Адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2013 в 15:20, реферат

Описание работы

Уақыт өте келе АИТВ-мен жұққаннан адам жиі ауыратын болады. ЖИТСдиагнозы (жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі) жұқпаланғаннан кейінәдетте бірнеше жыл өткесін қойылады.
ЖИТС – адамның иммундық жүйесінің бұзылуынан пайда болатынауру. Иммундық тапшылық әсері салдарынан бір немесе бірнеше қауіпті аурулардамуы мүмкін (пневмония, туберкулез, рак және т.б.), бұл аурулармен адам ағзасыкүресе алмайды.
АИТВ - ЖИТС-ның басты себебі болып табылатын індет. Егер жұқпаланған адамның қаны, шәуеті, қынап сұйықтары немесе ана сүті дені сау адамның қанына (инъекция, дене жарасы арқылы) немесе сілемейлі қабыншақтарына түссе, жұқпалану мүмкін. Тұрмыстық жағдайда жұғу мүмкін емес.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 36.57 Кб (Скачать файл)

Адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы

АИТВ - адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы, ХХ ғасырдың 80-жылдарының басынан бастап танымал. АИТВ ағзаға түскен кезде біздіңаурудан және жұқпадан қорғайтын иммундық жүйені бұзады.

 

Уақыт өте келе АИТВ-мен  жұққаннан адам жиі ауыратын болады. ЖИТСдиагнозы (жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі) жұқпаланғаннан кейінәдетте бірнеше жыл өткесін қойылады.

ЖИТС – адамның иммундық жүйесінің бұзылуынан пайда болатынауру. Иммундық тапшылық әсері салдарынан бір немесе бірнеше қауіпті аурулардамуы мүмкін (пневмония, туберкулез, рак және т.б.), бұл аурулармен адам ағзасыкүресе алмайды.

АИТВ - ЖИТС-ның  басты себебі болып табылатын індет. Егер жұқпаланған адамның қаны, шәуеті, қынап сұйықтары немесе ана сүті дені сау адамның қанына (инъекция, дене жарасы арқылы) немесе сілемейлі қабыншақтарына түссе, жұқпалану мүмкін. Тұрмыстық жағдайда жұғу мүмкін емес.

Жұқпа жұқтырылған күнінен  бастап ағзада өзінің бұзушылық жұмысын  атқарады, иммундық жүйенің жасушаларын  жаулап алады. ЖИТС диагнозы осы жасушалардың 80 пайызының  бұзылуын білдіреді.

АИТВ жұқпасын емдеуге  арналған дәрі-дәрмек әлі ойластырылып табылмаған. Бірақ бүгінгі таңда  науқастың өмір сапасын жақсартуы  және өмірінің ұзақтығына әсер ететін дәрі-дәрмек бар.          

Ашылу тарихы         

ЖИТС-ның этиологиясының нәтижесінде  адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы 1983 жылы ашылды. ЖИТС туралы ең алғашқы ғылыми ресми баяндама ретінде, гомосексуалист-ер адамдарда кездескен белгілі емес пневмоцистік пневмония және саркома Капоши туралы 1981 жылы шыққан екі мақала болып табылады. 1982 жылдың шілде айында алғаш рет жаңа ауыруға ЖИТС термині қолданды. Осы жылдың қыркүйек айында гомосексуалистер мен нашақорлар, А гемофилиясымен ауыратын адамдарда бірнеше қатар оппортунистік жұқпалар диагностикасы негізінде ЖИТС ресми түрде ауыру деген мағынада қолданады. 1981 жылдан 1984 жылға дейін ЖИТС-ның таралыуының дамуы жыныстық қатынас арқылы және нашақорлықтың қауыпты екендігі туралы бірнеше жұмыс шықты. Оған қатар ЖИТС-ның індеттік табиғаты бар екендігінің гипотезасы бойынша жұмыс жүргізілді.

Адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышын 1983 жылы бір-бірінен бөлек  екі лаборатория анықтады:

-Люк Монтанье басшылығының қол астында Францияда Пастер Институтында

- Роберт Галло басшылығының қол астында АҚШ ұлттық рак институтында

1983 жылдың 20 мамыр айында Science журналы зертеулер нәтижесінде  науқастардың ағзасында жаңа  ретровирус кездескені туралы  жазады. Бұл мақалаларда жаңа ашылған қоздырғыш HTLV топ қоздырғыштарына жататындығы мәлімдігін жазады. Зерттеушілер жаңа табылған қоздырғыш ЖИТС –ны тудыру мүмкіндігін ұсынды. 1984 жылды мамыр айының 4- күні зертеушілердің хабарлауы бойынша, ЖИТС-мен ауыратын 72 адамның 26-ның лимфоциттерінен, пре-ЖИТС жағдайымен ауыратындар арасында 21 ден 18 науқастарда сол кезде HTLV-III атты қоздырғыш анықталған. Зертеушілер 115 дені сау бақылау топтағы гетеросексуалдардың арасынан қоздырғышты таппады. Оның себебі Т4лимфоциттардың санының аздығына байланысты, деді олар. Қоздырғыштың алғашқы атауы АИТВ атауына өзгертілді.

Вирустың берілуі          

АИТВ ағзаның барлық биологиялық  сұйықтықтарында пайда болады. Бірақ, зарарлануға қажетті қоздыруыштың керекті саны тек қанда, шәуетте, қынапта, лимфада және ананың сүтінде (ананың сүті тек нәрестелер үшін ғана қауіпті – олардың асқазандарында АҚТБ-ны өлтіретін асқазан қышқылы өнделмейді) болуы мүмкін. Індет адамның қан және лимфоток арқылы тікелей қауіпті биосұйықтықтыраның, сонымен бірге зақымдалған шырыш қабыршақтарына (бұл шырыштылардың сіңу қызметіне негізделеді) түсуі жолымен де болады. Егер АҚТБ-жұқпасының қаны басқа адамның қаңы жүріп тұрған ашық жарасына түскенде жұқпаның әсері болмайды.

АИТВ – тұрақсыз вирус  – ағзадан тыс ортада, қанның (шәует және қынаптың) кебуінде өледі. Індет тұрмыстық жолмен берілмейді. АИТВ 56 С градусынан жоғары жағдайында лезде өледі.

Бірақ, тамыр арқылы инъекцияларда  вирустың таратылуының дәрежесі өте  жоғары – 95 %-ге дейін. Инемен шаншуда медперсоналға АҚТБ-ның жұғуы жолдары да тіркелген. Бұндай жағдайда, АҚТБ таратылуы жолдарының алдын алу мақсатында (пайыз үлестеріне дейін) дәрігерлерге жоғары белсенді антиретровирустік терапияның төрт апталық курстары тағайындалады. Химиопрофилактика, сондай-ақ жұқпалану қатеріне тәуелді өзге адамдарға тағайындалады. Химиотерапия вирустың ықтимал таратылуынан кейін 72 сағаттан аспай тағайындалады.

Нашақорлардың бірнеше рет  инелер мен шприцтерді пайдалану  АҚТБ-ның таратылуына әкеліп соғады. Оның алдын алу үшін арнайы қайырымдылық орындары құрылады, онда ақысыз негізде қолданылған шприцтер орнына таза шприцтер беріледі. Сонымен бірге жас нашақорлар жыныстық белсенді, қорғалмаған жыныстық қатынастарға жие түседі, бұл вирустың таратылуына қосымша жол ашады.

Әртүрлі көздер бойынша қорғалмаған  жыныстық қатынастарында берілетін  АҚТБ-ның таратылуы туралы мәліметтері  өзгеше. Таратылуы қатері көбінесе қатынас типінен (қынаптық анустық, ауызбен) және серіктес рөліне (кіргізуші тарап/қабылдаушы тарап) қатысты болады. 

Сондай – ақ, анадан балаға тараудың тіке жолдары болуы мүмкін. Жоғары белсенді антиретровирустік  терапия арқылы оның алды алуда, вирустің тіке таратылуының қатері 1,2%-ға дейін  төмендетіледі.

Вирустың өзге биологиялық  сұйықтықтарда сілекейде, көз жасында  болуы өте төмен; сілекей, көз  жасы, тері арқылы таратылу туралы ақпарат  жоқ. Ананың сүтімен тамақтандыру жұқпаны тарату себебі болуы мүмкін, өйткені ананың сүтінде АҚТБ болады, сондықтан АҚТБ-мен ауыратын аналарға балаларын кеудесімен тамақтандырудан бас тарту қажет.

АҚТБ қан сорғыш масалар  және басқа құрт-құмырсқалар, ауа, қол  алысу, сүйісу (кез-келген), ыдыс-аяқ, киімдер, ваннаны, дәретхананы, жүзу бассейнің  пайдалану және т.б.арқылы таратылмайды.

