Малдардың тұқымын асылдандыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2015 в 02:12, курсовая работа

Описание работы

Жалпы, халқымыздың өмір бақиғы тіршілік көзі болған мал шаруашылығы Қазақстандағы ауыл шаруашылығының негізгі салаларының бірі болып есептелінеді. Ауыл шаруашылығының бұл саласының бірден-бір ерекшелігі жыл бойы өнім өндіруге бағытталғандығы. Мал шаруашылығы халықтың жылдың төрт мезгілінде етпен, сүтпен және маймен, ал өндірісті – жүнмен, қаракөл елтірісімен, мал терісімен, т.б. қамтамасыз етеді. Сала екі бағытта өркендейді; оның біріншісі жылдам өркендеу – сүт пен етті ірі қара мал, шошқа және құс шарашылығы, екіншісі жайбарақат қоркендеудегі-жайылым мал шаруашылығы – оған қой, түйе, жылқы және ешкі шаруашылықтары. Сондықтанда, мал шаруашылығын өркендету жолдарын таңдағанда мал өнімдерін өндірудің бағытын ең алдымен есепке алған жөн.

Содержание работы

КlРlСПЕ……………………………………………… 3
l. ЄДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1.1. Мал тұқымын асылдандыру жұмыстарының маңыздылығы...........6
1.2. Мал тұқымын жіктеу............................................................... 10
1.3. Мал тұқымын жерсіндіру........................................................... 11
1.4. Мал өсіру әдістері....................................................................... 20
1.5. Малды будандастыру жолдары..................................................... 22

ll. ЗЕРТТЕУ ЗЕРЗАТЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1. Малды азықтандыру жолдары............................................. 28
2.2. Малдың азығына табиғи адсорбент бентонит қосу.............. 31

lll. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
3.1. Малды азықтандыру нормасы................................................. 33
3.2. Малдың азығына табиғи адсорбент бентонит қосу................ 35

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………. 37
ЄДЕБИЕТТЕР ТlЗlМl……………………………

Файлы: 1 файл

Дип.-Малдардың-тұқымын-асылдандыру.doc

— 219.00 Кб (Скачать файл)

3. Өтпелі тұқымдардың қалыптасуына адамның қатынасуы тұрғысынан қарағанда ол заводтық тұқымдар мен аборигендік тұқымдар арасында орын алады. Бұл топқа жататын тұқымдардың эволюциясына бағып-қағу, азықтандыру, оларға қоглайлы жағдай туғызып, тұқымын жақсарту жұмыстары тек соңғы кезде ғана қолға алынып, қалыптасып келе жатыр. Өтпелі тұқымдарға тән ерекшелік – құрылым бөліктерінің әр тенктілігі. Құрылымдармен интенсивті селекциялық жұмыс жүргізіп, өнімдері елеулі дәредеже молайа, өтпелі тұқымнан заводтық тұқым қатарына өткізу әбден ықтимал. Мысалы, адай жылқысы, қалмақ сиыры, уақ жүнді қазақы қойлар қазір заводтық тұқымдар қатарына ене бастады.

Арнайы бағыттағы мал тұқымдарына белгілі бір өнімділігі басқа өнімдеріне қарағанда өте жақсы жетілген тұқымджар жатады. Тіркес өнімді тұқымдарға екі немесе одан да көп өнімділіктері қактар жақсы дамығандары жатады. Мысалы, мүйізді ірі қараның сүті, еті, етті-сүтті, сүтті-майлы тұқымдары бар. Қойда жүнді, жүнді-етті, етті-жүнді, етті-майлы тұқымдары бар. Бұлардың алғашқылары арнайы бір өнімге бағытталған болса, соңғылары қос өнімге бағытталған /4.5.6/

 

1.3. Мал тұқымын жерсіндіру.

 

Жерсіндіру дегеніміз – мал тұқымдарын жаңа тіршілік ету жағдайына бейімдеу. Жерсіндіру ғылыми негізінде ұйымдастыруда білу қажеттілігі дүние жүзілік және отандық мал тұқымдары қорын ұтымды пайдалану мүмкіндігінен туындайды.

