Өңтүстік өңірінде өсірілетін астық өнімдеріне пестицидтердің әсерін зерттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 14:22, реферат

Описание работы

Бидай-дәнді-дақылдар тобына жататын, көбінесе біржылдық шөптесін өсімдік. Дәнді-дақылдардың ішіндегі ең басты және ең көп өндірілетін дақыл. Бидайдың 20-ға жуық жабайы және мәдени түрі белгілі. Бір гектардан 30-40 центнер өнім береді. Бидай сұрыптары құрамындағы эндосперманың (80-84%) мөлшеріне байланысты бағаланады.Бидай біздің заманымызға дейінгі 6000-5000 жылдары Ежелгі Грекияда өсіріле бастаған. Мысыр мен Қытайда біздің заманымыздан 4000 жыл бұрын бидайдан тағамдар жасаған. Адамдар бидайды тек тағам ретінде ғана емес, сонымен қатар емдік қасиеттері үшін де ерте заманнан бағалаған. Бидайдың дәні байлық пен жақсылықтың нышаны ретінде қабылданған, өйткені ол кезде көбіне қолданылған сұлы мен қара бидайға қарағанда, суыққа және құрғақшылыққа төзімсіз бидайдан жақсы өнім алу қиын болған. Ақ ұн тек үлкен мерекелер кезінде ғана пайдаланылған, онда да оған әркімнің мүмкіндігі келе бермейтін.

Файлы: 1 файл

Обзорная статья.docx

— 132.58 Кб (Скачать файл)

Оңтүстік өңірінде өндірілетін астық өнімдеріне пестицидтердің әсерін  зерттеу

 

Жетекші: т.ғ.к. Мусаева  Салтанат Жуматовна

Магистрант: Сенгирбекова Лаура Каликуловна

 

Бидай-дәнді-дақылдар тобына жататын, көбінесе біржылдық шөптесін өсімдік. Дәнді-дақылдардың ішіндегі ең басты және ең көп өндірілетін дақыл. Бидайдың 20-ға жуық жабайы және мәдени түрі белгілі. Бір гектардан 30-40 центнер өнім береді. Бидай сұрыптары құрамындағы эндосперманың (80-84%) мөлшеріне байланысты бағаланады.Бидай біздің заманымызға дейінгі 6000-5000 жылдары Ежелгі Грекияда өсіріле бастаған. Мысыр мен Қытайда біздің заманымыздан 4000 жыл бұрын бидайдан тағамдар жасаған. Адамдар бидайды тек тағам ретінде ғана емес, сонымен қатар емдік қасиеттері үшін де ерте заманнан бағалаған. Бидайдың дәні байлық пен жақсылықтың нышаны ретінде қабылданған, өйткені ол кезде көбіне қолданылған сұлы мен қара бидайға қарағанда, суыққа және құрғақшылыққа төзімсіз бидайдан жақсы өнім алу қиын болған. Ақ ұн тек үлкен мерекелер кезінде ғана пайдаланылған, онда да оған әркімнің мүмкіндігі келе бермейтін.

 

Қазақстандағы бидай шаруашылығы

Қазақстанда негізінен жұмсақ және қатты бидай өсіріледі.

  • Жұмсақ бидайдың(triticum aestіvum) масағы да жұмсақ, дәні жұмыр әрі жылтыр, сабағы қуыс. Оның ұнынан көбіне нан пісіріледі, ол нәрлі және жоғары сапалы болып саналады, құрамында 16%-тей белок болады, жылтырлығы 70%, дән уызы серпімді әрі созылмалы келеді. Жұмсақ бидай Қазақстанда егіс көлемінің негізгі бөлігін алып жатыр. Табиғаттың әр түрлі жағдайына ыңғайлы, өсу қабілеті жоғары болуына байланысты оны көптеген аймақтарда өсіреді.Бидайдың дәнінен жарма, ұнынан нан, макарон, кеспе жасайды, кондитер өнеркәсібінде кең пайдаланады. Әсіресе, Қазақстанның Батыс, Орталық, Шығыс аудандарында өсетін жұмсақ бидай өте құнды болып есептеледі.
  • Қатты бидайдың (triticum durum) дәні ірі, сопақша, жылтыр. Оның дәнінде 24% белок бар, ұнының сапасы жақсы, одан кеспе және макарон жасайды, бірақ жұмсақ бидайға қарағанда наны онша көтерілмейді. Қазақстанның климаты қуаң жерлерде өсетін қатты бидай ұнының сапасы өте жоғары болады.Жұмсақ және қатты бидайлардың жаздық және күздік сорттары бар. Жаздық бидай көктемде, күздік бидай күзде егіледі. Күздік бидайдың тұқымы 1 — 20С жылылықта, 7 — 9 күнде көктеп шығады. Сол қалпымен қар астында қыстап, көктемде өсіп, дән салып, жазда піскен соң орылып жиналады. Күздік бидай дәнінің толыға бастаған кезінде ылғалды көп керек етеді. Көктемгі қуаңшылық оның өнімінің азаюына әсер етеді, дәні солыңқы болады. Сондықтан қыста қар тоқтату жұмыстарын жүргізу керек. Күздік бидай, көбінесе, оңтүстік облыстарда өсіріледі. Күздік бидайдың белгілі сорттары: “Жетісу”, “Қарлығаш”, “Комсомолдық — 1”, “Мироновтық — 808”, “Прогресс”, “Шыны тәріздес-24”. Егіс көлемі, түсімі, дәнінің сапасы жағынан жаздық бидай бірінші орын алады. Ол, көбінесе, Қазақстанның солтүстік, солтүстік-шығыс, орталық облыстарында өсіріледі, оның тұқымы 12 — 140С жылылықта бітік шығады. Түптену және сабақтану кезеңінде суды көп керек етеді, әрі топырақтың құнарлығын қалайды. Әсіресе, қызыл-қоңыр, құнарлы, саздау топырақтарда, тың жерлерде жақсы өседі. Тұқым себу мөлшері мен мерзімі әр аймақтың ауа райына, топырағына байланысты. Қазақстанда жаздық бидайдың көп тараған сорттарына ерте пісетін “Қазақстан-15”, “Қазақстан-19”, “Қазақстан-25”,“Қарабалықтық-90”, “Лютесценс-32”, “Саратовтық — 29”, т.б. жатады.

