Үкімет және басқару түрлері. Менеджменттің әдістемелік негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 20:15, реферат

Описание работы

Менеджмент» ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің «манус», яғни «қол, күш» деген сөзінен шығып, алғашқы кезде мал бағу саласында, дәлірек айтқанда, ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберліген білдірген. Кейіннен бұл атақ адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болды.

Содержание работы

Кіріспе

Негізгі бөлім
Үкімет және басқару түрлері
Менеджмент туралы түciнiк, оның мазмұны
Менеджменттің қағидалары
Менеджменттің әдістемелік негіздері.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Үкімет және басқару түрлері. Менеджменттің әдістемелік негіздер.docx

— 47.34 Кб (Скачать файл)

Маркетинг үрдісі өндірістік бөлімшелермен бірлесе қимыл жасауды талап етеді. Өткізуді ынталандыратын жарнамалық шаралардың айқын бағдарламалары жасалынады. Әрбір өткізуші агентке және әрбір өткізу ауданына бөлінетін, сатылатын бұйымдар жөнінде тапсырмалар берілуі қажет. Тасымал құралдары белгіленеді, өнімді жеткізудің кестелері жасалынады.

Финанс қызметкерлері  шығындар мен пайданың мөлшерін есептеп  шығарады, маркетинг жоспарының әрбір мезгіл-межесіне сай шығындар кестесін жасап, содан соң бюджетті анықтайды.

Ф. Котлер маркетинг жүйесін — фирманың өз тауарларны өткізетін нарықпен байланыстыратын еі маңызды нарықтық қатынастардың және ақпараттық ағындардың кешені деп анықтайды.

Осымен,  егер нарықтық және коммуникативтік (ақпаратты байланыс) қатынастар орын тепкен болса, маркетинг жүйесі іске кіріскен деп есептеуге болады. Осы жүйенің қызметін кім, субъект ретінде қандай ұйымдар іске асыра алады.?

Маркетинг жоспарын жасаған фирманың іс-қимылының нәтижесі мен әдістеріне әсер ететін маркетинг жүйесінің элементтерін еске алу жөн.

Бұл элементтердің  саны көзге түсетіндей көп болуы мүмкін, сондықтан оларды мынандай топтарға бірлестіреді:

  1. Негізгі жеткізушілер, фирма, бәсекелестер, маркетингтік табыстырушылар.
  2. Үкіметтік (қаржы органдары, баспасөз, үкімет және заң органдары) және қоғамдық ұйымдар, сол секілді қалың бұқара.
  3. Сыртқы құрылымдық факторлар ( мәдениет, ғылым және техника, демография, экономика, саясат).
  4. Маркетинг жүйесінің басты субъектілерінің өзара қатынасы.

Фирма рынокпен байланысын орнықтырады, онда тауарларын және қызметтерін  бағыттайды. Айырбасқа ақша және ақпарат алады.

Маркетингтік табыстырушылар — бұл фирманың тауарларын және қызметтерін рынокқа жылжытуды іске асыратын адамдар және ұйымдар. Бұларға көтерме және бөлшек саудагарлер, агенттер және брокерлер, тасымалдау фирмалары, қоймалар, несиелік және қамсыздандыру орындары, жарнамалық агенттіктер жатады.

Табыстырушылар  мынандай функциялар атқарады:

  1. Өткізу рыноктарын ашу (анықтау).
  2. Тауарларды өндірушілерден тұтынушыларға жылжыту, (қоймалау, сақтау, тауарларды тасымалдау).
  3. Байланыс жүйесін іске асыру (ақпараттық қамтамасыздандыру, жарнама агенттіктері).
  4. Келісім сөздер және тауарларға меншіктілік құқын беру.

Табыстырушылар  мыналарды атқара алады: стандарттау  мөлшерлеу, тауарларды маркалау, қамсыздандыру  және т.б. Жеткізушілер – фирманы, компанияны керекті ресурстармен қамтамасыз етуші субъектілер.

Бәсекелесте өз іс-қимылдарымен фирманың рынок, жеткізушілер, маркетингтік табыстырушылар таңдауына, тауарлардың ассортиментін құруға және маркетингтік қызметтің барлық жиынына әсер етеді. Бәсекелесу функционалды, типтес және маркетингтік бәсекелесу болып бөлінеді.

Тұтынушылардың  ұқсас талабын қанағаттандыра алатын басқа бір тауарлардың қатары болған жағдайда бірінші түр орын алады.

