Трансформатор.Трансформаторлардың қолдану аймақтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2015 в 06:41, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің мақсаты: Заманауи ақпараттық технологиялар көмегімен колледж оқушыларының дайындық сапасын арттыру.
Зерттеудің нысаны: Электротехника пәндері бойынша колледж оқушыларының дайындық үдерісі.
Зерттеу міндеттері :
- еліміздегі және дүние жүзіндегі кәсіби білім беруді ақпараттандыруды дамытудың тарихына, заманауи жағдайына және тенденцияларына талдау жасау;
- заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы колледж оқушыларының дайындық сапасын арттырудың педагогикалық шарттарын негіздеу;
- кәсіби білім беруде ақпараттандыруды дамуытудың тенденциялары;
- колледж оқушыларының дайындық сапасын арттыру үшін заманауи ақпараттық технологияларды пайдаланып әдістемесін жасау.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 3.67 Мб (Скачать файл)

Компьютерлік технологияны арнайы орта  оқу  орындарына  енгізудің негізгі бағыттарының бірі   оны  оқыту  үдерісінде  пайдалану.  Осы педагогикалық ғылымға сәйкес,  компьютерлік техниканы пайдалана  отырып,  озық оқыту бағдарламаларын құруды,  пәндерді  оқыту әдістемесін компьютерлік техниканы пайдалана отырып,  озық  оқыту  бағдарламаларын құруды,  пәндерді  оқыту  әдістемесін  компьютерлік техниканы  қолдана отырып  меңгеруді жеделдету керек .

Дүниежүзінің  21 елінде жүргізілген зерттеулер оқу үдерісінде дербес компьютерді ұзақ мерзімде қолдану және педагогикалық бағдарлама құралдарының болуы білім беру үдерісіне  компьютерлік ақпарат технологиясының табысты енуіне әсер ететінін көрсетті .

Психологиялық  көзқарас бойынша адамзаттың даму тарихында дербес компьютер,  ойлау қызметін жанамалайтын атқарушылық интелектуалдық қызметтері берілетін жаңа күрделі құрал ретінде қарастырылуы мүмкін .

Компьютердің көмегімен оқыту компьютермен басқару үдерісі болатындығын шетел зерттеушілері  атап өткен.

«Оқыту әдістемесінің тиімділігін жоғарылатуға  компьютердің  үлкен мүмкіндігі оларды оқыту  үшін жаңа мүмкіндіктер ашады» деп - Г.Н.Клейман өз зерттеуінде  атап өтеді.

 Ақпараттық технология мектептің білім беру үдерісінде екі түрлі міндетті шеше алады. Бірінші типтегі міндеттерінің негізгі мақсаты – жалпы когнитивті қабілеттерін дамыту;  бұл жағдайда қарым - қатынас дағдыларын меңгеру,өздігінен ойлау, қойылған  міндеттерді шеше білу қалыптасады және  жетіледі. Осындай жағдайды жақтайтындардың бірі  С.Пейперттің ойынша, дербес компьютер оқу саласының кең көлеміне жататын жалпы когнитивтік дағдыларды дамытуға, оқытудың жаңа әдістерін жасауға мүмкіндік береді .

Екінші типтегі міндеттердің негізгі мақсаты – жалпы  білім саласы бойынша үлгерімді жоғарылату. Дербес  компьютерді қолдана  оқыту үдерісін жетілдіруге,  жалпы педагогикалық үдерісінің тиімділігін көтеруге  бағытталған. Оқытуды ұйымдастыру дербес компьютер – білім  беру жүйесіне есептеуіш, жинақтау  және ақпаратты өңдеу құралы ретінде ғана емес, сонымен қатар оқытудың жаңа формасы болып табылады.

Компьютерді сабақта оқыту құралы ретінде қолдану оқытушының оқу материалын, оқыту әдістемелерін қолдануына байланысты болады. Дербес компьютерді сабақта қолдану – бұл  сабақтың жаңа сапалы түрі,  өйткені оны  қолдану сабақтың құрылымын, формасын, қарқынын өзгертеді [15].

Қазіргі заманғы компьютерлердің мүмкіндігі  (үлкен жадының болуы, жылдам  әрекет етуі,  гипермәтіндік технологиялар және т.б.) жалпы білім беретін пәндер бойынша интегралды кешенді компьютерлік  курстарды құруға мүмкіндік береді. Бұл аспектіде арнайы оқытылатын колледждер үшін физика курсы көрсеткіш бола алады. Жеке компьютерлерді колледждерде физика және технология пәндерінде пайдалану – педагогикалық  тәжірибеде  компьютерлерді қолданудың  алғашқы  бағыттарының бірі болды.