Жаңа мал тұқымын әкеліп нақты аймаққа жерсіндіру адамның белсенді түрде басқаруымен жүргізілуі тиіс. Мал маманы өзге жерден алып келген тұқымның биологиялық, өнімдік ернекшеліктерін тбілу негізінде, олардың жас, жыныс, ерекушеліктеріне байланысты қажетті тіршілік жағдайларын мүмкінщшілігінше жасауы қажет. Сонымен қатар алып келген малдың ішінде, олардың жаңа жер жағдайына, ауа роайына бейімделу ққабілетіне бласа көңіл бөле отырып, сұрыптау мен жұп таңдау жұмыстарын мұқият жүргізу керек. Сөйтіп селекционер әр малдың фенотиптік жерсінуін генотиптік жерсінуге айналдырады. Қорытып айтсақ, жерсіндіру бір мақсатқа – жаңа тіршілік ету жағдайына бейімделуге бағытталған екі жақты құбылыс. Бір жағынан мал организмі өзінің дене бітіміне, қызметіне жаңа жерге бейімделу өзгерістерін туғыссап, екінші жағынан адам малдың тез бейімделіп, өнімділік ерекшеліктерін сақтауына және бұл қасиеттерінің нәсілдік тұрғысымен бекітілуіне жағдай жасайды.

Жерсіндіру жұмысы нәтижелі болу үшін ғылым мен тәжірибеде қалыптасқан мына жағдайларды басшылыққа ала отырып жүргізу керек:

    1. Жас малдың жаңа жағдайға бейімделуі сақа малға қарағанда жеңіл өтеді
    2. Оңтүстік малының солтүстік аймақтың жағдайларына бейімделуі, солтүстік малының оңтүстік жағдайларына бейімделуіне қарағанда көп жеңіл өтеді.
    3. Малды жерсіндіруге әкелуден бұрын оның өскен мекені мен жаңа тіршілік ортасының ауа-райы, жер жағдайын жан-жақты салыстырмалы зерттеу нәтижесінде, оларды жылдың қай мезгілінде алып келуді алдын ала шешу
    4. Алып келген малға мүмкіндігінше жақсы жағдай жасау
    5. Сұрыптау мен жұптау жұмыстарын ұрпақтан ұрпаққа үзбей жүргізу

Әр түрлі малдарыдың жаңа ортаға бейімделуі әр түрлі болады. Малдың жаңа ортаға бейімделуін, оның өсіп-өнуі, өнімділігі аз мекеніндегі көрсеткіш деңгейіне жетсе, онда бұл тұқым жаңа тіршілік ету жағдайына жақсы жерсініп, бейімделген болып есептелінеді. Егер әкелінген мал бұл жерді жерсінбесе, бірнеше ұрпақтан кейін өліп-жітіп бітеді, жартымды өнім бермейді /7,8,9/.

Басқа жақтан жоғары өнімді жаңа ал тұқымын әкеліп жерсіндіру Қазақст анда сонау 1930 жылдан қолға алынып жүйеге қосылған. Осының нәтижесінде жылқының дон, ахалтеке, салт мінілетін таза тұқымды жылқы, қырдың қызыл сиыры, симменталь, герефорд, қойдың биязы жүнді кавказ, аскания, австралия мериносы сияқты мал тұқымдары әкелініп, оларды ойдағыдай жерсіндіріп, соның нәтижесінде қазіргі жоғарғы өнімді мал шаруашылығы қалыптастырылды.

Мал тұқымын асылдандыру жұмысында, әсіресе сұрыптау мен жұп таңдауда, малдың дене бітіміне үлкен мән береді. Себебі малдың дене бітімі мен өнім бағыты, қажырлылығы, өміршеңдігі, белгілі жер жағдайына бейімділігі, ауа райының, бағып-күтудің жағымсыз жағдайларына төзімділігі, денсаулығының мықтылығы арасында тығыз байланыс бар.

Малдың дене бітімі деп организмнің  нәсілдік қасиеті мен морфологиялық-физиологиялық құрылыс жиынтығы. Дене бітімі ерекшеліктері малдың түр тұлғасын, өнімдік қасиеттерінен және сыртқы орта әсерлеріне жауап әрекеттерінен білінеді. Қорыта айтсақ, дене бітімі малдың жақсылығын да, жамандығын да қалыптастыратын негіз, оның маңыздылығы осында.