    Жаздық және күздік бидайдан мол өнім алу үшін олардың тұқымы ылғалы аз, қуаң аймақтардағы ауыспалы егістен кейін, немесе таза сүдігерге (парға) егілгені жөн. Бұл әдісті қолданғанда бір жыл бидай, келесі жылы бір не көпжылдық шөп егіледі. Қазақстанның далалық қуаң аудандарында бидай себуге арналған топырақты сыдыра қопсытып жыртқан жақсы нәтиже береді. Мұндай әдіспен өңдегенде бұрын қандай шөп егілгендігі, қандай арам шөптер өскендігі ескеріліп, жер терең немесе таяз жыртылады.

 

Оңтүстік өңіріндегі бидай  шаруашылығы

Оңтүстіктегі суармалы сұр топырақты  аудандарда күздік бидай егілетін жер  аудара жыртылады. Қыста қар тоқтату  тиімді. Егістіктерде себілетін тыңайтқыштардың түрі мен мөлшері себілген дақылға және топырақтың құнарлылығына байланысты. Қазақстанның оңтүстігіндегі суармалы аудандарда күздік бидайды себу алдында топыраққа азот тыңайтқышы беріліп, өңделеді. Өнімді жинау тәсілі бидайдың биіктігі мен өсу жиілігіне, арам шөптердің түрлері мен олардың аз-көптігіне, сабақтың көлбеп жатып қалуына байланысты. Арам шөптері аз, жатып қалмаған, біркелкі пісіп жетілген астықты тікелей комбайнмен шауып бастырады. Ал арам шөбі көп, біркелкі пісіп жетілмей, жатып қалған бидайды әуелі шауып дестеге түсіреді, содан кейін комбайнмен жинап бастырады. Қазақстанда бидайдың 29 сорты аудандастырылған.

 

Төле би ауданы.Ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері бидай өсіруге (барлық егіс көлемінің 41,7%) маманданған. Ауылшаруашылық саласы аудан бюджетінің тұрақты табыс көздерінің бірі. Бүгінге егілген 22933 га бидайдың және 2296 га арпаның 6736 га жерінің астық орылды, орташа түсімдігі 14,7 ц/га айналуда. Астықты толық орындағанда оның түсімділігі 22,6 центнерден келеді. Ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері бидай өсіруге (барлық егіс көлемінің 41,7%) маманданған. Ауылшаруашылық саласы аудан бюджетінің тұрақты табыс көздерінің бірі. Бүгінге егілген 22933 га бидайдың және 2296 га арпаның 6736 га жерінің астық орылды, орташа түсімдігі 14,7 ц/га айналуда. Астықты толық орынлғанда оның түсімділігі 22,6 центнерден келеді деп жоспарлаудамыз. Сонымен бірге ауылшаруашылық саласында жаңа технологияларды енгізу, атап айтсақ жылыжай, тамшылатып суғару, жаңа бау және жүзімдік егуді қолға алына бастады, бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табуға жұмыс жасаймыз.

 

Ордабасы бидай 

Ауыл шаруашылығы


Алты айда ауыл шаруашылық саласында өндірілген өнім көлемі 1878,2 млн. теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда 113,5 пайызға артық болды. Ауыл шаруашылық жерлерінің жалпы көлемі 217299 гектар, оның ішінде егістік жер көлем 80277 гектар, мұның 48270 гектары тәлімі жерлер, 32007 гектары суармалы жерлер. Тыңайған жер 26920 гектар, жайылымдық жер 131616 гектар және көпжылдық қондырғы 514 гектарды құрайды. Барлық масақты дақылдар 20135 га, оның ішінде 19270 га жерге күздік бидай егілді. Жаздық бидайдың егіс көлемі 997 гектар, нақты егілгені 1011 гектар, 101,4 пайыз.         

