Туберкулез

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2014 в 00:28, реферат

Описание работы

Туберкулез - әлемде ең көп тараған жұқпалы инфекциялық аурулардың бірі.
Туберкулез - әртүрлі органдарды зақымдайтын , көбіне өкпеде орнығып , әртүрлі клиникалы көрінуімен сипатталатын , организмнің улануымен өтетін созылмалы жұқпалы дерт. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымымен туберкулез және басқа өкпе ауруларымен күресу Халықаралық одағы 1982 жылы 24-наурызды ресми Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні деп жариялады. ҚР Үкіметінің 2000 жылдың 30- наурызындағы №468 « Қоршаған ортаға қауып төндіретін дерттердің және әлеуметтік- маңызды аурулардың тізімін бекіту туралы » қаулысына сәйкес туберкулез әлеуметтік-маңызды дертке жатады

Содержание работы

І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Туберкулез(тарихы,этиологиясы,патогенезі,түрлері,диагностикасы,емі,
алдын алу)
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

ТУБЕРКУЛЕЗ-РЕАБИЛИТОЛОГИЯ.docx

— 39.11 Кб (Скачать файл)

Қалалық клиникалық аурухана №7

 

 

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Туберкулез

 

 

 

 

 

 

 

                                

 

 

 

                                                        Орындаған:

                                                                   

 

 

                                                  

 

                                       

 

                                      

 

Алматы 2014 жыл

Жоспар:

 

 

 

 

І.   Кіріспе бөлім

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Туберкулез(тарихы,этиологиясы,патогенезі,түрлері,диагностикасы,емі,

алдын алу)

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

      

        Туберкулез - әлемде ең көп тараған жұқпалы инфекциялық аурулардың бірі. 
Туберкулез - әртүрлі органдарды зақымдайтын , көбіне өкпеде орнығып , әртүрлі клиникалы көрінуімен сипатталатын , организмнің улануымен өтетін созылмалы жұқпалы дерт. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымымен туберкулез және басқа өкпе ауруларымен күресу Халықаралық одағы 1982 жылы 24-наурызды ресми Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні деп жариялады. ҚР Үкіметінің 2000 жылдың 30- наурызындағы №468 « Қоршаған ортаға қауып төндіретін дерттердің және әлеуметтік- маңызды аурулардың тізімін бекіту туралы » қаулысына сәйкес туберкулез әлеуметтік-маңызды дертке жатады.Туберкулезге қарсы қолданылған күрес шараларына қарамастан, ол қазіргі заманғы денсаулық сақтау саласының шешуі қиын проблемасы. Туберкулез ауруы, одан болатын өлім деңгейі әлі де жоғары.Жыл сайын әлемде туберкулезден 3 млн адам көз жұмады, 9-10 млн адам туберкулездің жұқпалы түрімен ауырады, әрбір 4 секундта бір адам туберкулезді жұқтырады, әрбір 10т секунда бір адам көз жұмады.1882 жылдан бастап туберкулез дүние жүзінде кемінде 200 млн адам өмірін қиды, бұл соңғы 100 жыл ішінде майдан даласында қаза тапқан әскердің санынан едәуір артық.Қазақстанда жыл сайын туберкулез дерті жаңадан анықталған 22-23 мың науқастар тіркеледі.Туберкулез таяқшалары ауа арқылы тарап, оны жұқтырып алған адамдардың өкпесінде өсіп жетіліп, көбейеді Алғашқыда өкпе қабынып, содан кейін бүлініп ыдырайды да орнында қуыстар пайда болады. Осындай қуыстарда сақталған миллиондаған туберкулез таяқшалары ауру адам сөйлегенде, түшкіргенде қоршаған ортаға шашырап тарайды.Туберкулез таяқшалары ауада бірнеше сағат бойы жерге түспей, қалықтап тұра береді. Егер туберкулездің ашық , жұқпалы түрімен ауыратын адам ұзақ уақыт нашар желденетін орында болса, сол жердің ауасына туберкулез таяқшалары соншама көп тараса , басқа да адамдардың тыныс ағзаларына түседі. Туберкулез негізінде осындай жолмен жұғады. Мұны ауа арқылы жұғу дейді.Туберкулез кез келген адамға жұғуы мүмкін , әсіресе балалар мен егде жастағылар үшін өте қауыпты. Ал егер , туберкулезбен ауратын адаммен жақын қарым-қатынас жиі әрі ұзақ болса , туберкулезді жұқтырып алу қаупі арта түседі.Туберкулезді жұқтырған адамдардың 90-95 %бұл аурумен ешқашан ауырмайды. Ал жұқтырғандардың қалған пайызы адам әлсіреп , түрлі себептермен қорғаныш күші азайған болса , туберкулез таяқшалары белсенділік танытып , аурудың басталуына себепші болады.