Малдың дене бітімінің негізгі қасиеттеріне мыналар жатады

  1. Организмнің бірлігі
  2. Әр түрлі ден мүшелерінің формасы мен көлемінің және қызметінің организмінің бірлігіне сәйкес дамуы
  3. Нақтылы сыртқы орта жағдайларына бейімділігі мен орта өзгерісіне бейімделу қабілеті
  4. Нәсіліне тәуелділігі
  5. Сыртқы орта жағдайына жалпы бағыныштылығы
  6. Белгілі бір өнім беруге бейімділігі
  7. Жұқпалы ауруға шалдығуға бейімділігіне қарсы тұруға төзімділігі.

Әр мал тұқымының өніміне сай дене бітімі болады, ол сол жергілікті өскен ортасына лайықты ортасына лайықты болады.

Кез келгенн организмнің өзіндік ерекшелігі болады. Малдың өзіне тән, басқалардан айырмашылығы бар дене бітімі болатыны даусыз. Бірақ мал арасында дене бітімі жағынан өзара ұқсастық бар екені  де ақиқат нәрсе. Екі малдың өнім бағыты, тіршілік ортасы ұқсас болған сайын, олардың дене бітімінің де ұқсастығы арта береді, яғни оларды дене бітімі жағынан бір топқа біріктіруге болады. Сонымен бірге дене бітімінің әр түрлі болатыны да шындық. Мәселе сол дене бітімі ерекшеліктерін, түрлерін ажырата білуде. Зоотехниялық тәжірибеде дене бітімін жіктеу малдың дене бітімін жәй көзбен қарағанда анық көрінетін оның түр-тұлғасы мен кейбір морфо-физиоогиялық қасиеттері, ерекшеліктері арқылы ажыратуға негізделгенн. Осы әдіс бойынша малдың дене бітімі қазіргі кезде бес түрге бөлінеді. Сөлекет, нәзік, тығыз,борпас, мықты

    1. Сөлекет – дене бітімге жататын малдың сүйегі ірі, басы үлкен, терісі қалың, түгі жуан, бұлшық еттері толымды болады. Мұндай малдың жалпы түр-тұлғасы сөлекеттеніп, көзге өреселеу көрінеді. Бірақ мал сыртқы ортаның қолайсыз жағдайына төзімді, ауруға көп шалдықпайды.
    2. Нәзік – дене бітімділердің терісі жұқа, етсіз, ашық, сүйегі жіңішкелеу, көзге толымсыздау көрінгенімен, ас қорыту ағзалары біршама жақсы жетілген, зат алмасуы жедел, нерв жүйесі тез тозғыш.  Мұндай малдар жақсы бағып күтуді керек етеді.
    3. Тығыз- дене бітімі малдың сүйегі мықты, бұлшық еттері жақсы жетілген, терісі тығыз келеді. Қан айналу, тыныс алу, ас қорыту ағзалары жақсы жетілген, жүйкелері мықты. Бұл мал ірі төзімді әрі өнімді келеді, сондықтан оны өсіруге қолайлы да пайдалы.
    4. Борпас – дене бітімі малдың денесі жалпақ, ас қорыту жүйесі жақсы жетілген, зат алмасу процесі баяу жүреді. Мінезі жуас, семіруге бейім. Ет өндіретін шаруашылықта пайдалы, өте қолайлы.
    5. Мықты – дене бітімді малдың смүйегі берік, барлық мүшелері бір-біріне сәйкес, жақсы жетілген, терісі тығыз, бірақ аса қылшық емес, түгі жақсы дамыған. Жалпы мал өте келбетті, ширақ. Мұндай мал ауруға берік, өнімі жоғары, қажырлы болады. өсіру үшін ең жақсы мал қатарына жатады.

Мал шаруашылығы әртүрлі мал тұқымдары еңбек құраым болып табылады. Материалдық өндірістің барлық саласындағы сияқты, мал шаруашылығында да негізгі еңбек құрамы – мал тұқымы қоғамның дамуына сәйкес ұдайы жетілдіріліп отыруы тиіс /11,12,13-15/.