Күздік  бидайды көректендіру  туралы.

-             Тапсырмадағы 15054 га күздік бидайдың бүгінгі таңға 11324 гетары көректендіріліп, 75,0 пайызға орындалды.

 

Сайрам ауданы.Ауданда облыстағы бидай егістігінің 15,1%

Оңтүстік өңірінің климаты  егін шаруашылығы

Облыстың климаты континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, қар жамылғысы жұқа, тұрақсыз. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы солтүстігінде –7 – 9°С, оңт-нде –2 – 4°С. Жазы ұзақ, ыстық, қуаң және аңызақты.Шілде айының жылдық орташа температурасы 25 – 29°С. Шөлді аймағында жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 – 150 мм, тау алдында 300 – 500 мм, биік таулы бөлігінде 800 мм.Алты айда ауыл шаруашылық саласында өндірілген өнім көлемі 1878,2 млн. теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда 113,5 пайызға артық болды.Ауыл шаруашылық жерлерінің жалпы көлемі 217299 гектар, оның ішінде егістік жер көлем 80277 гектар, мұның 48270 гектары тәлімі жерлер, 32007 гектары суармалы жерлер. Тыңайған жер 26920 гектар, жайылымдық жер 131616 гектар және көпжылдық қондырғы 514 гектарды құрайды. Барлық масақты дақылдар 20135 га, оның ішінде 19270 га жерге күздік бидай егілді. Жыртылуға тиісті 12 948 га пардың 10114 гектары немесе 78 пайызға орындалды. Мақта 12989, жаңа жоңыршқа 3465, көкөніс 1582, картоп 431, бақша 1658, мақсары 3828, жүгері 1873,күнбағыс 1803 гектар жерге егілді. Жаңадан алма 48,7 гектар, жүзім 15,2 гектар барлығы 63,9 гектар жерге 14 жеке қожалықтар бау, жүзімге құжаттарын өткізді.

 

4. Пестицидтердің  бидайға әсері.

