Адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2013 в 15:20, реферат

Описание работы

Уақыт өте келе АИТВ-мен жұққаннан адам жиі ауыратын болады. ЖИТСдиагнозы (жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі) жұқпаланғаннан кейінәдетте бірнеше жыл өткесін қойылады.
ЖИТС – адамның иммундық жүйесінің бұзылуынан пайда болатынауру. Иммундық тапшылық әсері салдарынан бір немесе бірнеше қауіпті аурулардамуы мүмкін (пневмония, туберкулез, рак және т.б.), бұл аурулармен адам ағзасыкүресе алмайды.
АИТВ - ЖИТС-ның басты себебі болып табылатын індет. Егер жұқпаланған адамның қаны, шәуеті, қынап сұйықтары немесе ана сүті дені сау адамның қанына (инъекция, дене жарасы арқылы) немесе сілемейлі қабыншақтарына түссе, жұқпалану мүмкін. Тұрмыстық жағдайда жұғу мүмкін емес.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 36.57 Кб (Скачать файл)

Т- лимфоцит ядросындағы  генетикалық ақпарат вируспен салыстырғанда 100 000 есе көбірек. Бірақ ішіне енген вирусқа жасуша төтеп бере алмйды.

Вирус өзі суасты сүңгуір қайығына қарсы қолданатын мина тәріздес келеді. Үстіндегі «саңырауқұлақтары» гликопротеинді молекуладан тұрады. Уш-төртмолекуланың «бас киімі» ГП 120, ал «аяғы» ГП 41 ден құралған.  

 

АИТВ инфекциясын жұқтырғаннан кейін ағзада қандай өзгеріс болады? 

Вирус бетінде СД 4 молекуласы бар жасушаға кездеседі. Гликопротеинді «саңырауқұлақ» осы молекулаларға тығыз жабысады да, жасушаның қақпағын ашады. Дәлдігін айтқанда, жасуша қабығы мен вирус қабығы бірігеді де, вирустың генетикалық ақпараты жасуша ішіне енеді. АИТВ инфекциясына қарсы екпені табу вирустың жасушаға ену этапына көзделген.

АИТВ өзгеше вирус  тобына жатады, яғни ретровирустар тұқымдастығына. Табиғаттағы вирустар мен жасушалардың генетикалық ақпараты ДНҚ түрінде кодталған№ ал АИТВ-да ақпарат РНҚ-да кодталған. Вирус жасушаға енгеннен кейін РНҚлы ақпарат жасушанікіне сәйкестендіріп ДНҚлыға ауыстыруы қажет. Ол үшін вирус кері транскриптаза ферметін қолданады, соның көмегімен РНҚны ДНҚға ауыстарады. Осындай өзгерістен кейін жасуша вирустың ДНҚсын «өзінікі» деп қабылдайды. Бұл процесс жұқпа енгеннен кейін 12 сағат көлемінде болады.

Дәл осы этапта вирусқа кедергі жасауға болады. Мұндай кедергіне ретровирусқа қарсы препараттар жүзеге асырады – АЗТ, ddI, ddC, d4T, 3TC, неверапин және тағы басқалары, олар кері транскриптазаның ингибиторлары боп саналады.

Жаңадан жасалған вирустың ДНҚсы интеграза ферментінің көмегімен жасуша ДНҚсына саптала бастайды. Жасуша-иесінің штаб пәтерін жаулап алғандықтан жасуша вирусқа көнре бастайды. АИТВ инфекциясы кезінде қанның миллиардтаған жасушасында вирустың генетикалық материалы болады.

АИТ вирусының генетикалық ақпаратына бағына отырып, жасуша өзі вирустың компоненттін өндіре бастайды, алдын ала дөрекі жаңа вирус бөлшектерін жасайды. Дәл осы сәтте вирустың дөрекі бөліктері жасушадан бөлінеді, бұл процесстің жүруіне вирус ферменті – протеаза көмектеседі. Протеаза қабықша астындағы жаңа вирус бөліктерін ретке келтіреді, вирус басқа жасушаны зақымдауға дайын болады. Жаңа вирус пайда болуына кедергі жасауға протеаза ингибиторлары – индинавир, саквинавир, ритонавир және басқалары көмектеседі.

Вирус тек қана Т  – лимфоцитті ғана емес, сонымен қатар СД 4 рецепторлары бар, ұзақ өмір сүретін моноцит пен макрофаг жасушаларын да зақымдайды. Олар вирустың көп көлемін өзінде сақтай алады, бірақ өмір сүруін жалғастыра береді. Олар вирустың қоймасы ретінде жұмыс атқарады. Вирус макрофаг пен моноцит жасушалырының ішінде болғанда вирусқа қарсы препараттар оған әсер ете алмайды, сол үшін де вирусты ағзадан толық шығару мүмкін емес.

