ХІХ-ХХ ғ. Қазақстандағы дәріханалық істің дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2015 в 11:10, реферат

Описание работы

Фармацевтикалық қызмет өз бастауын ХІХ ғасырдың ортасынан алады. Қазақстанның Ресейге толығымен қосылуының соңына таман (1847 жылы соңғы болып Ұлы жүз қосылды) патша үкіметінің саясаты орыстың кедей шаруаларын қазақ даласына қоныстандыру, зауыттар салу, пайдалы қазбалардың орнын іздестіру болды

Содержание работы

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. ХІХ ғ. бірінші жартысында Ресей фармациясының дамуы.
2. ХІХ-ХХ ғ. Қазақстандағы дәріханалық істің дамуы

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

farm.doc

— 94.50 Кб (Скачать файл)

Азаматтық дәріханалар пайда болғанға дейін жақын елдерден әкелінетін дәрілік заттарды сатып алу және сатумен садагерлер айналысты. Бұл сауданың теріс жақтары, ол дәрілерді медициналық білімі жоқ адамдардың сатуы мен олардың күшті әсері бар және улы дәрілерді сатуда пайдасын ғана ойлайтындықтары болды. Қазақ халқы емдеу ісінде тамыры тереңде жатқан халықтық медицинаның бай тәжірибесіне сүйенді. Мистикалық әрекеттермен қатар емдеуде сол кездің өзінде Еуропа мен Ресей медицинасына танымал болған кейбір шөптер мен тамырардан жасалған дәрілерді қолданды.

 

ХІХ ғасырдың 30-шы жылдарының соңына қарай Ресейлік ғылым  Академиясы Қазақстан аймағындағы өсімдік әлемін зерттеуді қолға алды. 1838 жылы Зайсан көлінің жағасы мен Ертіс өзенінің алқаптарына дәріханалық шәкірт Афанасий Политов жіберілді. Экспедиция кезінде ол 321 өсімдік түрін жинады, оның көбі дәрілік өсімдік болды.

Қазақстандық өсімдіктер әлемін зерттеуге Г.С.Карелин зор үлес қосты. 1840-1845 жылдар аралығында Қазақстан аймағы мен Алтайда ол 90000-нан астам өсімдік түрлерін жинады (оның 400-ден астамы емдік өсімдіктер), олардың біразы осы күнге дейін Мәскеу мен Ленинград университеттерінің қорында сақталып келеді.

ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарында Ташкент қаласының әскери азаретінің дәріханасында қызмет атқарған фармацевт Р.Пальм қазақтар қолданылатын 200-ден астам дәрілік өсімдіктерді сипаттаған.

Азаматтық тұрғындарға ақылы дәрі босататын алғашқы дәріханалар 1836 жылы Оралда ашылды. Ол ұзақ уақыт бойы Қазақстандағы жалғыз дәріхана болды (тарихшы В.Л.Инночкиннің айтуы бойынша алғашқы дәріхана 1833 жылы Ордада, Бөкей ханның әкімшілік орталығында Жәңгірдің ықпалымен ашылған делінген).

Қазақстан аймағындағы (ХІХ ғасырдың ІІ жартысы) алғашқы азаматтық медициналық қызметкерлердің пайда бола бастауымен, қазақ халқына медициналық көмек көрсетіле бастады, ол қызметкерерге дәріханалар ашуға рұқсат етілді.

Алғашқы қазақ-фельдшерлерге арналған арнайы «Қырғыз ауыдарының медициналық және мал дәрігерлік фельдшерлері туралы» ережесі енгізіліп, оның бір тармағында – «емдік шөптерді жинап, олардан қор жасалсын» делінген. Бұл ереженің арнайы бір бабында «қырғыздар (қазақтар) қолданатын жергіікті едік заттар туралы ақпарат жинап, сол ақпараттарды уездік дәрігерге тапсырып отыру керек» делінген.

Жүргізілген реформалардан кейін 1867-1868 жылдары арнайы ереже бойынша әрбір уезде мемлекеттік уездік дәріханалар ұйымдастырыды. Олар өте төмен жағдайда боды, дәрілік заттар мөлшері шектеулі болды. Дәрі-дәрмектерді жұмысбасты дәрігерлер мен фельдшерлер таратты. Тегін дәрілік заттар байырғы тұрғындар мен қоныстанушыларға жылына 150-200 сом көлемінде босатылды, сондықтан да, дәрігерлер көбіне жергілікті емдік шөптерді пайдаланды. Әскери госпитальдер орналасқан жерлерде тұрғындар дәрі-дәрмекті лазарет дәріханаларынан алды, ал уездерде тұрғындарға дәрілік көмекті қабылдау бөлімдері көрсетті. Халықтың дәрі-дәрмекке қажеттілігі өте жоғары болды, бұны сол жылдардағы есеп беру құжаттарынан көруге болады.

