Этика және деонтология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 19:15, доклад

Описание работы

«Біз қазір үшеу боп тұрмыз — мен, сен және сенің ауруың. Егер екеуміз біріксек, ауруды жеңеміз, ал сен ауру жағына шықсаң, мен жеңілемін». Ғұлама дәрігердің аузынан шыққан осы тәмсіл кейін талай ізбасарының аузымен айтылып, мыңдаған науқастың көкірегіне сенім ұялатты.«Жақсы сөз — жарым ырыс». Дәрігер, ең алдымен, ауру адамды ықыласпен тыңдай білуі, жылы сөзімен үміттендіре білуі тиіс. Яғни жоғарыда айтылғандай, науқасты «өз жағына» тарта білуі керек.Бізде қазір әлгі ғұлама сынды емен-жарқын әңгіме айтып, алдына келген кісінің еркін билеп алатын дәрігер бар ма? Жоқ деп айта алмайсыз, бар! Бірақ өте сирек. Керісінше қазір дәрігерден көрген «қорлығын» айтып, зар еңірейтіндер өте көп. Өкінішке қарай (!), олардың сөздерін толық жоққа шығара алмайсыз.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 34.39 Кб (Скачать файл)

 

Ұсыныс және қағида

Тұтасынан алғанда  келтірілген ұсыныстар қатып қалған қағида емес, өйткені дәрігер медицинадағы танымы әр түрлі адамдармен, мінез-құлық, тәрбие деңгейі өзара ұқсай бермейтін жандармен жүздесіп отырады. Олардың өздерінің жақын адамдарының дертіне қатысты көзқарастары да әр түрлі. Өкінішке қарай, жастай алған тәрбиенің кемдігі, өз пікірін жоғары ұстанушылық салдарынан дәрігерге сенімсіздікпен, теріс мінезбен қарайтындар да табылады. Жұртшылықтың парызы — медицина қызметкерлерін мұндай өрескел әрекеттерден қорғау болып табылады. Дегенмен, айта кететін бір ақиқат — дәрігер беделі оның өзіне және айналасындағы әріптестерінің ұстаным-қалыптарына байланысты.

Дәрігер өзімен-өзі қызмет етпейді, ол — медициналық мекеме ұжымының мүшесі. Ол ұжымдағы дұрыс өзара қарым-қатынастар қай тұрғыдан алып қарағанда да маңызды. Оның қалыпты болуы мекеменің емдік және ғылыми беделін, сондай-ақ сырқаттардың көз алдында дәрігер айбынын асырады. Әрбір дәрігер өзінің күнделікті қызметінде емделушілер алдында, тіпті түптеп алғанда қоғам алдында өзінің жеке және ұжымдық жауапкершіліктерін сезініп отыруы тиіс. Жеке жауапкершілік дәрігердің теориялық білімін тереңдету мен практикалық дағдыларын жетілдіру, өзінің қадағалауларын сыни тұрғыда талдау, қателіктерді зерттеу, аға буыннан үйрену және әдебиеттерді оқу негізінде кәсіби біліктілігін ұдайы көтеруге тұрақты ұмтылыстан бастауы алғаны жөн. Дәрігердің адал, тәртіпті және риясыз адам болуы қажеттігін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ.

