Антибиотики

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2014 в 23:35, курсовая работа

Описание работы

Антибиотиктер биотехнология, медицина тарихында ереше орын алды. Е. Хаувник 1984ж биотехнологияның даму кезеңдерін анықтағанда, оның бір кезеңін «антибиотиктер дәуірі» деп атаған. Әрине, бұл өте дұрыс, өйткені вакциналармен қатар антибиотиктер адамзатты жүз мыңдай, миллиондаған адам өмірлерін әкететін, меғмлекеттер тіршілігіне әлеуметтік және экономикалық былықты тудыратын глобальдық инфекциялардан сақтандырған. Бүгін олар өте маңызды, ең алдымен, қолданылатынбарлық дәрілердің ішінде 13% қамтитын емдеу-профилактикалық препараттар ретінде қарастырылуы.

Содержание работы

Кіріспе
1 негізгі бөлім
1.1 Антибиотиктер туралы жалпы сипаттама
1.2 Антибиотиктерді синтездеу технологиясы
1.3Антибиотиктердің қолданылуы.
1.4 Өсімдік антибиотиктері туралы жалпы түсінік
1.4.1Өсімдік антибиотиктерін алу технологиясы
1.4.2Фитонцидтер – антибиотиктер тәрізді микробтарға қарсы әсер ететін өсімдіктердің құрамында болатын заттар
1.4.3Өсімдік антибиотиктерінің қолданылуы.Жаңа препараттар.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Антибиотиктер.docx

— 688.57 Кб (Скачать файл)

Өсімдіктер бөлетін заттардың цидтік әсері дифтерия, дизентерия қоздырғыштарына, сақау стрептоккоктеріне және басқа микробтарға қарсы әсер ететіндігі анықталды. Фитонцидтер инфекция түскен жараларды емдеуге де қолданылады.

Жоғары мөлшерінде фитонцидтер жануарларға уытты әсер етеді. Кейбір жағдайларда олардың уыттылығы олармен бірге түсетін аллколоидтарға, гликозидтерге және басқа да заттарға байланысты болып келеді.

Cарымсақ  және оның препараттарын мал  дәрiгерлiк тәжiрибеде мал тәбеттiң  қоздыруы және ас қорытудың  жақсартуы мақсатпен қолданады, алдыңғы қарындардың қызметтiң  күшейтуi үшiн, және асқазан және iшектер гипотониялар және әлсiреулерiнде, С авитаминозында қарсы тұнба  әзiрленедi 100 г 2 л суда.

Дозалар iшке:

iрi қараға - 30—60 г;

қойларға және ешкiлерге - 15—30 г;

Ішек-қарын тракттiң қызметтерi бұзылған бұзауларға 1 л спирт ерітіндесін 200 г ағзындалған сарымсақтардан әзiрлеген тұнбасын тағайындайды. Ол 12—14 тәулікте тұндырғаннан кейін бөлме температурасында дененiң массасының 1 кгi 0, 3—0, 5 млдi дозадағы уыз сүттiң беруінің алдында күнінде 2—3 рет берердің алдында сумен 1:4—1:5 қатынасында су қосып бередi.

Натрий хлоридының 0, 85%-тік ерiтiндiсiндегi (1:50—1:100 ) ботқа түрінде жарақаттардың жазылуын тездету үшін бастауды бактерияцидтік құрал ретiнде қолданады.

 

 

3.3 Жаңа препараттар

 

Протоанемонин лактондар тобына жатады. Өзіне тән иісі мен дәмі бар түссіз қоймалжын зат. суда, глициринде, эфирде оңай ериді. Сулы ертінділерде сақтағанда кристалды және аморфты тұңбалар түзеді де, оның біріншісі –анемонин, ал екіншісі анемон қышқылы деп аталады. Анемонин салқын суда ерімейді, ал майлар мен эфирде нашар ериді. Қыздырғанда анемониннің ерігіштігі артады, сонымен бірге ол қайта деполимерленіп протоанемонинге айналады. Анемон қышқылы суда ерімейді және фармакологиялық тұрғыдын белсенділігі әлсіз келеді. Анемонин мен анемон қышқылы айтарлықтай қажетті заттар емес, сол себепті протоанемониннің полимерленуін төмендету мақсатымен, оны салқын жерде сульфатты натрий, йодты калий және гидрохинон қосып сақтайды.

