ХІХ-ХХ ғ. Қазақстандағы дәріханалық істің дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2015 в 11:10, реферат

Описание работы

Фармацевтикалық қызмет өз бастауын ХІХ ғасырдың ортасынан алады. Қазақстанның Ресейге толығымен қосылуының соңына таман (1847 жылы соңғы болып Ұлы жүз қосылды) патша үкіметінің саясаты орыстың кедей шаруаларын қазақ даласына қоныстандыру, зауыттар салу, пайдалы қазбалардың орнын іздестіру болды

Содержание работы

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. ХІХ ғ. бірінші жартысында Ресей фармациясының дамуы.
2. ХІХ-ХХ ғ. Қазақстандағы дәріханалық істің дамуы

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

farm.doc

— 94.50 Кб (Скачать файл)

 

Жоспар

 

І. Кіріспе

 

ІІ. Негізгі бөлім

 

                           1. ХІХ ғ. бірінші жартысында Ресей фармациясының дамуы.

                           2. ХІХ-ХХ ғ. Қазақстандағы дәріханалық істің дамуы

 

ІІІ. Қорытынды

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Фармацевтикалық қызмет өз бастауын ХІХ ғасырдың ортасынан алады. Қазақстанның Ресейге толығымен қосылуының соңына таман (1847 жылы соңғы болып Ұлы жүз қосылды) патша үкіметінің саясаты орыстың кедей шаруаларын қазақ даласына қоныстандыру, зауыттар салу, пайдалы қазбалардың орнын іздестіру болды. Бұл тұрғындар санын арттырып қана қоймай, сонымен қатар, саяси жер аударылғандар санының артуына (соның ішінде медицина қызметкерлерінің), қоғамдық өмірдің жоғарлауына әсерін тигізді. Қазақ және орыс тұрғындарының тұрмыс жағдайларының төмендеуі салдарынан олардың даладан қалаға қоныс аударулары (миграция) жиіледі. Медицина мен дәріханалық істі дамытудың зор қажеттілігі туындады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ХІХ ғ. бірінші жартысында Ресей фармациясының дамуы

 

         ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Ресейде өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы жедел қарқынмен дамыды. Жоғары білім деңгейі жаңа белеске көтеріліп, ғылыми мектептер қалыптаса бастады.

ХІХ ғасырдың басында Ресейдегі дәріханалардың даму жағдайына сипаттама бере келе, ішкі істер министрі В.П.Кочубей (1768-1834) былай деген: «ерікті дәріханалар Ресейде әлі де аз, астананы есептемегенде, губерниялардың кей аудандарында олар тіптен бір-бірден ғана».

1802 жылы Ресейде фармация  мәселелерімен айналысатын министрліктер, Медициналық коллегия құрылып, олар ішкі істер Министрлігіне қарады.

1810 жылы полиция министрлігі  құрылып, ол Ресейдегі барлық  медициналық істі жүргізді. 1811 жылы  оның құрамына Медициналық департамент  пен Медициналық кеңес енді, соңғысының құрамына дәрігерлер мен қатар дәріханалар енді. Медициналық кеңеске әскери ведомстваны дәріхананың заттарымен, ыдыс-аяқпен қамтамасыз ету мәселелері жүктелді. Медициналық епартамент мемлекеттік дәріханаларды басқарып, жеке дәріханалардың орналасуын тексеріп, оларды бақылап, ревизия жасап отырды.

1819 жылдың аяғында полиция  Министрлігі Медициналық кеңес  пен Медициналық департамент  бірлесе отырып, қайтадан ішкі  істер Министрлігінің құрамына  енді.

1836 жылы Медициналық департамент  Медициналық департамент пен Қазыналық дәрігерлік дайындамалар департаменті болып бөлінді. Медициналық департамент ерікті дәріханалардың ашылуына рұқсат беріп және олар тәртіп бұзған жағдайда жабу құқығына ие болды, дәріханаларға тексеру жұмыстарын жүргізіп, дәріханалық және фармакопеялық  құнды бекітті. Қазыналық дәрігерлік дайындамалар департаменті армия мен флотқа арналған дәріханалық заттарды дайындауды жүргізіп отырды.

  ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Ресейдегі дәрілік көмектің жағдайы қанағаттанарлықсыз болды. Оның бір себебі, дәріханаларды ашу үшін айтарлықтай бастапқы капитал қажет болды.

1851 жылы Ресейде 743 жеке  дәріхана болды. Сол кездерде  Ресейдің 150-ден астам қалаларында  дәріханалар мүлде болмады.