Күнделікті өмірде кәсіби адалдық ерекше маңызды болып  табылады, оны бұзу, Гиппократ антынан  ауытқу көпшілік алдында бетке басуға, тіпті адалдық шегінен аттаған дәрігерге тыйым жариялауға әкеледі. Біздің еліміздің және облысымыздың денсаулық сақтау практикасында «ҚР дәрігер антын» өрескел бұзу деректері бар. Дәрігер сырқатты қабылдағаны, операция жасағаны, дәрі-дәрмек үшін ақша алғанда (немесе басқа формадағы төлем жасатса), ол сөзсіз қылмыс болып табылады және заңмен жазалануы тиіс. Бұл ретте бізде жеке практикаға заңмен рұқсат берілгендігін айтуымыз керек. Егер дәрігер жеке практикамен шұғылданса, қаржы және мемлекеттік органдарда тіркеліп, тиісті салығын төлесе, онда ол заң аясынан шықпайды. Дәрігер сырқатты мемлекеттік қаржы есебінен (еңбекақысын ала отырып) емдеп, операция жасағанда, мемлекеттік медицина мекемесі қабырғасында ақы алатын болса, мұндай қылықты «жасырын практика» разрядына, яғни қылмысқа жатқызу қажет. Дәрігерлер қауымдастығы және мемлекет мұндай түрдегі құбылыстармен күрес жүргізіп, дәрігерлерді риясыз медициналық көмек рухында тәрбиелеуі қажет. Адалдық дәрігерлердің ісімен ұдайы сабақтаса жүріп, оның барлық ұмтылыстары мен ізгі ойларының негізіне айналуы тиіс, кәсіби риясыздық көрінісін қалыптастыру — дәрігердің жанкештілігі.

Маңызды деонтологиялық принциптердің бірі — шыншылдық. Шындықты талап ету дәрігерлік құпияны сақтауға қарсы келмеуі тиіс, сондай-ақ сырқат адамның тағдыры туралы өз ойларын, кейде барынша қайғылы болса да, оның туыстарынан жасырмауды қажетсінеді. Шыншылдық кез келген адам — сырқат немесе оның туысқандары мен әріптестер тұрғысынан да, тұжырымдар мен әрекеттердің асығыстығын, қате пікірді теріске шығарады. Дәрігерді тәрбиелеу процесінде тағы бір маңызды мақсат көзделуі тиіс, ол — негізінде сырқаттың ахуалын кәсіби сауатты бағалау, білімділікпен астасатын ақылға сай және саналы оптимизмге тәрбиелеу. Мақтаншылыққа бейім, дәлелсіз сенімділік, негізсіз шешімділік, өз тәжірибесі мен білімін асыра бағалау белең алған дәрігерлерді емдеу мекемесінің әкімшілігі мен аға буын өкілдері назардан тыс қалдырмауы тиіс. Мұндай қылықтарды батыл тойтарып отырмаса, оның соңы адам өмірімен бағаланатын өрескел, тіпті кей жағдайда қайғылы қателіктерге соқтырары анық.

П.А. Герцен дәрігердің темпераменттен басқа, әрекет ету үшін ғана емес, сонымен бірге өзінің шешімдері мен әрекеттерін дер кезінде тоқтата білу үшін де білім мен салқынқандылықтың мол қорына ие болуы қажеттігін айтты. Бұған мынаны қосуға болады: өз темпераментіне ие бола білуі, былайша айтқанда өз мінезін жүгендей білуі маңызды. Ятрогениямен күрес, яғни сырқатты дәрігердің ойланбай айтылған, ауызынан сәтсіз шыққан сөздермен жанын жаралауды болдырмау ерекше мәнге ие. Ятрогенді сырқаттар қатарына дәрігердің кінәсінен туындайтын жаны жаралануларды немесе дәрігермен қарым-қатынас яки медициналық әдебиеттерді оқу әсерінен күдікшіл адамдарда бой көтеретін келеңсіз жайларды жатқызуға болады. Дәрігердің дер кезінде айтқан сенімді ырғақтағы ақылға сыйымды, беделді де жылы сөзі сырқатқа қорқынышты жеңуге көмектеседі, оның сауығып кетуіне деген сенімін нығайтады. Дәрігердің қолайсыз пайдаланған сөздері сырқаттың жанын аяусыз жаралайды, тіпті ауыр, кейде қайғылы жағдайларға да соқтырады. Дәрігердің жай ғана жұбату сөзі сиқырлы сауықтыру күшін бере алады, керісінше иландыру күшін білмейтін немесе білгісі білмейтін дәрігердің сырқатқа қатал да суық үкімі шын мағынасында өлім әкеледі. Егер дәрігермен әңгімелескеннен кейін сырқат адам жанына жеңілдік сезінбейтін болса — ол дәрігер емес. Бұл тұжырымның мағынасы үзілді-кесілді болып көріне алмас, дегенмен медицинаның көп ғасырлық тәжірибесі қалай болғанда да сөз құдіретін растайды. Дәрігердің аузынан дұрыс шыққан сөз ешқандай боямасыз айтқанда ұлы өнерге жатады, дәрігер бұған өмір бойы үйренуге міндетті. Кейде дәрігерлер ятрогенияның (емқателіктің) сырқаттың өзі үшін ғана емес, сонымен бірге оның отбасы мүшелері үшін де қауіпті екенін ұмытып кетіп жатады, сырқатқа көңіл-күй ауанымен салғырт қарым-қатынас қайғылы жағдайларға соқтыруы мүмкін. Тәжірибелі дәрігерлердің өздеріне жақын туыстарын емдемейтіні және оларға операция жасамайтыны бекерден-бекер емес. Медициналық ұжымдарда қазіргі уақытта сырқаттың психикасын қорғау проблемасына іс жүзінде көңіл бөлінбейді. Денсаулық сақтау ісін ұйымдастырудың ұзақ жылғы практикасында біздер медициналық ұжым мүшелерінің деонтологияның қарапайым қағидаларын өрескел бұзғандығының сан мәрте деректерімен бетпе-бет келуге мәжбүр болдық.