2.1.Туберкулез

       Туберкулез (лат. tuberculum – төмпешік), ескіше: құрт ауру, көксау – адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы – микробактерияны (“Кох таяқшасын”) неміс микробиологы Р.Кох (1843 – 1910) ашты (1882). Туберкулез микобактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліп келген таяқшалар, ұзындығы 1 – 10, ені 0,2 – 0,6 мкм.Туберкулез ауруы көне заманнан белгілі. Ауру белгілері бұдан 7 мың жылдай бұрын неолит кезеңіндегі адам сүйегін зерттегенде табылған, біздің заманымыздан бұрын 3 – 2-мыңжылдықта египет мумияларынан анықталған. Туберкулездің клиникасы туралы алғашқы деректер 2 ғасырда өмір сүрген каппадокиялық дәрігер Аретейдің (Aretaіos) еңбектерінде кездеседі. Одан кейін Гиппократ, Гален, т.б. ғалымдардың еңбектерінде де Туберкулез ауруы еске алынады. Бірақ олар Туберкулезді жұқпалы ауру қатарына жатқызбаған. Ал Әбу Әли ибн Сина өзінің “Дәрігерлік ғылымның каноны” деген еңбегінде Туберкулезді тұқым қуалайтын аурулар қатарына жатқызған. Туберкулездің жұқпалы ауру екенін бірінші рет италиялық ғалым Дж.Фракасторо (1478 – 1553) дәлелдеді.Жұқпалы аурудың тарайтын негізгі көзі – науқас адамнан түскен микробтары бар қақырық. Сау адамға ол негізінен Туберкулезбен ауырған адам түкірген қақырықтың ұсақ сұйық тамшылары арқылы не кепкен түйіршіктерін ауамен бірге жұтқанда; сирек жағдайда – Туберкулезбен ауырған үй жануарларының сүтін шикілей ішкенде, етін шала пісіріп жегенде жұғады. Организмге Туберкулез таяқшасының енуі ауруға себепші болғанымен, оның толық дамуы үшін жеткіліксіз. Адамдар Туберкулезбен бұрын науқастанып, организмніңиммунитеті төмендегенде, дұрыс қоректенбегенде (әсіресе мал өнімдерінің белоктары, витаминдер тапшы болғанда), санитарлық-гигиеналық жағдайлар дұрыс сақталмағанда, сондай-ақ аурумен ұзақ уақыт бойы араласқанда ауырады. Туберкулез көбінесе 3 жасқа дейінгі балаларда пайда болады, өйткені оларда ауруға қарсы иммунитет әлі де нашар дамыған, сондай-ақ жасөспірімдерде жыныстық жетілу кезеңінде пайда болады. Туберкулез негізінен тұқым қуаламайды. Туберкулезбен ауыратын адамдардың, әдетте, балалары ауру болып тумайды. Бірақ Туберкулезбен ауыратын ата-ана дер кезінде емделмесе, аурудан сақтану ережелерін дұрыс сақтамаса, дертті баласына жұқтырып, баланың Туберкулезбен ауруы мүмкін.

Туберкулез – адам баласында ерте заманнан кесел болып келе жатқан аурулардың бірі. Атадан балаға мұраға қалдырған малдай тұқым қуалап, мыңдаған қыршын жастарды қызғалдағынан солдырып, талайларды өмір бойы мүгеде еткен аурулар арасында туберкулез алдынғы қатарда орын алады.Атақты неміс ғылымы Роберт Кох 1882 жылы Берлин академиясында сөйлескен сөзінде: «егер біз аурудың халық үшін зиянын айтқанда оның өлшемі есебінде әрбір аурудан өлгенде алсақ, онда адамзат өміріндегі ең қатерлі оба, тырысқақ сияқты аурулар туберкулезден әлдеқайда көп кейін тұрар еді», - деп атап көрсетті. Біздің заманымызға дейін сақталған жазбалардан туберкулез ауруының ертедегі Египет, Вавилония, Греция, Персия, Қытай халықтары арасында кең тарағанын көреміз. Туберкулез ауруы жөніндегі алғашқы еңбек медицинаның атасы Гиппократ қаламынан шыққан. Ол өз еңбегінде ауруды қалай емдеу керектігі жайлы ақыл-кенес береді, тазалық сақтаудың, тағамды дұрыс іше білудің маңыздылығына көңіл аударады. Бұл ауру жайлы қызықты деректерді атақты Авиценна еңбектерінен де көреміз.Туберкулез ауруы жайында медициналық ғылымның дами түсуіне үлкен әсер еткен жай – 1882 жылы Роберт Кохтың ауруды қоздырушы микробты ашуы болды. Бұл микроб микроскоп арқылы қарағанда таяқшаға ұқсас болғандықтан туберкулез таяқшасы, немесе оны ашқан ғалым құрметіне Кох таяқшасы, немесе микробтар дүниесіндегі орнына байланысты туберкулез микобактериясы деп аталады. Неміс ғалымның бұл еңбегінің дүние жүзілік маңызы зор болды. Себебі осы микробты пайдаланып, бұл аурудың жұғу жолдарын, адам ағзасына оның қалай кіретінін, қай мүше құрылыстарын тезірек зақымдайтынын, қандай дәрілердең ем болатынын және аурудан сақтану жолдарын іздеп, зерттеу жұмыстарын жүгізуге мүмкіндік туды.Туберкулез ауруынан өлім де көп болды. Дарындары шарықтап тұрған шағында Белинский, Веневитинов, Кольцов, Суриков, Чехов, Плеханов, Ш. Уалиханов сияқты ғылым мен мәдениеттің көрнекті қайраткерлері осы туберкулез ауруынан құрбаны болды.

