Бауырмен жорғалаушылардың экологиялық топтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2015 в 11:33, курсовая работа

Описание работы

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы: Бауырмен жорғалаушылар немесе рептилилер. Бұл курстық жұмысты бауырымен жорғалаушылардың тері жабындысы, ми сауыты, жамбас белдеуі, асқорыту, тыныс алу, зәр шығару, жыныс жүйесі жайлы жазылған. Сонымен қатар олардың экологиядағы топтары жайлы да жазылған.

Содержание работы

Kipicпe 5
1 Бауырымен жорғалаушылар туралы жалпы түсінік 6
Бауырмен жорғалаушылардың тepi жабындысы және скелеті 7
Бауырмен жорғалаушылардың ми сауыты 8
Бауырмен жорғалаушьшардың иық белдеуі мен жамбас белдеуі 9
Бауырмен жорғалаушьшардың асқорыту, тыныс алу жүйесі 10
Бауырмен жорғалаушылардың қан айналу нерв жүйесі..........................................10
Бауырмен жорғалаушылардыц зәр және жыныс жүйсі 13
1.7Бауырмен жорғалаушылардың дыбыс, сезім жүйесі...............................................14
2 Бауырмен жорғалаушылардың экологиялық топтары . 16
2.1Кабыршақтылар 17
2.2Кесірткелер.... 17
2.3 Хамелеондар 20
2.4Жыландар 21
2.5 Крокодилдер 24
2.6Тасбақалар..............................................................................................................27
2.7Теңіз тасбақалары..................................................................................................28
2.8 Рептилилер 29
Корытынды . 35
Пайдаланған әдебиеттер 36

Файлы: 1 файл

Бауырымен жоргалаушылар.DOC

— 762.50 Кб (Скачать файл)

Мазмуны

Kipicпe  5

1 Бауырымен жорғалаушылар туралы жалпы түсінік 6

  1. Бауырмен жорғалаушылардың тepi жабындысы және скелеті 7
  2. Бауырмен жорғалаушылардың ми сауыты 8
  3. Бауырмен жорғалаушьшардың иық белдеуі мен жамбас белдеуі 9
  4. Бауырмен жорғалаушьшардың асқорыту, тыныс алу жүйесі 10
  5. Бауырмен жорғалаушылардың қан айналу нерв жүйесі..........................................10
  6. Бауырмен жорғалаушылардыц зәр және жыныс жүйсі 13

1.7Бауырмен жорғалаушылардың  дыбыс, сезім жүйесі...............................................14

2 Бауырмен жорғалаушылардың экологиялық топтары . 16

2.1Кабыршақтылар 17

2.2Кесірткелер.... 17

2.3 Хамелеондар 20

2.4Жыландар 21

2.5 Крокодилдер 24

2.6Тасбақалар..............................................................................................................27

2.7Теңіз тасбақалары..................................................................................................28

2.8 Рептилилер 29

Корытынды . 35

Пайдаланған әдебиеттер 36

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аннотация

 

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы: Бауырмен жорғалаушылар немесе рептилилер. Бұл курстық жұмысты бауырымен жорғалаушылардың тері жабындысы, ми сауыты, жамбас белдеуі, асқорыту, тыныс алу, зәр шығару, жыныс жүйесі жайлы жазылған. Сонымен қатар олардың экологиядағы топтары жайлы да жазылған.

Бұл курстық жұмыс 36 беттен тұрады. Оның ішінде сонымен қатар 8 суреттен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1.   Бауырымен жорғалаушылар туралы жалпы түсінік

 

Бауырымен жорғалаушылар жер бетінде тіршілік ететін, жоғарғы сатыдағы омыртқалылар. Дөңгелек ауыздылар, балықтар, амфибилер көбіне тіршілігі сумен тығыз байланысты, төменгі сатыдағы омыртқалылар болса, рептилилер, құстар және сүт қоректі жануарлар құрлықта тіршілік ететін жоғарғы сатыдағы омыртқалылар. Бұлардың ішінде тіршілігінің көп уақыты суда өтетін түрлері де бар, бірақ ол су ортасында тіршілік етуге бейімделген екінші белгі болып саналады. Оны палеонтологияның, эмбриологияның және экологияның   көптеген мәліметтері дәлелдеп отыр.

Барлық жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың ұрықтануы іште болады» Көбеюі кұрылықта, кейбір тірі туатын түрлері (мысалы, кит тәрізділер) суда көбейеді. Жоғары сатыдағы омыртқалылардың эмбриональдық дамуындағы бір ерекшелігі ерекше ұрық қабының пайда болуы. Жоғарғы сатыдағы сүт қоректілерде ұрық қабы бала жататын орынды немесе плацента құрауға қатысады. Оның өзі өсіп келе жатқан эмбрион мен аналық организмнің арасындағы органикалық байланысты түзеді.

Бір ұрық қабының амниотикалық деп аталуына сәйкес жоғары сатыдағы омыртқалылар амниота деп аталған. Ал төменгі сатыдағы омыртқалыларда ұрық қабы пайда болмайды, сондықтан оларды анамниялар деп атайды.

Жер бетінде тіршілік ететін барлық жоғарғы сатыдағы омыртқалыларға тән белгілер бауырымен жорғалаушылардак айқын байқалады. Олардың миы әлде қайда жақсы жетілген, Сондықтан бауырымен жорғалаушылардың рефлекторлық әрекеті күрделі болады. Құрлықта тіршілік етуіне байладысты балардың Денесі амфибилер мен балықтарға қарағанда жақсы жіктелген. Әсіресе, басын әр түрлі бағытта қозғауына мүмкіндік беретін мойын бөлімінің болуы. Денесін құрғап кетуден сақтайтын терісінде мүйізді эпидермис қабаты мен мүйізді қабыршақтарының болуы. Өкпе арқылы тыныс алады. Жүрегі мен артериялық доғасы жақсы жіктелген. Оң және сол қарыншаның арасында перде болады, осы қарыншадан үш артерия қан тамыры шығады.

Әйткенмен рептилилер жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың ішінде нашар ұйымдасқан организм болып саналады. Аортаның екі системалы доғасына байланысты, олардың тұлға бөлімінің артерия қаны аралас болады. Дене жылуының реттелу қабілеті нашар. Дене температурасы тұрақты емес; мысалы кейбір кесірткелердің актив қозғалысы кезіндегі дене температурасы 14— 32° градустың арасында болады.

Амфибилерге қарағанда рептилилер көп алуан түрлі және кең таралған класс. Қазір рептилилердің шамамен 5000—5500-дей түрі белгілі. Олар 4 класс тармағына, 9 отрядқа бөлінеді.

Алғашқы  кесірткелер немесе ящерогадылар

1-отряд. Тұмсықбастылар  (Кһуnсһосерһаlіа),

ІІ-класс тармағы. Қабыршақтылар (Squаmаtа),,

2-отряд. Қесірткелер (Lасеrtіlіа).

3-отряд. Хамелеондар  (Сһаmаеlеоnіеs),

4-отряд. Жыландар (Орһіdіа).

ІII-класс тармағы. Крокодилдер (Сrосоdіlіа).

5-отряд. Крокодилдер (Сrосоdіlіа).

ІV-класс тармағы. Тасбақалар (Сһеlоnіа).

6-отряд. Жасырын мойындылар (Сrурtоdіrа).

7-отряд. Бүйір мойындылар (Рlеurоdіrа).

8-отряд. Теңіз тасбақалары (Сһеlоnііdеа).

9-отряд. Жұмсақ терілілер (Тrіоnусһоіdае).

Сыртқы көрінісі. Денесінің сыртқы көрінісіне қарай рептялилер үшке бөледі.

  1. Кесіртке тәрізділер. Бұлардың сыртқы құрылысы рептилилердің көпшілігіне тән және біріне-бірі ұқсас деп айтуға болады. Олардың аяқтары жақсы жетілген, құйрықтары ұзын, кейбір түрлерінде қармақ тәрізді болады. Кесіртке тәрізділерге кесірткелер, хамелеондар, крокодилдер, ящерогадылдр жатады.
  2. Жылан тәрізділер. Бұлардың денесі цилиндр пішінді, аяғы жоқ, мойыны денесінен айқын бөлінбеген, көкірек бөлімі мен құйрық бөлімі айқын ажыратылмай бір-бірімен жалғасып жатады. Бұларға: жыландар, аяқсыз кесірткелер жатады. Алғашқы    және    соңғы    типтің    арасында   аралық   формалар бар. Мысалы, амфисбен (Аnрһіsbаеnіdае) тұқымдасының кейбір түрлерінің тек қана алдыңғы аяқтары болады, олардың басы денесінен айқын бөлінбеген, мойын бөлімі байқалмайды, қысқа, жуан құйрығы да денесінен айқын бөлінбеген. Керісінше, жыландардан, айдаһарлардан артқы аяқтың нұсқасын кездестіруге болады.
  3. Тасбақа  тәрізділер.  Тасбақа тәрізділердің денесі арқасынан құрсағына қарай қысыңқы болып, арқа және құрсақ «сауытының арасына орналасқан. Аяқтары көбінесе қысқа, құрлықтағы формаларында бағана тәрізді, теңіздегі формаларында ескек тәрізді, мойыны ұзын, қозғалмалы. Бұған тасбақалар жатады.

 

1.1   Бауырымен жорғалаушылардың тері жабындысы және скелеті

 

Тері жабындысы. Терісінің  сыртқы  қабатының эпидермисі     мүйізденіп, әрқашанда түлеп отырады. Оны төменгі жатқан қабаты қалпына келтіреді.

Денесі сыртынан мүйіз қабыршақпен қапталып жатады, Эпидермистің мүйізденуі, мүйізді өсінділердің болуынын үлкен маңызы бар. Өйткені бұлар жануарды құрғап кетуден сақтайды. Тері бездері болмайды. Кесірткелердің санының ішкі бетінде тесікшелері болады, бұлардан көбею кезінде қоймалжың, желім тәрізді жабысқақ заттар шығады, оның маңызы әлі анықталмаған. Аздап та болса тері бездері крокодилдерде, әсіресе жас крокодилдерде кездеседі. Олар арқасында, төменгі жағында клоаканың маңында   орналасқан. Жыландарда   да тері бездерінің нұсқасы болады.

[

I

і!



Скелеті. Омыртқа жотасы. Кесірткелердің көпшілігінің омыртқа жотасы, пронельдік омыртқалардан қалыптасқан, Төменгі сатыдағы формаларының омыртқа денесі амфиңельді. Омыртқа жотасы, амфибилерге қарағанда қозғалмалы болып, бес бөлікке бөлінген: мойын, арқа, бел, сегізкөз, құйрық.

Кесірткелердің мойын омыртқасының саны 8. Рептилилердіқ мойын   омыртқалары   амфибилердің   мойын    омыртқаларынан көп және бұлардың алғашқы екі омыртқасының құрылысында өзіндік   ерекшеліктері   болады. Басқа   амниоталардікі   сияқты бірінші мойын омыртқасын  (аtlаs)  ауыз омыртқа, екіншісін- эпистрофея (еріstrорһеus) деп атайды. Ауыз омыртқасы сақина пішінді, ол   жоғарғы   және төменгі   жартыға  байланыс ткані арқылы бекінеді. Жоғарғы тесігі жұлынмен байланысады да, төменгі тесігіне екінші мойын омыртқаның   эпистрофеяның тіс тәрізді   (рrосеssus   оbоntоіdеus)   өсіндісі    еніп    тұрады.   Ауыз омыртқасы   осы   өсіндінің   айналасында   айналып тұрады. Эмбриологиялық мәліметтерге қарағанда, эпистрофеяның бұл өсіндісі ауыз   омыртқасының  денесі   болып   саналады. Мойыннын мұндай құрылысы оның қозғалмалы болуына әсерін тигізеді.

Бел — көкірек бөлімінің омыртқалары кесірткелерде 22 болады. Бұлардың барлығына да қабырғалар бекиді, бірақ алдыңғы бес омыртқаның қабырғалары тес сүйегіне барып бекиді. Соның нәтижесінде көптеген рептилилерге тән нағыз көкірек қуысы пайда болған. Төс сүйегі болмайтын жыландарда көкірек қуысы да болмайды. Кесірткелердің төсі шеміршекті болады. Ол ұрықтық даму кезінде көкірек қабырғаларының иілген ұштарының өсуінің нәтижесінде пайда болған.

Сегізкөз екі омыртқадан қалыптасады, бұлардың көлденең өсінділеріне жамбас сүйектері бекиді.

Құйрық бөлімі ондаған омыртқалардан тұрады. Оның алдыңғыларында бүйір, өсінділері және қабырғалардың да нұсқалары болады. Құйрық омыртқаларының соңғы бөліктерінде өсінділері жойылып, таяқша тәрізді сүйекке айналған. Әрбір омыртқа денесінің ортасында жігі болады. Егер әр түрлі себептен құйрығы үзіліп қалса, онда омыртқа осы жігінен екіге бө- 
лінеді. Анығырақ айтқанда — бір омыртқамен екінші "омыртқаның қосылған буын аралығынан бөлінбейді. Құйрығындағы арнаулы еттердің жирылуының нәтижесінде құйрығын үзіп, қалдырады.

 

1.2  Бауырмен жорғалаушылардың ми сауыты

 

Ми сауыты. Ми сауытының бір ерекшелігі ондағы алғашқы шеміршек сауыт толық сүйектеніп, көптеген тері сүйектер дамып, төбе сүйегі, бүйір және ми сауытының түбі негізделген.

Бас сүйегінің шүйде бөлімі (хондральдық) шеміршек тектес төрт сүйектен: жоғарғы шүйде, негізгі шүйде және екі бүйір шүйде сүйегінен құралған. Бұл сүйектер қарақұс тесігінің айналасына орналасқан. Оның астыңғы жағында бір ғана қарақұс өсіндісі болады. Оның қалыптасуына екі бүйір және негізгі шүйде сүйек қатысады. Негізгі шүйде сүйегінің алдыңғы жағында негізгі сына тәрізді (bаsіsрһеnоіdеum) сүйек орналасқан. Бұл ми сауытының түп жағын құрауға қатысады. Парасфеноид сүйегі кішкене, ол негізгі сына тәрізді сүйектің алдыңғы ұшына калғасып жатады.

Есіту капсуласыңың маңынан үш құлақ сүйегі пайда болады. Оның біреуі — алдыңғы құлақ—бүкіл өмір бойы жеке қалып қояды, ал қалған екеуі — артқы құлақ сүйегі; бүйір шүйде сүйекпен, үстіңгі құлақ сүйегі — жоғарғы шүйде сүйегімен бірігіп кетеді.

Иіс бөліміндегі шеміршектер сүйектенбей, сол шеміршек күйінде қалып қояды. Ми сауытының төбесі мынадай жұп сүйектерден: мұрын, маңдай алды (рrаеfrоntаlіа), маңдай және маңдай -артындағы (роstfrоntаlіа), төбе және тақ төбе аралық (іnfеrраrіеtаlіа) сүйектерден құралған. Төбе аралық сүйегінің ортасында төбе органының тесігі болады.

Ми сауытының бүйір жақтары мына сүйектерден тақ жақаралық, жұп жоғарғы жақ, көз үсті, бет және бұдырбетті сүйектерден қалыптасады. Ми сауытының төбесінің астыңғы жағында, самай маңында, кесірткелерде — бүйір самай шұңқыры деп аталатын едәуір ояз жері болады.

Төменгі жағы Меккелев шеміршегіне ұқсас, буындасқан. сүйектен тұрады. Бұл шаршы сүйекпен ұштасады. Тіс, бұрыш, және бұрыш үсті (suрrааngulаrе), садақша (соrоnаrе) және тақташа (sрlеnіаlе) сүйектерде жақ құрамына енеді.

Тіл асты доғасының үстіңгі бөлімі гиомандибулярға ұқсас, ол есіту сүйегі — үзеңгі деп аталады. Висцеральдық скелеттін басқа элементтері шеміршек пластинкаларынан және үш пар өсіндіден тұратын тіл асты аппаратын құрайды.

 

1.3    Бауырмен жорғалаушылардың иық белдеуі мен Жамбас белдеуі

 

Иық белдеуі. Амфибилердегідей негізінен үш сүйектен қалыптасады. Иық белдеуінің құрсақ жағында тоқпан жіліктің басы еніп тұратын шұңқыры бар коракоид болады. Иық белдеуінің арқа жағы — жауырыннан және жауырын үсті шеміршегінен тұрады. Коракоид төспен байланысады, ал оның алдыңғы жағында бұғана жатады. Крест тәрізді төстің сүріншегі бұғана мен коракоидтың арасын жалғастырып тұрады.

Жамбас белдеуі. Жамбас белдеуі мықын сүйектен (іlіum) шонданай сүйегінен (іsсһіum) және шап сүйегінен (рubіs) тұрады. Бұлардың бір жақ ұштары түйісіп келіп, ортан жіліктің басы еніп тұратын шұңқырды құрайды. Мықын сүйегі екі жағынаң да сегізкөз омыртқаларының көлденең өсінділеріне бекінеді. Оң және сол жақ мықын сүйегі мен шап сүйектері өз ара байланысады.

Аяқтарының құрылысы, бес саусақты организмдердің аяқтарының құрылысына ұқсас.

Ет системасы. Рептилилерде төменгі сатыдағы организмдерге тән еттің метомерлі орналасуы сақталмаған. Оларда мойын бөлімінің пайда болуы, бес саусақты аяқтың дамуы, жалпы денесінің үлкен бөліктерге жіктелуі міне осының барлығы ет системасының күрделі дифференциялануына себепші болған. Әсіресе, тыныс алу процесін реттеуге қатысатын қабырға аралық еттерінің пайда болуын ерекше атап өтуге болады.

 

 

 

1.4 Бауырмен жорғалаушылардың  асқорыту,тыныс алу жүйесі

 

Ас қорыту. Органдарының құрылысы амфибилердің ас қорыту органдарынан әлдеқайда күрделі. Бұл ас қорыту жолының үлкен бөлімдерге бөлінуіне және кейбір жаңа бөлімдердің пайда болуына байланысты ауыз қуысы жұтқыншақтан айқын бөлінген. Тасбақа мен крокодилдердің мұрын жұтқыншақ жолы ауыз қуысынан екінші тандай сүйек арқылы бөлінген. Ауыз қуысының түп жағында орналасқан, атылып шығуға бейімделген, қозғалмалы, етті тілі болады. Тілінің формасы түрліше болады. Жыландар мен кесірткелердің көпшілігінің тілі жіңішке, ұшы екі айыр болады. Хамелеондардың, керісіинше тілінің ұшы жалпақ. Тілдің формасының түрліше болуы қоректік заттарды ұстау тәсілі мен пайдалану сипатына байланысты.

Рептилилердің көпшілігінің тісі болады. Тісі жоғарғы жақ, жақ аралық, қанат тәрізді және төменгі жақ сүйектеріис орналасқан. Амфибилерден айырмашылығы — гаттерилерден басқаларында, өре сүйегінде тісі болмайды. Тістері көрсетілген сүйектердің жиектеріне бекиді. Тек қана крокодилдердің тістері альвеолға орналасқан. Ауыз бездері амфибилерге қарағанда күшті жетілген.

Етті қарыны басқа ас қорыту жолынан айқың ажыратылған. Аш ішек пен тоқ ішектің қосылған жерінде соқыр ішектің нұсқасы болады. Тек қана шөппен қоректенетін тасбақалардың соқыр ішегі (бүйені) жақсы жетілген (17-сурет).

Ұйқы безі он екі елі ішектің иініне орналасқан. Бауырында өт болады. Өт жолы да ұйқы безінің ашылатын жеріне келіп ашылады.

Тыныс органдары. Рептилилердің амфибилерден айырмашылығы, бұлардың суда тіршілік ететін личинкалары болмайды. Ұрықтарының эмбриональдық даму кезінде желбезек аппараты қалыптаспай, жұмыртқаның ішіндегі ұрықтың газ алмасуы алантоис пен сары уыз қапшығы арқылы орындалады. Ересек рептилилер тек қана өкпемен тыныс алады. Терісінде мүйізді қабаттың пайда болуына байланысты тыныс алуға қатыспайды.

Өкпесінің пішіні қапшық тәрізді оның іші өте ұсақ ұяшықтарға бөлінген. Тасбақа, крокодил сияқты жоғарғы сатыдағы рептилилерде бұл бөлімі өте жақсы дамып, күрделене түскен. Осы кездегі өте қарапайым — гаттерилердің өкпесінің ішкі куысының өзі де үлкен болады. Кесірткелердің, әсіресе хамелиондардың өкпесініц астыңғы жағында ұяшықтар мен аралық пер-делері болмай, саусақ тәрізді керегесі жұқа өсінділер — өкпе қапшықшалары болады. Бұларда газ алмасу процесі орындалмайды.

Информация о работе Бауырмен жорғалаушылардың экологиялық топтары