Өсуші ағзаның энергиясы және зат алмасу ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Января 2015 в 14:49, реферат

Описание работы

Тірі ағзалар мен қоршаған орта арасында тұрақты түрде заттар мен энергияның алмасуы жүріп отырады. Заттар мен энергияның алмасуы -тірі ағзаларға тән касиеттердің бірі. Ағза мен сыртқы орта арасында жүретін барлық химиялық реакциялардың жиынтығы зат алмасу деп аталады. Заттар мен энергия алмасу арқылы ағзаның ішкі ортасының (қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа) тұрақтылығы сақталады.

Содержание работы

Негізгі бөлім
Зат және энергия алмасу
Зат алмасудың түрлері
Баланың өсуі мен дамуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Реферат 5.docx

— 40.78 Кб (Скачать файл)

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

Гигиена-1, дене шынықтыру және валеология кафедрасы

 

  

Тақырыбы: Өсуші ағзаның энергиясы және зат алмасу ерекшеліктері

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған:Бакардинова А.

Тобы: 405 «Б» ҚДС

Қабылдаған: Қарабалаев Н.

 

 

 

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

  • Зат және энергия алмасу
  • Зат алмасудың түрлері
  • Баланың өсуі мен дамуы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тірі ағзалар мен қоршаған орта арасында тұрақты түрде заттар мен энергияның алмасуы жүріп отырады. Заттар мен энергияның алмасуы -тірі ағзаларға тән касиеттердің бірі. Ағза мен сыртқы орта арасында жүретін барлық химиялық реакциялардың жиынтығы зат алмасу деп аталады. Заттар мен энергия алмасу арқылы ағзаның ішкі ортасының (қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа) тұрақтылығы сақталады.

Ағза заттар мен энергия алмасу арқылы өседі, дамиды және тіршілігін жалғастырады.

Зат алмасу ағзаның барлық жасушаларында, ұлпаларында, органдарында жүреді. Ол адам өмірін сақтауға және ішкі ортаның тұрақтылығын сақтауға әсерін тигізеді. Зат алмасу процесі кезінде пайда болған заттар жасушалар мен ұлпаларды құру үшін қажет.

Зат алмасудың түрлері

  • Су
  • Минералды заттар
  • Витаминдер
  • Ақуыз
  • Май
  • Көмірсулар

Энергия адам ағзасына өмір сүру үшін қажет.

Заттар мен энергияның алмасуы 2 үдерістен тұрады. Біріншісі пластикалық алмасу (ассимиляция), екіншісі - энергетикалық алмасу (диссимиляция). Алмасудың бұл екі жолы өзара тығыз байланысты, әрі біріне-бірі тәуелді, біртұтас үдерістер.

  • Ассимиляция-ағзаға керекті қоректік заттардың синтезделуі. Олра ағзаның өсуіне және жетілуіне қолданылады. Бұл заттар күнделікті тағамдармен түсіп отырады.
  • Диссимиляция- заттардың ыдырауы, олар оттегінің көмегімен тотығып, қышқылданып, ағзадан шығарылуы.

Өсіп келе жатқан балалар мен жасөспірімдер ағзасында ассимиляция процесі, диссимиляция процесіне қарағанда басым болады.

Бала организмінде кәрі клеткалардан гөрі жас клеткалар анағұрлым көп. Бұл организмнің өсу және даму белгісі. Қалыпты қызмет атқаратын организм қоршаған ортадан түсетін тамақтық заттарды үнемі сіңіріп, ыдыраудың соңғы өнімдерін осы қоршаған ортаға бөлумен жалғасады.

Энегия көзі тамақ болып табылады. Энергия – калориямен немесе джоульмен өлшенеді.

Организмнің өсуі мен жетілуінің түбірін зат және энергия алмасу процестері құрайды. Ал жас даму және өсу үстіндегі организмде зат алмасу өзіндік ерекшеліктерімен жүреді. Ол ассимиляцияның диссимиляция процесінен анағұрлым жоғары жүруімен сипатталады. Жас ұлғайған сайын бұл процестердің қуаты азая береді. Бір жастан үш жасқа дейінгі балалардың негізгі зат алмасу қуаты 58-60 ккал/кг болса, ересек адамдарда 22-23 ккал/кг болады.

Зат алмасудың қауырттылығы эндогендік және экзогендік себептердің әсерінен өзгереді. Организмнің өсуін және жетілуін реттеуде ішкі бездердің атқаратын рөлі өте үлкен. Эндокриндік бездердің қызметіндегі болмашы өзгерістре зат алмасу қызметін айтарлықтай нашарлатады. Ол организмнің өсуі мен жетілуін нашарлатады. Ол организмнің өсуі мен жетілуін тежейді. Зат алмасу қызметін реттеудегі негізгі роль орталық нерв жүйесіне тиеді.

Зат алмасудың ұлғаюы балалардың таза ауада жүру кезінде, оларға ультракүлгін сәуленің әсері күшейгенде және ауаның жоғары дәрежедегі иондалуында байқалады.

Адамның жасына сай тәуліктік энергия жұмсау мөлшері әртүрлі, жас ұлғайған сайын азаяды.

Ер балалардың тәуліктік энергия жұмсау  мөлшері қыздардан жоғары.

Өсуге жүмсалатын энергия молшері неғүрлым бала жас болса, солғүрлым жоғары болады. Мысалы, бұл мөлшер азық қуатының 3 айда — 36 %, 6 айда — 26%, 9 айда — 21%-ына тең болады.

Гликолиз және аэробты тотығуы кезінде, яғни қуатқа бай фосфорлы заттар түзілген кезде сутегінің атомдары және құрамында  азоты бар заттар да босайды. Олар амин қышқылдарының синтезінде пайдаланылады, сондықтан балалардың қуат алмасуы ересек кісілерден анағүрлым жогары болады.

Адам толық тыныштықта болғанның өзінде белгілі мөлшерде қуат жұмсайды.

Зат алмасуы баланың өсіп, дамуы кезінде күшті болады. Бұл адамның жас ерекшелігінің ауқымды бір көрсеткіші.

Организмдегі үнемі болып жататын синтездеу мен ыдырау қажетті заттармен ұдайы дұрыс  және жеткілікті шамада қамтамасыздандыруды талап етеді. Организмге қажетті «құрылыс  материалдары» денеге тамақтану арқылы жеткізіледі.

Азықтың ең құнды  бөлігі белок. Адамның тіршілігіне қажетті белок мөлшерін   белоктік минимум дейді. Ол жасқа байланысты өзгереді.

Денеде белоктың қоры онша көп емес, сондықтан ашығу баланың өсуін мүлде тоқтатады, кейде ұзақ қа созылған жағдайда ақыл кемшілігі пайда болуы мүмкін, баланың жұқпалы ауруларға қарсы тұру  қабілеті нашарлайды.  Өмірге жаңа келген нәресте тек қана ана сүтімен қоректенеді. Сүт табиғаттың нәресте үшін арнап жасаған дайын тағамы. Нәресте тәулігіне 600 мл сүтті анасының емшегінен сорып алады. 3-6 айлығында оған 700-800 мл сүт керек. Ана сүтінің құрамында  белок, май, қант, минерал заттары, витаминдер т. б. бала тірлігіне қажетті заттардың бәрі бар және олар сапалы болады.

Өсу барысында балалардың көмірсу қажеттілігі жоғары, себебі ыдырау қарқыны Бұл кезде үздіксіз жоғары деңгейде болады. Және жасөспірімдерде көмірсу белок пен майдан өте аз мөлшерде түзіледі, сондықтан оның қоры көп болмағандықтан жылдам жұмсалады. Ал, жалпы алғанда, бала денесінде көмірсу тиімді түрде сіңеді. Дене массасының 1 кг-ына шаққанда көмірсуының мөлшері емшектегі нәрестеде 10-12 г, 1-3 жаста — 12-13 г, 4-7 жаста — 13-14 г, 8-13 жастағы балаларда — 10-11 г болады. Ересек адамдарда оның мөлшері 3 г/кг-нан аспауы керек.

Балалардың майға мұқтаждылығы ересек адамдардан көбірек болады. Жарты жастағы нәрестелерге қажетті қуаттың 50 % майдың алмасуынан алынады. Бұл кезде дененің массасының әрбір килограмына 6-7 г, 2-4 жаста — 3,5 г, мектепке барар алдында 2,5 г май қажет.

6 айдан 4 жасқа дейіші балаларға қажетгі қуаттың 30-40 %, ал одан үлкенірек балаларға — 25-30 % майдан алынады.

Май қышқылдары баланың жүйке жүйесінің дамуына аса қажет, әсіресе нәрестелердің жүйке жүйесінің қалыптасуында, дамуында май қышқылдары маңызды орын алады, сондықтан баланы емізетін аналардың азығында май жеткілікті болуы тиіс.

Май мен көмірсудың құрамдары белоктан гөрі қарапайым, Бұлар  химиялық үш заттан түзіледі: көмірсутегі, оттегі және сутегі. Бұл екеуінің құрылыс ының бірдей болуы организмге бірі жеткіліксіз болғанда оның орынына екіншісін пайдалануға мүмкіндік береді. Қажет болғанда майдан көмірсу, ал көмірсуден май оңай түзіледі. Орта есеппен алғанда денедегі майдың мөлшері 10-20 %, ал көмірсудың мөлшері 1% шамасында. Майдың көбі май ұлпасындағы организмнің қуат қоры. Аздаған мөлшері жаңа клетканың мембранасының құрылысына және соларды ауыстыруға пайдаланылады. Дененің кейбір клеткалары өз құрамында  майды өте көп мөлшерде жинайды да, организмнің жылу және механикалық изоляторы ретінде пайдаланылады, яғни ол қорғану қызметін атқарады.

Дені сау ересек адамның тамағында 30 %-дай май болуы тиіс. Олай болса, адам күніне 80-100 г май жейді. Тамақтың құрамында  жануар майы да, өсімдік майы да болуы тиіс. Олардың ара қатынасы шамамен 2:1 қатынасындай болуы керек. Өсімдік майының линоль, линолен, арахидон іспетті кейбір май қышқылдарының түрлері организмде ондірілмейді. Бұлар дың жейтін тамақта жеткіліксіз болуы зат алмасуын бұзады және жүрек-қан тамырлар жүйесінде атеросклерозды дамытады. Көмірсулары адам организмінде глюкоза, фруктоза, галактоза, лактоза т. б. іспетті моносахаридтерге дейін ыдырайды. Глюкозаның мөлшері адам қанында шамамен тұрақты  0,1 %. Глюкозаның қандағы мөлшері 0,11-0,12 %-ға дейін көбейгенде ол қаннан бауырға және бұлшық  еттерге тасылады да, онда жануар крахмалы деп аталатын зат -гликогенге айналады. Егер 0,12 %-дан асып кетсе, артық қантты денеден шығаруға бүйрек кіріседі. Мұны    глюкозурия   деп атайды. Бұл ауру ұйқы  безінің Лангерганс аралшаларының ішкі секрециялық қызметі бүзылып инсулин гормоны жетіспегенде байқалады.

1 жасқа дейінгі балалар үшін кальций көп мөлшерде қажет, Бұл кезде оның қажет мөлшері 2 жастағыдан 8 есе артық. Кальций мен фосфор тұздары ның ара қатынасы мектеп жасына дейінгі балаларда 1:1. 8-10 жаста 1:1,5 жас өспірімдер мен жоғарғы сынып оқушыларында 1:2. Мұндай  арақатынаста қаңқа дұрыс  өсіп, жетіледі. Кальций мен фосфордың ара қатынасы сүттің құрамында  өте жақсы теңестірілген, сондықтан балалардың тамақ мәзіріне сүтті міндетті түрде енгізу қажет. Организмге қажетті тұздар  көбінесе жеткілікті мөлшерде тамақтың құрамында  болады.

 

 

Балалар организміне қажетті кейбір элементтердің мөлшері, (күніне, мг)

Баланың жасы

кальций

фосфор

магний

1 жасқа дейін

1000

1500

-

1-3

1000

1500

140

4-6

1000

1500

220

7-10

1200

2000

360

11-13

1500

2500

400

14-17

1400

2000

530

Ересек

4500

2000

-


 

Организмнің тірлігі үшін аса маңызды заттардың бірі -су. Ол организмнің ішкі ортасын құрады. Ересек адамның дене салмағының әрбір килограмм массасына 0,4 л су қажет. Ал нәрестелерде. Бұл мөлшер 5 есе артық. Егер баланың денесінде су жетіспесе, оның өсуі тежеледі.