Туберкулез қоздырғышы: туберкулез аурудың қоздыратын микробтың бірнеше түрлері бар. Ауруды қай ортада қоздыруына байланысты, олар: 1) адам, 2) сиыр және ірі қара мал, 3) құс, 4) тышқан, 5) балық және бақа сияқты суық қандылар туберкулезінің микробы болып бөлінеді. Солармен қатар туберкулез микробының өте майда, басқа микроб өте алмайтын, сүзгілерден өтіп кететін түрі де бар. Бұл микробтар түрлері микроскоп арқылы қарағанда бірдей болмағандықтан, аурудың туберкулез микробының қай түрімен шалдыққанын лабораторияда арнаулы тексеру арқылы біледі.Әдетте халық арасында сырқат көбінесе 85-87 проценті туберкулез микробының адамда болатын түрімен қоздырылады. Одан кейінгі орында сиыр және құс туберкулезі микробтары тұрады. Ал микробтың қалған екі түрі адам үшін зиянды емес, олар адамда туберкулез ауруын қоздыра алмайды.Туберкулез микробы сыртқы ауа әсеріне айрықша төзімді. Қаранғы, күн түспейтін, ауасы сирек тазартылатын бөлмелерде микроб аурудың қақырығында 5-6 айға дейін, ауру ластанған киімдерде, жиhазда, кітаптарда 3-4 айға дейін өзінің тіршілік жайын сақтай алады. Лабораториялық анализдермен туберкулез микробын ылғалды топырақта, көше шаңында, әсіресе жай ағатын арық суларынан 4-12 айға дейін кездеседі.Көптеген ғалымдардың зерттеу жұмыстары арқасында туберкулез микробының майда – 30, айранда - 18, ірімшікте – 70 күнге дейін тірі қала беретіні анықталды. Бұл микробтың төзімділігі соншалықты, оларды пастеризация жасағаннан кейін де табуға болады. Ал тоңазытылған сүтте 2 айдан 8 айға дейін тірі қала береді.Туберкулез микробы ыстыққа да төзімді. Егер сүтті 50 градусқа дейін ысытса микроб 12 сағаттан кейін, 65 градусқа дейін ысытса 30 минуттан кейін өледі. Микробты құрту үшін заттарды қайнату қажет, ал басқа заттарды дезинфекциялау немесе залалсыздандыру керек. Туберкулез миробы дезинфекция үшін қолданылатын 15 процент қарбол қышқылының ертіндісінде 24 сағаттан, 10 процент лизол ертіндісінде – 12 сағаттан, 5 процент хлорамин ертіндісінде – 2 сағаттан кейін өледі.Міне сондықтанауруға көмек көрсеткенде, ауру бөлмесін тазалағанда елеусіз қалған бұрыштардағы немесе жүк астындағы шаңдарда, ауру пайдаланған үй-мүліктерінде туберкулез микробының ұзақ сақтала алатындығын естен шығармау керек. Дезинфекциялық шаралардың орындалуын қадағалау қажет.