Тауардың өзді-өзімен бәсекелесе алатын әр түрі болған жағдайда екінші түр деп бөлеміз.

Ұқсас тауарлар өндіру немесе ұқсас қызмет ұсыну негізінде  бәсекелесетін фирмалар үшінші топты  құрады. Бәсекелесудің болуы фирманы бәсекелестерінің рыногын және тұтынушылардың сұранысын зерттеуге итермелейді.

Қандай да болсын ұйым, фирма, оның маркетинг жүйесі қоршаған орта тудырған жағдайда қимыл жасайды. Бұл жағдайлар екі топқа бөлініп, сыртқы және ішкі қоршам деп сипаттауға болатын факторлар тізбегімен анықталады.

Сыртқы қоршам күрделі құбылыс. Бұған демографиялық сипаттамалы сатып алушылар, бәсекелестер, табыстырушылар, финанстық орындар, жарнамалық агенттіктер және қоғамдық көзқарасты зерттеуші фирмалар, кедендік және басқа да үкіметтік органдар жатады. Сыртқы қоршамның жағдайларына, сондай-ақ заңдар, жалпы экономикалық жай, саяси ахуал, ғылыми-техникалық жетістіктер, мәдениет жатқызылады.

Ішкі қоршам фирманың жаңа тауарды жасауды, сынауды, сервистік  жұмыстарды, тауарды алушыға дейін  жылжытуды, өткізуді, бөлшектер қорымен  жабдықтауды, персоналды оқытуды, шикізат, материалдар жеткізушілермен, осы  секілді финанстық және басқа  органдармен қарым-қатынастарды іске асыратын функционалдық бөлімдерінен тұрады. Ішкі қоршам ұғымына қызметкерлердің біліктілігі, олардың тиімді пайдаланылуы, ақпараттаратушы жүйелер құрылымының, нарықтың және сыртқы қоршамның өзгерістеріне қатысты иілімділігі жатады.

Күрделілігі және көптігіне қарамай, сыртқы және ішкі қоршамның факторларын олардың басқаруға иімділігі жөнінен екі топқа бөледі: бірінші топ фирманың басшылары жағынан басқаруға көнеді, екінші топ мұндай басқаруға көнбейді, сондықтан фирманың өзіне бейімделуін талап етеді.

Өзіне жүйелік тұрғы тән болып келетін маркетинг сыртқы және ішкі қоршамды дәл осындай қатынасты байланыста және жиынтықта қарайды. Осымен фирма жеткізушілерге де және алушыларға да қатысты, алушы және беруші ретінде тұйық жүйе болып келеді.

Көптеген маркетинг  мамандары қоршаған ортаның құрылымына мынандай сипаттамаларды пайдаланады:

Макроқоршам орта; заңдар, мәдениет, демография, ғылым  және техника, экономика, саясат, құқық, ұйымды тәуелділікте ұстайтын басқа  да факторлар.

Микроқоршам орта; жеткізушілер, бәсекелестер, өнімді өткізуші ұйымдар, тұтынушылар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Менеджер" ұғымына өндірісті  басқару жүйесіне арналған дүниежүзілік әдебиетте ауқымды түсінік берілген. Айталық, ағылшын тіліндегі іргелі Оксфорд сөздігінде менеджмент - адамдармен қатысу манерасы (фр. — өзін-өзі ұстау тәсілі), билік және басқару өнері, әкімшілік дағдысы мен басқара білудің ерекше түрі, басқару органы, әкімшілік бірлестігі деген сияқты анықтамалар беріледі. Біздің елімізде кең тараған шетелдік сөздер сөздігінде "менеджмент" деген сөзді "өндірісті басқару", "өндірістің тиімділігін және оның пайдалылығын арттыру мақсатында өндірісті басқарудың принциптерінің, тәсілдерінің, құралдарының және нышандарының жиынтығы деп аударған

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Пайдаланылған әдебиеттер

·  Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6

·  Jump up ↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3

·  Jump up ↑ Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2

·  Jump up ↑ С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А Жанандаров Экономикалық теория. Оку құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. — Астана: 2002. ISBN 9965-408-99-8

·  Jump up ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9

·  Jump up ↑ С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А Жанандаров Экономикалық теория. Оку құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. — Астана: 2002. ISBN 9965-408-99-8


Информация о работе Үкімет және басқару түрлері. Менеджменттің әдістемелік негіздері