Ғалымдардың болжауы бойынша, жер жүзіндегі халық саны 2050 жылы 9 миллиардқа жетпек. Осыған байланысты 2010 жылы Ресейдің Санкт-Петербург қаласында «Бидай өндірудің жағдайы және дақыл селекциясының негізгі түйткілдері» тақырыбында өткен VІІІ дүниежүзілік конференцияда, қазіргі таңда негізгі азықтық дақыл – бидай 650 млн. тонна өндірілсе, келешекте бұл көрсеткішті 900 млн. тоннаға дейін жеткізу қажеттілігі көрсетілген.Дүниежүзілік тәжірибе үздіксіз өсіп келе жатқан жер шары халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету өсімдіктерді зиянкестерден қорғау шараларына тікелей байланысты екендігін көрсетіп отыр. Олардан келетін шығын орасан зор, көпшілік жағдайда өндірілетін өнімнің 3/1 бөлігіне дейін жетеді. Астық дақылдарының аса қатерлі саналатын тат және септориоз ауруларына келсек, олар еліміздің егістерінде эпифитотия дәрежесіне дейін дамыған жылдары негізгі азықтық дақыл – бидайдың түсімділігін 20-30 пайызға дейін кемітеді. Сондықтан да соңғы жарты ғасырда өсімдік қорғаудың аса тиімді жүйесінің бірі – химиялық құралдар немесе пестицидтер қолдануға көп көңіл бөлінуде.Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтеріне қарағанда, 2008 жылы 10,8 млн. га егіс гербицидпен бапталған екен, бұл көрсеткіш 1997 жылмен салыстырғанда 2,7 есе жоғары. Өсімдік зиянкестері мен ауруларына қарсы 5409,2 мың гектарға пестицидтер шашылған, оның 4585, 9 мыңына бюджеттен арнайы қаражат бөлінген. Шегіртке қаптаған 2000 жылы 8,1 млн. гектар егістікке, шабындықтар мен жайылымдарға және басқа жерлерге инсектицидтер шашылып, АҚШ долларына шаққанда 20,1 млн. көлемінде қаражат жұмсалыпты.Бірақ ауыл шаруашылығы үшін аса қатерлі деп саналатын зиянды ағзалардың таралуы мен олардан келетін шығын төмендемей отыр. Мәселен, 2008-2009 жылдары карантинді нысан укекірені жоюға республика бюджетінен 1739 млн. теңге бөлініп, 179,9 мың гектар жерге гербицид шашылыпты. Жарияланған деректерге сай соңғы 5-6 жылда бұл арамшөп таралған жер 920 мың гектарға өскен көрінеді. АШМ-нің мәліметіне қарағанда шегірткелер 2008 жылы 1694 мың га аумақты жайлапты, оның ішінде өзен мен көл және көлшіктердің айналасында өсетін қамыс пен құрақта тіршілік ететін азиялық шегіртке 483 мың га, қуаң далаларда мекендейтін италиялық шегіртке 1086 мың гектар жерде кездескен. Өткен ғасырдың 60-70-жылдары тексерілген 1,5-2 млн. га егіс алқаптары мен жайылымдық жерлер мен шабындықтардың – 20-30 мың, асып кеткенде 50-60 мың гектарына инсектицид шашылса, 2011 жылы тек Қостанай облысы бойынша 450 мың гектар жұмыс көлемі жоспарланған. Жыл сайын астық дақылдарының аса қатерлі деп саналатын тат және септориоз ауруларына қарсы 1,0-1,5 млн. га бидай егісіне фунгицид шашылады, оның жартысына мемлекет бюджетінен алынатын қаражат жұмсалады.Енді пестицидтерді кеңінен қолданудың қоршаған ортаға тигізетін әсеріне тоқталсақ. Біріншіден, агроценоз немесе фитоценозда зиянды ағзалармен қатар пайдалы жәндіктер, аң мен құстар, өсімдік мүшелерінде және топырақта неше түрлі микроағзалар, дөңгелек құрттар және т.б. тіршілік етеді. Өңделген шабындықтар мен жайылымдарда мал бағылады, ара бал жинайды, жиналған өсімдік өнімі малдың жем-шөбіне, адамның азық-түлігіне пайдаланылады. Пестицидтердің табиғатта таралуы өсімдіктерден басталып, қоршаған ортаның ауасымен қатар, топырақ пен суға шайылып, жан-жануарлар мен адамға кеп тіреледі.Өсімдік қорғау құралдары көбіне зиянды ағзаларға белсенді органикалық қосылыстардан тұратындықтан, олардың қоршаған ортаға бейтарап болуы мүмкін емес. Ең алдымен олар пестицидтермен тікелей жұмыс істейтін адамдардың денсаулығына қауіп төндіреді. Сондықтан жұмыс кезінде барлық санитарлық және гигиеналық шаралар толық сақталуы қажет. Өсімдіктерге бүркілген пестицидтердің біразы топыраққа түседі, жаңбыр суымен шайылып, оның терең қабатына сіңіп, кейде жер астындағы су қорларына дейін жетуі мүмкін. Ұшақтар арқылы бүркілгенде температура жоғары болса олар буланып, ауаны ластауы мүмкін. Пестицидтер аэрозолды бүріккіштер арқылы қолданылғанда желдің бағыты күрт өзгерген жағдайда олар ауа толқынымен көзделген нысаннан бірнеше шақырымға дейін ауытқып, қоршаған ортаға, тіптен елді мекендерге қауіп төндіруі мүмкін.Елімізге өсімдік қорғау құралдары, дәрі-дәрмек көбінесе шетелдерден әкелінеді. Соңғы ширек ғасырда алдыңғы қатарлы фирмалар зиянды нысандарға тиімділігі жоғары, пайдалы ағзаларға, жан-жануарлар мен қоршаған ортаға залалы төмен пестицидтер шығаруға көп көңіл бөлуде. Қазір өндірісте кеңінен қолданылатын химикаттардың зәрлілігі хлорорганикалық пестицидтермен салыстырғанда әлдеқайда төмен.Енді азық-түлік өнімдерін өндіруде пестицидтерді қолдану көлемі мен мөлшерін қалай төмендетуге болады, сол жайлы әңгіме қозғасақ. Ең бастысы, ауылшаруашылық дақылдарын зиянды ағзалардан қорғау үшін ғылыми негізделген, жан-жақты сынақтан өткен кешенді жүйе өндіріске кеңінен ендірілуі қажет. Ол негізінен карантиндік, агротехникалық және биологиялық шаралар топтамасынан тұрады. Химиялық шаралар немесе пестицидтер зиянды ағзалар дақылдың түсімділігіне айтарлықтай нұқсан келтіріп, өнімнің сапасын төмендететін, тауар өндірушіні шығынға батыратын жағдайда ғана қолданылуы қажет.Ең алдымен карантинді шаралар тиімді жүргізілуі қажет. Еліміз егемендік алғаннан кейін көптеген алыс-жақын шет елдермен байланыс нығайып, тауар айналымы, соның ішінде мәдени дақылдардың тұқымы мен түйнектері, неше түрлі сәндік өсімдіктер мен жасыл желектердің көшеттері елімізге көптеп келуде. Сонымен қатар, құрамажем үшін жүгері дәні, көкөніс, картоп және т.б. өсімдік өнімдері де тасымалдануда. Олармен бұрын республикада кездеспейтін қатерлі зиянкестер мен ауру қоздырғыштар және арамшөп тұқымдары кездейсоқ тасымалданып, фитосанитарлық ақуалды ушықтыруы мүмкін.