Туберкулездің жұғу жолдары: туберкулез ауруының халық арасында тарауы үшін барлық жұқпалы аурулардағы сияқты үш буынның болуы шарт. Олар: 1) жұқпалы ауру себепсіші немесе инфекция көзі, 2) жұқпалы микробын тарататын әртүрлі факторлар, 3) осы микробты қабылдағыш, сезімтал ағза. Егер осы буынның бірі болмай қалса, жұқпалы ауру таралмайды.Туберкулезді тарататын басқы себепкер – ауру адам. Бұлардың ішінде аса қауіптісі туберкулездың ашық түрімен, яғни сыртқа ортаға өз микробын шығаратын сырқаттар. Ал аурудың жабық түрімен (микроб шығармайтындар) ауратындар өз айналасына зиянсыз деп есептеледі.Жабық түрімен ауырғандарға әрдайым дәрігер белгілеген уақытта өзінің туберкулез микробын шығаратын – шығармайтынын тексертіп отыруға қажет, аурған адам режим сақтамаса ауру ашық түріне айналады. Туберкулез микробы ауру адам ағзасынан қақырықпен, сілекеймен, термен, іріңмен, дәреттерімен бірге шығады.Туберкулездың микробтары ағзаға тыныс алу органдары арқылы, ауру адаммен тікелей қарым-қатынас жасағанда, ауру адамның заттарымен пайдаланғанда және ас қорыту органдары арқылы жұғады. Туберкулезбен үй жануарларда ауырады, сондай-ақ үй жануарлардың сүтін дұрыс қайнатпай немесе етті шала пісіріп жегенде жұғуы мүмкін. Ауырған малдың зиянды әсері осындай малдарды соятын арнаулы қасапханада істейтін адамдар үшін өте айрықша. Қолдағы кішкентай жаралар арқылы өтеді, микробтар қанға түседі. Сондықтан қызмет бабымен мұндай еттерге көп араласатын адамдардың туберкулез ауруының жұғу және одан сақтану жолдары жайында толық мағлуматы болғаны жөн.Өз өмірінде туберулез микробымен кездеспейтін адам жөқ. Мұны халықты жаппай рентген – флюорография аппаратттарымен тексеру кезінде туберкулез қалдырған өкпедегі ізден (Гон ошағы) көруге болады. Бірақ осыған қарамастан туберкулез микробын қабылдаған адамдардың бәрі бірдей ауыра бермейді. Бұл әр адамның организмінде туберкулез ауруына қарсы қорғаныш күштің және иммунитетің әртүрлі болуына байланысты.Иммунитет мөлшері әрдайым бір қалыпта тұра бермейді ол қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен азаяды, ал туберулезға қарсы егу арқасында көбейеді.Туберкулезбен ауыруға жыл мезгілдерінің де әсері байқалады. Көбінесе туберкулез ауруының асқындауы жене ауру көптеп шыға бастауы көктем айларында жиілеу кездеседі.

