Бауырмен жорғалаушылардың экологиялық топтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2015 в 11:33, курсовая работа

Описание работы

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы: Бауырмен жорғалаушылар немесе рептилилер. Бұл курстық жұмысты бауырымен жорғалаушылардың тері жабындысы, ми сауыты, жамбас белдеуі, асқорыту, тыныс алу, зәр шығару, жыныс жүйесі жайлы жазылған. Сонымен қатар олардың экологиядағы топтары жайлы да жазылған.

Содержание работы

Kipicпe 5
1 Бауырымен жорғалаушылар туралы жалпы түсінік 6
Бауырмен жорғалаушылардың тepi жабындысы және скелеті 7
Бауырмен жорғалаушылардың ми сауыты 8
Бауырмен жорғалаушьшардың иық белдеуі мен жамбас белдеуі 9
Бауырмен жорғалаушьшардың асқорыту, тыныс алу жүйесі 10
Бауырмен жорғалаушылардың қан айналу нерв жүйесі..........................................10
Бауырмен жорғалаушылардыц зәр және жыныс жүйсі 13
1.7Бауырмен жорғалаушылардың дыбыс, сезім жүйесі...............................................14
2 Бауырмен жорғалаушылардың экологиялық топтары . 16
2.1Кабыршақтылар 17
2.2Кесірткелер.... 17
2.3 Хамелеондар 20
2.4Жыландар 21
2.5 Крокодилдер 24
2.6Тасбақалар..............................................................................................................27
2.7Теңіз тасбақалары..................................................................................................28
2.8 Рептилилер 29
Корытынды . 35
Пайдаланған әдебиеттер 36

Файлы: 1 файл

Бауырымен жоргалаушылар.DOC

— 762.50 Кб (Скачать файл)

Сұр жыландар улы аппараттары жақсы дамыған улы жыландар. Улы тістерінің ішінде каналдары болады. Үстіңгі жақтары қысқа, аузын ашқанда улы тістері алға қарай бағытталады.

Кәдімгі сұр жылан біздің еліміздің Европалық бөлігінде және Сибирьде тараған. Түсі сұр, қара жолақты, немесе мүлдем қара болады. Олар көбінесе тоғайлы жерде болады, ал батпақты жерлерден кездеспейді. Бұларды күндіз үйінділердің, ағаш түбірінің үстінен, таулы жерлердің күңгей жағынан көруге болады, қорегін аулауға түнде шығады. Негізінен тышқандармен, дала тышқандарымен, сирек болса да кұстармен, кесірткелермен, бақалармен және насекомдармен қоректенеді. Тірі жұмыртқа туып көбейеді. Қысқа қарай бірнешеуі бірігін, ағаш тамырының астында, терең індерде қыстап шығады. Сұр жыланның шаққанынан денсаулығы нашар ауру адамдар, балалар өліп кетеді. Денсаулығы жақсы адамдар үшін аса қауіпті болмағанмен көп азап шегеді.

Орта Азия мен Кавказда сұр жыланға жақын қара жылан гюрза кездеседі. Оның ұзындығы 2 м болады. Олар шөл даланы және аласа таулы жерлерді мекендейді. Шаққаны өте қауіпті. Орта Азияның оңтүстік бөлігінде, Африкада және Аравияда құм эфасы тараған. Оның ұзындығы 70 сантиметрдей болады, түсі жалпы сарғылт құм түсті. Бұлардың да шаққаны өте қауыпты. Қалқантұмсық — улы жылан, өзіне тән ерекшеліктері — құйрығы қысқа. Көзі мен танау тесігінің ортасында шұңқыры болады. Денссінің жалпы ұзындығы 75 сантиметрдей. Еділ өзенінің бойынан Қазақстан арқылы Орта Азияға, оңтүстік Сибирьге, Қиыр Шығысқа дейін тараған және Закавказьеде де кездеседі.

Сұр   жыландарға   Американың   сылдырмақты   жыланы   да  жатады. Бұл   жыландарды   сылдырмақты жыландар деп атауының себебі, олардың құйрығында дыбыс шығаратын қозғалмалы байланысқан мүйізді бунақтардың болуына байланысты. Айбат шеккен кезде, құйрығын қозғалтып сылдырлаған дыбыс шығарады. Аса қауіпті улы жылан.

 

2.5   Крокодилдер

 

Осы кезде тіршілік ететін рептилилердің ішіндегі ең құрылысы күрделі жануарлар тобы — крокодилдер.

Бұлардың денесі ұзын және арқасынан құрсағына қарай жалпақтау келеді. Құйрығы екі бүйірінен қысыңқы, жүзу қызметін атқарады. Алдыңғы аяғының бес саусағының арасында жарғақ болмайды, ал артқы аяғында төрт саусағы болады да олар өз ара жарғақпен жалғасады. Денесі мүйізденген қабыршақтармен қапталған, олардың астыңғы жағынан сүйекті плас-тинкалар дамиды. Басқа рептилилерден бір ерекшелігі—төменгі жағының астында, иығының үстінде және клоаканың маңайында тері бездері болады. Олардың маңызы әлі анықталмаған.

Тістері жақ аралық, үстіңгі жақ және тіс сүйектеріне сүт қоректілердің тістері сияқты, альвеолға орналасқан. Сондай-ақ сүт қоректілердікі сияқты, крокодилдерде сүйекті таңдай болады. Сондықтан ауыз қуысы екіге: оның жоғаргы бөлімі — мұрын жұтқыншақ жолы, ал төменгісі — нағыз ауыз қуысы болып бөлінеді. Тамақты жұтқан кезде ғана аз уақытқа тыныс жолы жабылады.

Омыртқа бөлімдері айқын байқалады. Мойын бөлімінде 9 омыртқа, кеуде— 12—13, бел омыртқа — 2—4, сегізкөз омыртқасы — 2—3, құйрық омыртқалары — 30—40 болады. Омыртқалары процельді. Иық белдеуінде бұғана болмайды, ол тек қана жауырыннан және коракоидтан тұрады.

Суда тіршілік етуіне байланысты қоректенуі мен тыныс алуында өзіндік ерекшеліктері болады. Мысалы, таңдайдың артқы жиегінен төмен қарай түсіп тұратын ет қатпары болады. Оны таңдай шымылдығы деп атайды. Оның төменгі жиегі тілдің көмекей жағына тиіп, ауызды жұтқыншақтан бөліп тұрады. Мұндай ерекшелік крокодилге судың ішінде аузын ашып, танауы ғана судан шығып тұрса да тыныс алуына мүмкіндік береді. Үйткені танауының жиегінде болатын клапандары крокодилдің басы суға батқан кезде танау тесігін жауып қалады.

Крокодилдер су түбінде ұзақ уақыт болуына байланысты, өкпесі үлкен және күрделі ұяшықтары болады.

Жүрек қарыншағы дербес екі белімнен тұрады, яғни крокодилдердің жүрегі төрт камералы болады. Бірақ сол жақ қарын шадан шығдтын оң қолқа доғасымен қатар, оң қарыншадан (веналық қан) сол қолқа доғасы шығады. Сол қолқа доғасы арқа қолқасымен байланысқан, бірақ онымен таза артерия қаны жүрмей аралас қан жүреді.

Крокодилдер триас дәуірінде кеңінен тараған. Қазір бір тұқымдасқа жататын 25-ке жуық түрі бар. Тропикалық субтропикалық облыстарда ғана кездеседі.

Г а в и а л д ы ң тұмсығы ұзын болады. Денесінің ұзындығы 6 метрдей, Индияның оңтүстігін мекейдейді. Нағыз крокодилдер Африкада, Азияда, Солтүстік Австралияда және тропиктік Америкаға тараған. Олардың бір түрі илъ крокодилі, ұзындығы 8—10 м болады және Қытай аллигаторы ұзындығы 2 метрдей болатын ұсақ крокодилдер. Крокодил құрғаққа сирек шығатын, көбінесе суда болатын организмдер. Құрғаққа дем алуға, көбеюге, немесе мекенін ауыстыруға ғана шығады. Құрғақшылық болып, тіршілігіне қолайлы су қоймасы табылмаса су түбіндегі балшыққа еніп, ұйқыға кетеді.