Кейіннен ақылы дәрі босататын дәріханалар Семейде, Петропавлда ашылды, ал 1875 жылы оның саны 6-ға жетті. Жеке меншік дәріханаларға қажетті көңіл бөлінбеді. Олар дұрыс жабдықталмады.

Петропавлдағы бірінші дәріхананы Бухгольц ашты. 1881 жылы провизор А.П.Эберт оны арендаға алып, кейіннен 1886 жылы өзінің жеке меншігіне алды. Ол Ақмолада дәріхана ашуға ниеттенді, бірақ оған жергілікті әкімшілік оған саяси көзқарасы төмен деп рұқсат бермеді.

Верный қаласындағы бірінші дәріхананы 1882 жылы провизор И.Е.Сенчиковский ашты. Ол 1884 жылы Жаркент қаласында, 1889 жылы Пржевальскіде дәріханалар ашты. Балаларына репетитор болып, отбастарына жиі келіп жүретін М.В.Фрунзе ол адамның демократ екенін атап өткен болатын. 1884 жылы жер аударылып келген В.Иньковке Өскемен қаласындағы дәріханада дәрігерлердің бақылауымен фармацевт қызметін атқаруға рұқсат етілді, ал келісімде ол дәріхананы басқара алмайды делінген. Бірақ соған қарамастан, ол В.Иньков өзі дәріхана ашып, ол біраз жылдар бойы қызмет көрсетті.

80-ші жылдардың соңына  қарай Қазақстанда небары 3 фармацевт  қызмет атқарды, қалған дәріханаларда  дәрігерлер мен кәсіпкерлер жұмыс  атқарды.

Алғашқы провизор болған қазақ-дәрігерлерінің бірі- Әміре Дурмухамбетович Айтбакин. Ол 1860 жылы көшпенділер отбасында дүниеге келген. 1889 жылы ол Томск университетінің медицина факультетіне түсті. Оны бітірген соң, Катон-Қарағай селосында қызмет атқарып, ол жерде амбулатория мен дәріхана ашты. Дәріханаға Семей мен Өскеменнен дәрі-дәрмектер әкелінді, дәрі-дәрмектердің бір бөлігін ол өзі дайындады.

Орталық Қазақстанда медициналық көмекті құрамында - дәрігер, фельдшер, акушер бар бір дәрігерлік бөлімше көрсетті. 1880 жылы болыстық фельдшер қызметі пайда болғанда, халыққа медициналық көмекті Омск училищесін бітірген фельдшерлер көрсетті. Олар Омскідегі фельдшерлік мектепті үзік аяқтаған Баже Мыгнатов, Хасен Бижанов, Қандыбек Бердібеков, Татыбек Шыңғысов, Айбас Байтабановтар болды. Олар жұмысқа фельдшерлік құралдарымен аттанды. Дәрі-дәрмектер, хирургиялық құрал-саймандар, таңу материалдары, дәріханалық ыдыстар алу үшін оларға жылына 20 сом бөлініп тұрды. Бұл қаражат өте аз болғандықтан, олар көбіне өз қаражаттарын жұмсайтын еді.

Бүгінгі Қарағанды облысының аймағындағы бірінші дәрігерлердің бірі Жаңабай Ниязбеков болды, ол 1900 жылы Омскідегі медициналық институтты аяқтаған. Ол өте сезімтал, қайырымды болды. Өз қаражатына дәрі-дәрмектер алып мұқтаж жандарға таратып отырған.

1900 жылға қарай Қазақстандағы  дәріханалар саны 18-ге жетті. Тұрғындар саны 4472 мыңға артып, бір дәріханаға 249 мың адамнан келді.

ХХ ғасырдың басында қоныстанған селоларда, темір жол бекеттерінде дәріханалар пайда бола бастады. 1907 жылы Қостанай облысының Федоровка селосында, Челкар бекетінде жеке меншік дәріханалар ашылды.

Фармацевтер саны өте баяу, жылына 2-3 адамға артып отырды. 1910 жылы олардың саны 44 болса, 1915 жылы- 64–ке жетті. Олардың ішінде 17-сі провизор әрі дәріхана иелері болды, 47-сі провизорлар көмекшісі міндетін атқарды. 1915 жылы бір фармацевтке 78000 адамнан келді. Революцияға дейінгі Қазақстанда фармацевтикалық кадрлар дайындау ісі болмады.

Дәріханалар бақылаусыз болып, дәрілердің бағасы мен сапасын ешкім тексермеді. Дәрі-дәрмектер өте қымбат болғандықтан, тұрғындар дәріханаларға сирек келетін болған.