Туберкулез ауруының түрлері және олардың негізгі белгілері.Жоғарыда атап өткеніміздей, туберкулез микробы қан арқылы бүкіл денеге жайылады. Міне сол микробтың адам организміне қай жолмен кіруіне және олардың қай органдарға тұрақталуына байланысты туберкулез ауруы әртүрлі болады. Енді сол туберкулездің көп кездесетін түрлеріне және олардың негізгі белгілеріне тоқтаталайық.Өкпе туберкулезі. Туберкулез ауруының барлық түрлерін бірге есептегенде оның 85-87 проценті өкпе туберкулезіне жатады. Бұл туберкулез ауруының ең басты тарау жолы ауа екендігін, ал микроб адамға осы ауамен тыныс жолдары арқылы кіріп өкпе ұлпаларына тоқтайтындығын көрсетеді.Туберкулез микробы әдетте өкпеге түскеннен кейін қозғалысы шамалы, ауа айналысы аздау келетін өкпенің оң жақтағы бөлігінің жоғары жағына келіп тұрақталады да бірінші ошағын құрайды. Бұл ошақ денесі шыныққан, қайратты денесінде иммунитеті бар адамның өкпе ұлпаларымен қоршалып, әктеліп, қатып қалады. Осындай қоршауда туберкулез микробы белгісіз уақытқа дейін ешқандай белгі бермей қала беруі мүмкін. Міне осы ошақты алғашқы байқаған ғалым атымен Гон ошағы деп атайды.Адам денесіне жаңадан көп микроб түссе, немесе сыр білдірмей жатқан бірінші туберкулез ошағы қорғаныш күштерінің азаюына және иммунитеттің жойылуына байланысты қоршауды бұзып шықса туберкулез ауруы басталады.Туберкулез әртүрлі басталады. Алғашында өкпедегі тыныс жолдарындағы микроб ұялаған жерлерде томпақшалар пайда болады. Олардың кейбіреуі құрып кетеді, ал кейбіреулері бірігіп, көлемі әртүрлі туберкулездық фокус құрайды. Микробтар осы фокустан тез арада лимфа жолдарымен өкпе түбіндегі бездерді шошындырады. Міне, туберкулездық фокус, қабынған лимфа жолдарымен ауырған без үшеуі алғашқы туберкулездық комплекс деп аталады. Бұл өкпе туберкулезінің ең бірінші түрі. Бұл адам еш қиналмайды өзінің ауру екенін де білмейді. Уақытында емделген алғашқы туберкулездіқ комплекс асқынбай, тез жазылады. Туберкулез ауруы әдетте адамның жиі-жиі «тұмаулап», мең-зең болып, дене қызметіне, жұмысқа селқостығы басталады. Тамаққа тәбеті тартпайды.клиникасы.Туберкулез ауруының өзіне тән алғашқы белгілерінің бірі – дене қызуының көтерілуі. Ауру қатал басталғанда дене қызуы 38 – 39 градусқа дейін немесе одан да жоғары көтеріледі, ал жайлап басталғанда қызу көтерілісі шамалы болады да, әдетте 37,2-37,5 градус шамасында ұсталады. Көбінесе дене қызуы кешкі уақытта көтеріледі, ал дене қызуының таңертен көтерілуі сирек кезігеді. Дене қызуымен қатар туберкулезбен ауырғанда әр уақытта терлегіш пайда болады. Аурудың қатты басталған түрлерінде түнде қатты терлеу арқасында іш киімі және төсек орны су болып кетеді, бұл ауру адамды қатты шаршатады, әрі әлсіретеді.Аурудың айрықша белгілерінің қатарында науқастың салмағын тез жоғалтады, бұл аурудың аз тамақ ішуі және асқазанның жұмыс істеуі бұзылып, ішкен тамақтың сіңбей, нашар қорытуына байланысты болады.Өкпе туберкулезінде өкпе тұсы шаншып ауырады және жөтел пайда болады. Аурудың алғашқы кездерінде аздап жөтеледі, ал туберкулездің созылмалы, өкпеде каверна пайда болған түрлерінде ұзақ жөтеліп, қақырығы көп бөлінеді.Сырқаттың ең қауіпті белгісі – қан құсу. Бұл сырқаттың өте ауыр екендігін көрсетеді жене қақырықпен қан кеткенде сырқат көп мөлшерде микроб шығарадыЕрте басталған антибактериялық дәрілермен комплексті емдеу арқасында өкпе туберкулезімен ауырған жүз адамның 80-ін толық жазуға мүмкіншілік туып отыр.Кеңірдек туберкулезі. Туберкулез ауруының бұл түрі өткір немесе созылмалы түрде басталуы мүмкін. Аурудың алғашқы кезінде сілекей бездерінің бұзығанын байқаймыз. Осының салдарынан аурудың ауызы құрғап, сілекейі азаяды, тамағы жыбырлайды, шашалғыш болады, көмекейі ысып, шаншулар пайда болады. Аурудың дауысы өзгереді, кейде қырылдап сөйлейді. Әдетте кеңірдек туберкулезі жеке кездеспей, өкпе туберкулезімен қосарлана жүреді. Сондықтан кеңірдек туберкулезінің ақыры өкпе туберкулезіне ауысады. Көп уақытқа дейін кеңірдек туберкулезі адам өміріне хауіпті деп есептелініп келді. Қазіргі уақытта аурудың 90 проценті ешқандай зардапсыз жазылады.Сүйек-буын туберкулезі. Сүйек-буын ауруларының арасында жиірек кездесетіні туберкулез. Барлық, туберкулез ауруының 10 процентке дейіні сүйек-буын туберкулезінің есебіне жатады. Бұлардың ішінде ең жиі кездесетіні омыртқа туберкулезі (40 процент), тізе-буын туберкулезі (40 процент), ал басқа сүйектер туберкулезімен әлгі екеуіне қарағанда сирек ауырады.Сүйек-буын туберкулезі өз алдына жекелеп те немесе өкпе туберкулезімен біргеде кездесе береді.Туберкулездің осы түрі негізінен алғанда балалар ауруы болып есептеледі, себебі тез өсіп келе жатқан бала сүйегінің қан айналысы өте жақсы болғандықтан жілік сүйектердің кемік бастары туберкулез микробына тамаша ұя болады. Әріне, бұл айтқанымыз сүйек-буын туберкулезі ересек адамдарда болмайды деген сөз емес, бірақ сүйек-буын туберкулезімен ауырғандар арасында ересектер үлесі өте аз.Сүйектегі ауру туберкулез микробы қан немесе лимфа тамырлары арқылы тарай бастаған кезде басталады, содан кейін буынға өтеді, ал кейде ауру буында басталып сүйекке өтуі мүмкін.