 

Бірнеше мысалдар келтірейік:

1) Жеткілікті жұмыс  өтілі бар дәрігерге сырқат өзіне қатысты емге қанағаттанбайтындығын білдірген кезде, ол оған былай деп ашық мәлімдейді: «сені ешкім де емдей алмайды, өйткені асқазанның қатерлі ісігімен ауырасың, тіпті бір айдан кейін өмірмен қоштасасың» .

2) Екінші бір дәрігер асқазанның ойық жарасынан зардап шегушіге былай дейді: «сен қорсылдаған үй жануары секілді алдыңа келгеннің бәрін опырып жей бересің, әйелің де солай, сондықтан сені ешкім де емдей алмайды».

3) Тағы бір жағдайда дәрігер сырқаттың алдында өз әріптесі туралы былай дейді: «бұл дәріні саған қандай ақымақ жазып берген?».

Біз қызмет істеп  жүргенде дәрігердің көрсеткен қызметі үшін бопсалаушылық жасағаны туралы емделушілерден шағым түскен кездері болды. Өкінішке қарай, бүгінгі күні де әдбен толып-піскен, өзін жоғары ұстайтын, қай жерде де өз даңқын асырып көрсетуге ұмтылатын дәрігерлер кездеседі. Олар кез келген мүмкіндікті пайдаланып, өзінің «бай» тәжірибесі мен білімін алға тартып, сөз арасында сыналатып бірқатар әріптестеріне жағымсыз пікір айтып, олардың қателіктері мен сауатсыздығын сырттарынан беттеріне басып отырады.

Құрметті оқырман, бұл мақаланы жазудағы мақсатымыз —  сіздерді деонтология ғылымының, яғни сырқат пен дәрігердің өзара қарым-қатынасының негізгі ережелерімен қысқаша болса да таныстыру. Әрине, бір мақаланың ауқымында медициналық деонтологияның барлық салаларын қамту мүмкін емес. Егер оқырмандар мен медицина қызметкерлері тарапынан қызығушылық туындап жатса, алдағы уақытта медициналық деонтологияның мынадай маңызды буындары туралы әңгімелеп беруге болады:

1) Дәрігер парызы, дәрігер жауапкершілігі және дәрігерлік құпия;

2) Медицина ғылымындағы  деонтология;

3) Медициналық этиканы  бұзу;

4) Медицина қызметкерлері  мен тұрғындарды тәрбиелеудің деонтологиялық және әлеуметтік-құқықтық аспектілері.


Информация о работе Этика және деонтология