Мал тұқымын асылдандыру жұмысының негізгі әдістеріне, белгілі бір мақсатқа сәйкес сұрыптау мен жұп таңдау жатады. Сұрыптау деп тіршілік пен өндіріс технологиясы жағдайына жақсы бейімделген, құнды малды ұрпақтан ұрпаққа іріктеп отыруды айтады. Жұп таңдау – іріктеп алынған малдың ішінен ұнамды ұрпақ беретін бір-біріне лайық аталық және аналық жұп құру.

Сұрыптау мен жұп таңдаудың мақсаты бір, олар бірін-бірі толықтырады және бір-бірімен тығыз байланысты. Сұрыптау мен жұп құрудың бірлігін селекция деп атайды.

Мал тұқымын асылдандыру жұмысының нәтижелілігі бұл зоотехниялық әдістің үздіксіз жүргізіліп отыруына тікелей байланысты. Кез келген мал тобымен жүргілілетін тиянақты селекция жұмысы сұрыптаудан басталып, сол жылы жұп таңдауымен аяқталуы тиіс. Келешекте осы жұп таңдаудан алынған ұрпақ шын мәнінде жүргізілген селекцияға ұрпақтан-ұрпаққа үздіксіз жүргізіетін сұрыптау мен жұп таңдау тізбегі деп қарауға болады.

Сұрыптау – таңдау жалпы тұрғыдан алғанда адамға ежелден түсінікті ұғым. Сұрыптаудың ғылыми негізін қалаушы Ч. Дарвин (1809-1882) органикалық дүниенің эволюциялық дамуына, тірі организмнің жаңа түрлерінің, жаңа тұқымдық топтарының пайда болуына сұрыптаудың шешуші ролі барын анықтады. Ол сұрыптау, тұқым қуалаушылық және өзгергіштік біріге отырып, эволюцияның негізгі қозғаушы күшін құрайтындығын дәлелдеді. өзгергіштік әр ұрпақта онша көзге көрінбейтін көптеген жаңа нәсілдік қасиеттер туғызады. Ал сұрыптау осы кзге көрінбейтін көптеген ұсақ пайдалы жа ңа нәсілдік қасиеттерді жинақтап, белгілі бір арнаға түсіріп отырады. Сөйтіп тіршілік формалары бірте-бірте өзгеріп, дамып отырады.

Ч. Дарвин сұрыптауды екі түрге бөледі: табиғи сұрыптау және қолдан сұрыптау.

Табиғи сұрыптау деп организмнң тірщілік ортасына бейімделу ерекшеліктерінің кейбір жеке артықшылықтарының арқасында тіршілік үшін күресте тірі қалып, ұрпақ қалдыруын айтады. Табиғи сұрыптау табиғат күштерінің ықпалымен өтеді.

Қолдан сұрыптау деп адам өзіне ұнаған малдарды жеке іріктеп алып өсіруді айтады.

Сонымен, қолдан сұрыптау үй малдары ішінде тікелей өзі жүргізеді. Бұдан жануарлар селекциясын адам өз қолына алысымен табиғат өз жайына қалады деген ұғым тумауы керек. Табиғи сұрыптау ұй жануарларының барлық түрлерінде өз ретімен жүреді. Адам оның ықпалын бір арнаға түсіріп, қажетті бағыттқа түсіріп отырады. Өзінің қарауына қарай табиғи сұрыптаудың әсерін күшейтіп не бәсеңдетіп отырады.

Табиғи сұрыптау мен қолдан сұрыптаудың бір-бірімен ұқсастығы да айырмашылығы да және байланыстылығы да бар. Селекционер мұны өзінің мал тұқымын асылдандыру жұмысында ескеріп,  басшылыққа алуы тиіс.

Табиғи және қолдан сұрыптау аралығындағы ннегізгі ұқсастық - олардың әсердеріне творчествалық сипаттың тәндігі. Табиғи сұрыптау түбінде жаңа түр шығарса, қолдан сұрыптау арқылы жаңа мал тұқымы шығарылады.

Табиғи сұрыптау малдың тіршілігіне қажет белгілерді ғана сақтап қалады, сондықтан ол белгілі бір ортада жақсы бейімделген, өміршең малдардың сақталуын қамтамасыз етеді. Қолдан сұрыптау да мал белгісінің адамға қажеттілігіне байланысты іріктеледі. Көпшілігінде кейбір өнімдік белгілердің соншалықты жақсы дамуының организмге қажетті болмауы мүмкін. Міне бұл екі түрлі сұрыптау бағыттары нәтижелердің басты айырмашылығы.