1864 жылы үкімет дәріханаларды  ашудың жаңа ережелерін бекітті. Басты қалалар үшін (Мәскеу, Петербор) бір дәріханаға жылына 12 мың адамнан және 30 мың рецептен келуі тиіс делінген. Губернияларға 10 мың адам мен 15 мың рецепт, уездерге 7 мың адам мен 6 мың рецепт мөлшері бекітілді.

1864 жылы земдік реформаға байланысты ауыл тұрғындарына дәрілік көмек көрсету үшін земдік дәріханалар құрылды. Олар белгілі бір мөлшерде тұрғындары бар жерлерде жеке дәріханалар негізінде ашылуы керек болды. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуі жақсы жолға қойылған земдік дәріханалар саны басында көп болмаса да, кейіннен оның саны арта түсті. 

Земдік дәріханалардан дәрі босату тәртібі әр түрлі болды. Алғашқы кезде дәрі тегін болды, ал 70-ші жылдардың аяғынан бастап дәріге, «кеңес беру», ыдысы, орамы және т.б. үшін ақы алынды. Әр жергілікті жер өз құнын белгіледі. Құн енгізу науқастардың дәріханаға келулерін сиретті, бұл кейбір жерлердегі дәріханалардың амбулаторлық сырқаттарды ақы төлеуден босатуға себеп болды.  

Жергілікті дәріханалар тұрғындарды дәрімен қамтамасыз ету ісін жақсартуға көп үлес қосты. Бұған себеп, ол 1870 жылы Министрлік кеңесте фармацевтикалық сұрақтарды талқылауға ерекше қатысқан Петерборлық фармацевтикалық қоғам сайлаған екі депутаттың әсері болды. Осылайша, 1843 жылы Ресейде 1032, 1895- 3133, 1904 - 3757 дәріхана болды. Яғни, 60 жыл ішінде Ресейде дәріханалар саны 3 есе ұлғайды.

Дәріханалық жарғыға сәйкес 1905 жылы дәріханалар ашу құқығы өз губернияларын жақсы білетін губернаторларға жүктелді. Дәріхана ашу туралы өтініш жергілікті губерниялық дәрігерлік басқармаға тапсырылды, ол өз қортындысын губернаторға тапсырды. Дәрігерлік жарғыда гомеопатиялық  дәріханаларды ашуға талаптар келтірілді. Мәскеу мен Петерборда екі орталықты гомеопатиялық дәріхана ашуға рұқсат етілді. 1914 жылы Медициналық кеңес  гомеопатиялық дәріхана ашудың жаңа ережелерін қабылдады, оған сәйкес бұл мекемелерді фармацевтикалық білімі жоқ адамдар да аша алады делінген.

Дәріханалардан басқа ХІХ ғасырдың соңына таман Ресейде дәріханалық дүкендердің кең жүйесі пайда болды. Олар дайын дәрілік заттарды сатумен айналысты. Дәріханалық дүкендердің ашылуы сауда мекемелерінің ашылуымен теңестірілді. Бірақ оларға күшті әсер ететін және улы дәрілік заттарды сату ережелерін сақтап, дәрілік заттарды дайындауға тиым салынды. Дәріханаларды ашу туралы бұл ережелер айтарлықтай өзгеріссіз 1917 жылға дейін сақталып келді.

Қазан төңкерісінен кейін Ресейдің барлық тұрғындарының өмірінде айтарлықтай өзгерістер болды. 1914 жылы Ресейде 4932 дәріхана болды, олардың көбі орталықта шоғырланды. Дәріханаларда 10500 фармацевт жұмыс атқарды, олардың ішінде 3150-і жоғары білімді болды.

Бірінші дүние жүзілік соғыс тұсында және оның соғына қарай (1914-1918) тұрғындарды дәрімен қамтамасыз ету өте ауыр жағдайда болды. Бұл жағдайда 1917 жылы Петерборда Әскери-кеңестік комитетте Медико-санитарлық бөлім ұйымдастырылды. Жергілікті Кеңестерде фармацевтикалық бөлімшелері бар медико-санитарлық бөлімдер құрылды.

1918 жылы 28 желтоқсанда В.И.Ленин  дәріханалар мен басқа да дәріханалық  мекемелерді халықтандыру туралы  РСФСР халық комиссарлар Кеңесінің декретіне қол қойды. Бұл декрет бойынша барлық дәріханалар жеке меншіктің қолынан алынып, денсаулық сақтаудың Халық комиссариатының құзырына берілді, оның құрамында фармацевтикалық бөлімдер де болды.

Кеңестік республиканың даму жағдайына қарай дәріханалық істі ұйымдастыру, дәріханалық мекемелердің түрлері мен әдістері өзгертілді.