Қазақстан үшін карантинді нысан болып саналатын 50-ден аса өсімдіктердің вирус, бактериоз, микоз ауруларын қоздыратын микроағзалар мен бунақаяқтылар және арамшөп түрлері белгілі. Ресей мен Беларусь мемлекеттерімен еліміз Кеден одағын және Біртұтас экономикалық кеңістік құруы олардың қатерлілігін арттыра түспесе төмендетпейді. Демек, негізгі міндет – республика аумағында кездеспейтін карантинді нысандарға жататын ағзалардың мәдени дақылдардың тұқымы мен көшеттік және отырғызатын материалдар мен өңделмеген азық-түлік өнімдерімен кездейсоқ әкелініп, таралып кетпеуіне жол бермеу.Өсімдік қорғаудың кешенді жүйесінің екінші бір саласына агротехникалық шаралар жатады. Фитосанитарлық тұрғыдан тиімді дақылдарды, органикалық және минералды тыңайтқыштарды көбірек пайдалану, тұқым мен көшеттерді оңтайлы мерзімде себу немесе отырғызу, картоп, көкөніс, жеміс және басқа дақылдарды мезгілінде отау мен суару, ауру жайлаған және зиянкестер шоғырланған өсімдік қалдықтарын жинау арқылы да олардың таралуы мен зияндылығын біраз төмендетуге болады.Өсімдік қорғаудың экономикалық және экологиялық тұрғыдан ең тиімді тәсіліне зиянды ағзаларға берік немесе төзімді сорттар шығару жатады. Демек өндірісте мұндай сорттар көп болса, аурулар мен зиянкестерге қарсы химиялық құралдарды қолданудың қажеттілігі азая түседі. Барлық аурулар мен зиянкестерге берік өсімдік сортын шығару өте қиын. Мәселен, соңғы 10-15 жылда халықаралық СИММИТ орталығымен бірлесе отырып, Қазақстан мен Ресей селекционерлері шығарған жаздық бидайдың жүздеген сорттарының негізгі үш ауруға, атап айтқанда, қоңыр немесе жапырақ татына, септориоз бен гельминтоспориоз және қатты қара күйеге беріктігін сынадық. Нәтижесінде оларға бірдей беріктік көрсететін сорт табылмады. Тексерілген селекциялық материалдың 5-10% ғана қоңыр татқа берік екені анықталды. Қазақстанда пайдалануға тіркелген жаздық бидай сорттарының тек 1-2-ғана жапырақ татына берік, олардың егіс көлемі 5%-дан аспайды.Жеміс-жидектер және көкөніс дақылдарына келсек, мұнда да жағдай шамамен осылай. Алманың атақты апорт сорты аса кең таралған және өте зиянды аурулар – таз қотыр мен монилиозға, жеміс жегіріне өте бейім. Тауарлық сапасы жоғары өнім алу үшін, жоқ дегенде 4-5 рет жеміс ағаштарын пестицидтермен бүрку қажет.Бау-бақша, жеміс-жидек және көкөніс дақылдарының зиянкестерін шектеуде биологиялық тәсілді немесе оларда тіршілік ететін тоғышарларды арнайы көбейтіп, тиімді пайдаланудың, бактериялық және саңырауқұлақтардан алынатын биопрепараттардың атқаратын рөлі зор. Өткен ғасырдың 70-80-жылдары республикада көптеген биологиялық зертханалар ашылып, олардың жұмысы жолға қойылған еді. Өкінішке орай, еліміз егемендік алып, нарықтық экономикаға көшу жылдары бұл тәсілдің қолданылуы күрт төмендеп кетті. Осыдан 5-6 жылдай бұрын америкалық ақ көбелектен бациллус туренгензис деп аталатын бактерияның жергілікті штаммы бөлініп алынып, Ресей ғалымдарының көмегімен жан-жақты зерттеліп, одан алынған препарат «ақкөбелек» деген атпен өсімдік қорғау құралы ретінде тіркелген еді. Ол көк желек, жеміс ағаштары мен көкөніс дақылдарының біраз зиянкестеріне жоғары тиімділік көрсеткенімен, отандық өндіріс көлемінде қолданыла қойған жоқ.Бүгінгі таңда мәдени дақылдардың аса қатерлі аурулары мен зиякестеріне берік сорттарды биотехнология, әсіресе гендік инженерия әдістерін кеңінен қолдана отырып, шығаруға болады. Мәселен, АҚШ, Германия, Жапония және т.б. дамыған елдерде осы әдіспен картоптың вирус аурулары мен фитофторозына және альтернариозына, жүгерінің гельминтоспориозына, рапстың фомозына берік сорттар шығарылған. Гендік инженерияның көмегімен хитиназа ферменті рапс пен қызанақ дақылдарына тасымалданып олардың фомоз ауруына берік сорттары шығарылған.Бүгінгі таңда гендік инженерия тәсілі майлы немесе қытай бұршағы, жүгері және рапс дақылдарының жаңа сорттары мен будандарын шығарып, тұқымын өндіруде кеңінен қолданылуда. Осыдан 10 жылдай бұрын дүние жүзі бойынша тегі өзгертілген дақылдар 58,7 млн. гектарға егіліп немесе бүкіл егіс көлемінің 15%-ға жуығын қамтыса, жақын жылдары бұл көрсеткіш екі еселенуі мүмкін.Биотехнология әдістерін кеңінен қолдана отырып, мәдени дақылдар генін түбегейлі өзгерту арқылы оларрумен қатар, аурулар мен зиянкестерге беріктігін арттыру тиімді шара екеніне ешқандай күмән жоқ. Бірақ бұл тәсілдің қоршаған орта мен адам және жан-жануарлар ағзасына тигізетін әсері жете зерттелмей отыр. Ең бастысы, тегі өзгертілген мәдени дақыл будандары байырғы сорттарды біртіндеп ығыстырып, көп жылдар бойы қалыптасқан генетикалық қорды азғындатуы мүмкін. Сонымен қатар, тегі өзгерген мәдени дақылдар өзі туыстас жабайы өсімдіктермен будандасып, олардың жаңа түрлері пайда болуы мүмкін. Зиянкестерге және гербицидтерге берік тегі өзгертілген будандар осы дақылда тіршілік ететін пайдалы ағзаларға да теріс әсер етуі мүмкін. Мәдени дақылдардың трансгенді сорттары мен будандарын кеңінен пайдалану, білім мен ғылымның дамуы үшін қаражатын аямайтын, оларды шығаратын трансұлттық ірі компаниялар алдында тәуелділікке соқтырарын да ескеру қажет. Бүгінгі таңда тарансгенді дақылдардан жиналған өнімді малға жем, адамға азық- түлік ретінде пайдалану олардың ағзаларын қандай өзгерістерге әкеп соғатынын ешкім дөп басып айта алмайды.Демек, жақын жылдары республикада өсімдіктерді зиянды ағзалардан қорғаудың химиялық тәсілі немесе пестицидтер қолдану үстемдікте болатынына күмән жоқ. Олардың қоршаған ортаға, әсіресе пайдалы жәндіктер мен жылы қандыларға тигізетін теріс әсерін қалай шектеуге болады. Бұл үшін ғылым мен техника және технологияның соңғы жетістіктері өндіріске кеңінен ендірілуі қажет.

