Малдардың тұқымын асылдандыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2015 в 02:12, курсовая работа

Описание работы

Жалпы, халқымыздың өмір бақиғы тіршілік көзі болған мал шаруашылығы Қазақстандағы ауыл шаруашылығының негізгі салаларының бірі болып есептелінеді. Ауыл шаруашылығының бұл саласының бірден-бір ерекшелігі жыл бойы өнім өндіруге бағытталғандығы. Мал шаруашылығы халықтың жылдың төрт мезгілінде етпен, сүтпен және маймен, ал өндірісті – жүнмен, қаракөл елтірісімен, мал терісімен, т.б. қамтамасыз етеді. Сала екі бағытта өркендейді; оның біріншісі жылдам өркендеу – сүт пен етті ірі қара мал, шошқа және құс шарашылығы, екіншісі жайбарақат қоркендеудегі-жайылым мал шаруашылығы – оған қой, түйе, жылқы және ешкі шаруашылықтары. Сондықтанда, мал шаруашылығын өркендету жолдарын таңдағанда мал өнімдерін өндірудің бағытын ең алдымен есепке алған жөн.

Содержание работы

КlРlСПЕ……………………………………………… 3
l. ЄДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1.1. Мал тұқымын асылдандыру жұмыстарының маңыздылығы...........6
1.2. Мал тұқымын жіктеу............................................................... 10
1.3. Мал тұқымын жерсіндіру........................................................... 11
1.4. Мал өсіру әдістері....................................................................... 20
1.5. Малды будандастыру жолдары..................................................... 22

ll. ЗЕРТТЕУ ЗЕРЗАТЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1. Малды азықтандыру жолдары............................................. 28
2.2. Малдың азығына табиғи адсорбент бентонит қосу.............. 31

lll. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
3.1. Малды азықтандыру нормасы................................................. 33
3.2. Малдың азығына табиғи адсорбент бентонит қосу................ 35

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………. 37
ЄДЕБИЕТТЕР ТlЗlМl……………………………

Файлы: 1 файл

Дип.-Малдардың-тұқымын-асылдандыру.doc

— 219.00 Кб (Скачать файл)

Малдың организмінде кейбір белоктар түзілмейді ол белоктар малдың организміне азықпен бірге келіп тұруы керек. Сондықтан мал азықтық протеиннің құндылығы ең алдымен денеде түзілмейтін аминг қышқылдық құрамы бойынша бағаланады. Өнеркәсіпте орны толмас белокты синтетикалық жолмен өндіруді қолға алған, сол белоктарды да қолдануға болады.

Күйіс қайыратын малдың (сиыр, қой, ешкі, түйе) алдыңғы қарындарында азықтық азоттық заттары алуан түрлі микроорганизмдерден игеріліп, олардың денесіндегі белоктар құрамына енеді. Осындай жолмен күйіс малының алдыңғы қарындарында микробиологиялық түзілу процестері жүреді. Соның нәтижесінде орны толмас аминқышқылдармен қоса кейбір витаминдер және басқа да биологиялық маңызды қоспалар түзіледі, бір сөзбен айтқанда алдындағы микроорганизмдердің денесі малға белоктың көзі болып табылады. Сондықтан да мал азықтандыруда олардың ас қорыту жолдарының осы бөліктеріндегі сан алуан микроорганизмдердің тіршілігін қамтамасыз ету жағдайын да ұдайы қарастыру қажет.

Майлар – глицерин мен май қышқылдарынан тұрады, басқа углеводтық қосқослыстарға қарағанда 2,25-2,3 есе көп энергия шығардандықтан азықтардың қуатын арттыратын маңызды заттар болып табыладыв. Мал организмдегі зат алмасу барысында 1 г углеводтар ыдыраған кезде 17,2 килоджоуль энергия бөлінсе, 1г май ыдырағанда 39,8 килоджоуль энергия бөлінеді. Сонымен қатар майлар организмде түзілу процестерінде маңызды құрылымдық қызметтер атқарады. Азықтардағы май құрамының ерекшеліктері мал денесінде түзілмейтін май құрамына ықпал етеді. Мысалы сиырға көк шөп берсе оның сүт маый жұмса болады, егер сабан, құрғақ шөп берсе сүт майы қатая түседі.

Өсімдіктегі май мөлшері сабағында аздай оның ддәнінде көп болады. Зығыр, күнбағыс майында майдың мөлшері 30-60 пайызға жетеді.

Көмірсулар азықтықтағы негізгі энергия көзі болып табылады. Олардың үлесіне өсімдіктердегі азықтың құрғақ затының 70-80 пайзы тиеді. Тез еритін көмірсулар мал азығында тез қорытылатын негізігі энергия көзі болып есептелінеді. Клетчатка мен крахмал күрделі көмірсулар полисахаридтерге жатады, жеке және қос көмірсулардан тұратын қосындылар – моно және дисахаридтер – қанттар деген ұғымды білдіреді.

Крахмал астық тұқымдас дақылдар ішінде жүгеріде басым болады. Сұлыда 50-60 %, арпала 65%, жүгеріде 70%. Картоп түйнегінде 20% крахмал болады. Қанттарға қарағанда крахмал суда ерімейді, дәмі де болмайды. Бірақ жеңіл де тез қорытылатын болғандықтан, крахмал мен қанттарды тез қорытылатын көмірсуларға жатқызамыз.

Клетчаткалар, бұған керісінше ауыр қорытылатын көмірсуларға жатады. Оның себебі малдың ас қорыту бездерінің клетчатканы ыдыратқыш фермент бөліп шығармайтындығы. Сондықтан да күйіс қайырмайтын мал клетчатканы баяу қорытып, нашар пайдаланады. Ал күйіс қайыратын мал олар азықтардың құрамындағы клетчатканы тез қорыта алады. Сондықтан да күйіс малы рационындағы клетчатка көлемін қалыпты деңгейде сақтаған жөн.

Клетчаткадан басқа көмірсулар негізінен ішекте қорытылады да, глюкоза және моносахаридтер күйінде қанға сіңеді. Бірақ малдың денесінде көмірсулар өте аз болады, олар негізінен мал крахмалы – гликоген ретінде болады. Егер мал организмінде көмірсулар артық мөлшерде түсетін болса онда көмірсудың артық мөлшері майға айналады.

Минералды заттар. Азық құрамында органикалық заттармен қатар минералды заттар да бар. Олардың мал өміріне, ас қорыту, зат алмасу процестерінде маңызы зор. Мысалы 20 кг сиыр сүтінде 20г кальций, 20г фосфор болады.

Мұндай маңызды минералды заттарды азық құрамындағы мөлшері бойынша екі топқа – макро және микроэлементтерге бөледі. Макроэлементтер азықтар килограмында грамм есебімен, микроэлементтер миллиграмммен есептеледі. Маңызды микроэлементтерге – кальций, фосфор, натрий, калий, хлор, магний, ал микрэлементерге – темір, мыс, мырыш, кобальт, марганец, йод жатады.

 

2.2. Малдың азығына  табиғи адсорбент бентонит қосу

 

Малдың тұқымын асылдандыру жұмысы ұзақ, ол бірнеше жылдар үзбей еңбектенудің арқасында жететін нәтиже. Сондықтанда малдың жағдайын жақсартатын  басқадай жолдарын іздестірдік. Біз өз жұмысымызда малдың азығын жақсарту арқасында оның еттілігін арттыруды мақсат еттік. Соның ішінде табиғи адсорбент цеолит қосудың нәтижесін тексердік. Зерттеу жұмыстарына бір жарым жастағы, салмағы 120 кг бұқаларды алдық. Оларды бір жарым ай бойы бордақыладық. Зерттеу жұмыстары қыстың күні болғандықтан азық ретінде барлығына құрғақ шөппен, жем бердік. Жем булап берілді. Тәжірибелік жұмыстарға 5 бұқа алынды оның екеуінің азығына бентонит қосылды, яғни жеміне 1г/кг тірі салмағы есебінде.

Бентонитті Шымкент обласы Сарыағаш районындағы Дарбаза ауылынан алынды. Бұл жердегі бентониттің қоры өте көп 40 млн. Тонна.

 

Дарбаза ауылындағы бентониттің химиялық құрамы.

 

Химиялық құрамы

 

SiO2

 

Al2O3

 

Fe2O3

 

FeO

 

CaO

 

MqO

 

K2O

 

Na2O

 

SO3

Компоненттер, %

 

57,84

 

14,29

 

5,93

 

1,14

 

0,99

 

2,79

 

2,10

 

1,15

 

0,62


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

lll. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

 

  • . Малды азықтандыру нормасы
  • Мал тұқымын асылдандыру адам тілегіне сай жақсарту, оның өнімділігін еселеп арттыру – ғылым мен озат тәжірибенің табыстарына сүйенеді. Малдың қай түрі болмасын бірқалыпта тұрмайды; ол азықтандыру, бағып-күту және асылдандуру жұмысын ұйымдастыру дәрежесіне байланысты қашанда өзгеріп отырады. Осыған сәйкес оның түрлі қасиеті мен өнімі де неше алуан құбылады.

    Мал тұқымын жақсарту, оның шаруашылық маңызы бар қасиеттерін ілгері дамыту – адам қолында. Асылдандыру жұмысы дұрыс ұйымдастырылған шаруашылықтарда малдың өнімділігі ешқанда төмендемейді, қайта жыл сайын артуда болады.

    Малды тиісті дәрежеде іріктеп сұрыптау үшін ол сыннан өтеді, әрбір бас мал есепке алынады, оның түрлі қасиеттері зерттеледі. Мал тұқымын асылдандыру жұмысы өте ауыр және ұзақ жұмыс, кейде оның нәтижесі бірден көзге түсе қоймайды. Бұл талмай еңбектің арқасында бірнеше жылдың нәтижесінің өнімі. Мысалы бір Костромдық сиырлардың тұқымын шығару үшін 25 жыл кеткен екен. Сондықтан біз жұмысымызда осы мал тұқымдарының өнімділігін аврттыруда табиғи адсорбент бентониттің нәтижесін тексеріп көрдік.

    Бентониттің тиімді қасиеттерінің бірі – ағзадағы ферментативтік процестерге жан-жақты әсер етуі. Мұның өзі таз қарындағы энергиялық алмасуды негіздеп, таз қарын микроорганизмдерінің саны мен қызметінің жоғарылауына әсер етеді.

    Күйіс қайыратын жануарлардың асқорыту жүйесі – азықтың қорытылуындағы аралық белоксыз қосылыстар үшін қайтымды катионалмасулық орта. Күйіс малдарының азықтарына қосылған бентонит,  азықтағы протейннің белсенді түрде микробиалдық белокқа айналуына себепші бола алады.

    Табиғи сорбент –бентонит өзінің бетіне және ішкі кристалдық торларға әртүрлі заттар мен газдарды, соның ішінде аммиакты белсенді түрде адсорбциялай алады.

    Көбіне малдың салмағының тез арада өсуі, ол азықтың шамадан көп мөлшерде берілуі мен қатар малдың қимылсыз тұруымен сипатталады. Бірақ көптеген фермерлер бұндай азықтандырудың малдың организміне салмақ түсіріп оның организмінде өзгерістер тудыратынына көңіл бөле бермейді. Бірінші кезекте қанның құрамында мочевина мен аммиак көбейіп кетеді. Бұнда бауырдың  бұларды бейтараптауына шамасы келмейді. Бұл малға шамадан тыс азық беру нәтижесінде ішек-қарын жолдарына күш түсіріп олардың толық қорытылмауынан болады. Сонымен бірге бауырда, көк бауырда  мыстың, кобальттың құрамы төмендеп, керісінше марганец пен темірдің концентрациясы жоғарылап кетеді /21.24.25/.

    Кесте 2

    Малды азықтандыру нормасы

    Ай сайынғы салмақ қосуы

    Малдың салмағы, кг

    Жемнің шығыны, кг, бір малға шаққанда

    Шөптің шығыны, кг, бір малға шаққанда

    Бір күн

    5 ай

    Бір күн

    5 ай

    15 күн

    128

    2,73

    13,65

    4,2

    21

    30 күн

    155

    3,32

    16,6

    5,1

    25,5

    60 күн

    185

    3,78

    20,9

    5,9

    29,5

    90 күн

    217

    4,48

    22,4

    7,0

    35

    120 күн

    240

    5,26

    26,3

    8,2

    41

    150 күн

    270

    6,2

    31,0

    9,7

    48,5


     

     

    Бір көңіл бөлетін жайт микроэлементтердің құрамының көбеюі осы бордақыланатын малдарда көрініс береді.

     

    3.2. Малдың  азығына  табиғи    адсорбент  бентонит  қосу 

    Табиғи қоспа бентонитті қосу малдардың асқорыту жұмысының жақсарып, олардың салмағының артуын көрсетті. Бұл зерттеулер нәтижесі 3  кестеде келтірілген.

     

    3 Кесте

     

    Азықтың құрамына табиғи адсорбент қосу нәтижесіндегі бұқалардың салмақтарының көрсеткіші.

     

    Жас мөлшері

    айлық

    Тірі салмағы (кг)

    Тірі салмағындағы айырмашылықтар

    Бұқалар, қоспасыз

    Бұқалар, қоспамен

    5

    190,3

    190,8

    0,5

    6

    223,3

    233,0

    9,7

    7

    259,0

    267,5

    8,5

    8

    280,6

    291,3

    10,7

    9

    310,0

    327,7

    17,7

    10

    348,3

    363,3

    15,0

    11

    350,4

    380,0

    29,6

    12

    383,0

    423,4

    37,4

    13

    412,5

    454,6

    42,1


     

    Екінші кестеден көріп отырғанымыздай, әр бұқаларға күнделікті тәулігіне бес ай бойы 1г/кг тірі салмағы есебінде берілді.

    Алынған нәтижеден байқағанымыз табиғи адсорбент бентонит қосу олардың асқорыту жұмыстарына жақсы әсер тетіп олардың салмақтарының өсуіне әкелді. Сонымен бірге ірі қара мал басқа малдарға қарағанда аурулары өте көп, осы бентонит берген уақытты олардың ешқандай ауруға ұшырамағанын көрдік, осыған байланысты бентонит малдың ауруға шалдығуын азайтады деп айта аламыз. Яғни алынған нәтижеден байқап отырғанымыздай бентонит қосылған жануардың орта салмағы  беннтонит қоспасын алмаған малға қарағанда 42,1 кг  артық болды. Айта кететін жағдай бентонит қоспасының нәтижесінде малдың салмағының артуы бір, екінші жағынан малдың етінің жұмсақ, ауруларға төзімді болуы бұл бентонит құрамындағы минералды қоспалардың болуына байланысты болса, екінші жағынан ішек-қарын жолындағы артық газды бойына жинап организмнен шығарып тастауында, сонымен қатар белоктың түзілуіне де көп мүмкіндік ашады.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    ҚОРЫТЫНДЫ

    Қазіргі заманда бірден-бір экономикамыздың өркендеуі халқымыздың хал-ауқатының жоғары болуы. Бұл жағдай ауылшаруашылық жағдайын жақсартпай тұрып мүмкін емес. Яғни ауыл шаруашылығын жоғарғы деңгейге көтеру. Малдың тұқымын асылдандыру. Бұрынғы замандағы жаз жайлау, қыс қыстау дәуірін қайта жаңғырту. Малдың санын көбейту. Жас малдың жаңа жағдайға бейімделуі сақа малға қарағанда жеңіл өтеді, сондықтан асыл тұқымды малдарды түлектерін немесе жасанды ұрықтандыру жолымен көбейту әдістерін қолға алу.

    Оңтүстік малының солтүстік аймақтың жағдайларына бейімделуі, солтүстік малының оңтүстік жағдайларына бейімделуіне қарағанда көп жеңіл өтеді, осы жағдайға да аса көңіл бөлу керек.

    Малды жерсіндіруге әкелуден бұрын оның өскен мекені мен жаңа тіршілік ортасының ауа-райы, жер жағдайын жан-жақты салыстырмалы зерттеу нәтижесінде, оларды жылдың қай мезгілінде алып келуді алдын ала шешу

    Алып келген малға мүмкіндігінше жақсы жағдай жасау

    Сұрыптау мен жұптау жұмыстарын ұрпақтан ұрпаққа үзбей жүргізу.

    Әр түрлі малдарыдың жаңа ортаға бейімделуі әр түрлі болады. Малдың жаңа ортаға бейімделуін, оның өсіп-өнуі, өнімділігі аз мекеніндегі көрсеткіш деңгейіне жетсе, онда бұл тұқым жаңа тіршілік ету жағдайына жақсы жерсініп, бейімделген болып есептелінеді. Егер әкелінген мал бұл жерді жерсінбесе, бірнеше ұрпақтан кейін өліп-жітіп бітеді, жартымды өнім бермейді.

    Осы мәселелерді көздей отырып біз осы малдардың азығын жақсарта отырып оның салмағының артуын, етінің, өнімінің ұлғаюын көздедік.

    Информация о работе Малдардың тұқымын асылдандыру