1919 жылы фармацевтикалық  бөлімшелердің  Бүкіл Ресейлік  съезі өтті, онда дәрілік көмек  қол жетерлік, жылдам әрі тиімді  болуы керек делінген. Бұл кезеңде  ел іші дәрі-дәрмек тапшылығын бастан кешірді. Дәріханалар саны кеміп, тұрғындар дәрілік көмекті емдік-профилактикалық мекемелердің құрамында болған дәріханалардан ғана ала алды.

1922 жылы дәріханалық істі  қайта жандандыру мен дамыту  үшін дәріханаларға шаруашылық  есеп енгізілді. РСФСР денсаулық сақтау халық комиссарларының  фармацевтикалық бөлімінің өкімі боынша әрбір дәріханаға дайындалатын дәріні тексеріп отыратын бақылаушы бөлінді. 1923 жылы елдің ірі қалаларында дәріханалық мекемелерде алғаш рет аналитикалық-бақылау зертханалары құрылды. 1925 жылы бірінші Кеңестік фармакопея құрылды.

1924 жылы 1 сәуірде РСФСР  –де дәріханалық басқармалар  құрылымындағы өзгерістердің қиындығына  қарамастан, 1956 емханалық және 3430 амбулаторлық  дәріхана болды. 1925 жылдың 1 қаңтарында  олардың саны 1223-ке жетті. Жеке меншік емханалар саны үнемі кеми отырып, 126 жылға қарай олар дәріханалық іс аймағынан шығарылып тасталды.

1928 жылы РСФСР Денсаулық  сақтау халық комиссариаты Орталықтандырылған  дәріханалық бекет құрып, ол тұрғындарға  дәрілік көмек көрсетуді ұйымдастыру, дәріханалардың жоспары мен құрылымы мәселелерін шешіп отырды. 1931 жылы ол Ғылыми-зерттеу бекетінің орталығы болып өзгертілді. Сол жылы Денсаулық сақтау халық комиссариаты құрамындағы экономикалық кеңестің қаулысымен Мемлекеттік дәріханалық қауымдастық (РАПО) құрылды.

Бірінші бесжылдықта (1929-1932) дәріханалар саны 40% өсті. 1935 жылы РАПО базасының құрамынан Бас дәріханалық басқарма құрылды, оған аймақтық және облыстық денсаулық сақтау бөлімдері қарады. 1936 жылы ССРО денсаулық сақтау Министрлігі құрылып, оның құрамында Дәріханалық инспекция өз жұмысын бастады.

1937 жылы екінші бесжылдық  аяқталды. Бұл кезде Ресейдегі  дәріханалар саны 2900-ден 8500-ге дейін  артты. 1937 жылы елде 31 мың фармацевт  болып, олардың 6 мыңнан астамы жоғары білімді болды.

1940 жылы дәріханалық іс  нақты ұйымдастырылған құрылымымен  ССРО Денсаулық сақтау халық  комиссариаты құрамына енді. Бұл  кезде ССРО 9273 дәріхана және 1400 дәріханалық  дүкендер, 13864 дәріханалық бөлімшелер, 270 дәріханалық қоймалар, 149 галендік-фармацевтикалық фабрикалар мен зертханалар қызмет атқарды.

Ұлы Отан соғысының басталуымен елдегі дәріханалық жүйе көп шығынға ұшырады. 1941-1942 жылдары фармацевтердің саны екі есеге кеміді. Соғыс жылдары дәріхана қызметкерлерінің алдында жаңа дәрілер дайындап, дәрі-дәрмекті шығаруды ұйымдастыру мәселелері тұрды.

Ұйымдастыру, экономикалық және технологиялық мәселелерді шешу мақсатында 1944 жылы РСФСР Денсаулық сақтау министрлігінде ғылыми-зерттеу институтының орталығы ашылды. 1946 жылы ССРО-да дәріханалар саны соғысқа дейінгі дәріханалар санынан екі есеге артты. Бірақ дәріханалық жүйе кадрлар, жабдықтар, дәрі-дәрмектер тапшылығын бастан кешірді.

Осыған байланысты 1945 жылы ССРО Бас дәріханалық басқармасы құрылып, оған елдегі дәріханалық істі жалпылай басқару мен қамтамасыз ету ісі жүктелді.

Бесінші және алтыншы бесжылдықтарда дәріханалық істі кеңейтуге басты назар аударылды. Жаңа өнеркәсіптік аудандарда және тың және тыңайған жерлерді игеру аймақтарында дәріханалар салына бастады.

Жетіжылдықтың соңына қарай (1959-1965) ССРО 19288 дәріхана болды (оның 9513-і қалалық және 9715-і селолық болды). Дәрілік заттармен қамтамасыз ету соғысқа дейінгі уақытқа қарағанда 5 есе өсті.