Сүйек пен буында туберкулез пайда болу үшін жас балалар өміріне жарақаттану үлкен роль атқарады, ол әсіресе білімбей жатқан микробтарды қоздырып, аурудың асқындауына әсер етеді.Енді осы сүйек-буын туберкулезінің кейбір түрлеріне қысқаша тоқталып өтейік. Омыртқа туберкулезі (спондиллит). Бұл сүйек-буын туберкулезінің ішінде ең жиі кездесетіні. Туберкулез микробы омыртқа сүйегінің үлпасына ұялайтын болғандықтан сырқат көп уақытқа дейін сыр білдірмей өте береді. Дегенмен алғашқы өзінде-ақ аурудың жүдеп кететінің байқаймыз. Бұл әсіресе жас балаларда анық білінеді. Бала селсоқ, ештенеге көңіл аудармайтын, ойынға қызықпайтын болады. Сүйегі сырқырап ауыра бастайды, басын тік ұстап жүруге тырысады, ауру жүйке жүйесі арқылы бүкіл беліне таралады. Арқа қозғалысы кемиді.Микробтар омыртқа ішінде өсіп көбейіп, омыртқа ішін кеміріп, іріңге айналдырады. Арқадағы омыртқалар адам денесін ұстап тұратын тірегі екені белгілі. Табиғи уақытта омыртқалар адам салмағын еш қиындықсыз ұстап тұра алады. Ал ішін туберкулез микробы кеміріп талқандаған омыртқалар өзінен жоғары омыртқалармен адам салмағының қысымында шыдай алмай сынады. әдетте ауырған омыртқалар саны екі-үштен кем болмайды, ал жас балаларда 3-5-ке дейін жетеді. Ауырған омыртқаның сынуы адам денесінің әрқилы болып қисаюына, құыстың пайда болуына әкеліп соғады. Омыртқаны бұзып шыққан ірің ақпа іріңдікке айналады да аурудың санынан, жанбасынан тесіп сыртқа шығады.Омыртқа сүйегінің сынуы, адам денесінің қисайып қалуы, жұлынды, қан тамырларын, жүйке жүйесінің қысып қалып олардың қызметін бұзады. Осының арқасында аурудың аяқ-қолы жансызданып, сал болып қалуы мүмкін. Уақытылы гипсте емделген жас балаларда омыртқа туберкулезі ешқандай белгі қалдырмай жазылады. Ал, закымданған омыртқа саны бірнеше болып, олар сынған болса адам бүкір болып қалады.Жанбас ұршығы туберкулезі (коксит). Туберкулездің бұл түріне аурудың алғашқы ұялары жанбас сүйегінде, ортан жіліктің ұршығында орнайды. Аура бастағаннан адам шаршағыш келеді, жүрісі өзгереді. Жас балаларда әлсін-әлсін ақсау пайда болады. Аяқты қозғағанда қатты ауыратын болғандықтан науқас балдақпен жүреді. Осының салдарынан бұлшық етері көлемі кішірейіп, аурудың саны жіңішкеріп кетеді.Туберкулез микробы ұршық мойынығ кеміріп жұқартқандықтан аз ғана күш түскенде сынып кетуі мүмкін. Бұл ауру аяғының 4-8 см. Қысқаруына әкеліп соғады. Микроб әсерінен шіріген сүйек ірінге айналады да, көбейе келе жанбастан тесіп шығады.Уақытында емделген жанбас ұршығы туберкулезі сүйек фунцияларын бұзбай жазылады. Аурудың көпшілігінде туберкулез ұршық ұясын зақымдайды, ал кейін жазылғанда дәнекер шандырлар арқылы шоғырланып бітумен аяқталады. Осы себепті бұл шоғырланып біту аяқ қозғалысын азайтады, ал кейде тіптен қозғалмай қалуы да мүмкін.Осындай туберкулезге байланысты әртүрлі болып қисайған, қозғалмай қалған аяқтардың қызметін хирургиялық емдеу арқылы орнына келтіріп, адамды таяқсыз тік жүргізуге болады.Тізе буыны туберкулезі (гонит). Әдетте тізе буыны туберкулезы осы буынды құрайтын ортан жіліктің төменгі жағында, тізе тобығында немесе жіліншектердің жоғарғы жағында кездеседі.Микробтар тізе буыны ішінде өсіп көбейіп, буынның ішін кеміріп, ірінге айналдырады. Тізе буыны ауырады, қақсайды, ісиді, қызметі бұзылады, формасы өзгереді. Сырқат адамдар таяқсыз жүре алмайтын қалға дүшар етеді.Без туберкулезі. Негізінен алғанда жас балалар арасында көп кездеседі. Бездердің қан айналысы өте жақсы болғандықтан туберкулез микробы басқа мүшелерге қарағанда бездерге түседі, ауру қоздырады.Без туберкулезінің ішінде ең көп кездесетіні кеңірдек тарамы тұсындағы бездер туберкулезі. Бұл түсінікті де, себебі микроб адам ағзасына түсетін басты жолы тыныс жолдары. Сондықтан кеңірдек тарамы бездерінің ауыруы өкпеден де бұрын басталуы мүмкін. Бұл бездер ауруға шалдыққанда сырқат белгіері тез білінеді. Кенеттен дене қызуының көтерілуі, әлсіздік пайда болу, шаршағыштық, күйгелектік, сәл нәрсеге ренжу туберкулез микробымен ұланудың алғашқы белгілері болып табылады. Бұлармен қатар ауруда еңтігу, жүрек соғу, терлегіштік, қалқанша бездердің үлкеюі сияқты белгілер пайда болады. Сырқат меңдеген сайын белгіер күшейе түседі, тұрақты болып алады, жүрек қыжылдауы қосылады.Туберкулезге көп шалдығатын бездердің бірі – мойын бездері. Ал шақшыт, қолтық, шап, шынтық бездерінің ауруы мойын бездеріне қосарлана жүреді. Мойын бездерінің ауырғаны да тез білінеді. Ауру басталарда мойын терісі қалындайды. Қолмен синап ұстағанда тері астынан көлемдері үлкейген, біріне-бірі байланысып жатқан бездер білінеді. Уақыт өткен сайын без үстіндегі терілер қызарады, астындағы бездердің іріңге тола бастағанын көреміз. Бездер ұстаған кезде ауырады. Сыздап ірінге толған бездер ақырында жарылады. Без туберкулезі 3-4 айға дейін созылуы мүмкін, осы уақыттарында ірің ағуы азайғанымен тиылмайды.Без туберкулезі ұзаққа созылғандығына қарамай, әмделсе сәтті аяқталады, бірақ, жарылған бездер орны бүкіл тамақты алып жатқан тыртыққа айналады. Кезінде еленбей, ескерусіз өз бетімен өткен туберкулезі басқа мүшелердің туберкулезбен ауыруына әкеліп соғуы мүмкін.Сирек кезігетін түрлеріне ішек, тері, көз, жыныстық мүшелердің және ми қабығы туберкулездері жатады.

Диагноз қою:мұқият анамнез жинау;аурудың клиникалық белгілерін ескеру;лабораториялық зерттеулерге сүйену:қанның,зәрдің жалпы анализдері;қақырықтың,жұлынсұйықтығының тексерістері;рентгенография,рентгеноскопия,томография,флюрография.

Диагностика: манту белгісін қою.Манту белгісін қою  үшін туберкулин препараты қолданылады. Белгіні білектің іщкі жағының ортаңғы бөлігіне тері ішіне, арнайы туберкулин шприці мен инесі арқылы 1 балаға 0,1 мл дозада егу түрінде жүргіземіз. Белгі дұрыс қойылса, егілген жерде лимонның қабығы тәрізді төмпешік ( папула) пайда болады. Манту белгісінің нәтижесі 48-72 сағаттан кейін оқылады. Ол үшін, мөлдір пластмасса сызғышпен  егілген жердегі пайда болған ісік (папула) немесе қызарудың диаметрін өлшеу керек.Манту белгісінің нәтижелері:Егілген жерде тек иненің орны немесе папула өте кішкентай – диаметрі 1 ммекені анықталса, бұл теріс  нәтиже болып саналады.Папуланың диаметрі – 2-4 мм болса немесе папула жоқ , тек қана қызару аныкталса, бұл күмәнді нәтиже.Папуланың диаметрі – 5 мм және одан жоғары болса оң нәтиже.Папуланың диаметрі 17 мм – ден де жоғары болса гиперергиялық реакция болып табылады.Туберкулез белгілері болмай, бірақ манту белгісі өмірінде бірінші рет оң нәтиже берген жағдайды вираж деп атайды.  Бұл балалар диспансерлік есепке алынып 3 ай бойы тубазид немесе изониазидпен химиопрофилактика жүргізіледі. 1 жылдан соң қайта манту белгісі қойылады. Нәтижесі теріс болған жағдайда диспансерлік бақылаудан алынады. Оң болған жағдайда баланы толық тексеріп,диагноз қойылып емделінеді.