Протоанемонин сарғалдақтар тұқымдасына жататын көптеген өсімдіктердің әсер етуші заты. Ол құрғақ шөптің 0,05-0,38 пайызын құрайды.

Сарғалдақ тұқымдас өсімдітерді бұрынан ақ жаралар,ойы жарларды, күйген жерлерді, бұлшық еттер мен буындардың ревматикалық қабынуларын, сыздауықты және көптеген басқа да ауруларды емдеу үшін қолданып келеді.

Фармакологиялық зерттеулер протоанемониннің гомопоэзді белсендіретін, қан айналуды жақсартатының, фагазитозды күшейтіп, жазылу құбылыстарын жылдамдатынын көрсетті. Оның мұндай организмнің резистентілігін арттыратын қасиеті, микробтарға қарсы әсер ететін қасиетімен біріге отырып көптеген ауруларда препараттың емдік нәтижелігін едәуір арттырады.

Протоанемонинді тұяқ шеміршегінің некрозында, кілегейлі қабықтардың іріңді қабынуларында, іріңді жараларда , ойық жраларда, жылқылардың індетті лимфангитінде, жылқылардың, ірі қара малдың және бұғылардың никробациллезында қолданылады.

 

 

 

Иманин- күңгірт түстес, су мен спиртте нашар еритін ұнтақ, шалқурайдан алынады. Жаралардғы грамм оң бактериаларға өлтіре әсер етеді, жаратын бетін құрғатыпжазылуын жылдамдатады.

Ерітінді (1℅), сүртпе майда (5) және сеппе дәрі (10) түрінде әр түрлі жараларды, күйген жерлерді, желіннің жарылғанын емдейд. Иманинге новамаиннің препараты ұқсас етеді.

Новаиманин бұның алғашқысы иманин тәрізді шай түрі алынған және 1959 жылы сипатталып жазылған. Бұл қызыл-сары түсті шәйір тәрізді зат. Спиртте және кейбір басқа органикалық еріткіштерде ериді, суда ерімейді. Новаимаин күрделі препарат, басқа фитонцидтерге қарағанда антимикробтық активтілігі күшті. Негізгі әсер етуші зат антибиотик гиперфорин, бұның мөлшері 10-20 пайыз. Грам-оң микробтардың, әсіресе басқа антибиотиктерге төзімді стафилакоктердің өсуін тежейді, спирттегі 1%-тік ерітіндісі түрінде шығарылады. Ішу алдында препаратты дистелденген су немесе натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісімен араластырады.

 

 

 

 

Натрийлі уснинт. Уснин қышқылының натирілі тұзы. Қышалардан алынады. Ақшыл сарғыш түсті, кристалды ұнтақ. Суда баяу ериді (1:200) спирт(1:20) пен майда (1:4) жақсы ериді. Көптеген грамм оң бактерияларға өлтіре әсер етеді. Сыртқы мүшелерге жараларды емдегенде 1 ℅ майлы ерітінді күйінде немесе сульфаниламидтермен бірге ұнтақ түрінде қолданылады.

 

 

 

 

Аллицин-продуценті сарымсақ- түссіз май тәрізді сарымсақ иісті сұйық. 1944 жылы бөліп алынған және зерттелген. Зақымданбаған сарымсақта фитонцид аллиин түрінде болады және онда бір жылдай сақталады. Аллиинде сарымсақ иісті және антимикробтық қасиеті болмайды.