1917-1919 жылдары елде азамат  соғысы жүріп жатты, аштық пен  эпидемия тұрғындардың дәріханаларға  келуіне әсерін тигізді.

1919 жылы кеңес үкіметі  дәріханаларды жалпы халықтық  етті. Олар уездік және губерниялық  денсаулық сақтау бөлімшелерге берілді. Дәрімен қамтамасыз ету өте баяу жүрді, бір дәріхана 100 мыңнан аса адамға қызмет көрсетті.

Осы қиын уақытта фармацияның аса көрнекті қайраткерлерінің бірі Ахмет Раимбеков болды. Ол 1880 жылы Қарқаралы ауданының Катон селосында дүниеге келген. 1917 жылға дейін Семейде, Ақмолада фельдшер болып қызмет атқарған, революциядан кейін Қарқаралыда, Көкпектіде, Катон-Қарағайда дәріханаларды басқарды.

1921 жылы 10 маусымда Қырғыз  денсаулық сақтау комитетінде  фармацевтикалық бөлім құрылып, оны Я.К.Пикман басқарды.оның міндеті дәріханалық істі қайта құру болды. 1922 жылдың басына қарай Қазақстанда 33 фармацевт болды.

1922 жылы Қырғыз мемлекеттік  медицина саудасы  құрылып, оның  мүшелері жергілікті жерлерде  дәріханалық жүйелер мен емдік  мекемелерді дайын дәрілік өнімдермен қамтамасыз етумен айналысты. Олар галендік өнім шығарумен айналысты. Бұл жұмыстардың жүргізілуіне Бесенғали Абдрахманов зор үлес қосты, ол 1914 жылы Воронежде фельдшерлік мектепте оқыған  болатын. Ол Қырғыз мемлекеттік медицина саудасын  басқарды. Оның басқаруымен дәріханалық мекемелер саны 1927 жылдың өзінде 127 –ге жетті.

1928 жылы Қазақ мемлекеттік  медицина саудасы  Қазақстандық  дәріхана басқармасы болып өзгертілді, оның бірінші төрағасы Мәжит  Мұхаметжанұлы Чумбалов  болды. 1929 жылдың өзінде 47 селолық дәріхана мен бір дәріханалық қойма болды. 1931 жылы М.М.Чумбаловтың басқаруымен Семейде бірінші Қазақстандық фармацевтикалық мектеп ұйымдастырылып, Алматыда Орталықтандырылған дәріханалық қойма ұйымдастырылды.

Арнайы фармацевтикалық білімі бар, республиканың еңбек сіңірген фармацевті Қуанышбай Махмудович Умекенов болды. 1928 жылы Ташкентте медициналық техникумның фармация бөлімін аяқтап, ол қазақстанға оралып Қазақстандық дәріхана басқармасында қызмет атқарды.

Қазақстанда фармацевтикалық оқу орындары болмады, сондықтан оқығысы келгендерді Ташкенттегі фармацевтикалық техникумге жіберіп отырды. Сондай-ақ РСФСР-дің фармацевтикалық оқу орындарына да тыңдаушылар жіберіліп отырды. Бірақ бұл жолмен дайындалған фармацевтер саны әлі де жеткіліксіз болды. Сондықтан ҚазАССР Халық денсаулық сақтау коммисариаты 1931 жылы Семейдегі акушерлер мектебін фармацевтикалық техникум ретінде қайта өзгертті.

1934 жылы Қазақстандық  дәріхана басқармасының бастығы  болып Таминдар Гильмутдинович  Жанұзақов тағайындалды. Ол 1895 жылы туған. 1919 жылдан бастап партия саласында қоғамдық қызмет атқарған. 1937 жылы жедел түрде Семейдегі фармацевтикалық техникумды аяқтады. Оның басшылығымен қозғалмалы дәріханалық мекемелер ұйымдастырылып, аналитикалық-бақылау зертханалары ашылды, алғаш рет Қазақстан аймағында фармацевтикалық фабриканы ашуды қолға алды.

Соғыс уақыт алдында республикада 313 дәріхана болды, оның ішінде 26-сы күні-түні жұмыс атқарды, жоғары білімді фармацевтер саны 51-ге жетті.

Ұлы Отан соғысы жылдары дәріхана қызметкерлерінің алдында тұрғындарды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мәселесі тұрды. Эвакуацияланған фармацевтермен дәріханалар штаты толықты. 1944 жылдың

1 қаңтарында дәріханалық  мекемелерде 291 эвакуацияланған фармацевтер  қызмет атқарды, олар барлық кадрлардың 30% құрады.

