Гипертониялық криз
Реферат, 29 Января 2015, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Гипертониялық криз — бұл вегетативті бұзылыстардың нәтижесінде ми мен жүрек-қан тамырында патологиялық өзгерістер болатын артериялық қысымның кенеттен көтерілуі.
Гипертониялық кризде көптеген жүйелер мен ағзалар тарапынан асқынулар, орталық нерв жүйесінің бұзылыстары, жүректік тапшылық, стенокардия, миокард инфаркті, өкпе ісінуі, аневризм және басқалардың қауіпі артады.
Файлы: 1 файл
гипертониялық криз.ppt
— 8.66 Мб (Скачать файл)
С.Ж Асфендияров атындағы
Кафедра _______________________
Тақырыбы: Гипертониялық
криз
Орындаған: Тұрлыбаев Т
Курс: V
Топ:
Алматы 2015ж.
- Гипертониялық криз — бұл вегет
ативті бұзылыстардың нәтижесін де ми мен жүрек-қан тамырында патологиялық өзгерістер болаты н артериялық қысымның кенеттен көтерілуі.
- Гипертониялық кризде көптеген жүйелер мен ағзалар тарапынан асқынулар, орталық нерв жүйесінің бұзылыстары, жүректік тапшылық, стенокардия, миокард инфаркті, өкпе ісінуі, аневризм және басқалардың қауіпі артады.
- Қан қысымының (ҚҚ) көтерілуі екі механизмге байла
нысты: - - қан тамырлық
- кардиалды
- Ағымының 4 нұсқасын ажыратады:
- 1 - қатерлі (тез өршитін);
- 2 – баяу өршитін;
- 3 - өршімейтін;
- 4 – қайтымды дамуымен;
Криздік жағдайды әдетте мыналар туындатады:
- психоэмоционалдық артық жүктеме;
- ауа райының өзгеруі;
- кофені, алкогольдік ішімдіктерді көп ішу;
- гормондық бұзылыстар;
- гипотензивті препараттарды ішуді өз еркімен тоқтату;
- мидың (инсульт), жүректің (инфаркт немесе стенокардия ұстамасы), бүйректің ауыруы.
Гипертониялық криздің белгілері:
- - диастоликалық артериалды қысымның 110-120 ммсынбағ-нан жоғары көтерілуі;
- қатты бас ауыру, әдетте желке тұсында;
- самайдағы тамыр бүлкілдеуі;
- ентігу (жүректің сол қарыншасына түсер жүк күшейгендіктен);
- жүрек айнуы немесе құсу;
- көру бұзылыстары (көз алдындағы “кіреукелену”, көру өрісінің ішінара жоғалуы мүмкін);
- тері жамылғыларының қызаруы;
- төс астында қыспалы аурудың пайда болуы ықтимал;
- қозу, ызалану.
Криздің екі түрі ажыратылады.
- Бірінші типтегі криз (гиперкинтетикалық) көбіне артериалды гипертензияның ерте сатыларында байқалады. Бұған жедел басталу, көбіне систоликалық АҚ-ның артуы, тамыр соғысының жиілеуі, “вегетативтік белгілердің” молдығы тән.
Екінші типтегі криз (гипокинетикалық) әдетте АҚ-ның жоғары деңгейі фонында кеселдің соңғы сатыларында дамиды, милық және жүректік симптомдармен бірге біртіндеп даму (бірнеше сағаттан 4-5 күнге дейін) және ауыр ағым тән.
Гипертониялық
криздің диагностикасы келесі
негізгі критерилерге
- 1. Салыстырмалы кенет басталу.
- 2. АҚ жеке жоғары көтерілуі (> 180/120 с.б.).
- 3. Церебральді, кардиальді жəне вегетативті мінездегі субъективтік жəне объективтік симптомдардың болуы.
СД
ДД
Қысым деңгейін бағалау
110
70
Оңтайлы
120
80
Қалыпты
121-139
81-89
Гипертензия қаупі
140-159
90-99
Бірінші деңгейлі гипертензия
160
100
Екінші деңгейлі гипертензия
>180
>110
Үшінші деңгейлі гипертензия
- Гипертониялық криздегі алғашқы
көмек
- науқасты төсекке жатқызу (бас жағын жоғары етіп);
- толық физикалық және психикалық тыныштық жасау;
- дәрігер келгенше әрбір 15 минут сайын артериалды қысымды және жүректің жиырылу жиілігін (ЖЖЖ) бақылау;
- АҚ-ды төмендететін емді шұғыл бастау (үйде, жедел жәрдем көлігінде, аурухананың қабылдау бөлімінде);
- жоғары АҚ фонында тахикардия байқалса селективті емес бета-адреноблокаторлар тобының препараттары (пропранолол) ұсынылады;
- криздің бетін ықпалды қайтару үшін каптоприл қолданылады, әсіресе анамнезінде кардиосклероз, жүректік тапшылық, қант диабеті болса;
- нифедипинді жүктілік фонында, қосымша бүйрек және бронх-өкпе жүйесінің кеселдері болғанда қолданады;
- алаңдатушы процедуралар:
- желкеге, белге және аяққа қыша;
- қатты бас ауруында басқа салқын қою;
- ыстық аяқ ванналары.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- 1.Айтбембет Б.Н. Ішкі аурулар пропедевтикасы.- Алматы 2005ж.
2.Жаманкулов К.А. Ішкі аурулар пропедевтикасы , б. I-II.- Актөбе, 1992ж.
3.Муратбекова С.К. Терапиядағы мейірбике ісі.- Астана «Фолиант», 2007ж.- 600 б.
Қосымша әдебиеттер :
1.АхметовК. Ішкі аурулар пропедевтикасы.-Актөбе, 2007