Сарымсақ зақымданса аллиин фермент аллииназа көмегімен аллицинге айналады. Бұндай қосылыс тұрақсыз, ол үй температурасында бірнеше күнде бұзылады. Аллицин антибактериалдық активтілік көрсетеді. Көптеген грамм-оң және грамм-теріс микробтардың, соның ішінде туберкулез қоздырғышының да өсуі мен көбеюін тежейді. Бұл препаратты кең пайдалануға активтігін тез жоюы және уыттылығы кедергі болып тұр.

 

 

 

 

 

 

Рафанин 1947 жылы шалғам тұқымынан бөлініп алынған, 1 кг тұқымнан 3 грамдай таза рафанин алынады. Өсімдіктің басқа бөліктерінде рафанин табылмады. Рафанин тұқымында проантибиотик түрінде болады, кейін ол фермент әсерінен фитонцидқа айналады. Рафанин фитонцид концентрациясы 40-200мкг/мл болса грам-оң және грам-теріс микробтардың көбеюін тежейді. Оны 1947 жылы Дробатько алған. Ол Staphylococcus aureus 1: 28 000 қатынаста, a Bacterium coli және Salmonella schottmiilleri- - 1: 5000 қатынаста тежейді. Оның уыттылығы жоғары болады.

 

 

 

 

 

Сальвин дәрілік шалфейден бөлініп алынған. Шәйір тәрізді масса органикалық еріткіштерде ериді. Грамм-оң микробтарға цидті әсер етеді. Сілекей қабықтарының созылмалы қабыну кезінде қолданады. Спирттегі 1% тік ерітіндісі түрінде шығарылады. Қолдану алдында сальвинин ерітіндісін 1:5 қатынаста дистилляцияланған су немесе натрий хлоридінің изотондық ерітіндісіне қосады. Кесел түскен жерге шашады немесе жуады. Қабынуға қарсы әсер етеді, грануляция өсуін жеңілдетеді.

 

 

 

Өсімдіктерден бұдан басқа да, мысалы ,крепин, томатин және басқа да фитонцидтер алынған.

 

 

Травматин (Хелвет)

Құрамы: Echinacea purpurea D4, Chamomilla D4, Calendula D4, Arnica D4, Hypericum D6, Hepar sulfuris D6, Belladonna D4, АСД-2 D9. шығару түрлері: инекцияға арналған ертінділер флакондарда10,0-100,0мл; ампулада 2,0-5,0 мл және гельді түрде пласмас флакондарда 20-70мл.

Қолдану кез-келген жарақаттарда, сүйектің шығып кетуі, созып алу, сынықтар, гематомаларда, құрсақ қуысы органдарының зақымдануы кезінде.

Эхинацея-құрамында эфир майы, гликозид эхинакозид, алколоидтар, бетаин, инулин,фенол, глюкоза, левулеза, кальций, магний, кремний, темір. Ферменттерге бай-оксидаза және пероксидаза бар. Бұл ферменттердің болуы эхинацея антисептикалық қасиетін анықтайды. Эхинацея көмірсулары нейтрофильді гранулоциттер фагоцитозын және макрофактардың микробтарға қарсы цитотоксикалық қасиетін жақсартады.

Түймедақ құрамында хамазулен, терпен,кадинен, апиин, апигемин, кверцимеритрин, матрикарин, убеллиферон, никотин қышқылы, салицил қышқылы, фитостерин және басқа да заттар да бар. Хамазулен Staphylococcus aureus және Candida albicans бактерияларына қарсы активтілік көрсетеді.

Hypericum perforatum құрамында эфир майы, холин, пектин, каротин,антибиотик иманин. Иманин 40 тан астам микроорганизмдерге  антисептикалық әсері бар және  күйікке қарсы тиімді зат.

Әртүрлі жарақаттарда препарат әсері:

Ауырсыну сезімін басады.

Жарақат және ісіктін тартылуына.

Қабынуға қарсы әсер етеді.

Септикалық процестерді болдырмайды.

Зақымдалған ұлпалар регенирациясын тездетед.

 

Әр түрлі малдарға препараттың берілетін дозасы:

жылқыға: 5,0-10,0 мл  
ірі қара малға: 5,0 мл  
шошқаға: 2,5-5,0 мл  
қой, ешкі: 2,0-2,5 мл  
бұзау, мегежін: 2,0-2,5 мл  
ірі иттерге: 3,0-4,0 мл  
мысықтарға: 0,5-1,0 мл 

 

 

 

 

Цамакс кәрі және әлсіреген иттер үшін қанда холестериннің жиналуын тежейді, қабынуға қарсы әсер етеді, жүрек және иммундық жүйе, бауыр жұмысын жақсартады.

Цамакс атеросклероз, қан тамрлары жүйесінің аурулары, авитаминоз және минералдардың жеитіспеуі кезінде қолданылады.

Құрамы:микробалдыр спирулина платенсис, теңіз балдыры(фукус), кептірілген сарымсақ, долаңа,итмұрын,цеолит және күкірт.

Цеолит (клиноптилолит), таңдамалы абсорбция қасиеті бар, сонын арқасында организмнің ауыр металдардан тазаруын, аминқышқылдар мен май қышқылдарының, минералды заттардың сіңірілуін қамтамасыз етеді. Өзінің структурасына байланысты организмдегі зиянды заттарды (сынап, нитриттер,радионуклидтер) шығарады.

Спирулин –құрамында А, С,Е,В тобындағы витаминдері, ауыстырылатын және ауыстырылмайтын аминқышқылдары, минералды заттар бар табиғи өнім болып табылады.

Элементар күкірт-энергия өндіруде, қанның ұюында, коллоген, белок синтезінде маңызды рөл атқарады.

Сарымсақ-химиялық құрамына бай. Ол организмнің инфекциялық ауруларға төзімділігін жоғарылатады, жүрек және ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартады, қан тамырларын кеңейтеді, қандағы қант мөлшерін төмендетеді, ауырсыну сезімін жояды және антисептикалық әсерібар. Сарымсақ фитонцидтері ісік ферменттерінің активтілігін тежейді. Сарымсақ бактериоцидтік және антисклеротикалық әсер етеді.

Долана-құрамында флавоноидтер, В тобындағы витаминдер және органикалық қышқылдар(петиндер,каротин,фруктоза,крахмал,сапонин). Бұл заттар миды қан жабдықтауға қолайлы жұмыс iстейдi,ОЖЖ-нің жұмыстарын жақсарта реттейдi, жүрек қан тамырларындағы қан ағуларды жақсартады, жүректiң бұлшық ет жұмысын жақсартады. Долана атеросклероз, гипертония, жүрек аритмиясы, әлсiздiкте пайдалы, сонымен бiрге қант диабеті аурулары үшiн шипалы.

Итмұрында С витамині лимон мен қарақаттан да көп. Витамин С әсерінен қан тамырларының қабырғаларындағы холестерин тащаланады. Капиллярлар мен майда қан тамырлары бекиді.итмурын жемісінде В,К,Р витаминдері бар.

 

Препаратты қолдану нормалары:

Ұнтақты күніне 0,2 гр 1 кг жануар салмағына қолданады. Таблеткаларды күніне 1-2 рет береді. ЦАМАКС уыттылығы төмен, аллергиялық әсер бермейді.

 

 

 

 

 

 

Нутри-вет «БРЭВЕРС ЭСТ» сарымсақпен иттерге арналған дәрілер BREWERS YEAST .

Таблеткалар 50 % жеңіл қорытылатын белоктан,микроэлементтерден бұлардан басқа тағы РР және В1,В2 витаминдерінен, биотиннен, май қышқылдарынан- олеин, линолен және арахидон қышқылдарынан. Таблеткаларды авитаминоз, тері аурулары дерматоз, экзема, зат алмасу бұзылғанда қолданады.

Сарымсақ-құрамындағы күрделі органикалық зат аллициннің болуы антибактериалды қасиет береді. Сарымсақ В6,РР витаминдері мен минералдарына бай. Сарымсақ саңырауқұлақтар мен вирустарға қарсыәсер ету қабілеті бар.

НУТРИ-ВЕТ «БРЭВЕРС ЭСТ»қолданады:

  • Асқазан-ішек аурулары
  • Жүннің зақымдануы.
  • Тәбетін жоғарылату және заталмасуды жақсарту үшін;

Құрамы: сыра ашытқысы, сарымсақ, мальтодекстрин, стеарин қышқылы, целлюлоза, мальтодекстрин, ниацин, рибофлавин, тиамин мононитрат, аскорбин қышқылы.

Дозировкасы: күніне 1 таблетка 10 кг жануар салмағына

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рецепттер

 

Rp.: Tabulettae Nutri-vet-1,0

D.t.d № 10

S. күніне 1 таблеткадан итке

 

#

 

Rp.: Pulveris Tsamax-100,0

D.S. күніне 1 рет азыққа қосып итке беру

 

 

#

 

Rp.: Solutionis spiritus Novoimanini 1%-100,0

D.S сыртқа қолдану үшін

 

 

 

 

 Verte !

 

 

 

Rp.: Solutionis Traumatini -5,0

D.t.d. № 5 in ampullis

S. сиырға венаға егу үшін

 

 #

 

 

Rp.: Solutionis Imanini – 1% - 100,0

D.S. сиырға жараға жағу үшін

 

#

Rp.: Olei Natrii Usinatis- 1%-50,0

D.S. сыртқы мүшелерге жағу ушін

 

#

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Фитонцидтердың ең маңызды ерекшелiктерiнiң бiрi - олардың әсерiнiң ерекшелiгi. Өсiмдiктердiң ұшпа биологиялық белсендi заттарының қабiлеттiлiгi микроорганизмдардің өсу және дамуын тежейді, қырып-жойады, бұл фитонцидтердың химиялық құрамымен байланысты. Оны әр түрлi микроорганизмдерға өсiмдiктердiң нақтылы түрлерiнiң әсерiнiң ерекшелiгiне көпшiлiгiнде тәуелдi болады. Микроскопиялық дозалардағы фитонцидтерр тiптi өсудi бөгелтуге және бiр микроорганизмдардың көбейтуi, өсу басқа жағдай жасауға және ауаның микрофлорасының құрамы, топырақ және суды реттеудегi маңызды рөлдi ойнай алады.

Фитонцидтық әсері бар және жоқ өсімдіктердің қарапайымдыларға әсері.

 

 

Фитонцид қасиет ие болатын өсiмдiктердiң сығындылары өсiмдiктердiң фитонцидтық әсері жоқ сығындылармен салыстырғанда микроорганизмдерді әлденеше тез құртады.

Фитонцидтер антибиотиктер тәрізді микробтарға қарсы әсер ететін өсімдіктердің құрамында болатын заттар. Фитонцидтер микробтарға қарсы қасиеттері, олардың медицинада қолдану, ветеринарияда, өсiмдiктердi қорғауында, жемiстер және көкөнiстердiң сақтауы, тамақ өнеркәсiбiнде қолданылуы және тағы басқалар бойынша зерттеулердiң үлкен сандарына себепшi болды.

Фитонцидтер бактериостатикалық және бактериоцидті әсер етеді және әр фитонцид әр түрлі әсер етеді. Туберкулез таяқшалары сарымсақ және қарақұмық фитонцидтерімен, дизентерия және ішек таяқшасын ақ қайын бүршіктері, паратифозды бактерияларды шайқұрай фитонцидтері жояды. Манниктің фитонциді қарапайымдыларды екі сағатта жойады, ал көпбуынаяқтлардыбірнеше минутта. Бұдан басқа фитонцидтердің вирусқа да қарсы әсері бар екені анықталды. Бұған мысал аусылға қарсы вакцина құрамында терек фитонцидтері бар. Бірақ фитонцидтердің вирусқа қарсы әсері толық зерттелмеген.

Информация о работе Антибиотики