Әдебиетке шолу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Мая 2014 в 08:33, лекция

Описание работы

Сайып келгенде адам күн көрісін жеңілдету үшін мал өсіреді. Оның басты себебі малдан алынатын аса маңызды азық өнімі.Жануарлардың етінде, түлік түріне, жынысына, жасына, тұқымына қарай, адам асказанында жақсы сіңірлерісіңірлері формадағы құрғақ зат, май, минералдық заттар, А, Д, В тобының витаминдері, т.б. көптеген қажетті заттар бар. Сондықтан қайқай түліктің болмасын еттілік қасиеттерін жетілдіру селекция жүйесінің бағзы заманнан бергі түбегейлі мәселесі. Малды ет өнімділігі бойынша бағалай білу зооинженерлердің мамандық тұрғысынан тікелей міндеті.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 32.62 Кб (Скачать файл)

Бүгінгі күні әр облыста кестеге сай жұмыстар жүргізілуде. Биылғы жылдың өзінде елімізге 10 мың бас шетелдік асылтұқымды мал келеді деп күтілуде. Осы 10 мың бас арқылы елімізге жеткізілген «шетелдік малдың» саны 17 мыңға көбеймек. «ҚазАгро» АҚ-ның хабарлауынша, 1 шілдеге дейін аталған 10 мыңның 410 басы АҚШ, Канада, Германия секілді елдерден жеткізіліпті. Өзгесі жыл аяғына дейін ұшып келуге тиісті. Жоба аясында асылтұқымды 300 мың бас малға арналып, 2,5 мың фермерлік шаруашылықтар құрылады деп жобалануда. Бұған қоса, 150 мың малға бордақылау алаңдары салынады. «Ет және ет өнімдерін шығаратын кәсіпорындар қазірдің өзінде елорда қажеттілігінің үштен бір бөлігін қамтамасыз етіп отыр» дейді мамандар. Мәселен, бүгінгі таңда Астана қаласының азық-түлік белдеуін қамтамасыз етуге бағытталған 38 жоба бар. Оларды қаржыландыру «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес компаниялары арқылы жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда мұндай жобалардың 27-сі толық іске қосылып, жемісін бере бастады. Солардың бірі – Астана қаласынан 150 шақырым қашықтықта орналасқан Сабынды ауылындағы ет өндіру кешені. Аталмыш елді мекен Ақмола облысының Қорғалжын ауданына қарайды. Жоба 2010 жылы пайдалануға берілген. Оның жалпы құны 986,34 миллион теңге болса, соның жартысынан астамын «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ бөлді. Яғни жылына 6 пайыздық мөлшермен несие берілді. «Бақара» компаниялар тобының бақылаушылар кеңесі төрағасы Серік Рахымбаевтың айтуынша, бүгінгі күні осы несие біртіндеп қайтарыла бастады. Былтыр 30 миллион теңге қарыз жабылса, биыл бұл көрсеткіш 10 миллионға артпақ.

Ет өндіру кешенін қолға алған кәсіпорын өнімді түрлендірген. «Астана Агроөнім» ЖШС директоры Қуаныш Нұрқияновтың айтуынша, қазір мұнда шұжықтың 30 түрі, жартылай дайын өнімнің 40-тан астам түрі өндіріледі. Айта өтейік, республика бойынша дәл осындай «блокты ет» және вакуумдық қаптамадағы ірі кесек ет өндіретін ет өңдеуші кешен үшеу ғана. Инвестициялық бағыт бойынша бұл үш кәсіпорынға 2 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлінген. Малды өзі жемдеп, сойып, дайын өнімді тікелей тұтынушыға ұсынатын кәсіпорын заманауи қондырғылармен жабдықталған. Германиядан арнайы мамандар шақыртылып, ең озық деген технология ендірілді. Астана айналасын азық-түлік белдеуімен қамтамасыз етуге бағытталған кәсіпорын жылына 5 мың тоннаға дейін дайын өнім өндіруге қауқарлы. Ет комбинаты, бұйыртса, 2013 жылы толық қуатымен жұмыс істемек. Осы межеден көріну үшін кәсіпорын Ақмола облысымен қатар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Кереку жерлерінен мал басын сатып алып отырады. Сондай-ақ Сабындыдан 40 шақырым қашықтықта серіктестіктің мал бордақылайтын алаңы бар. Онда 1000-нан астам сиыр семіртіледі. Болашақта жақын маңнан осындай тағы бір бордақылау алаңы салынбақшы. Отандық өнім Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Өскемен тағы басқа ірі қалаларға жөнелтіледі. 

 

1.2 Ет өнімділгі

 

Малдан алынатын маңызды азық - ет. Оның құндылығы оның құрамындағы нәруыз және майға, сондай-ақ жоғары каллориялығына байланысты анықталады. Көптеген адамдардың мәзірінен етті алып тастаса, онда оларда асқа қанағаттанбаушылық, тез қарыны ашушылық болатындығы белгілі. Еттің құрамының энергетикалық бөлігі (көмірсутектері, майлар) және құрылымдық (ақуыз) бөлігі жақсы қатынаста.  
Әлемдегі ет өндірудің құрылымына талдау, меншікті салмақ бойынша 1-і орынды шошқа (39-40), 2-і орынды сиыр (31-32), 3-і орынды құс (20%) алатындығын көрсетеді. Біздің елдің балансында алдыңғы орынды сиыр еті мен қой еті алады. 

Ауыл шаруашылық малдарының ет өнімділігінің негізгі көрсеткіштері болып енетіндер: тірі салмақ, тез жетілушілік және бордақылауға қабілеттілігі, сою шығымы, сою массасы, қоңдылығы, еттің морфологиялық және физикалық - химиялық құрамы.

Қазіргі күннің өзекті проблемасының ішінде зоотехния ғана емес, биологиялық ғылым да және тәжірибелерде, ауылшаруашылық малдарын тез жетілуін арттыру проблемалары аса назар аударуды қажет етеді. Бұл жоғары сапалы ет өнімдерін аз шығын жұмсай өндіру мәселелерімен тығыз байланысты және нарықтық экономика талаптарына толық көлемде сай.  
Ет өнімдерінің негізгі көрсеткіштерін бағалау және есепке алу малдың тірі кезінде де сойылғаннан кейін де жүргізіледі, тірі кезіндегі бағалау, ең алдымен малды кезеңмен өлшеу арқылы, осы арқылы күндік және айлық тірі массасының өсуін анықтайды және ет өнімі көлемінің қаншалықты болатынын болжай алады. Етті малдың түрінің даму деңгейін оның қабілетінің экстерьерлік өлшемдері арқылы анықтайды.  
Малдың еттілігінің дамуын көрсетуші өлшемдер болып: кеуденің (тұлғаның) қисық ұзындығы, көкірек қуысының ені айналымына, (арттың) бөксенің жартылай айналымы, жалдың (сауырдың) биіктігі және т.б. Малдың бордақылауға қабілеттілігін және семіру деңгейін сыртынан көзбен қарау арқылы және денесінің өте көп май жиналған жерін саусақпен санап көру арқылы анықтайды. Осындай болып көруге болатын жерлер ірі қара малында: құйымшақтың, бөксе өсінділерінде, шап аймақтарында, шығып тұрған жамбас сүйектің басына (маклок), бел омыртқа бөліктері, қабырғалар, төс сүйегі.  
Кейінгі жылдары малдың еттік сапасын анықтау технологиялық тәсілмен нақты жүргізіледі. Семіру деңгейін, малдың тірі кезінде май қалыңдығы және бұлшық ет ұлпасын анықтау үшін құрал құрастырылған. Мысалы: шошқаның майын (саласын) ниметрмен өлшейді. Ірі қараны бағалау үшін лиомиомер қолданылады.  
Малдың және құстың етінің сапасын бағалау үшін ультра дыбыстардың көмегімен анықтау кең тараған. Ультра дыбыс деп адам құлағы жоғары жиілікті беретін дыбыстық толқындар. Ультрадыбыстың өту жылдамдығы заттың тығыздығына байланысты. Әр түрлі тығыздықтағы (тері, май, бұлшық ет, сүйек) ұлпаларға дыбыстық толқындар байламын бағыттай отырып, ультрадыбыстың импульстердің әр текті тірі ұлпалардың шекарасынан бергендері бойынша зерттеп отырған материалдардың ультрадыбыстық профилін (пішінін) алуға болады. Ең алғаш осы ультрадыбысты ірі қара малының арқасындағы майды өлшеу арқылы 1956 ж, Р. Темлмен, 1957 ж шошқаға Б. Дюмонмен жасаған. Мал денесін бағалау үшін 1963 ж И. Стайфермен ультрадыбысты пайдаланудың негізгі талаптары зерттеліп шығарылды.  
Тірі кезіндегі малдың ет сапасын анықтау, малдың ет өнімділігін алдын-ала бағалауға мүмкіндік береді. Өте нақты және акырғы қорытындыны малды сойылғаннан кейін еттің саны мен сапасына қарап айтылады. Бұл үшін анықталатындар: сою массасы, сою шығымы, еттің морфологиялық құрылымы (жұмсақ ет, сүйек сіңірлердің қатынастары), еттің физикалық, химиялық құрамы, ет талшығының гистологиялық құрамы, еттің каллориясы.  
Сою массасы - бұл малдың сойылғаннан кейінгі басы, құйыршығы, терінің, ішкі мүшелері және аяқтары ( алдыңғысы білек (білезік) ) сүйекке дейін, артқысы - тілерсегіне алынып тасталған ішкі майларымен қосқандағы еті.  
Сою шығымы - малдың сою массасының, оның сою алдындағы массасына қатынасын айтады [4].

 

1.3 Ет өнімділігіне  әсер ететін факторлар 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Әдебиетке шолу