АИТВ диагностикасы. АИТВ-ға тестілеудің түрлері.         

Қоздырғышты арнайы тест жүргізу арқылы табуға болады. Тест үрдісініңқорытындысы антиденені табу арқылы, қоздырғыштың ағзаға өтуі арқылықалыптасады.

Бірінші тест - иммунндық-ферменттік талдау (ИФТ). Бұл-диагностиканыңкеңінен тараған әдісі болып табылады. Жұқпадан 3 ай кейін ағзаға түскеннен соң,адам ағзасында иммуноферментті талдауды анықтай алатын антиденелер саныжинақталады. Теріс расталмаған нәтиже жұқпаға антиденелер жетілдірілмегеннемесе ЖИТС-ның терминалды деңгейінде, яғни қан құрамында жұқпа өте көпболғандықтан CD-4 антиденелер жоқ дегенді білдіреді. Егер сіз теріс расталмағаннәтижеңізге көз жеткізгіңіз келсе, онда сізге 3 айдан кейін ИФТ өтудің маңызы бар.

Теріс расталмаған нәтиже негізінен жұқпалы, аутоиммундық, онкологиялық және т.б. күрделі аурулары бар науқастарды, сонымен қатар жүктілік кезінде  тексерген кезінде анықталады.Сондықтан  кез келген оң нәтижені міндетті түрде  өте сезімтал тест – иммуноблотта тексереді. Иммуноблот ИФТ-ның оңнәтижесінен кейін оң нәтиженің 99,9% растайды – бұл кез келген медициналықтест үшін максималды нақтылық. Екінші тест – иммуноблот (ИБ). Бұл тест АИТВ-ғаспецификалық антиденелердің барын анықтайды. Нәтиже оң, теріс және сенімсіз(немесе анықталған) бола алады.

Анықталмаған нәтиже адамның  қан құрамында АИТВ бар, бірақ  ағзаның антиденелер спектрі  толық жетілдірілмегендігін білдіреді. Ережеге сәйкес сенімсізнәтиже алғаннан 1-3-6 ай өткеннен кейін ерітіндіде бірінен соң бірі антиденелержәне АИТВ пайда болады. Бұндай жағдайда сенімсіз нәтижелерАИТВ-жұқпасының бастапқы кезеңінің куәсі болып табылады. Иммуноблоттыңанықталмаған нәтижесі адамның АИТВ-ны жұқтырмағандығын, бірақ оныңағзасында АИТВ антиденелеріне ұқсас денелер барын білдіреді. ИБ-ныңбелгіленбеген нәтижесінде науқас дәрігер-инфекционисттың қарауында боладыжәне 1,3 және 6 айдан кейін қайта тексерістен өтеді. Үшінші тест – полимераздыцепті реакция (ПЦР). Ол жұқпаның РНК және ДНК анықтау үшін қолданылады. ПЦРкелесілер үшін қолданылады:

- «Терезе кезеңінде» және  иммуноблоттың нәтижесі түсініксіз  болған кезде АИТВ-ның бар немесе  жоғын анықтау үшін;

- Ағзада АИТВ1 немесе АИТВ2 жұқпасының қайсысы барын анықтау  үшін;

- Жұқпалы жүктілікті анықтау  және бақылау үшін;

- АИТВ-жұқпаланған анадан  туған нәрестелерде АИТВ-статусын  анықтау үшін;

- Қан құю<

АИТВ жұқпасы - адамның  иммун тапшылығы вирусының (АИТВ) нервтік тіндерінің лимфоциттарында, макрофагаларында және  жасушаларында көп жылдық айналымы нәтижесінде дамитын, иммундық жүйенің  баяу дамитын ақаулықтырын сипаттайтын, ауруды жүре пайда болған иммун тапшылығының синдромы (ЖИТС) деп жазылған екінші жеңіліске ұшыратудан өлімге апаратын инфекциялық ауру.  
Біздің елімізде ВОЗ клиникалық топтастыру қызмет етеді, 2006 жылғы нұсқа, Қазақстанның жағдайына бейімделген, иммун тапшылығының көрінуіне байланысты  оппортунистикалық инфекциялар мен басқа екінші қайтара ауруларды тіркеуге негізделген:  
 
Жіті  АИТВ жұқпасы  
Жіті безгек  фаза (жіті ретровирустық синдром) 
1 Клиникалық  саты  
2 Клиникалық саты  
3 Клиникалық саты   
4 Клиникалық саты (терминалды) 
 
