Пайдаланылған әдебиеттер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2013 в 16:39, реферат

Описание работы

Қол мен аяқтардың қан мен қандануы ол адам денесіндегі үлкен қанайналым шеңберінің артериялары болып табылады. Сонымен қатар ол артериялар бірнеше топтарға жіктеледі. Мысалға қолдың артерияларын айтатын болсақ қолтық артериялары, иық артериялары, кәрі жілік артериялары, шынтақ артериялары жатады, ал аяқ артерияларына келсек, оған: сан артериялары, тақым артериялары, асық жіліктің алдыңғы артериялары, асық жіліктің артқы артериялары, аяқ ұшы артериялары болып табылады. Ол артериялардың қызметтері бір – бірімен тізбектеле жұмыс атқарады.

Содержание работы

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Қол артериялары
Қолтық артериясы
Иық артериясы
Кәрі жілік артериясы
Шынтақ артериясы
Аяқ артериялары
Сан артериясы
Тақым артериясы
Асық жіліктің алдыңғы артериясы
Асық жіліктің артқы артериясы
Аяқ ұшы артериялары
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

қол аяқ артериялары.doc

— 88.00 Кб (Скачать файл)

ЖОСПАР

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі  бөлім

  1. Қол артериялары
    1. Қолтық артериясы
    1. Иық артериясы
    2. Кәрі жілік артериясы
    3. Шынтақ артериясы
  1. Аяқ артериялары
    1. Сан артериясы
    2. Тақым артериясы
    3. Асық жіліктің алдыңғы артериясы
    4. Асық жіліктің артқы артериясы
    5. Аяқ ұшы артериялары

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қол  мен аяқтардың  қан мен қандануы ол адам денесіндегі  үлкен қанайналым шеңберінің артериялары болып табылады. Сонымен қатар ол артериялар бірнеше топтарға жіктеледі. Мысалға қолдың артерияларын айтатын болсақ қолтық артериялары, иық артериялары, кәрі жілік артериялары, шынтақ артериялары жатады, ал аяқ артерияларына келсек, оған: сан артериялары, тақым артериялары, асық жіліктің алдыңғы артериялары, асық жіліктің артқы артериялары, аяқ ұшы артериялары болып табылады. Ол артериялардың қызметтері бір – бірімен тізбектеле жұмыс атқарады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұғанаасты  артериясының тікелей жалғасы болып қолтық артериясы болып табылады, ол өз кезегінде иық артериясына айнала созылады. Қолтық артериясының проксималды шекарасы - I қабырғаның сыртқы жиегі, дисталды шекарасы - m. teres major-дың төменгі жиегі (иық артериясының басталатын жері). Қолтық артериясы cavitas axillaris-те иық буыны мен тоқпак жіліктен медиалды жатады; алдынан және одан медиалдылау - v. axillaries және үш жағынан иық өрімнің нерв сабаулары орналасады; бұл тамыр-нерв будасы төменнен терімен, шандырмен және лимфа түйіндері бар шел майымен жабылған.

A. axillaris жүретін жолы бойында үш бөлімді ажыратады: 1) бүғанадап m. pectoralis minor-дың жоғарғы жиегіне дейін (trigonum clavi-pectorale); 2) осы бұлшықет артындағы бөлім - m. pectoralis major-дың (trigonum subpectorale) төменгі жиегіне дейін.

Trigonum clavipectorale-дегі тармақтары:

1.  A. thoracica superior — жоғарғы кеуде артериясы, m. subclavius-те, екі кеуде бұлшықеттерінде, m. serratus anterior-да, ең жақын қабырғааралық бұлшықеттерде тармақталады.

2.  A. thoracica thoracoacromialis ~ кеуде-акромион артериясы, иық буынын, т. deltoideus-ті және екі кеуде бұлшықеттерін қанмен қамтамасыз етуге қатысады.

3.  A. thoracica lateralis - латералды кеуде артериясы, кеуде торының бүйір қабырғасымен төмен түсіп, сүт безі мен өзінің айналасындағы бұлшықеттерге тармақтар шығарады.

Trigonum subpectorale-де:

4.  A. subscapularis - жауырынасты артериясы, колтық артериясының ірі тармағы, т. subscapularis-тің төменгі жиегіне жақын жерден басталып, осы бұлшықет бойымен төмен түсе отырып, оған тармақтар береді; көп ұзамай екі сабауға бөлінеді: a) a. circumllexia scapulae, ол foramen trilaterum арқылы жауырынның дорсалды бетіне келіп, сол жерде а. suprascapularis-пен жалғасады; ә) a. thoracodorsalis жауырынның латералды жиегі бойымен жүретін жауырынасты артериясының жалғасы болып табылады.