1970 жылдың 1 шілдесінен бастап  «ССРО мен одақтас республикалардың  денсаулық сақтау туралы заңдарының негізі» күшіне енді. Бас дәріханалық басқарма осы «Негізге» сүйене отырып, дәріханалық мекемелер туралы, дәріхана қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері туралы ережелер мен құқықтық құжаттарды жүргізе бастады.

Оныншы бесжылдықта (1976-1980) елдегі дәріханалар саны 1880-ге артты (соның ішінде селолық жерлерде 487-ге артты). Қалаларда дайын дәрілік өнімдерді, балаларға арналған дәрі-дәрмектерді босататын дәріханалар құрыла бастады. Ірі емханаларда дәріханалық бөлімшелер ашыла бастады. Оныншы бесжылдықта сырқаттың негізгі түрлерін емдеуге арналған дәрі-дәрмекке қажеттілікті анықтаудың әдістемелік негізін жасап шығарып, дәрі-дәрмек қажеттілігіне математикалық әдіспен және ЭЕМ –ның көмегімен  болжамдар жасала бастады.

Онбірінші бесжылдықта 1985-2010 жылдарда дәріханаардың дамуына болжамдар жасалды. Дәріханалық жүйені жетілдіру жоспаранып, бір дәріхананың адамдарды қамтамасыз ету мөлшері 7-8 мың адамға азайды. 1986-1990 жылдары денсауық сақтау мен фармация аясындағы ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге үлкен әсерін тигізетін ғылыми бағыттағы зерттеу жұмыстарын қарқынды атқару көздеді. Едің денсаулық сақтау саласы нарықтық экономикаға көше бастады.

Он екінші бесжылдықта дәріханалық жүйелерде сатылатын медициналық өнімдердің деңгейі өте жоғары болды, ол ХІ бесжылдықтағы 855 млн-ға қарағанда 2198,2 млн-ды құрды. ССРО дәріханалық қызметі өзінің масштабы бойынша, дәріханалар жүйесінің саны, кадр ресурстары, сатылатын дәрілік заттарының көлемі бойынша 1990 жылы әлемдегі ең ірілердің бірі болды. Экономикалық реформалар жағдайында дәріханалық қызметті басқарудың сапалы жаңа түрін енгізу қажет болды. ССРО Денсаулық Министрлігінің ГАПУ бастығы А.Д.Апазов барлық деңгейлерде «Фармация» бірлестігін құруды ұсынды. Мұндай бірлестіктерді құру мақсаты басқару аппараты құрылымын ұйымдастыруды жүйелі түрге енгізу негізінде дәрімен қамтамасыз етуді ұлғайту, қатарласа қызмет атқаратын ұйымдарды жою, әкімшілік-басқарма қызметкерлерінің санын кеміту болып  табылады. Бірақ елдегі экономикалық тоқыраудың әсерінен дәріханалық жүйенің әрі қарай дамуы кідіріп қалды. Үкіметтің бірқатар: дәрі шығаратын 37 зауоттың құрлысы туралы, дәрі-дәрмек өндірісін ұлғайту шаралары  туралы, тұрғындар денсаулығын ары қарай жақсарту шаралары туралы қаулылары жүзеге аспай қалды. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді толық қанағаттандыру үшін 1991 жылы денсаулық сақтау саласына 5 млрд. сом валюта бөлу қажет болды, оған шет елдерден тек дайын дәрі өнімдерін ғана емес, техника мен жабдықтар алуға, соның нәтижесінде сатып алынатын дәрілер көлемін кемітпей-ақ, едегі дәрі өндіру базасын дамыту көзделді.

 

ХІХ-ХХ ғ. Қазақстандағы дәріханалық істің дамуы

 

Фармацевтикалық қызмет өз бастауын ХІХ ғасырдың ортасынан алады. Қазақстанның Ресейге толығымен қосылуының соңына таман (1847 жылы соңғы болып Ұлы жүз қосылды) патша үкіметінің саясаты орыстың кедей шаруаларын қазақ даласына қоныстандыру, зауыттар салу, пайдалы қазбалардың орнын іздестіру болды. Бұл тұрғындар санын арттырып қана қоймай, сонымен қатар, саяси жер аударылғандар санының артуына (соның ішінде медицина қызметкерлерінің), қоғамдық өмірдің жоғарлауына әсерін тигізді. Қазақ және орыс тұрғындарының тұрмыс жағдайларының төмендеуі салдарынан олардың даладан қалаға қоныс аударулары (миграция) жиіледі. Медицина мен дәріханалық істі дамытудың зор қажеттілігі туындады.

Информация о работе ХІХ-ХХ ғ. Қазақстандағы дәріханалық істің дамуы