Батысытң озық елдерінде жүргізілген кең көлемді зерттеулерге жүгінсек, вирусқа қарсы дәрілер тағайындалмаса орта есеппен вирусты жұқтырған сәттен ЖИТС ауруының дамуына дейін 10 жыл уақыт кетеді. Бірақ аурудың басқаша қарқынмен жүруі де мүмкін. 10% -ға жуық науқастарда ЖИТС- пен ауру 2-3 жылда-ақ дамиды, ал 10% науқастарда 12, тіпті одан да көп жыл бойы ЖИТС ауруның белгілері көрінбейді. АИТВ инфекциясының өршуіне әртүрлі факторлар әсер етеді: генетикалық ерекшелігі, вирустың штаммы, науқастың психологиялық жағдайы, өмір сүру жағдайы және т.б.

АИТВ инфекциясы ағзаға қан арқылы кіруі мүмкін ( бірреттік піскек қолданбағанда, тексерілмеген қан құю кезінде, нашаны ерітуге арналған ортақ ыдыс қолднағаннан) немесе жыныстық қатынас арқылы. Жыңыстық жолмен жұққан кезде вирус қынаптың шырышты қабаты арқылы, еркектің жыныс мүшесі, тік ішек арқылы, сирек ауыз арқылы ене алады. Шырышты қабаттың бүтіндігінің бұзылуы, түрлі жаралардың болуы, қабынулардың болуы вирустың ену қаупін жоғарылатады. Зерттеулердің көрсеткеніне қарай иммундық жүйенің дендритті жасушалары шырышты қабатқа түскен бөгде заттарды қармап, лимфа түйіндеріне апарып, бөгде заттарды жоюға кіріседі. Бірақ АИТ вирусы ол жерде өлмейді, керісінше көптеген жасушаларды зақымдай бастайды.

Көп адамдарда вирус ағзаға енгеннен кейін жедел инфекция сатысы дамиды: вирус қанда бірден көбейіп кетеді (виремия), ал Т-лимфоциттер саны 20-40% төмендейді. Жиі тұмауға ұқсас симптомдар өрбиді. Жедел сатысы тез арада өтеді, 1-3 айдан кейін ағза вирусқа қарсы антидене өндіреді, вирустың саны төмендейді, Т-лимфоцит 80-90%-ға көтеріледі. Вирус күнде милиардты жаңа вирустарды өндіріп көбейе береді, ал иммунжы жүйе вируспен белсенді күреседі, вирусты бақылауда ұстауға тырысады. Адам өзінің ағзасында бұл процесстердің болып жатқанын аңғармайды да, себебі ешқандай ауру белгілері болмайды. 

 

Вирус ағзадан  тыс қанша өмір сүреді?

Ашық ауада вирус бірнеше минуттан кейін тіршілігін жояды. Піспектің (шприц) ішінде одан көбірек өмір сүреді. АИТВ-ның өмір сүру ұзақтығына байланысты түрлі аңыздар бар. Шындығы қайсы?

АИТВ-ның адам ағзасынан тыс өмірі жайлы түрлі дұрыс емес пікірлер қалыптасқан. Зертханада зерттеулер жасау үшін вирустың концентрациясын қолданады, ол табиғи жолда кезедесетінмен салыстырғанда 100 000 есе жоғары. Жасанды концентратты вирус сұйықтық құрғағаннан кейін 1-3 тәулік те өмір сүре береді. Бірақ табиғи концентрацияға жақындатсақ АИТВ адам ағзасынан тыс тек бірнеше минут өмір сүретіні анықталды. АИТВ адам ағзасынан бөлек бірнеше сағат немес тәулік тіршілігін жоймаса тұрмыстық жолмен жұғу жолы тіркелетін еді, ал ондай жолмен тіркелеген жағдай жоқ.

Піспектің ішіндегі немесе инеде болатын АИТВ көп қызуғышылық туғызуда. Оған бірнеше факторлар әсер ететіні белгілі болды: инеде қанның көлемі, қандағы вирустың титры, қоршаған ортаның температурасы.

Бір зерттеулерге жүгінсек, АИТВ-1 бар жоғары титрлі залалданған піспекті қолайлы температурада сақтап тексергенде, вирус 48 тәулік бойы тіршілігін жоймағаны белгілі болды. Инъекционды жолмен вирустың берілуін алдын алу мақсатында қолданған піспек пен стерилизациядан өтпеген инеде вирус бірнеше тәулік сақталатынын ескеру қажет!

 


Информация о работе Адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы