Трансформатор.Трансформаторлардың қолдану аймақтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2015 в 06:41, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің мақсаты: Заманауи ақпараттық технологиялар көмегімен колледж оқушыларының дайындық сапасын арттыру.
Зерттеудің нысаны: Электротехника пәндері бойынша колледж оқушыларының дайындық үдерісі.
Зерттеу міндеттері :
- еліміздегі және дүние жүзіндегі кәсіби білім беруді ақпараттандыруды дамытудың тарихына, заманауи жағдайына және тенденцияларына талдау жасау;
- заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы колледж оқушыларының дайындық сапасын арттырудың педагогикалық шарттарын негіздеу;
- кәсіби білім беруде ақпараттандыруды дамуытудың тенденциялары;
- колледж оқушыларының дайындық сапасын арттыру үшін заманауи ақпараттық технологияларды пайдаланып әдістемесін жасау.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 3.67 Мб (Скачать файл)

2. Оқу үдерісінде компьютерді  пайдалану оқушылардың өзіндік  жұмыстарын ақпараттық - әдістемелік  тұрғыдан қамтамасыз етуге де  елеулі өзгерістер енгізуге мүмкіндік  береді, мұндай жаңашыл өзгерісті оқулықтардан бастауға болады. Мұнда дәстүрлі баспа оқулықтарымен қатар  оқу үдерісінде электронды оқулықтарды пайдалану көзделеді.

3. Модельдеу. Модельдеу идеясы  оқыту үдерісіне жаңа мүмкіндіктер  береді.

Атап айтқанда, оқу үдерісінде компьютерлік модельдеуді қолдану ойға негізделген болжамдарды тексеруге, сонымен қатар оқушының қоршаған ортамен байланысын анықтап, адамзат  саласын жан деңгейге көтеруге ықпал етеді. Бұл модельдеу әдістемесі оқу бағдарламасының  сапасын бағалау жолымен оқушылардың шығармашылық қасиеттерін және ғылыми зердесін дамытудың құралы болып табылады.

4. Компьютерлік оқыту бағдарламалары олар интерактивті тәртіппен компьютер арқылы қандай да  болсын пәнді оқып үйренуді көздейтін бағдарламалар болып табылады. Бұл бағдарламаларды теориялық материал мен блоктар болады, олар оқушылардың берілген білім көлемін меңгеруінің сапасын анықтауға мүмкіндік береді .

Модельдеу бағдарламалары мен микромирлер - бұл ерекше аз мамандандырылған бағдарламалар, оларды компьютерде  арнайы қолдану және оның кейбір мәселелерін зерттеуге тура келеді.

Инструменттік құралдар деп жаңа электрондық ресурстар жасауды қамтамасыз ететін бағдарламаларды атайды:

-  әр түрлі форматты  файлдар;

- мәліметтер қоры;

- бағдарламалық модульдер;

- жекелеген бағдарламалар  мен бағдарламалар жиыны.

Мұндай құралдар пәндік - бағытта болуы мүмкін, сол секілді нақты міндеттер ерекшелігі мен қолдану саласына тәуелді болмауы да мүмкін. Білім үдерісіне  қолдануға  негізделетін бағдарламалық  құралдарда  сақталатын негізгі талаптар - бұл жеңілдік  пен  табиғилық , білім алушының оқу материалымен жеңіл танысуына мүмкіндік жасау.

Бағдарламаларға сай келетін талаптар  мен сипаттамаларды   HCI  (ағылшын тілінде  “Human -  Computer Interface” -  «Интерфейс - адам – компьютер») аббревиатурасымен белгілеу қабылданған. Мұны сөзбе - сөз аударғанда  «адаммен сұхбаттасуға арналған компьютерлік бағдарламалар» деп түсінуге болады [17].

Материалды компьютердің көмегімен оқу  -  оқушының жаңа материалды әр түрлі құралдардың, оның ішінде компьютердің көмегімен өз бетінше оқуын болжайды. Бұл жерде оқу іс - әрекетінің сипаты айтылмайды, оқу нұсқауларының жиынымен іске асырылуы мүмкін. Мұның өзі  бағдарламалық оқыту әдісінің мәнін ашады.

Материалды компьютер қоры негізінде оқу - алдыңғы технологиялар, технологиялық құралдардың алуан түрін (оның ішінде дәстүрлі оқулықтар, аудио және видеожазбалар және т.б.) қолданумен айрықшаланатын болса, мұнда бағдарлама құралдарын, оқушылардың өз бетінше тиімді оқуын арттыратын бағдарламаларды басымырақ қолдану жүргізіледі.

Компьютер қорымен оқыту  -  білім  берудің барлық мүмкін  боларлық формаларын қолдану (білім берушінің қатысуымен), шын мәнінде, жоғарыда айтылғандармен сәйкес келеді.

 

 

3.2 «Электротехника» пәні бойынша теориялық білімдердің оқу құжаттарын жасау

 

Коллеждерде заманауи ақпараттық технологияны пайдалануды дамыту талаптарының негізгі тенденциясы кәсіби білім беруді ақпараттандырудың мәнін ашумен қатар оны дамытуға әсер ететін факторлар мен жолдарды анықтау болып табылады.

Оқу - тәрбие  үдерісінде заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану дайындығының қалыптасуы, дайындық үдерісі кезіндегі мектепте оқушылардың жеке тұлға ретіндегі іс - әрекеті мәселелері жеткілікті дәрежеде көңіл бөлуді қажет етеді. Оқушыларға заманауи ақпараттық технология құралдарымен жұмыс істеуге дайындық көрсеткіші болып жеке тұлға қалыптасуының  дамуын, ішкі қуатының байлығын, еріктігін, ықыласын, өнер тапқыштығын және т.б. жайларын көрсететін психикалық жағдайы алынады. Оған өзін дұрыс ұстау, шыдамдылық, бекем болуды қамтамасыз ететін эмоционалды төзімділікті де жатқызуға болады. Сонымен қатар, педагогикалық іс - әрекетке, яғни педагогикалық үдеріске байланысты өз іс - әрекетін талдауға, оның табыстылығы мен табыссыздығына ғылыми негізде түсінік іздеуге, жұмысының нәтижелі болуына ұмтылуға талаптанады.

Заманауи ақпараттық технологиялар арқылы колледж оқушыларының дайындық сапасын арттыру, оларды  жүзеге асырудың шарттарын құру, жаңа және дәстүрлі оқу – тәрбие әдістерін үйлестіру психологиялық  -  педагогикалық, оқу - әдістемелік және басқа да мәселелердің біртұтас кешендерін талап етеді. Олардың бағыттарын төмендегідей топтастыруға болады:

-  оқу - тәрбие үдерісіне заманауи ақпараттық технологияларды ендіру мәселесін шешудің біртұтас кешенді ғылыми - әдістемелік тәсілін жасау;

- практикалық қызметте  заманауи  ақпараттық технологияларды пайдалану әдістемесін жасау;

-  оқушыларға білімдік  пен іскерлік дағдыларын игеруге  даярлау;

-  оқу ғимаратының материалдық - техникалық қорын жетілдіру;

-  ғылыми - әдістемелік  құралдармен қамтамасыз ету;

- ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін іске  асыру арқылы оқыту үрдісінің ықпалдылығы мен сапасының деңгейін көтеру;

-  дайындық сапасын  арттыруға бағытталған әрекеттердің  белсенділігін  арттыратын шараларды  қамтамасыз  ету;

- қазіргі заманғы ақпарат өңдеу тәсілдерін пайдалану  негізінде  пәнаралық байланысты тереңдету;

Заманауи ақпараттық технологияларды қолдану негізінде қалыптасқан білім беру құралдарының жаңа түрлерінің мүмкіндіктері және олардың  бүгінгі таңдағы педагогика ғылымы саласында жүзеге асырылуының түрлі жолдары бар. Атап айтқанда:

-  білім беретін бағдарламалық  құралдар, ал олардың әдістемелік  қызметі төмендегідей болып келеді: игерілген білім мөлшерінен хабардар  ету, оқушылардың білім  алу немесе  тәжірибелік қызмет түрлері мен  өзіндік қабілеттерін қалыптастыру  және кері байланыстар арқылы  айқындалған оқу материалдарын  игерудің  қажетті дәрежесін қамтамасыз  ете білу;

-  оқу материалдарының  игеру дәрежесін бақылауға өзін  өзі бақылауға арналған бағдарламалар;

-  оқушылардың хабарларды  белгілі бір жүйеге келтіру  қабілеті мен тәжірибесін қалыптастыруға  арналған ақпараттық ізденістік  бағдарламалар жүйесі мен ақпараттық  анықтамалық бағдарламалық құралдар;

-  оқу материалының  көрнекі түрде көрсететін демонстрациялық  оқу құралдары;

-      оқу материалының басты құрылымдық және функционалдық нақтылығының белгілі бір аспектікісін қамтитын имитациялық бағдарламалық құралдар жүйелер;

-  түрлі оқу жағдайларына  мысалы оқушылардан дұрыс шешім  қабылдай білу немесе іс әрекеттің  тиімді стратегиясын таңдай білу  қабілеттерін қалыптастыра білу  мақсатында арналған ойын түріндегі  бағдарламалық құралдар;

-  демалыс кезінде қолданыс  табатын бағдарламалық құралдар.

Заманауи ақпараттық техногияларды пайдаланудың негізінде ойлаудың шығармашылық әрекеттердің жаңа формалары пайда болады. Сондай - ақ, мұны адамның психикалық қалпының даму үрдісі ретінде де қарастыруға болады. Мәселен, оқушы сабақта көрсетілген бейне мәліметті көру және есту анализаторының өзара байланыста жұмыс істеуі  нәтижесінде қабылдайды. Қабылдау ерікті және еріксіз болып екіге бөлінеді. Еріксіз қабылдаған ақпараттың  24 сағаттан кейін  50%-ы ұмтылады екен, оқушылардың   оқу материалын  өз ықтиярымен қабылдауы, оның зейінін аударуына байланысты . Зейін аудару сенсорлық (көрінетін, естілетін) немесе ойлау оқиғаларына ақыл - ой, күш - жігеріне шоғырландыру негізінде анықтауға болады. 

Оқушыларға меңгере алатын ақпаратынан анағұрлым көп ақпараттан  тұратын материал ұсынылған жағдайда, олардың зейінін тек қажетті  мәліметтерге аудару керек, оқытушының міндеті - оқушыларға қызықтыра білу. Қызығушылық деңгейі оқушыларға оқу материалына терең үңілуіне, білуге құмарлығының оянуына түрткі болады. Оқу пәндерін   салыстыруға, сол арқылы қандай да бір ой қорытындысын шығаруға көмектеседі. Қызығушылық деңгейін жоғарлатудың түрлі стимулдарын (мәтіндік, дыбыстық, бейнелік т.б.)  бір оқыту жобасына біріктіруге мүмкіндік беретін ақпараттық технологияларды қолдану арқылы қол жеткізуге болады.

Оқушыларға білім берудің нәтижелігі ақпаратты қабылдауға мүмкіндік беретін сенсорлы - персептивті үдерістердің ерекшелігіне, яғни, пайдаланушының ақпаратты қабылдауға, ол ақпаратты жадында сақтауына тәуелді болып келеді. Қажетті уақыт аралығында берілетін ақпарат көлемі қабылдаушының физиологиялық ерекшелігіне  сәйкес өзгеріп отыруы қажет. Теория мен практиканың ылғи бірлікте болуы таным теориясының басшылыққа алатын  ұстанымдарының бірі. Белгілі бір құбылыстың, оның бейнесінің немесе ұғымның ақиқаттығының критерийі практика болып саналады.

Ақпараттық құралдарды пайдалану арқылы оқыту үдерісін жүргізу біршама жетістіктерге қол жеткізетінін көптеген зерттеулер дәлелдеп береді. Дәстүрлі  оқыту әдістерімен салыстырғанда заманауи ақпараттық технологиялардың база негізінде дайындалған  бағдарламалар оқушылардың қызығушылық ынтасын өтілетін материалға толық аударып, соның әсерінен есте қалатын материал көлемі артады, оқытуға кететін уақыт үнемделеді. Нақтылап айтқанда, оқу материалын меңгеруге кететін уақыт біршама үнемделеді, ал меңгерген материал көлемі бірнеше есе артады.

Сонымен,  заманауи ақпараттық технология құралдары ақпаратты жинақтау, сақтау, өңдеу және бейнелеуді қамтамасыз ететін бірыңғай технологиялық  жүйеге біріктірілген   әдістер, өңдірістік үдерістер мен бағдарламалық техникалық құралдар жиынтығы ретінде ақпараттық ресурстарды пайдалану үдерісін оңтайландыратын және оның сенімділігі мен жылдамдығын арттыратын болғандықтан, оған келесідей анықтама береміз: «Ақпараттық технология құралдары компьютерлік техника мен желілерді қолдану негізінде ақпараттық үдерістерді жүзеге асыруға бағытталған ақпараттық және бағдарламалық құралдар».

Жалпы  бағыттағы сервистік бағдарламалық құралдар – оқу  құжаттарын рәсімдеуге , есептеуді автоматтандыру үшін пайдаланады.

Оқушылардың білік - дағды  мен білім деңгейін бағалау және бақылауға арналған бағдарламалық  құралдар - кең қолданыс тапқан. Оқытушы бұл құралдық  жүйелер арқылы бағдарламалау негіздерін білмесе де оқу тақырыбының сұрақтары   мен мүмкін болатын жауаптарын құрастыра алады. Әдетте, оқушының міндеті - ұсынылған жауаптар ішінен дұрыс жауапты таңдау. Осындай бағдарламалар оқытушыны жеке бақылау тапсырмаларын  таратудан және олардың дұрыс орындалуын тексеруден  босатады.

Электронды тренажерлар - практикалық дағды мен біліктерін машықтандыруға арналған.

Математикалық  және  қозғалысты модельдеуге арналған бағдарламалық құралдар - теориялық зерттеулердің шектеулерін кеңейтуге мүмкіндік  береді.

Ақпаратты -  іздестіру  анықтамалық жүйелер - алуан түрлі ақпаратты енгізуге, сақтауға, ұсынуға арналған.

Автоматтандырылған оқыту жүйелері - шағын көлемдегі оқыту бағдарламалары түрінде болады.

Электронды оқулықтар - электронды оқыту құралдарының негізгі құралы. Электронды оқулық бағдарлама мен стандарттың дидактикалық бірліктері анықтайтын пән білімінің стандартты мамандығына, бағыттарына толық сәйкес  болып жоғары ғылыми әдістемелік деңгейде жасалады [18].

Сараптамалық оқыту жүйелері - жасанды зерде (интеллект) технологиясы мен идеясы негізінде жүзеге асады. Мұндай жүйелер күрделі міндеттерді шешу барысында сарапшылар  әрекеттерін модель түрінде береді. Өкінішке орай, сараптамалық оқыту жүйелерімен  (СОЖ)  жұмыс барысында оқушылармен кері байланысы жүзеге аспайды. Олардың атқаратын қызметін төмендегі 3 кестеде белгіледік.

Интеллектуалдық зерделік оқыту жүйелері  (ИОЖ) жүйелердің ең жоғары деңгейлеріне жатады және жасанды интеллект зерде негізінде іске асады. Интеллектуалдық оқыту жүйелері  (ИОЖ) оқу міндетін шешу барысының барлық кезеңдерінде басқаруды жүзеге асырады. Мұндай диалог барысында әрекеттің дұрыстығы ғана емес, оның шешу стратегиясы, жоспарлауы да талданады.

Кәсіби қызметті автоматтандыру құралдары ( CALS- жүйелері т.б.) электронды оқыту құралы құрамындағы зерттеу пәні ретінде  ғана емес, кәсіби бағытталған міндеттерді  шешуде оқыту құралы ретінде қарастырылады.

Жоғарыда көрсетілген білім беру үдерісін ақпараттандыру құралдары электронды оқыту құралдарының үлгісі ретінде келтірілген. Оқу үдерісінде заманауи ақпараттық технологияны пайдаланудың негізгі түрі электрондық, оқушылардың өздігінен білім алуына білімін игеруге мүмкіндік беретіндіктен электрондық оқытуға  кеңірек тоқталайық.

Оқулық – колледждің негізгі  білім беру міндеттерін жүзеге асыратын, оқушыларға ғылым негіздерімен, оқытушы ұйымдастыратын оқыту үдерісінің моделі – білім, дағды жүйелерімен  қаруландыратын негізгі оқыту құралы. Бүгінгі күнде оқытуды электрондық оқулықтардың көмегімен ұйымдастыру оқушылардың білімдерін жетілдіруге, сабаққа қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік беріп отыр.

 

Кесте  3

Оқу бағытындағы заманауи ақпараттық құралдардың негізгі түрлері


Информация о работе Трансформатор.Трансформаторлардың қолдану аймақтары