Эндокриндік семірудің этиологиясы және патогенезі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2014 в 18:14, лекция

Описание работы

• Мақсаты: Эндокриндік семіру, семіру түрлерінің негізгі этиологиялық факторларын және патофизиологиялық механизмдерін оқып үйрену.
• Тақырып бойынша тапсырмалар:
1. Қойылған бақылау сұрақтарына жазбаша жауап беру;
2. Дерттік үрдістің дамуының реттілігін көрсетіп, кестені толтыру;
3. Тесттік тапсырмаларға жазбаша жауап беру;
4. Жағдайлық есептерде дерттік үрдістің дамуы бойынша толық интерпретация беру
5. Оқу материалын келесі сұрақтар бойынша өндеу:
• Бездегі патологиялық үрдістер қандай эндокринопатияларға алып келеді?
• Семіру, қант диабетінің пайда болуының этиологиялық теориясы.
• Семіру, қант диабетіндегі басты звеносы.
• Семіру, қант диабеті кезіндегі клиникалық синдромдар.
• Семірудің нейрогендік механизмдері.
• Эндокриндік семірудің басты механизмі.

Файлы: 1 файл

эндо.doc

— 81.50 Кб (Скачать файл)

 


 


ҚММУ Ф 4/3-07/03

ҚММУ БЕ 4/03

 

 

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Патологиялық физиология кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

Студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулық

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Эндокриндік семірудің этиологиясы және патогенезі».

 

Мамандығы: 5В130100 – Жалпы медицина

 

Пән: PF -2 3212 Патологиялық физиология 2

 

Курс: ІІІ

 

Оқу сағатының көлемі: 2 сағат

 

Құрастырушы: оқытушы Мукушев М.Р.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды 2014 ж.

 

 

 

 

 

 

 

Кафедра мәжілісінде талқыланған және бекітілген.

 

№ ____ хаттама, «___» ________ 2014 ж.

 

Кафедра меңгерушісі _____________ Жәутікова С.Б.

 

  • Тақырып: Эндокриндік семірудің этиологиясы және патогенезі

 

  • Мақсаты: Эндокриндік семіру, семіру түрлерінің негізгі этиологиялық факторларын және патофизиологиялық механизмдерін оқып үйрену. 
  • Тақырып бойынша тапсырмалар:
  1. Қойылған бақылау сұрақтарына жазбаша жауап беру;
  1. Дерттік үрдістің дамуының реттілігін көрсетіп, кестені толтыру;
  2. Тесттік тапсырмаларға жазбаша жауап беру;
  3. Жағдайлық есептерде дерттік үрдістің дамуы бойынша толық интерпретация беру
  4. Оқу материалын келесі сұрақтар бойынша өндеу:
    • Бездегі патологиялық үрдістер қандай эндокринопатияларға алып келеді?
    • Семіру, қант диабетінің пайда болуының этиологиялық теориясы.
    • Семіру, қант диабетіндегі басты звеносы.
    • Семіру, қант диабеті кезіндегі клиникалық синдромдар.
    • Семірудің нейрогендік механизмдері.
    • Эндокриндік семірудің басты механизмі.

 

  • Орындау түрі: реферат, презентация, жағдайлық есеп, тесттік тапсырмалар, кроссвордтар, сканвордтар, алгоритмдер құрастыру, пікір жазу және т.б.
  • реферат көлемі 2-3 басылымды бетттен кем болмау керек*;
  • реферат қатесіз, мазмұны мәдениеттілікті ұсталынып орындалуы қажет;
  • қолданылған әдебиеттер тақырып мазмұндамасына сәйкес қатысты болуы қажет;
  • библиографияны дұрыс безендіру.
  • сызбалар, жағдайлық есептер, тесттік тапсырмаларды, кроссвордтарды, сканвордтарды сауатты, нақты, дұрыс орындау қажет

 

  • Бағалау белгілері:

а)  тақырып бойынша негізгі оқу көздерін таңдау және оқу;

б)  библиография құрастыру;

в)  ақпаратты жүйелендіру және өңдеу;

г)  реферат/пікір жоспарларын өңдеу;

д) реферат/пікір құрастырып және безендіру.

 

    • Тапсыру уақыты: модуль бойынша бақылаулық тапсырмаға дейін.

 

    • Бағалау критерийлері:

             А – 95-100 % - 4 балл

             А- - 90-94 % - 3,67 балл

             В+ - 85-89 % - 3,33 балл

             В - 80-84 % - 3,0 балл

             В- - 75-79 % - 2,67 балл

             С+ - 70-74 % - 2,33 балл

             С – 65-69 % - 2,0 балл

             С- - 60-64 % - 1,67 балл

             Д+ - 55-59 % - 1,33 балл

             Д- 50-54 % - 1,0 балл

             F – 0-49 % - 0

  • Әдебиет:

1. Нұрмұхамбетұлы Ә. Клиникалық патофизиология. Алматы: Эверо, 2010.-767 б.

2. Нұрмұхамбетұлы Ә. Патофизиология. Алматы: Эверо, 2011.-700 б.

3. Жәутікова  С.Б., Өмірбаева Е.Қ., Аринова С.М. – Мамандандырылған     патологиялық физиология курсы- Оқу әдістемелік құрал.- Қарағанды.-2009.-59 б.

4. Жәутікова  С.Б., Абикенова Ф.С., Өмірбаева Е.Қ., Патофизиология -1 бойынша таңдамалы дәрістер жинағы: Оқу құралы.- Қарағанды.-2009.-121 б.

5. Жәутікова С.Б., Өмірбаева Е.Қ. Мамандандырылған  патологиялық физиология курсы: оқу-әдістемелік құрал.- Қарағанды, ЖК АҚНҰР баспасы – 2013.-268 б.

 

  •   Бақылау:

 

Тесттік тапсырма:

1.Эндокриндік семіру механизмдері негізделген:

1) тағамда көмірсулардың көп болуы

2) тағамда майлардың көп болуы

3) инсулиннің артуы

4) инсулиннің жеткіліксіздігі

5) тағамда нәруыздардың көп болуы

 

2.Эндокриндік семірудің туындауы мүмкін:

    1. гипертиреозда;
    2. адипозо-генетальды дистрофияда;
    3. гиперпролактинемияда;
    4. ҚД I типінде;
    5. Гипокортизолизмде

 

3.Липолиз организмде тежейді:

    1. инсулинді;
    2. адреналинді;
    3. соматотропты гормонды;
    4. глюкагонді;
    5. тироксинді

 

4. Эндокриндік семіру механизмдері негізделген:

1) тағамда көмірсулардың көп болуы

2) тағамда майлардың көп болуы

3) инсулиннің артуы

4) инсулиннің жеткіліксіздігі

 

5. Өте төменгі липопротеидтер синтезделеді:

1) бауырда

2) бүйректе

3) ұйқы безінде

4) өкпеде

5) бұлшықетте

 

6. Антиартерогенді липопротеидтер бұл:

1) ЖТЛП

2) ТТЛП

3) ӨТТЛП

4) АЛП     ЛППП

 

            7. Стеаторея бұл:

1) нәжісте күрт майдың жоғарлауы

2) нәжісте қанның болуы

3) нәжісте өт пигменттерінің жоғарлауы

4) зәрде қанның болуы

5) қандағы билирубиннің жоғарлауы

 

8. Әйелдер климакстық кезеңге дейін атеросклерозбен сирек ауырады, ер адамдарға қарағанда себебі неде?

1) олардың қанында ЖТЛП көп

2) ӨТТЛП аз

3) ТТЛП көп

  4) хиломикрондар санының артуы

5) ЖТЛП аз

 

9. Гипертрофиялық семіруге тән

1) адипоциттер санының артуы

2) адипоциттер санының төмендеуі

3) адипоциттер пішінінің  өсуі

4) адипоциттер санының және пішінің артуы

5) адипоциттер пішінінің азаюы

 

             10. Семірудің пайда болу механизмі

1) нейрогендік, эндокриндік, метаболиттік

2) нейрогендік, эндокриндік, иммундық

3) аутоиммунды, эндокринді, метаболиттік

 

Жағдайлық есептер:

       Науқас Р., 52 жаста, жалпы әлсіздіке, ұйқысының болмауына, тез шаршау сезіміне, ысынудың және бастың ауруына, есте сақтау қабілетінің төмендкуіне, жүрген кезде жүрек аймағында ауырсынудың болуына шағымданады. Тәбеті қанағаттанарлық. Іш қатулар жиі болады. Дене салмағының жоғарлауы мазалайды. Өзін 4 жылдан бері етеккірінің тоқтағанынан бастап толықпын деп санайды. Емделмеген. Объективті: бойы-167 см, дене массасы - 110 кг. Тері астындағы май бірқалыпты таралған. Терісі құрғақ, беті дөңгеленген, тізесі, аяқтары, қол саусақтары ісінген. Ісінулер тығыз және салқын. Қолтық астында және қасағалық аймақта шаштары сирек. Басында шаштары көп түседі. Қалқанша безі үлкеймеген. Пульсі-55 1 мин, ритмиялық, АҚ-165/80 мм с.б.. Жүректің сол жақ шекарасы V қабырға аралық 2 см ортанғы бұғана сызығынан жоғарлаған жүректік тұйықталған. Жүрек тондары бәсеңкі. 2 тон аорта үстінен. Тынысы везикулярлы, бәсеңкі. Ішкі органдарда өзгерітер жоқ. Қосымша зерттеулер: қан анализінде гемоглобин - 95 г/л; зәр анализінде ауытқулар жоқ. Қандағы холестерин - 9 ммоль/л, қан плазмасындағы натрий - 134 ммоль/л. ЭКГ: синустық ритм, дұрыс, Р, R,тісшелері төмендеген ТV4-5. Гистологиялық анализ (қалқанша безінің пункциялық биопсиясыиың қорытындысы): Гюртля-Ашкенази эозинофильді жасуша, плазмалық жасуша, лимфоидты элементтер анықталды.

 

Тапсырма және сұрақтар:

1. Семіру типін анықтау және оның дәрежесі.

2. Гормоналды бұзылыстардың клиникалық көріністерін анықтау, диагноз қою.

3. Май алмасу зерттеуінің қортындысын бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Эндокриндік семірудің этиологиясы және патогенезі