5.  A. circumflexia humeri posterior тоқпан жіліктің артқы айналма артериясы, кейін foramen quadrilateram арқылы өтіп, артқы жағынан тоқпан жіліктің хирургиялық мойнын айналып өтеді, өзі тармақтар беретін дельта тәрізді бұлшықетпен бүркелген.

6.  A. circumflexia humeri anterior тоқпан жіліктің алдыңғы айналма артериясы, алдыңғы айтылгап артериямен бір деңгейде басталып, латералды бағытта жүріп, иықтың хирургиялық мойнын алдынан орап өтіп, иықты қоршайтын артқы артериямен жалғасып, бұлшықеттер мен иық буынына тармақшалар береді.

Қолтық артериясының барлық тармақтары бұғанаасты артериясының тармақтарымен кеңінен жалғасады, сондықтан қолтық артериясына лигатураны  a. subscapularis шығатын жерден жоғарылау салған қолайлы. Бұғанаасты артериясын оның бастапқы бөлімінде таңу көбіне гангренаға әкеледі, ал truncus thyrocervicalis шығатын жерден дисталдылшау таңу мұндай зардап бермейді.

Иық артериясы - a. brachialis қолтық артериясының тікелей жалғасы болып табылады. Ол in. teres major-дың төменгі жиегінен басталып, sulcus bicipitalis-те шынтақ бөгілісіне дейін созылып, сол жерде кәрі жілік мойны деңгейінде соңғы тармақтарына кәрі жілік және шынтақ артерияларына бөлінеді. Sulcus bicipital is medialis-ке өтетін жолында оған екі иық венасы мен нервтер (n. medianus, n. ulnaris, п. cutaneus brachii medialis et n. cutaneus antebrachii mcdialis) қосарланады. Сүйек пен бұлшықеттерге баратын кішкене тармақтардан басқа иық артериясы мынадай тармақтар береді:

1.  A. profunda brachii - иықтың терең артериясы, a. brachialis-тен, оның басталған жерінен кейін іле-шала шығады, ірі тармақ - п. radialis-пен бірге canalis humeromuscularis-ке өтеді, жолында тоқпан жілікті қоректендіретін артерия (a. diaghyseos humeri) шығарып, m. triceps қабатына өтетін және a. interossea reccurens-пен (a. in-terossea posterior-дан) анастомоз құрайтын a. collateralis media-ға және a. collateralis radialis-ке ыдырайды; соңғы артерия иық бұлшықет өзегінің төменгі тесігі арқылы сыртқа шығып, epicondylus lateralis-тең алға қарай жүріп, a. reccurens radialis-пен (a. radi-alis-тің тармағы) қосылып, анастомоз құрайды. Терең иық артериясы көбінесе (50% жағдайда) иық немесе қолтық артерияларының басқа тармақтарымен бірге шығады немесе болмайды (30% жағдайда).

2.  A. collateralis ulnaris superior шынтақтың жоғарғы жанама артериясы, иықтың орта тұсында иық артериясынан шығып, epicondylus medialis-тің артындағы жүлгеге түсіп, сол жерде a. reccurens ulnaris posterior-мен (a. ulnaris-тің тармағы) жалғасады.

3.  A. collateralis ulnaris inferior -шынтақтың төменгі жанама артериясы, иық артериясынан шамамен оның аяқталар жерінен 5 см жоғарылау жерден шығып, epicondylus medialis-тен алға карай a. reccurens ulnaris anterior-мен (a. ulnaris тармағы) жалғасады.

Кәріжілік артериясы - a. radialis ағыты жағынан иық артериясының жалғасы болып табылады. Ол алғашқы кезде оны жауып тұратын т. brachioradialis-тен медиалды өтіп, одан әрі sulcus radialis-ке барады; білек бұлшықеттерінің сіңірге ауысатын төменгі   үштен   бірінде   кәрі   жілік артериясы бет жағынан тек шандыр және терімен ғана жабылған, сондықтан оңай білінетіндіктен тамырдың соғуын анықтау үшін пайдаланады. Кәрі жіліктің біртәрізді өсіндісінің ұшына жетіп, a. radialis білезіктің латералды жиегін орап және "шақша" деп аталатын құрылым арқылы   өтіп,   сыртқы   жағына ауысады. Одан кейін I және II алақан сүйектердің негіздері арасындағы бірінші сүйекаралық кеңістікте алақанға шығады. Кәрі жілік артериясы алақанда - а. ulnaris-тің терең тармағымен бірге arcus palmaris profundus - терең алақан доғасын түзеді.

Кәріжілік артериясының тармақтары

  1. A. reccurens radialis - кәрі жіліктің қайырылма артериясы, шынтақ шұңқырында басталып, латералды айдаршықтың алдыңғы бетіне проксималды бағытта жүріп, сол жерде жоғарыда көрсетілгендей

a. collater-alis radialis-пен (a. profunda brachii-ден) жалғасады.

2.  Rami musculares айнала қоршаған бұлшықеттерге барады.

3.  Rami carpeus palmaris     білезіктің алақандық тармағы, білектің

төменгі бөлігінде басталып, a,  ulnaris тен  шығатын сондай тармаққа

қарсы шынтақ сүйек жаққа қарай жүреді.  Ramus carpeus palmaris a. ulnaris-пен жалғасудан білезіктің алақан бетінде rete palmare түзіледі.

4.  Ramus palmaris superflclаlis беткей алақандық тармақ, thenar үстінен өтеді немесе оныц беткей қабаттарын тесетін, шынтақ артериясы ұшымен қосылып, arcus palmaris superficialis-ке енеді.

5.   Ramus carpeus dorsalis білезіктін сыртқы тармағы, шақша аймағьша шығып, а. ulnaris-тің аттас тармағымен бірге білезік сыртында сүйекаралық артериялардап да (аа. interossea anterior et posterior) тармақшалар қабылдайтын тор     rete carpi dorsale - түзеді.

Шынтақ  артериясы, a. ulnaris, иық артериясының екі соңғы тармақтарының (ірілеу) бірі болып табылады. Ол шынтақ шұңқырында (кәрі жілік мойнына қарсы) басталған жерінен m. pronator teres астына келіп, білектің ортаңғы үштен біріне дейін шынтақ жағына қисая қиғаш жүреді. Төменгі үштен екі бөлікте ол алдымен m. flexor digitorum superficialis және т.б. flexor carpi ulnaris аралығында шынтақ жілікке параллель жүріп, ал төменгі үштен бір бөлігінде бұлшықеттердің сіңірлерге ауысуына байланысты білектің сыртқы бетіне жакындай түседі (sulcus ulnaris). Бұршақтәрізді сүйектің кәрі жіліктік жағында шынтақ артериясы canalis carpi ulnaris-ке (spatium interaponeuroticum) өтіп, алақанға ауысып, arcus palmaris superficialis құрамына енеді.

Шынтақ  артериясының  тармақтары

 

 

 

 

 

Қолдағы сияқты, аяқ веналары да терең және артериядан тәуелсіз орналасатын беткей немесе теріасты веналары болып бөлінеді.

Аяқ ұшы мен сирақ веналары жұп болып келеді және аттас артериялармен қатарласа жүреді. Сирақтың барлық терең веналарынан құралатын v. poplitea тақым шұңқырында, аттас артерияның артқы жағында және шамалы латералды орналасатын жеке сабау.

V. femoralis - жеке вена, алғаш аттас артериядан латералды орналасады, содан соң біртіндеп артерияның артқы бетіне ауысады, ал одан жоғарылау оның медиалды бетіне өтіп, осы қалпында шап байламының астынан lacuna vasoram-ға өтеді. V. femoralis-тің барлық салалары жұп болады.

Аяқтың теріасты веналарының ішіндегі ең ірілері  екі сабау: v. saphe-na magna және v. saphena parva. Vena saphena magna аяқтың үлкен тері-асты венасы, аяқ ұшының дорсалды бетінде rete venosum dorsale pedis пен arcus venosus dorsalis pedis-тен басталады. Ол табаннан бірнеше тармақтарды қосып алып, сирақ пен санның медиалды жағымен жоғары карай кетеді. Ол санның жоғарғы үштен бірінде алдыңғы медиалды бетіне иіліп, жалпақ шандырға орналасып, hiatus saphenus-ке барады. Бұл жерде v. saphena magna орақ тәрізді жиектің төменгі мүйізінен иіліп өтіп, сан венасына құйылады. Көбіне v. saphena magna жұп болады және екі сабауы да жеке сан венасына құйылады. Сан венасынын басқа теріасты салаларынан аттас артерияларға косарлана жүреп v. epigastrica super-ficialis, v. circumflexia ilium superficialis, v. pudendae extemi-ні айту керек. Олардың бір бөлігі тікелей сан венасына, бір бөлігі v. saphena magna-ға, оның hiatus saphenus аймағындағы бөлміне құйылады, V. saphena parva - аяқтың кіші теріасты венасы, аяқ ұшының дорсалды бетінін латералды жағынан басталып, латералды тобықтың астыңғы және артқы жағынан орап өтіп, одан әрі сирақтың артқы бетінен жоғары көтеріледі; ол алдымен ахилл сіңірінің латералды жиегін бойлай, одан әрі жоғары көтеріліп сирақтың артқы бөлімінің ортасымен m. gastrocnemii бастары арасындағы жүлгеге сәйкес жүреді. V. saphena parva тақым шұңқырына жетіп, тақым венасына құйылады. V. saphena parva тармактар арқылы v. saphena magna-мен қосылады.  