Адамға қажетті өнімділіктің қасиеттері жақсы дамыған малдың дене бітімінің беріктігі табиғи және қолдан сұрыптау бағыттарының сәйкестігімен анықталады. Сонымен, қорыта айтқанда, мал тұқымын асылдандыру жұмысын жүргізгенде нақтылы ауа райы мен жер жағдайында табиғи сұрыптаудың бағытын біліп, оны қолдан сұрыптаумен ұтымды ұштастыра білу керек /16,17/.

Селекция жұмысының нәтижелілігі сайып келгенде малдың тұқымдық және өнімділік қасиетін мүмкіндігінше дәл және ерте бағалап, анықтауға байланысты. Осы бағытта селекционер алдында біршама үлкен қиындықтар кездеседі. Біріншіден, малдың сұрыпталатын белгілері көп. Мысалы, қойдың еттілігі, жүнділігі, өсімталдығы, тез жетілгіштігі, төзімділігі және т.б., екіншіден, малдың негізгі белгілері бойынша құндылығын бір уақытта бір-ақ рет кесіп айтуға мүмкіншілік жоқ. Себебеі малдың негізгі пайдалы белгілерінің дамып жетілуі қатар жүрмейді. Сондықтан бір белгісі бойынша бағалау үшін малдың нақтылы 1 жасқа жетуін күту керек. Үшіншіден, малдың негізгі өзіндік белгілеріне сыртқы орта жағдайларының күшті әсер етуі, малдың сол белгілері бойынша нәсілдік құндылығын дәл бағалауды біршама қиындатады. Төртіншіденн, әрбір селекционер өз жұмысында нәсілдік қасиеті жоғары және сол қасиетін ұрпқтан-ұрпаққа бере алатын тұқымдық малды таңдап ала білуі қажет. Бірақ малдың нәсілдік қасиетіне тікелей баға беруге әзірге мүмкіншілік жоқ, ол көзге көрінбейді. Сондықтан селекционер оның фенотиптік көрінісіне ғна баға бере алады. Сонымен малдың тұқымдық құндылығын өз өніміне (фенотипіне), ата-тегіне және ұрпғының сапасына кешенді баға беру арқылы анықтайды. Осы үш саладан түсетін мәліметтер толық дәл болған сайын, сұрыптау нәтижелілігі де арта түседі.

Малды сұрыптауға, жалпы мал тұқымын асылдандыру жұмысын ұйымдастыруға байланысты жүргізілетін малды тұқымдық қасиеті мен өніміне қарай малды бағалау бонтировка деп аталады. Барлық шаруашылықтарда бонтировка жыл сайын жүргізілуі тиіс. Бонтировканы мал дәрігерлері мен фермердің қатысуымен арнайы нұсқауға сәйкес тәжірибелі, білімді зоотехник-бонитер жүргізуі қажет.

Іс жүзінде малға жан-жақты баға беру, оны сұрыптау барлық шаруашылықта негізінен бонтировка кезінде жүргізіледі. Бонтировка кезінде әр малдың дене бітімі, түр-тұлғасын, өсімдік қасиеттерін көзбен көріп және зоотехниялық ең бастапқы есеп құжаттары негізінде баға беріп, ата-тегі және ұрпағының сапасы туралы мәліметтерге сүйене отырып жасайды.

Малға бонтировка жасағанда оның тұқымының ұнамды типіне қоятын талаптарға сәйкес жақсыларды таңдап алып, тұқымдық және өнімдік құндылығына қарай элита рекорд, элита, бірінші, екінші, үшінші деген сияқты классикалық топтарға бөледі. Ал нашарлары бракка шығарылады. Өнімділігі тұымның стандарттылығына сәйкес малды бонтировкалық бірінші класка жатқызады. Егер өнімділігі тұқымның стандартылығынан төмен болса, ол екінші немесе үшінші класқа жатқылылады. өнімділігі бірінші кластың нұсқаудағы өнімділігінен артық болса – элита класына, одан да жоғары болса элита-рекорд класына жатқызады.

Информация о работе Малдардың тұқымын асылдандыру