Сыртқы орта факторларының әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2013 в 18:15, реферат

Описание работы

Бұлшықет көлденең жолақты бұлшықет талшықтарынан тұрады. Бір- біріне параллелді жүретін бұл талшықтар борпылдақ дәнекер тін (endomysium) аркылы бірінші ретті шоғырға байланысады. Осындай бірнеше бірінiі шоғырлар бірігіп, екінші ретті шоғыр, және т.с.с. түзеді. Жалпы барлық ретті бұлшыкет шоғырлары бұлшықет қарыншасын түзе, дәнекертінді қабықпен — perimysium бірігеді. Бұлшыкет будалары арасындағы, бұлшыкет қарыншасы ұштарындағы дәнекер тінді қабатшалар бұлшықетінің сіңір бөлігіне айналады.

Содержание работы

1 Жалпы миология
2 Бұлшықет – мүше ретінде
3 Бұлшықеттердің жұмысы және жіктелуі
4 Сыртқы орта факторларының әсері
5 Жеке миология

Файлы: 1 файл

миология.doc

— 87.00 Кб (Скачать файл)

   Бұлшықеттер мен сіңірлер астында әр жерде, негізінен олардың бекитін жерлері қасында орналасқан синовиалды қапта да, bursae synoviales,осындай қызмет атқарады. Олардың кейбірі, артрологияда көрсетілгендей, буын қуысымен байланысады. Бұлшықет сіңірі өз бағытын өзгертетін жерлерде көбінесе шығыршық, trochlea, түзеді, ол арқылы сіңірлер өтеді. Шығыршықтар сүйекті, фиброзды шығыршықтар деп бөлінеді. Сіңір сүйек арқылы асыра өткізілсе, сүйекті шығыршық түзіледі, бұл жағдайда сүйек беті шеміршекпен қапталады да, ал сүйек пен сіңір арасында синовиалды қап орналысады. Фиброзды шығыршық шандыр байламдарынан түзіледі. Бұлшықеттердің қосалқы аппараттарына сондай – ақ дәнтәрізді сүйектер де, ossa sesamoidea, жатады.

   Олар бұлшықет күшінің иінін үлкейту үшін сүйекке бекитін жерлерде қалыптасады.

   Бұлшықетке сыртқы орта факторларының әсері.

Бұлшықетте жұмыс  істеген кезінде одан сайын үдейтін  күшті зат алмасу үрдісі жүреді. Бұл кезде бұлшықетке тамыр арқылы келетін қан ағыны күшейеді. Бұлшықет қызметінің күшеюінен оның қоректенуі жақсарып, салмағы артады (бұлшықеттің жұмысшы гипертрофиясы). Еңбек пен спорттың әр түрлерімен байланысты жасалатын дене қимылдары ең көп жүк түсетін бұлшықеттердің жан — жақты дамуына, үлкеюіне әкеледі.

   Әрбір кәсіп түріне байланысты еңбек дененің үзақ уақыт бойы бір қалыпты жағдайда болуын (мысалы, верстак жанында еңкейіп жүмыс істеу) немесе дене қалпының үнемі бір бағытта өзгеріп отыруын (мысалы, балташылардың түлғасы үнемі бүгіліп, жазылып отырады) талап етеді. Сондықтан мамандану бүкіл дене бұлшықетінің жұмысын емес, оның тек белгілі бір бөлімдерінің жұмысын ғана күшейтеді, сол себепті кәсіби еңбек дененің кейбір бөлімдерінің күшті дамып, ал басқа бір бөлімдерінің кенжелеп қалуына себеп болады. Дәл осы сияқты спорттың кейбір арнаулы түрлері тек бұлшықеттердің жекелеген топтарын ғана өсіріп, дамытады. Демек, еңбек пен спорт гигиенасы адам денесінің жарасымды дамуына жағдай тудыратын әмбебап дене шынықтыруды керек етеді.  

 

   Дұрыс таңдап алған дене жаттығулары бүкіл дене бұлшықетін үйлесімді дамытады. Бұлшықеттердің қарқынды жұмысы бүкіл организмнің зат алмасуына әсер ететіндіктен, дене шынықтыру және спорт организм дамуына қолайлы әсер ететін күшті факторлардың біріне жатады.

Жеке  миология.

   Арқа бұлшықеттері

   Арқа бұлшықеттері көп: олардың басты бөлігін тұлға миотомдарының дорсалды бөлімдерінен пайда болған аутохтонды бұлшықет жиынын құрайды, оған бастан (висцералды) және қолдан арқаға (трункопеталды) ауысқан бұлшықеттер қабаттасады, соның себебінен олар екі — беткей және терең — қабат болып орналасады.

   Кеуде бұлшықеттері

  Кеуде бұлшықеттері кеуде торының бетінде басталып, одан иық белдеуі мен қолдың еркін бөлігіне баратын бұлшықеттерге және кеуде қуысының қабырғалары құрамына кіретін меншікгі (аутохтонды) бұлшықеттерге бөлінеді.