Сан артериясы  - сыртқы мықын артериясы сабауының  жалғасы. Ол шап байламы бойының  орта тұсында lacuma vasorum арқылы өткеннен кейін осылай деп аталады. Қан  кетуді тоқтату үшін сан артериясын санға шығатын жерінде os pubis-ке қысады. Сан артериясынан медиалды сан венасы орналасады. Сан артериясы онымен бірге sulcus iliopectineus, содан кейін sulcus fremoralis anterior-да өтіп, одан әрі canalis adductorius арқылы тізеасты шұңқырына өтіп, сол жерде а. poplitea-ға жалғасады.

А. femoralis-тің тармақтары:

1.   A. epigastrica superficialis -беткей кұрсақ үсті артериясы, сан артериясының ең басталатын жерінен шығып, тері астымен кіндік аймағына қарай бағыт алады.

2.  A. circumflexia ilium superficialis - мықын сүйектің беткей айналма артериясы, ол spina iliaca anterior superior аймағында теріге карай кетеді.

3.  Аа. pudendae externae - сыртқы жыныс артериялары, hiatus sapheuus аймағында шығып, сыртқы жыныс мүшелеріне (әдетте екеу) - ұмаға немесе үлкен жыныс ернеулеріне барады.

4.  Л. profunda femoris - терең сан артериясы, санды қан тамырлармен жабдықтайтын негізгі тамыр болып табылады. Ол а. femoralis-ты артқы жағына ал байламынан 4-5 см төмендеу жерден шығатын жуан сабау, алғашында caн артериясының артында жатады, содан кейін оның латералды жағынан пайда болып, көптеген тармақтар беріп, тез көлемін кішірейтеді.

A. profunda femoris тармақтары: a) a. circumflexia femoris medialis -   медиалды   және   жоғары   қарай   бағыт   алып,   санның   әкелуші бұлшықеттері - m. pectineus мен ұршық буынына тармақтар береді; ә) a. circumflexia femoris lateralis - алдыңғыдан шамалы төмендеу шығып, латералды жаққа m. rectus астына карай барып, сол жерде ramus ascendens (жоғары және үлкен ұршыққа латералды бағытта тармақталады) бөлінеді; б) аа. perforates (үшеу) - терең сан артериясының артқы бетінен шығып, әкелуші бұлшықеттерді тесіп өтіп, санның артқы бетіне өтеді, бірінші тесіп өтетін артерия жоғарғы ортан жілікті қоректендіретін артериясы (a. diaphyseos femoris superior), an үшінші артерия - төменгі ортан жілікті коректендіретін артерияны (a. diaphyseos femoris inferior) береді; аа. perforantes терең сан арте риясының шығатын деңгейінен төмендеу жерден сан артериясын қысып-байлағанда үлкен рөл атқарады.

5.  Сан артериясының r. muscu lares-ci сан бұлшықеттеріне барады.

6.   A. genus descendеns деген тізе артериясы а. femoralis-тен canalis adductoris-тің ішінде осы өзектен оның қабырғасы арқылы п. saphenus-нен бірге шығып. in vastus medialis-ті қанмен қамтамасыз етеді; тізе буынының артерия торын түзуге қатысады.

Тақым аргериясы, a.poplitea - сан артериясының тікелей жалғасы. Тақым шұңдырында a. poplitea тікелей сүйектің өзінде (аяқ жартылай бүгілген кезде оны сүйекке жапсыра қысуға болады) және буын капшығының артқы бетінде, а. poplitea-ның алдында және шамалы медиалдылау орналасады; одан әрі төмен қарай артерия m. gastrocne-mius-тің бастарымен бүркеле т. poplireus-тің артқы бетінде жайғасып, одап кейін т. soleus-тің жиегінің астына келіп, өзінің ең соңғы екі тармағына бөлінеді (аа. tibialis anterior et posterior).

Асықты жіліктің алдыңғы артериясы, a. tibialis anterior, тізеасты артериясының екі соңғы тармағының бірі (кішілеу). Басталғаннан кейін ол балтырдың бүккіш бетінің терең бұлшықеттерін тесіп өтіп, сүйек-аралық жарғақтағы тесік арқылы сирақ алдына кетіп, m. tibialis anterior m. extensor digitorum longus арасынан өтіп, төмендеу m. tibialis antrerior мен m. extensor hallucis longus аралығында жайтасады. Сирақ-ияқбасы буыны үстінде ол тері және шандырмен жабылып, беткей өтеді, оның аяқбасының сыртқы жағындағы жалғасы - a. dorsalis pedis деп аталады.

Информация о работе Пайдаланылған әдебиеттер