Емдеу.Туберкулездің емі кешенді ( комплексті) түрде, үзіліссіз сатылап, ұзақ жүргізілуі қажет. Емдеудің 1-ші сатысы арнайы туберкулез диспансерінде жүргізіледі. Емнің негізгі бір шарты – таза ауаны кеңінен қолдану. Ауру баланы жылдың кез- келген мезгілінде таза ауамен қамтамасыз ету қажет. Сондықтан да туберкулез диспансері орманды, тоғайлы, ауасы өте таза  жерлерге орналасқан жөн. Күн тәртібі – бала ауыр жағдайларда ғана төсек режимінде болады. Баланың  ұйқысы тыныш, ұзақ  болуы керек. Тамақтандыру ерекшелігі – баланың жасына қарағанда калориясы 15-20 % артық тағамдар тағайындалады. Тамақ құнарлы, витаминдерге бай, алуан түрлі болуы керек. Туберкулездің емінде қымыз, қымырын кеңінен пайдаланылады.Дәрілік ем:1. Антибактериальды- кейінгі жылдары итальяндық ғалымдар жүргізген көптеген лабораториялық және клиникалық зерттеулерден соң ең  тиімді, ең таңдаулы 5 түрлі дәріге тоқталған: рифампицин, стрептомицин, пиразинамид, изониазид, этамбутол.2.Витаминдер.Қан,плазма құю.Кортикостероидтар.

ДОТС жоспарымен емдеу. Туберкулезді ДОТС жоспарына сәйкес емдеудің  негізгі принципі – тікелей бақылаулы, қысқа мерзімнің ішінде қарқынды, белсенді ем жүргізу болып табылады. Микобактериялардың сыртқа бөлінуі тоқтағанша арнайы туберкулез диспансерінде, одан кейін бактериялар толық жойылғанша амбулаториялық жағдайда ем жалғастырылады. Ем жүргізу үшін жоғарыда аталған негізгі 5 препарат қолданылады:H-изониазид, R-рифампицин, Z- пиразинамид, S- стрептомицин, E- этамбутол.Туберкулезді емдейтін дәрілердің жанама әсеріТуберкулез ауруы алғаш анықталған науқастардың 5-10 % да дәрінің мынандай жанама әсерлері байқалады: тәбеттің төмендеуі, жүректің айнауы, құсу, дененің қышуы, іштің ауруы, терінің және көз шарасының сарғаюы, буындардың ауруы, көздің көруінің төмендеуі.Негізінде жоғарыда айтылған дәрінің жанама әсерлерің емді тоқтатпай-ақ қайтаруға болады.Дәрінің жанама әсерін немесе жақпағанын дәлелдемей емді тоқтату туберкулездің мультирезистенттік ( дәріге төзімді) және созылмалы түрінің пайда болуына алып келеді.Мультирезистенттік ( дәріге төзімді) туберкулез- туберкулездің ең қауіптігі түрі. Себебі, туберкулез таяқшалары ауруға  қарсы қолданатын негізгі дәрілерге бой үйретіп алады.Мультирезистенттік туберкулез – ауруды дұрыс емдеумен нәтижесінде, әсіресе қандай да бір сылтаумен дәрі қабылдауды тоқтатқаннан пайда болады. Аурудың бұл түрін емдеу өте қиын, әрі ұзаққа кем дегенде 18-21 айға созылады. Сондықтан туберкулезбен ауыратындар, олардың жақындары, емдеу жұмысына  қатысатын барлық медицина қызметкерлері туберкулезді емдеу барысында емді ешқашан үзуге болмайтынын білуі тиіс.Емнің барысында, аяғында қақырықтың барлық анализінде туберкулез таяқшалары табылмаса, ем нәтижелі болды деп есептеледі. Бұл жағдайда дәрігер науқас туберкулезден толық жазылды деп шешім қабылдайды, ал ауырған адам сау адамдар қатарына қосылып, отбасында, жұмыста, басқа да қоғамдық орындарда еркін жүре алады.Аурудан жазылған адамдардың кейбіреуінде жағымсыз факторлардың әсерінен ( нашар тамақтану, жиі суықтап қалу, қатты шаршау, маскүнемдікке, нашақорлыққа салыну т.б) туберкулездің қайталануы мүмкін. Сондықтан, туберкулезден емделіп жазылғандардың бәрі, егер жөтел қайта қайталанса дәрігерге дереу қаралып, қақырығында туберкулез таяқшаларының бар-жоқтығын тексертуі керек.

Информация о работе Туберкулез