   Іштің  бұлшықеттері

   Іштің бұлшықеттері кеуде торының төменгі тесігі мен жамбас астауыныңжоғарғы жиегі аралыгын алып жатады. Олар іш қуысын қоршап, оның қабырғасын тузеді. Бүйір, алдыңғы және артқы бұлшықеттерді ажыратады. Іш бұлшықеттері осы аймақтың аутохтонды вентралды бұлшықеттеріне жатады. Бүйір бұлшықеттері бір-біріне қабаттасып жатқан үш жалпақ бұлшықеттерден түзіледі. Олардың сіңірлі созылмалары m. rectus үшін қынап түзіп, іштің алдыңғы жағында ақ сызық бойында қосылады.

Бастың  бұлшықеттері

  1. Шайнау бұлшықеттері, бірінші желбезек (төменгі жақсүйектік) доғаның туындылары, n. trigeminus арқылы нервтендіріледі.
    1. Мимикалық немесе бет б9лшықеттері екінші желбезек доғасының туындылары, n. facialis-пен нервтенеді.
    2. Бассүйек күмбезінің бұлшықеттері.

 

 

Қол бұлшықеттері

  Қол бұлшықеттері еңбек мүшесі ретіндегі қолдың қимыл — қозғылысын іске асырады. Қол бұлшықеттері оны тұлға қаңқасына бекітіп, сүйектердің бұлшықетті байланысуын түзіп, орталық ретіндегі иық белдеуі сүйектеріне әр жақтан — бастан, арқа мен кеудеден — келеді және олардың шығу тегі әр түрлі: 1) беку нүктелері, иық белдеуі сүйектерінде болатын, тұлғаның вентралды бұлшықеттерінің туындылары, яғни трункофугалды бұлшықеттер: m. Rhomboideus, m. Levator scapulae, m. Serratus anterior, m. Subclavius, m. omohyoideus, сондай-ақ бастан ығысып ауысқан желбезек доғаларыныћ туындылары – m. trapezius; 2) трункофеталды бұлшықеттер – m. Latissimus dorsi, mm. Pectorals major et minor.

Иық бұлшықеттері

   Иық бұлшықеттері ең қарапайым пішіндегі қол-аяқтар бұлшықеттерінің бастапқы орналасуын сақтап, былай бөлінеді: еқі бүккіш бұлшық алдыңғы бетінде (алдыңғы топ) және екі жазғыш бұлшықет артқы бетінде (артқы топ). Олар шынтақ буынына әсер етіп, фронталды білік айналасында қозғалыс тудырады. Сондықтан иықтың алдыңғы және артқы беттеріне орналасып, білек сүйектеріне бекиді. Бұлшықеттердің екі тобы иықтың барлық бұлшықеттерін қаусыратын оның ортақ шандырынан тоқпан жіліктің латералды және медиалды жиектеріне қарай баратын, екі дәнекер тінді қалқаларымен бөлінген.

Білек бұлшықеттері

   Білек бұлшықеттері кызметі жағынан бүккіштер мен жазғыштар  болып бөлінеді. Олардың кейбіреулері қол ұшын түгелдей, ал басқалары тек саусақтарды ғана бүгіп, жазады. Одан басқа, кәрі жілікті тиісті қозғалыска келтіреггін пронаторлар мен супинаторлар болады. Орналасуына қарай бұл бұлшықеттердің барлығы екі топқа бөлінеді: алдыңғы топтың құрамына бүккіштер мен пронаторлар, ал артқы топқа жазғыштар мен супинаторлар жатады.

Аяқ бұлшықеттері

   Аяқ бұлшықеттері жамбас белдеуі, сан, сирақ және аяқ ұшы бұлшықеттерініне бөлінеді.

   Жамбас белдеуінің бұлшықеттері жамбас астаудан ортан жіліктің жоғарғы шетіне барып, ұршық буынында оның барлық негізгі 3 білігі айналасында қозғалыстар жасайды. Олар буынның жан-жағынан орналасып, қозғалыстардың барлық түрін орындайды. Сондағы беку нүктелеріне және басты қызметіне қарай оларды алдыңғы және артқы топтарға бөледі.

 

 

Сан бұлшықеттері

   Сан бұлшықеттері ұзын сүйекті рычагтарды қозғалысқа келтіре, тік жүруге әрі денені тік қалыпта ұстауға қатысады. Олар осымен байланысты ұзарып, бір ортақ сіңірі болатын қомақты массаға тұтасып, көпбасты бұлшықеттер (мысалы, екібасты және төртбасты сан бүлшықеттері) түзеді. Сан бұлшықеттері 3 топқа бөлінеді: алдыңғы (негізінен жазғыштар), артқы (бүккіштер) және медиалды (әкетушілер). Соңғы топ ұршық буынына әсер етеді, ал алдыңғы екеуі оған қоса және басым түрде тізе буынына әсер етіп, оның фронталды білігін айнала қозғалтады, бұл олардың санның артқы және алдыңғы бетіне орналасып, сираққа бекуіне байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                  Қазақстан Республикасының Денсаулық  сақтау министрлігі

                                 Алматы медициналық колледжі  «Димед»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        СӨЖ

   Тақырыбы:    Миология


 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                          Орындаған: Маудинова Азиза

                                          Тексерген: Сарыева Зәуреш

 

 

 

 

                            2013-2014жж.


Информация о работе Сыртқы орта факторларының әсері