 

Пестицидтер (дат. pesfo -жұқпалы ауру, cido-өлтіремін) - өсімдік зиянкестері мен ауруларына , арамшөптерге, мақта, жүн, теріден жасалған бұйым зиянкестеріне , жануарлар экопаразиттеріне, адам мен жануарларға ауру тарататын организмдерге қарсы қолданылатын химиялық заттар. 
Химиялық табиғаты және патогендік қасиетіне байланысты пестицидтердің бірнеше: гигиеналық, химиялык., өнеркәсіптік классификациясы бар. 
Пестицидтер улылық дәрежелерінің әртүрлі болуымен ерекшеленеді. Улылығын бағалау үшін тәжірибеге алынған жануарлардың 50% өлетін дозаны, яғни орташа өлтіру дозасын (ЛД50) пайдаланады. ЛД50 мөлшеріне байланысты пестицидтерді: кушті әсер ететін улы заттар, улылығы жоғары, улылығы орташа,және улылығы төмен деп бөледі. 
Тұрақтылығына байланысты пестицидтерді: өте тұрақты (ыдырау уақыты 2 жылдан көп); тұрақ ты (0,5-1 жыл); салыстырмалы тұрақты (1-6 ай); тұрақтылығы аз (1 ай) деп бөледі. Көбіне хлорорганикалық, фосфорорганикалық және сынапорганикалық пестицидтер жиі қолданылады. Әсер ету обьектісіне (арамшөптер, зиянды жәндіктер, жылы қанды жануарлар) және химиялық табиғатына байланысты пестицидтер мынадай топтарға бөлінеді:

  • акарецидтер - кенелермен күресу үшін;
  • альгицидтер - балдырлар мен басқа да су өсімдіктерін

құрту үшін;

  • антисептиктер - бейметалл материалдарды

микроорганизмдерден қорғау үшін;

  • бактерицидтер - өсімдіктердің бактериалды ауруларымен

және бактериялармен күресу үшін;

  • зооцидтер - кемірушілермен күрес үшін;
  • инсектицидтер - зиянды жәндіктермен күресу үшін;
  • лимацидтер - әртүрлі моллюскалармен күресу үшін;
  • нематоцидтер - жұмыр құрттармен күресу үшін;
  • фунгицидтер - топырақтағы саңырауқұлақтармен күресу

үшін. 
Сондай-ақ пестицидтерге өсімдіктердің жапырақтарын жою үшін пайдаланатын - дефолианттар, өсімдіктің артық гүлдерін құрту үшін - дефлоранттар, өсімдіктің дамуы мен өсуің реттейтін - химиялық заттар, арамшөптерді жою үшін _ гербицидтер, жәндіктер, кемірушілер және басқа да жануарларды үркіту үшін қолданылатын химиялық заттар - репелленттер, жою үшін алдымен жәндіктерді еліктіретін - аттрактанттар, жәндіктерді жыныстық стерилдеу үшін қолданатын - стерилизаторларды жатқызады. 
 
Пестицидтерді пайдалану ауыл шаруашылығы мен ормаң шаруашылығының өнімдерін арттырғанымен топыраққа, қоршаған ортаға зиянды. А.Спутников тәжірибе жүргізу арқылы уытты заттардың жануарларға әсерін анықтап, пестицидтердің уыттылығын 1 кг дене массасына препараттың неше миллиграмм концентрациясы келетініне қарай сипаттады. Оларды уыттылық дәрежесіне қарай 4 класқа топтастырды. ХХ ғасыр аяғында Республика территориясында шикізат материалдары мен тағамдарда өсімдіктерді зиянкестерден қорғауға пайдаланатын химиялық заттар 20-30% жеткен. 1999 жылы шайдың сынамаларына (пробаларына) талдау жасалып, құрамында хлор бар пестицидтердің шекті рауалы концентрациясынан (ШРК) 40% артық болғандығы анықталған. Бұл жай Алматы қаласында, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда және Жамбыл облыстарында байқалған. Соны мен қатар, 1999 жылы Республикалық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау комитетінің токсикология бөлімі шайдың сынамаларына талдау жасағанда олардың 45%-да пестицидтердің бар екендігі, соның ішінде 10% дикофол пестицидінің ШРК (0,01 мг/кг) артық екендігі анықталған. 1998 жылы Алматы облысы бойынша шикі және піскен тағамдардың 0,41%нда пестицидтердің қалдығы анықталып, ШРК-0,41%-ға және 0,16%-ға көп болған. 1999 жылы бұл көрсеткіштер 0,3% артқан. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы жыл сайын дүние жүзінде пестицидтерді пайдаланудың салдарынан 500 000-нан 2 миллионға жуық адам уланып, олардың 10-40 мыңы өліп кеткен жағдайлар болғанын айтады. Көп елдерде пестицидтерді пайдалануға тыйым салынған. Пестицидтердің ішінде - дихлордифенилтрихлорэтан (ДДТ) көп қолданылады. Кезінде дүние жүзінде жыл сайын осы пестицидтің 100 мың тонна мөлшері шығарылып отырған. Соңғы жылдары АҚШ, ТМД елдерінде, Венгрияда, Швеңияда, Нидерландыда және т.б. елдерде ДДТ-ның шығарылуы тоқтатылған. Себебі ауыл шаруашылығына тигізетін пайдасынан экологиялық тұрғыдан зияндылығы асып түскен. Жартылай ыдырау мерзімі 50 жылдан артық болғандықтан, қоршаған орта обьектілерінде жинақталған ДДТ қоректік тізбек арқылы адамдар мен жануарлардың денесіне өткен. Осы жағдайдың салдарынан әсіресе балалар өлімі, тұрғындардың арасында басқа да ауру түрлері көбейген. Пестицидтер көбінесе өсімдіктерде, тағамға қосатын заттарда кездеседі.

Пестицидпен улану  бас айналу, бас ауыру, әлсіздікке, ұйқының және тәбеттің болмауына  әкеледі. Үнемі пестицидтік улану  гастритке, гепатитке және бронхитке  әкеп соқтыруы мүмкін. ДДТ- ның биосферада көп таралғаны соншалықты, Антарктидадағы пингвиндердің бауырынан да табылған. 
Сондықтан қоршаған ортаның пестиңидтермен ластануын азайту үшін өсімдіктерді қорғаудың биологиялық әдістерін кеңінен қолдану керек. 
Табиғатты қорғаудың басты механизмдерінің бірі гигиеналық және санитарлық-техникалық (немесе экологиялық) нормативтер негізінде санитарлық бақылауды жүргізу және ауа атмосферасы, су, топырақ сапасын нормалау болып табылады.

 

Биотыңайтқыштар пайдалану

 

Оңтүстіктің ғалымдары шетелдіктерді  де қайран қалдырып отыр

Ғылым мен өндіріс қашанда бір-бірімен тығыз байланысты. Әсіресе, ауыл шаруашылығында жаңа технология мен тың әдістерді өндіріске ұдайы енгізіп отырмайынша, бір сөзбен айтқанда үнемі жаңартып отырмайынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бәсекеге қабілетті болуы мүмкін емес. Құдайға шүкір десек те болады, Қазақстанның ауыл шаруашылығы ғылымының одақ кезінен қалыптасқан жүйесі, тәжірибесі бар. Сондай ұзақ жылдық тәжірибесі бар мекемелердің бірі «Жер-ана» ғылыми-өндірістік бірлестігі ЖШС. Аты айтып тұрғандай, серіктестік Жер ананың төсін еміп өскен диқандарға арнап тыңайтқыш өндірумен айналысады. Шығарылатын тыңайтқыштар экологиялық жағынан таза биотыңайтқыштар. Қазірдің өзінде қазақстандық ғалымдардың шығарған өніміне деген сұраныс жоғары. Биотыңайтқыштармен өсірілген бидайларға тіпті сонау ағылшын монархтарының өздері тапсырыс беріп, француз жүзім өсірушілері оны арнайы тексеруден өткізіп, сапасына жоғары баға берген. Қазақстандық биотыңайтқыш өндірушілер тіпті осы салада ресейлік ғалымдарды да қайран қалдырып отыр. 
 