Барлық облыстарда галендік-фармацевтикалық зертханалар кеңейтіліп, жаңадан үш зертхана ашылды. Алматы галендік-фармацевтикалық зертханасы дәрі-дәрмектерді көп мөлшерде шығара отырып, ол соғыс жылдары үлкен кәсіпорынға айналды. Ол ьжерде парафинді тазалайтын құрылғы жасалып, жаралыларға аса қажет парафин майының қосылыстарын жасап шығарды.

Қазақ мемлекеттік университетінің органикалық химия кафедрасында наркозға қажетті таза эфирді жасап шығару жолға қойылды.

Қазақстандық дәріхана басқармасының шешімімен Шымкент химия-фармацевтикалық зауодында дарминдік майды шығару қайта қолға алынып, негізгі азотты-қышқыл висмут пен никотин қышқылын шығару меңгерілді.

Бес жыл ішінде (1946-1950) 61 дәріхана, 752 дәріханалық бөлімше, 100-ден аса дүңгіршек, 2 аналитикалық-бақылау және бір галендік-фармацевтикалық зертхана, 44 аналитикалық стол ашылды.

Алғашқы ғалым-фармацевтер пайда болды. Олардың бірі Салкен Хасенұлы Субханберлин, ол 1914 жылы Павлодар облысының Баян-Ауыл ауданында дүниеге келген. 1933 жылы Семейдегі фармацевтикалық мектепті аяқтап, 1935 жылдан бастап 1938 жылға дейін оны  басқарды. 1938-1941 жылдары Алматыдағы облыстық дәріхана басқармасын басқарып, одан кейін партия саласында қызмет атқарып, 1948 жылы Қазақстандық дәріхана басқармасының бастығы болды. Жоғары білімді ол И.М.Сеченов атындағы І Мәскеулік медицина институтының фармацевтика факультетінде білім алды. 1966 жылы кандидаттық диссертация қорғады (алғаш рет қазақ тілінде). 72 ғылыми еңбектің авторы, соның ішінде 13 ғылыми кітап пен монография, 300-ден астам медицина мен фармация туралы  стаьялар, қазақ тілінде 14 көркем пьеса жазған. Қазақстанның денсаулық сақтау және медицина мұражайына  оның есімі берілген.

Фармацевтикалық кадрлардың жеткіліксіздігінен 1951 жылы Қазақ медициналық университетінде фармацевтикалық факультет ашылды, оған 50 адам қабылданды. 1953 жылы Алматыда, Қостанайда, Оралда, Петропавл мен Шымкентте жыне Қазақстанның орталық қалаларында да ашыла бастады.

1965-1966 оқу жылында Алматы  медициналық университетінің фармацевтика  факультетіне 150 адам қабылданды.

Жаңа құрылған совхоздардағы бөлімшелік емханалар мен фельдшерлі-акушерлік бөлімдер медициналық жабдықтармен, құрылғылармен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілді.

Провизорлар мен фармацевтердің біліктілігін жоғарлату мақсатында Алматы институтында 1965 жылы фармацевтикалық пәндер кафедрасы ашылып, онда дәріхана меңгерушілері, химик-аналитиктер, бақылаушы-рецепторар мен фармацевтикалық инспекторлар біліктіліктерін жоғарлатты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Сонымен, төңкеріске дейін дәріханалардың саны Ресей жерінде жеткіліксіз еді. Негізінен олар қала орталықтарында болды. Сондықтан село түрғындарына дәрі-дәрмек жетікіліксіз болды. Мұны мына мәліметтер толық айғақтай түседі. 1913 жылы Ресей территориясында 4900 дәріхана болды, ал қалаларда бір дәріханаға 10800 тұрғыннан келді. Орта Азияда бір дәріхана 436400 тұрғынға қызмет етті. Ал Қазақстанда 20 дәріхана, Тәжікстанда 15, Арменияда 7, Қырғыстанда 3 болса, Түркіместан территориясында бірде-бір дәріхана болған жоқ.

Ресей жеріндегі 200 дәріхана негізінен төңкеріс қарсаңында жергілікті уездік басшылықтың қолында болды. Олардың саны көп болғанымен нашар жабдықталған еді. Соған байланысты тұрғындар дәріханамен өздері тұрған жерде қамтамасыз етілмеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

  1. В.Ф.Семенченко. «История фармации»: Оқу құралы –М;  НКУ «Мари»
  2. С.Х. Субханбердин. «Қазақстанда дәріханалық іс және дәрі-дәрмек жәрдемінің даму тарихы»-Алматы, 2004ж.
  3. Р.К. Биғалиева. «Бүкіләлемдік медицина тарихы»: оқулық –Алматы, 2004ж.

 

 


Информация о работе ХІХ-ХХ ғ. Қазақстандағы дәріханалық істің дамуы