспаларды) және сапасын зерттейтін бөлме. Ол бөлме сорғыш және лабораториялық шкафтар, үстелдермен қаматамасыз етіледі. Онда азықтарды минералсыздандыратын және жағатын электр приборлары болуы қажет.

  Гельминттік-протозоологиялық кабинет. Көлемі 15,4 м² болатын, гельминтологиялық, арахно-энтомологиялық және протозоологиялық зерттеулер жүргізуге арналған бөлме. Бөлмедегі үстелдерге гельминтологиялық, гельминтолярвоскопиялық, арахноэнтомологиялық және протозоологиялық зерттеулер жүргізуге қажетті құрал-жабдықтар орналастырылады.

 

  Ветеринариялық лабораториялардың ветеринария саласындағы негізгі қызметтеріне мыналар жатады:

 

1. Жануарларды және құстарды әзірлеуді жүзеге асыратын объектілердегі бақылау;

2. Жануарлардан алынатын өнімдерді және шикізаттарды қайта өңдеуді жүргізетін өндіріс объектілеріндегі бақылау;

3. Ішкі сауда объектілеріндегі бақылау;

4. Мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық;

5. Жануарлардың және құстардың аса қауіпті аурулары бойынша таза емес пункттерден және карантиндік аймақтардағы бақылау;

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1. «Зертханалық іс» К.Н.Қожанов.,С.К.Қожанова-Алматы.2010

2. Судаков М.О. и др. Лабораторные исследования в ветеринарной терапии. Киев, «Колос», 1975, с.111.

 

 

 


Информация о работе Ветеринариялық лабораториялардың ветеринария саласындағы негізгі қызметі