Өткір фазаның алғашқы пайда болу сатысында клиникалық белгілерінің нақты  болмауы аз кездеспейді, бірақ 30-50% жұқтырғандарда АИТВ жұқпасының қауіпті  белгілері пайда болады («өткір ретровирустық синдромы», көбіне жиі байқалатын «моноуклезтәрізді», саңырауқұлақ тәрізді»  немесе «экзаментозды» түріндегі аурулар.  
Бұндай жағдайда өткір безгек фаза ауруында: безгекпен   (96%), лимфаденопатиямен ( 74%), беттегі, денедегі кейде аяқтардағы эритематозды және  макулопапулезді  бөртпе ( 70%), миалгия немесе артралгия ( 54%) қоса жүреді. 
Мынандай диарея, бас ауруы, жүрек айну және құсу, бауыр мен өттің үлкеюі сирек кездеседі. Неврологиялық белгілер шамамен 12% ауруда кездеседі және қатерсіз менинго-энцефалит немесе асептикалық менингитпен сипатталады. Өткір безгек фазасының ұзақтығы  1-3 апта. 
Қауіпті АИТВ жұқпасы тұмаудың, инфекциялық мононуклеза және басқа да таралған инфекциялардың белгілеріне ұқсауы салдарынан көбіне анықталмай қалады. Бұдан басқа аурудың көбінде ол белгісіз өтеді. Қауіпті АИТВ жұқпасының диагнозын анықтау үшін мақсатты түрде РНК АИТВ-ны полимеразды цепті реакциямен немесе р24 қарсы геннің көмегімен анықтау қажет. АИТВ-ға қарсы денелер бұл кезеңде анықталмауы мүмкін, олар жұқтырғаннан кейін 1-3 ай өткен соң ғана пайда болады.  
Қауіпті АИТВ жұқпасы әдетте белгісіздікке өтеді. Келесі кезең басталады белгісі жоқ  фаза, бірнеше жылға жалғасатын (1 ден 8 жылға дейін, кейде одан артық), адам денін сау сезінеді, инфекция көзі бола отырып, әдеттегідей  өмір сүреді. Қауіпті  инфекциядан соң  персистерленген бас лимфаденопатия сатысы басталып, ауру ЖИТС сатысына дейін өтеді.  
ПГЛ лимфатүйіндердің екі және одан да көп топтарда 3 айдан кем емес сақталып, ұлғаюымен (үлкен адамдардағы шаттағы лимфатүйіндерді қоспағанда) сипатталады.  
Сонымен бірге лимфатүйіндер үлкен адамдарда  диаметрі 1 см және балаларда 0,5 см-ге дейін жетеді. Ең жиі өсетін мойын, желке, қолтық асты лимфатүйіндері. Олар ауырмайды, жұмсақ, тінмен байланыспаған, оның үстіндегі тері өзгермеген. ПГЛ сатысы айтарлықтай ұзақ 5-8 жылға дейін созылады, осы уақыт аралығында лимфатүйіндер кішірейіп және қайтадан ұлғаюы мүмкін. Осы кезеңде С04-лимфоциттердің ақырындап, орташа жылдамдығы жылына 1 мм3 50-70 клеткаға   төмендеуі байқалады. Белгісі жоқ  инфекция сатысында және ПГЛ пациенттер әдетте дәрігерге қаралмайды, кездейсоқ тексерілу кезінде анықталады.  
Осы сатылардың соңынан жалпы ұзақтығы 2-3-тен 10-15 жылға дейін түрленуі мүмкін, басында жағымды өтетін және қарапайым терапевті құралдармен тоқтатылатын  түрлі инфекциялармен сипатталатын вирустық, бактериялық, табиғи саңырауқұлақты екінші аурулардың сатысы басталады (АИТВ жұқпасының созылмалы клиникалық манифестирленген фазасы). Жоғары тыныс жолдарының екінші қайтара ауруы туындайды - отит, синусит, трахеобронхит және т.б.,терінің үстіңгі бетінің бұзылуы – қайталана беретін қарапайым ұшықтың оқшауланған терінің шырышты формасы, қайталанбалы құрсау ұшық, шырышты қабаттың кандидозы, дерматомикоз, себорея (терідегі майбездер  майды нормадан артық шығаруынан болатын терінің патологиялық өзгерістері) және т.б. 
Осыдан кейін бұл өзгерістер едәуір терең бола бастайды, берік, созылған сипатқа ие болып, стандарттық емдеу тәсілдеріне әсер етпейді. Адам жүдей бастайды, дене салмағын жоғалту 10%-ға дейін жетіп, тынышы кетіп, түнде терлеу, диарея пайда бола болады.  
Үдемелі иммуносупрессияның аясында адамның дұрыс қызмет істейтін иммундық жүйесінде кездеспейтін аурудың  ауыр үдемелі түрлері дамиды.  
Бұл ауруларды  ВОЗ ЖИТС-маркерлі, ЖИТС-индикаторлы ретінде анықтаған.

 

АИТВ инфекциясы мен ЖИТС ауруы. 

ЖИТС ауруының эпидемиясы 20-ға жылға жуық уақыт созылып келеді: алғашқы АИТ вирусын жаппай жұқтыру кезеңі 1970 жылы тіркелген. Сол уақыттан бері басқа вирустармен салыстырғанда АИТ вирусы кеңінен зертелгеніне қарамастан ЖИТС аурынан мыңдаған адам қаза болып, миллиондаған адамға АИТВ инфекциясы деген диагноз қойылуда. ЖИТС ауруы жер шарындағы адам өлімін көп әкелетін алғашқы 5 аурудың қатарына кіреді. ЖИТС эпидемиясы күннен күнге жаңа аумақтарды алып, қарқынды өсуде. Осы жылдар арасында АИТВ мен ЖИТС ауруына деген көзқарас та өзгерді, бұл аурудан қорқыныш сейіле бастады, халықтың сауаттылығы жоғарылады. 

 

 

 Вирус

Сонымен, АИТВ – адамның иммун тапшылығының вирусы. АИТВ адамның ағзасына түскен кезде, бізді аурулар мен инфекциядан қорғайтын ағзаның иммундық жүйесін бұзады. Адамның иммун тапшылығының вирусы ретровирустар (Retroviridae) тұқымдасына, лентивирустар (Lentivirus) тұқымдасына жатады. Lentivirus атауы латынның    lente – баяу сөзінен шыққан. Бұндай атау вирустың бұл тобының бірден бір ерекшелігін, яғни микроорганизмдегі инфекциялық процестің баяу және біркелкі емес даму жылдамдығын көрсетеді. Лентивирус ұзақ инкубациялық кезеңдегі сипатқа ие.  
Вирус ағзаның барлық сұйықтығында және тіндерінде болады. Ағзадағы вирустың шоғырлану деңгейі бойынша бірінші орында: қан, лимфа, ұрық сұйығы, вагинальды секрет. Ағзаның қалған сұйықтығындағы (сілекей, көз жасы, тер, зәр, нәжіс және т.б.) вирус жұқтыруға жеткіліксіз. 

 

Адамның иммун тапшылық вирусы (АИТВ).

ЖИТС ауруын АИТВ инфекциясы қоздырады. Бұл вирустың жақсы зертелгеніне қарамастан АИТВ инфекциясын жұқтырған кейбір адамдар неге ұзақ уақыт бойы өздерін салыстырмалы түрде сау адам ретінде сезінетіні мен иммун жүйені қалай зақымдайтыны зертеле қойған жоқ. АИТВ алдымен иммундық жүйенің клеткаларын (CD4+ Т-лимфоциттер, макрофагия және  дендриттік клеткалар), сондай-ақ клеткалардың кейбір түрлерін жұқтырады.  Вирус клеткаға ене отырып, белсенді түрде көбейеді. Бұл соңында жұқтырылған клеткалардың бұзылуына және жойылуына әкеп соғады. АИТВ-ның болуы уақыт өте келе иммуноқұзіретті клеткаларды іріктеп жоюы  және олардың субпопуляциясы басуының салдарынан иммундық жүйенің бұзылуына әкеледі.  
Клеткадан шыққан вирустар жаңадан еніп, цикл қайталана береді. Ақырындап CD4+ лимфоциттердің саны соншалықты азайып, ағза  дұрыс қызмет істеп тұрған иммундық жүйесі бар дені сау адам үшін қауіпсіз немес онша қауіпсіз оппортунистикалық инфекциялардың қоздырғыштарына қарсы тұра алмайды.  
Вирустың құрылысы қарапайым: 2 қабатты майлы малекуладан тұратын қабықша, қабықшадан гликопротеинді «саңырауқұлақ» өсіп тұрады, ішінде вирустың генетикалық программасы бар және үш түрлі ақуызы бар – кері транскриптаза, интеграза, протеазасы болатын РНҚ-лы екі тізбек.

Информация о работе Адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы