Заттардың құрамы мен саны өзгере жүретін реакциялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2015 в 09:46, реферат

Описание работы

1. Заттардың құрамы мен саны өзгере жүретін реакциялар.
2. Атомдардың тотығу дәрежесі өзгере жүретін реакциялар.
3. Жылу эффектісімен сипатталатын реакциялар
4. Қайтымдылығымен сипатталатын реакциялар
5. Пайдалнаылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Microsoft Word Document.docx

— 40.63 Кб (Скачать файл)

Құқық қорғау жүйесін реформалау аясында қазірдің өзінде 16 заң қабылданды.

Меншікті қорғаудың құқықтық тетіктері енгізілді, үлкен қоғамдық қауіп төндірмейтін қылмыстар бойынша қылмыстық заңдылықты ізгілендіру жүргізілді, бостандығынан айырумен байланысты болмайтын, сондай-ақ қамауға алуға балама  жазаларды қолданудың аясы кеңейтілді. Осының арқасында биылғы жылдың өзінде ауырлығы азын-аулақ және орташа қылмыстары үшін сотталған екі мыңға жуық адам бостандықтан айыру орындарынан шығарылады.

Құқық қорғау органдары аппараттарының саны 15 пайызға қысқартылды. Олардың құрылымдары оңтайландырылды.

Құқық қорғау органдарына тән емес қызметтер жеке секторға берілді.

Сот жүйесінде елеулі өзгерістер жасалуда.

Сыбайлас жемқорлықпен бітіспес күрес жүріп жатыр.

Қазіргі таңда халықаралық сарапшылардың бағасы бойынша Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы ең тиімділердің бірі деп танылған.

Тек 2 жылдың ішінде қылмыстық жауапкершілікке 40-тан астам республикалық деңгейдегі жетекші, облыстық және қалалық ауқымдағы 250-ден астам лауазымды тұлғалар тартылды, олардың арасында 39 әкім мен олардың орынбасарлары бар.

Қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау министрлерінің, статистика жөніндегі агенттік төрайымының, төтенше жағдайлар және қорғаныс вице-министрлерінің, «Қазақстан темір жолы» компаниясы басқарма төрағасының, «ҚазМұнайГаз», «Қазатомпром» компаниялары президенттерінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, жауапкершілікке тартылды.

Үш жылдың ішінде біздің еліміз әлемдік антикоррупциялық рейтингтегі көрсеткішін бірден 45 сатыға жақсартты.

Осы индекс бойынша біз бүкіл ТМД-да үздік позицияда тұрмыз.

Бұл жұмыс ымырасыздықпен жалғастырылады.

Бүкіләлемдік банктің 2010 жылғы баяндамасында Қазақстан бизнес мүддесі үшін реформа жүргізуде көшбасшы деп танылған.

Бизнеске неғұрлым қолайлы ахуал жасау жөніндегі әлемдік рейтингте Қазақстан 183 елдің арасынан 59-шы орынды иеленеді.

Тұтастай алғанда мемлекеттік органдардың шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне негізсіз араласу фактілері тыйылды деуге жақын қалды.

Өткен жылы Қазақстан, Ресей мен Беларусьтің Кедендік одағы жұмысын бастады.

2010 жылдың 10 айының нәтижесінің өзінде Ресеймен және Беларусьпен сауданың көлемі 38 пайызға өсті.

Қазақстандық өнімдердің Кедендік одақ елдеріне экспорты 52,4 пайызға артты. Бюджетке құйылатын кедендік баждың өсімі 25 пайыз болды.

Осының бәрі Кедендік одақтың біздің елдеріміздің экономикалық міндеттерін шешетін өте прагматикалық әрі нақты жоба екенін ап-анық көрсетеді.

Біз Біртұтас экономикалық кеңістік құру ісінде барынша ілгеріледік. Ол кеңістік қазақстандық өндірушілер үшін өнім өткізудің байтақ базарын ашады.

Бұл бәсекеге шыдас беретін тауарлар шығару мен қызмет көрсету үшін біздің бизнесімізді ынталандырады.

2. Әлеуметтік жаңғырту  – жаңа әлеуметтік саясат

Біз өзіміздің индустрияландыру және экономиканы технологиялық тұрғыдан дамыту жөніндегі жоспарларымызды нақпа-нақ айқындап алдық.

Біздің бағдарламаларымыздың басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын нығайту.

Сондықтан да мен биылғы Жолдауда әлеуметтік жаңғырту мәселелеріне ерекше назар аударып тұрмын.

Мен үш аса маңызды мемлекеттік бағдарламаларды – білім беру, денсаулық сақтау және тілдерді дамыту бағдарламаларын бекіттім.

Үкіметке әкімдермен бірлесе отырып биылғы 1 мамырға дейін мынандай қағидатты түрде жаңа бағдарламаларды, яғни:

жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясын;

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту;

халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағдарламаларын жасап, қабылдауды тапсырамын.

Бұл бағдарламалар елдің миллиондаған қарапайым адамдарының күнбе-күнгі мәселелерін шешуге бағытталған.

Олар қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартады.

Жаңа әлеуметтік саясаттың басты аспектілеріне нақтырақ тоқталып өтпекпін.

 

 

Экономикалық жүйе – экономикалық өнімді өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну барысында туындайтын негізгі экономикалық қатынастардың нысаны мен мазмұнын айқындайтын қағидаттардың, ережелердің, заң жүзінде баянды етілген нормалардың тарихи тұрғыда пайда болған немесе белгіленген, елде жұмыс істеп тұрған жиынтығы.

 
Кеңестік кезеңде саяси құжаттар мен экономикалық жарияланымдарда “әлеуметтік-экономикалық жүйе” және “әлеуметтік-экономикалық саясат” деген терминдерді қолдануды жөн санады. Сол арқылы экономикалық дамудың әлеуметтік мәнін атап көрсетпек болды. Алайда объектінің мұндай атауымен келісуге болмайды, өйткені адамдар үшін және солардың тікелей қатысуымен жұмыс істейді. Экономикалық жүйенің барлық қырларын – экологиялық жағын, аумақтық жағын, әлеуметтік жағын, басқа жақтарын да кешенді түрде алып қараудың маңызы зор. Нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңде Экономикалық жүйені ішкі екі жүйе: макродеңгей мен микродеңгей түрінде түсіну кеңінен таралды. Осы тұрғыдан алғанда макродеңгей республикалық заң шығарушы және атқарушы органдар және жергілікті билік органдары ретінде түсінілді. Микродеңгей түрлі салалар ретінде ұғынылды. Микродеңгей сонымен қатар меншік нысандары тұрғысынан түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардың жиынтығы ретінде, яғни ірі, орта және шағын бизнестің жиынтығы ретінде де зерделенуі мүмкін. Кез келген басқа жүйе сияқты экономикалық жүйе оның құрамдас нышандарының арасындағы байланыстармен сипатталады. Бұл байланыстар объективті экономикалық заңдардың әсерімен қалыптасады. Сонымен экономикалық жүйе – мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізу үшін теориялық тұғырнама ретінде қызмет ететін экономикалық ғылым зерттеуінің күрделі, көп деңгейлі объектісі. Экономикалық жүйеге кешенді көзқарасқа сәйкес оның жұмыс істеуі мен дамуына ықпал ететін бірнеше нышандарды бөліп көрсетуге болады. Оларға мыналар жатады:

  • мемлекеттік басқару жүйесіндегі бюрократтану және сыбайлас жемқорлықтың деңгейі;
  • адами капитал (халықтың білім, денсаулық деңгейі, т.б.);
  • елдің адами капиталының оқшауландырылған бөлігі ретіндегі кәсіпкерлік әлеует;
  • өндірістің басқа факторларының жай-күйі олардың іске қосылу дәрежесі;
  • әлемдік экономика, оның жай-күйі, даму келешегі, елдің Экономикалық жүйене ықпал ететін негізгі сипаттамалары;
  • табиғи ортаның жай-күйі (табиғи әлеует);
  • технологиялық аяның жай-күйі;
  • ішкі саяси және сыртқы саяси құрылыс;
  • қоғамның ақлақтық-адамгершілік ұстындары.

 

 


Информация о работе Заттардың құрамы мен саны өзгере жүретін реакциялар