Өсуші ағзаның энергиясы және зат алмасу ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Января 2015 в 14:49, реферат

Описание работы

Тірі ағзалар мен қоршаған орта арасында тұрақты түрде заттар мен энергияның алмасуы жүріп отырады. Заттар мен энергияның алмасуы -тірі ағзаларға тән касиеттердің бірі. Ағза мен сыртқы орта арасында жүретін барлық химиялық реакциялардың жиынтығы зат алмасу деп аталады. Заттар мен энергия алмасу арқылы ағзаның ішкі ортасының (қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа) тұрақтылығы сақталады.

Содержание работы

Негізгі бөлім
Зат және энергия алмасу
Зат алмасудың түрлері
Баланың өсуі мен дамуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Реферат 5.docx

— 40.78 Кб (Скачать файл)

Өсіп келе жатқан бала организміне витаминдер оте қажет, сондықтан баланың жасына лайық витаминдердің молшері ішіп-жейтін тамақтың құрамында  болуы тиіс. Қазіргі кезде баланың жасына лайық витаминдердің қажетті мөлшері толық анықталған.

А витамині (аксерофтол) майда ериді, қыздырғанда ыдырамайды, тек оттегі мен күннің күлгін сәулесінің әсерінен ыдырайды. Сырт көрінісі сары май түсті зат. Сәбіздің құрамында  к а р о т и н түрінде болады.

А витамині жетіспесе, онда баланың өсуі тежеледі және көзінің өткірлігі нашарлайды халық арасында «соқыр тауық» деп аталатын, яғни іңірде көрмеушілік пайда болады. Оған қоса қуықтың, жатырдың, ішектің, өкпенің  кілегей қабығы бұзылады. Балалардың жұқпалы ауруларға төзімділігі төмендейді. Бұлар  құрамында  А витаминдері бар балық майын, жұмыртқаны, сәбізді жесе біртіндеп жойылады.

Балалардың тәулік азығында витаминдер мен амин қышқылдары мол болғаны жақсы. Тәуліктік азықтың барлық мөлшері жасына қарай 2000-2600 г шамасында болуы шарт. Піскен ас буы шығып, иісі аңқып, дәмді және көрер көзге жағымды болса, сілекей шұбырып, қарын сөлі көбірек бөлініп, тағам жағымды болып, бойға жақсы сіңеді.

Тәуліктік азықта минерал тұздары, әсіресе кальций мен фосфор тұздары ның мөлшері жеткілікті болуы тиіс, себебі балалардың сүйегінің өсіп жетілуіне Бұл минералдар аса қажетті. Егер кальций, фосфор және Д витамині жеткіліксіз болса, сүйек ұлпасы ның өсіп, жетілуі нашарлайды да, баланың бойы еркін өспейді, нәрестелер ауруға шалдығады. Кальций мен фосфордың өзара қатынасы мектеп жасына дейінгі балаларда 1:1,5, бастауыш сыныптағыларға 1:1,7 жоғары сынып оқушыларына 1:1,4 болуы керек.

Өсіп, дамуына байланысты балалардың тамақтану тәртібі ерекше. Олардың тамағының тәуліктік мөлшерінің құрамында  белоктың үлесі жасына лайық болуы тиіс: 1-3 жаста — 55 г, 4-6 жаста — 72 г, 7-9 жаста — 89 г, 10-15 жаста -100-106 г.

Балалар бақшасында тамақтану әрбір 3-3,5 сағаттан кейін, ал мектеп жасындағыларда 3,5-4 сағатта, жас өспірімдерде тәулігіне 4 рет болады. Тәулік тәртібі мен тамақтану үлесі балалардың жасына байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Ағза заттар мен энергия алмасу арқылы өседі, дамиды және тіршілігін жалғастырады. Зат алмасуы тірі табиғаттың ерекше маңызды және организмнің негізгі қызметі. Зат алмасуы баланың өсіп, дамуы кезінде күшті болады. Бұл адамның жас ерекшелігінің ауқымды бір көрсеткіші. Тәуліктегі жұмсалатын қуат мөлшері адамның жасына, денсаулығына, азығына және іс-қимылына байланысты. Жеңіл дене еңбегінде тәулігіне 2000-2300 ккал қуат жұмсалады, ал ауыр жұмыс  кезінде Бұл мөлшер істеген жұмыс қа сай 2-3 есе артады. Атқарған жұмыстың ауыр-жеңілдігіне, күрделілігіне, денеге түсетін жүктеменің салмағына қарай қуат мөлшері әр деңгейде өзгеріп отырады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. М.Ә.Бөлешов.Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы. Алматы-2010ж.
  2. Б.Е.Алтынбеков, М.Ә.Бөлешов, Б.К.Торғауытов. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.Шымкент 2000ж.
  3. Торгаутов  Б.К. Жалпы гигиена: оқулық. Шымкент “Нұрдана-ЛТД” 2011ж.
  4. Токанов Ш.Е.,Жандаулетова М.Б: Жалпы гигиена.Алматы 2013 ж.
  5. http://kk.wikipedia.org/wiki/

 

 


Информация о работе Өсуші ағзаның энергиясы және зат алмасу ерекшеліктері