Олар жұмыртқа   салып көбейеді.    Жұмыртқасының   үлкендігі    қаз   жұмыртқасындай болады да сырты қатты известі қабықпен қапталады. Жұмыртқаларын жиекке жақын құмдарға, немесе қорыстардан жасалған шұңкырларға салады. Жұмыртқасының саны бірнеше ондыққа жетеді. Крокодилдің кейбір түрінің ұрғашылары ұяларының маңында болып, жұмыртқаларын жауларынан қорғайды. Инкубация мерзімі 1,5—2 айға созылады.

Крокодилдер моллюскаларды,   шаяндарды,   құстарды   және кейбір сүт қоректілерді жеп қоректенеді. Адамға да шабуыл жа саған кездері болған. Сумен жасырынып барып қорегін ұстайды. Оны көзінің және есіту органдарының көмегімен іздеп табады.

Крокодилдердің еті мен терісін пайдалану үшін жергілікті халық кәсіп етеді. (Сурет – 6)

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(Сурет –6) Крокодилдің кұрсак жағынан   көрсетілген жүрегінін және артериалдық   доғасының   құрылысының  схемасы:

1 — ішкі ұйқы артериясы; 2 — сыртқы ұйқы артериясы (он жақ бөлімі шөжіп кеткен); 3 — қолқаның оң жақ доғасы; 4 — сол жақ доға; 5—арқа қолқасы; 6— өкпе артериясы; 7 — атсыз артерия; 8 — ішек қарын артериясы

 

 

 2.6 Тасбақалар

 

Қазіргі рептилилерден ерекшелігі — тасбақалардың денесінің сүйекті сауытпен қапталуы. Басын, мойнын, аяқтарын, құйрығын қауіп төнгенде осы сауытының ішіне жиырып алады. Сауыты; а) жоғарғы жартысы — карапаксадан тұрады. Ол тері тектес пластинкалық сүйектерден пайда болған, оған қабырғалар және омыртқалардың көпшілігі қосылып, бірігіп кеткен; б) төменгі жартысы — пластрона, бұлда тері тектес сүйектен тұрады, бірақ мұнымен төс сүйегі мен бұғана қосылып кеткен. Көпшілігінің сүйекті сауытының сыртын мүйізді қабыршақ қаптап жатады.

Тасбақаның мойын және құйрық омыртқаларынан басқалары карапакспен бірігіп кеткен. Сол сияқты жауырын мен каракоидта бос болады. Жамбас сүйектері карапаксқа сіңір арқылы бекиді, немесе жіктер қосылып бірігіп кетеді.

Оның бас сүйегіне тән ерекшелік — екінші реттегі сүйекті таңдайдың жетілуі, тістің болмауы. Тістің қызметін жақ сүйектерін қаптап тұратын мүйізді өсінділер атқарады.

Сүйекті сауыттың болуымен байланысты тасбақалардың тұлға еттері нашар жетілген. Қерісінше мойын, аяқ, құйрық еттері өте күшті болады.

Тыныс алу механизмінің де өзіндік ерекшелігі бар. Ауыз қуысының түп жағы біресе көтеріліп, біресе төмен түсіп, насостың қызметін атқарады. Осы кезде танау тесіктері арқылы ауыз қуысына ауа еніп, одан өкпеге өтеді. Сонымен қатар тыныс алуға мойын мен иықтың қозғалысы да әсер етеді. Тасбақаның өкпесі күрделі, губка тәрізді болады.

Тасбақалар дымқыл тропикалық және ыстық шөлді жерлерде тіршілік етеді. Қазір тасбақалардып, І83-ке жуық түрі белгілі.

 Жасырын мойын тасбақалар

Бұл отрядқа жататын тасбақалар мойынын «5» тәрізді етіп сауытының ішіне жиырып алады. Осыған байланысты олардың мойын омыртқаларының көлденең қанаттары жойылып кеткен, немесе нұсқасы ғана сақталған. Жамбас сүйектері дене сауытымен бірігіп кетпеген.

Құрлықта тіршілік ететін түрлерінің арқа жағы дөңес болады. Тасбақалар жер шарының барлық ыстық және қоңыржай ендіктеріне тараған. Шамамен 150-дей түрі бар.

Нағыз құрлықта тіршілік ететін түріне Орта Азия мен Қазақстанда кездесетін — дала тасбақасы жатады. Бұл тасбақа құмды және далалы, аласа таулы жерлерде және оазистерде кездеседі. Еркектері кішірек болады да ұрғашылары ірі, олардың сауытының ұзындығы 25 сантиметрге дейін жетеді. Тасбақалар қысқы ұйқыдан апрель айының бас кезінде оянады. Ұрғашылары апрель—май айларында құмды шұқырлап 2-ден 5-ке дейін жұмыртқа салады да үстін құммен жауып тастайды. Жұмыртқаның дамуы 70—80 күнге созылады. Пайда болған жас тасбақалардың бірқатары осы орнында қалып қыстап шығады. Ересек тасбақалар шөлдегі өсімдіктер куйіп кетіп, қалыпты тіршілік етуіне мүмкіндік болмағандықтан июнь айында құмға еніп, қысқы ұйқыға кетеді. Қөпшілік жағдайда жазғы ұйқы қысқы ұйқымен ұласып кетеді де құмды шөлдердегі тасбақалар 7—8 ай ұйықтайтын болады.

СССР-дің Европалық бөлімінде, Қырымда және Кавказда батпақ тасбақасы  тіршілік етеді. Батпақ тасбақасы ақпайтын, немесе жай ағатын суларда болады. Негізінен құрлықта тіршілік ететін омыртқасыздармен қоректенеді. Дем алуға ғана су жағалауларына шығады. Жұмыртқасын су жағалауларындағы құмға салады. Қысқы ұйқыға кетеді.

Өткен ғасырда Үнді және Тынық мұхиттың аралдарында, әсіресе Галапагосс аралында исполин тасбақалары тіршілік еткен. 1835 жылы осы аралдарда болған кезінде Ч. Дарвин бұл тасбақаларды толық сипаттап жазған. Олар систематикалық жағынан құрлықта тіршілік ететін тасбақаларға  жақын болған. Көпшілікке белгілі піл тасбақасының оның ұзындығы 2 м болады да салмағы 200 килограмға жетеді.

 Бүйір мойын тасбақалар

Мойынын сауытының ішіне жиырғанда, ол оң немесе сол бүйіріне қарай қисайып, басы қолтығына барып енеді. Сондықтан мойын омыртқаларының көлденең өсінділері және оған байланысты еттер жақсы дамыған. Екінші бір ерекшелігі — жамбасы құрсақ және арқа сауытымен қозғалмайтын болып бірігіп кеткен. Барлық түрлері Африкада, Австралияда және Оңтүстік Аме-рикада суда тіршілік етеді.

Ориноко мен Амазонка өзендерінде сауытының ұзындығы 80 см болатын—аррау тіршілік етеді.

Мойыны ұзын, кейбір түрлерінде ол сауытының ішіне симайтын жылан мойын тасбақаларда кездеседі. Олар Оңтустік Американың тұщы суларында, Австралияда және Жаңа Гвинейде кездеседі. Ірі формаларының ұзындығы 1 метрге жететін, жануар текті тамақпен қоректенетін организмдер.

 

2.7   Теңіз тасбақалары

 

Теңіз тасбақаларының аяқтары ескекке айналған. Саусақ және башпай сүйектері бірігіп қосылып, ұзын ескекке айналып кеткен. Буын болмайды. Басқа тасбақаларға қарағанда нашар дамыған. Кейбір түрлерінде ол жеке сүйек пластиикаларынан тұрады да омыртқамен, қабырғамен бірігіп кетпейді. Сауытының нашар дамуымен байланысты басы мен аяғын оның астына толық жасыра алмайды.

Нағыз өкілі—жасыл тасбақа, ірі, ұзындығы бірнеше метр, салмағы 450 кг болатын жануар. Бұлар тропикалық теңіздерді мекендейді. Көбінесе жағалауларда, өзен сағасында тіршілік етеді. Балдырлармен және түрлі жануарлармен қоректенеді. Аралдардың құмды жағалауларына жұмыртқа салады. Бір ұрғашысы 200-ге дейін жұмыртқа туады. Етінің коректік сапасы жоғары болғандықтан жергілікті халық тамаққа пайдаланады.

Тропиктік теңіздердің жағалауларында бисса немесе каретта деген түрі кездеседі. Оның сауытының ұзындығы 60—80 сантиметрге жетеді. Тек қана су жануарларымен қоректенеді. Каретталардың етін тамаққа сирек пайдаланады, бірақ сауытының әдемі мүйізді қабаты үшін аулайды. Мүйізді қабаттан әр түрлі бұйымдар (тарақ, пышақтың сабы) жасалады.

Жұмсақ терілі  тасбақалар

Жұмсақ терілі тасбақалардың сауытында мүйізді пластинкалар болмайды. Дене жабындысы жұмсақ, қыртысты, немесе бұдырлы тері тәрізді болады. Тері астындағы сүйекті сауыты нашар жетілген. Тек қана арқасындағы сауытының ортаңғы бөлімінде шеті шеміршекпен көмкерілген сүйекті пластинкасы болады. Олардың ұзын қозғалғыш тұмсығының ұшынан танау тесігі ашылады. Аяқтарында жүзу жарғақтары болады.

Жұмсақ терілі тасбақалар Африканың, Оңтүстік Азиянық және солтүстік Американың тұщы суларын мекендейді. Қытайда және Қиыр Шығыста уссуридің жұмсақ терілі тасбақасы кездеседі.

 

2.8    Рептилилер

 

Алғашқы омыртқалы жануарлар девон дәуірінде пайда болған. Олар саусақ қанатты балықтардың жақын тегі стегоцефалдар, немесе сауытты амфибилер еді. Олар көпшілік уақытын су қоймасында өткізген. Бірақ тіршілік еткен су қоймасы құрғап қалған жағдайда жақын жердегі басқа су қоймасына жылжып бара алатын және құрлықта бірсыпыра уақыт бола алатын қабілеті болған. Олардың бір мезгіл құрлықта болуына тас көмір дәуірінің біркелкі жылы, дымқыл ауа райы әсер еткен. Тас көмір дәуірінің соңғы кездерінде құрлықта ауа райы өзгерген. Тау пайда болу процестерінің көп болуы климаттың, сонымен қатар өсімдіктердің алмасуына себепші болған. Кепшілік жерлерде климат құрғақшылық, континентальды болды. Өсімдік сабағындағы жылдық сақинаға қарағанда, қыс салқын болған. Осы кезде өзендермен, балшықтарда өсетін қырықбуын мен папортниктер жойылып, шөл далалар пайда болған. Сөйтіп, құрғақшылыққа төзімді кылқан жапырақты өсімдіктер мен саговниктер көбейе бастаған.

Стегоцефалдардың тіршілік етуіне бұл жағдай қолайсыз бола бастайды. Құрғақшылық олардың денесін құрғатып, тері арқылы тыныс алуға кедергі жасайды және денесін құрғап кетуден сақтап қала алмайды. Өйткені өкпесі нашар дамыған, ол организмдегі газ алмасуды толық атқара алмайтын болған. Стегоцефалдардың көпшілігі Перм дәуіріне жетпей-ақ кұрып біткен. Жер бетіндегі тіршілік жағдайларының өзгеруі құрғақшылыққа әлде қайда төзімді жаңа белгілердің пайда болуына себепші болған. Сейтіп, жануарлар құрлықта тіршілік етіп, көбеюге мүмкіндік алды.

Алғашқы рептилилер. Котилозаврлар — тас көмір дәуірінің үстіңгі қабатынан белгілі болған ертеде тіршілік еткен рептилилер.

Мұның көптеген белгілері стегоцефалдарға жақын екенін көрсетеді. Мысалы, көпшілігінде сегізкөз омыртқасы біреу ғана, мойын бөлімі нашар жетілген, балықтарға тән иық белдеуінде тері тектес сүйек — клейтрум болады. Ми сауыты сүйек қорабынан тұрады да онда көз, танау, төбе органының ғана тесіктеріI болады. Аяқтары қысқа, маманданбаған. (Сурет-7)

Информация о работе Бауырмен жорғалаушылардың экологиялық топтары