Бүгінде жоғарыда аталған бірлестік «Хазрет Али Акбар» серіктестігімен бірлесіп Шымкенттегі өндіріс орнында «Б» маркалы «МЭРС» микробиотыңайтқышын және «БИОБАРС» сұйық кешенді биотыңайтқышын шығаруды қолға алып отыр. 
Алдымен «МЭРС» биотыңайтқышы туралы бірер сөз қозғасақ. 
– Аталған биотыңайтқышты кез келген көкөніске, бау-бақша өнімдеріне пайдалануға болады. Аталған тыңайтқышты қолдану арқылы өсімдік қосымша элементтермен, оның ішінде өсімдік үшін аса пайдалы минералдармен байытылады. Нәтижесінде дәнді-дақылдардың химиялық тыңайтқыштарды қолданусыз-ақ түсімділігі 25-50 пайызға дейін өседі, – дейді «Жер-ана» ғылыми өндірістік бірлестігі» серіктестігінің вице-президенті Жамалладин Махмудов.  
«МЭРС» биотыңайтқышының өзге тыңайтқыштардан бірнеше артықшылықтары бар екен. Біріншіден – ол өсімдіктің ыстыққа, суыққа, құрғақшылыққа төзімділігін арттырады, екіншіден – өсімдіктің әртүрлі ауруларға шалдығуы көрсеткіші 40-60 пайызға дейін төмендейді. Бұдан бөлек биотыңайтқыш қолданылған бау-бақша өнімдері мерзімінен 8-10 күн бұрын піседі, өсімдіктің қартаюы баяулайды. 
Серіктестікте өндірілетін екінші өнім – «Биобарс» сұйық кешенді биотыңайтқышының құрамында 7 макро (азот, фосфор, калий, кальций, магний, темір және күкірт) және 9 микроэлемент (мыс, мырыш, молибден, марганец, бор, кобальт, йод, кремний, хлор) бар. Аталған элементтер өсімдікке қажетті минералдармен толығымен қамтамасыз ете алады.  
– Біздің биотыңайтқыштарымыздың тиімділігіне бүгінгі күні шетелдік ғалымдар да қайран қалып мойындап отыр. Мәселен, оны картоп дақылына сынап көргендер болды. Сонда көз жеткізілгені, ресейлік биотыңайтқыштар қолданылған картоп гектарына 1 тонна артық өнім берсе, біздің биотыңайтқыштарды қолдану арқылы 8 тоннаға дейін артық өнім алуға болатыны дәлелденіп отыр. Тіпті Солтүстікте отандық кәсіпкерлер осы тыңайтқышты қолданып өсірген бидайларын Ағылшын корольдігінің сарайы арнайы тапсырыспен сатып алып отыр. Жуырда француздар тыңайтқыштарымызды жүзім дақылына тексеріп, жақсы қорытынды берді, – дейді «Жер-ана» ғылыми өндірістік бірлестігі» ЖШС-інің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша менеджері Нұрлан Махмудов.  
Алматылық ғалымдар ойлап тапқан биотыңайтқыш шығаратын кәсіпорынның Шымкенттен салынуы да тегін емес екен. «Өйткені оңтүстік өңірінде күн жылы, ал халқы диқаншылыққа жақын. Қазірдің өзінде Сайрам ауданындағы бірнеше шаруашылықтар біздің тыңайтқыштарымызды қолданып, мол өнімге қол жетізіп отыр, – дейді серіктестік басшылары.  
– Бау-бақшаны өсіруге химиялық тыңайтқыштардан гөрі биотыңайтқыштардың пайдасы зор. Оның өсімдікке ешқандай зияны жоқ. Экологиялық жағынан таза. Химиялық тыңайтқыш пайдаланылған өсімдікте осы препараттарға деген тәуелділік қалыптасады. Яғни, оның ұрығы келер жолы да селитра сеппейінше жақсы өнім бермейді. Ал, биотыңайтқыштарда мұндай қауіп жоқ, – дейді Ж.Махмудов. 
Айтқандай, отандық ғалымдар өздері ойлап тапқан биотыңайтқыштардың жасалу тәсілін коммерциялық құпия деп отыр. Дегенмен, олар биотыңайтқыштарды жасыл желектің бойындағы табиғи минералдарды жинақтаудан алынады дейді.  
– Біздің алдағы жоспарымыз тыңайтқыштардың сапасын арттыру. Оның қолдану нормасын мейлінше азайту. Дәл қазір біздің биотыңайтқыштарымызды бидайдың бір тонна тұқымына бар-жоғы 200 граммын қолданса жетіп жатыр. Ал, 1 гектар бау-бақшаға 250 граммы кетеді. Тыңайтқыштарды Тәуелсіздіктің жиырма жылдығына орай арзандатылған бағамен сатып жатырмыз. Мәселен, 1 литр сұйық биотыңайтқыштың бағасы 22 мың теңге болса, біз акция аясында оны 50 пайызға арзандатып, 11 мың теңгеден сатып жатырмыз, – дейді серіктестік басшылары. 

Информация о работе Өңтүстік өңірінде өсірілетін астық өнімдеріне пестицидтердің әсерін зерттеу