Нәрестенің дене салмағының 75% — су. Оның ұлпаларының клеткасындағы судың мөлшері — 80 %. Мектеп жасына дейінгі балаларда өсу, даму қарқыны жоғары болғандықтан, денесіндегі судың мөлшері де көп. 1 жасқа дейінгі сәби тәулігіне 800 мл, 2-4 жаста — 950 мл, 5-6 жаста — 1200 мл су ішуі керек. Ұл балалар қыздарға қарағанда суды көбірек ішеді, өйткені олардың дене қимылдары кезінде бұлшық  еттеріне су көбірек қажет болады. Жалпы, бала организмінде зат алмасу күшті болғандықтан, суды көп қажет етеді.

Тәуліктегі жұмсалатын қуат мөлшері адамның жасына, денсаулығына, азығына және іс-қимылына байланысты. Жеңіл дене еңбегінде тәулігіне 2000-2300 ккал қуат жұмсалады, ал ауыр жұмыс  кезінде Бұл мөлшер істеген жұмыс қа сай 2-3 есе артады. Атқарған жұмыстың ауыр-жеңілдігіне, күрделілігіне, денеге түсетін жүктеменің салмағына қарай қуат мөлшері әр деңгейде өзгеріп отырады (2-кесте). Ми еңбегінде дене еңбегінен гөрі қуат аз жұмсалады. Мамандығына сай адамдардың қуат жұмсау  мөлшері әркелкі болады.

Адамның жасына сай тәуліктік қуат жұмсау мөлшері әртүрлі, жас ұлғайған сайын азаяды. Ер балалардың тәуліктік қуат жұмсау  мөлшері қыздардан жоғары.

Өсуге жүмсалатын қуат молшері неғүрлым бала жас болса, солғүрлым жоғары болады. Мысалы, бұл мөлшер азық қуатының 3 айда — 36 %, 6 айда — 26%, 9 айда — 21%-ына тең болады.

Гликолиз және аэробты тотығуы кезінде, яғни қуатқа бай фосфорлы заттар түзілген кезде сутегінің атомдары және құрамында  азоты бар заттар да босайды. Олар амин қышқылдарының синтезінде пайдаланылады, сондықтан балалардың қуат алмасуы ересек кісілерден анағүрлым жогары болады.

Адам толық тыныштықта болғанның өзінде белгілі мөлшерде қуат жұмсайды. Денедегі физиологиялық қызметтерге тынымсыз үнемі қуат жүмсалып жатады. Қалыпты жағдайда адам организміндегі ең төменгі деңгейлі зат алмасуы мен қуаттың жүмсалуын негізгі зат алмасуы дейді. Негізгі зат алмасуы кезіндегі қуат тыныштық жағдайдағы тіршілікті сақтайтын жүрек-қан тамырлар, бүйрек, бауыр сияқты мүшелердің үздіксіз қызметі үшін, клеткалардағы зат алмасуын қамтамасыз етуі үшін жұмсалады.

Дененің 1 кг массасына жұмсалатын энергияның мөлшері

Жұмсалатын қуаттың тәуліктік мөлшері,

Жасы                     кДж/кг

1-3 ай                            462-504

3-6 ай                            420-462

6-12 ай                            378-420

2-6 жас                            294-315

7-11 жас                            252-294

11-15 жас                            189-281

Ересек адам                  147-168

Витаминдер — аз мөлшерде кездесетін органикалық заттар. Олар тіршілікке өте қажетті. Витаминдерді латын әрпімен А, В, С, Д, Е, К, Р, РР деп белгілейді және химиялық қүрамдарына сай атайды.

Көптеген витаминдер адам денесінде өндірілмейді. Олар ішкен, жеген тамақтың құрамында  провитамин (витамин алды) түрінде болады. Провитаминдер витаминдердің белсенді түрі емес, Бұлар  адам организмінде ғана белсенді түрге ауысады.

Ұзақ  мерзім бойы жеген тамақтың құрамында  витаминдер мүлде болмаса, онда авитаминоз, ал жеткіліксіз болса гиповитаминоз, мөлшерден артық болса гипервитаминоз деп аталатын сырқаттар пайда болады. Гипервитаминоз көбінесе майда еритін витаминдердің денеде көп болуына байланысты туады. Витаминдердің мөлшеріне байланысты сырқаттар көпке созылса, адам өліп те кетуі мүмкін. Ал жетіспеген витаминдерді тағамдарға қосып немесе жеке өзін қабылдаған жағдайда адам ауруынан сауығады.

Информация о работе Өсуші ағзаның энергиясы және зат алмасу ерекшеліктері