Бұл, сонымен  қатар, дәстүрлі курс элементтерінің болуымен, дербес компьютерлердің қолданудың алғашқы бағыттарының  бірі болды. Бұл, сонымен қатар, дәстүрлі курс элементтерінің болуымен, дербес компьютерлердің монитор экранында тез «жанбітерлік»  көрсетілуімен, білім берудің  жалпы идеологиясын қайта құруды талап етпейді. Дегенмен, бірқатар педагогикалық ортада «тірі»  экспериментті компьютермен ауыстыруға болмайды деген пікір бар, қымбат тұратын физикалық экспериментті модельдеуге мүмкіндік беретін, динамикада үдерістер мен құбылыстарды көрсететін дербес компьютерлердің артықшылығын атап өткен орынды [16]. Бұл физика пәнінің дәстүрлі енгізілген бірқатар  бағдарламалардың  жасалуына әкелді. Қазақстан білім ошақтарын молынан жабдықтап келе жатқан  компьютерлік оқыту технологиялары, жаңа үлгідегі қазіргі заманғы дербес компьютерлер колледждің барлық сыныптары үшін қиындығы және көлемі жоғарлап отыратын мазмұндық материалдарды беруге шамасы жететін электронды оқу құралын құруға мүмкіндік береді.

Заманауи ақпараттық технология құралдары арқылы колледж оқушыларының оқуға, білімін толықтыруға деген ынтасын арттыру  қажеттілігін ағылшын ғалымдары  Р.Вильямс  пен  К.Маклин еңбектерінде тереңірек қарастырған.  Олар ақпараттық технология құралдары арқылы оқу тәрбие  үдерісін ұйымдастыруға арналған оқу материалдарын  ұсынған. Оқу материалдарының  мазмұны зерттеушілік іс әрекетке, материалдарды  өздігінен жеке түсінуге және кері байланыс жүргізуге бағыталуы тиіс екендігін айтады,  оларды топтарға бөліп көрсетеді. Оқу материалдарын төмендегідей топтастырған:

 -    есептеуге арналған тапсырмалар, мұнда нәтижеге қатысы бар барлық шарттар ескерілген, жауабы берілгендермен байланысты;

-    ізденушілік санатындағы тапсырмалар  («табу», «бар», «жоқ») ;

-    дәл емес ақпаратты өңдеуге арналған тапсырмалар, айқын және айқын емес алгоритммен   анықталады;

- шығармашылық сипаттағы тапсырмалар,  нақты анықталған өлшемдеріне сәйкес ақпаратты талдауға арналған, негізгі  ақпаратты талдаудың, алдын ала сипатталған жоспарының жоқтығымен анықталады             (мысалы, дәлелдеуге, жобалауға, үлгілеуге арналған тапсырмалар).

 Тапсырмаларды  орындау ақпаратқа қажеттілікті, әрекеттің жаңа түрін, тәсілдерін меңгеруге арналған дербес іс - әрекетті , оқушының ақпараттық қорын толассыз байыту мен жаңартуға, шығармашыл тұлға болып қалыптасуына бағыттайды. Коледжде оқушыларға таныс емес жаңа білімді тануға, оның мағынасын ашуға тырысады, осыдан барып қоршаған  ортаны білуге, меңгеруге деген ұмтылыс пайда болады. Сондықтан, оқушыларға білім сапасын арттыру мен оның мазмұнын шұғыл меңгеру үшін  білім алушылар сырттан ақпараттар алу іскерлігінен  бастап, оларды ақпараттарды жүйелей білуге үйретуіміз қажет. Оқушыларға білім берумен қатар ақпаратты іздеу, алу тәсілімен, оны сауатты түрде өңдей білуге төселдіре білу керек.

Қалыптасқан дәстүрлі бағыт -  бағдардың заңдылықтары бойынша оқушылардың заманауи ақпараттық технологиялар негізінде дайындық сапасын арттыру барысындағы жұмыстар нәтижесі бірыңғай дидактикалық талаптарға сәйкес жүргізіледі. Олар - сабақ  үстінде тиімді эмоционалды жағдай жасау; оқушылардың  пән бойынша шығармашылық  қабілетін дамыту; барлық оқу - тәрбие жұмысы түрлерінде, атап айтқанда, дәріс, зертханалық жұмыстар, практикалық және семинарлық сабақтар, колледждердегі мамандықтарына қатысты практикалар және т.б. жұмыстар, мақсат қоюды ерекшелей білу.

Қазақстанның тәуелсіз  мемелекет ретінде қалыптасуы техникалық және кәсіптік  білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың қай ұлттық болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да  -   мектеп деп білеміз. Себебі онда мемлекеттің  өндіріс орындарында жұмыс істейтін негізгі орта буын мамандары білім алады.

Колеждердің білім деңгейін көтеру және онда заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу - тәрбие үдерісін тиісті деңгейге көтеру, колледж оқушыларының, ұстаз бапкерлердің, басшыларының , педагогикалық ұжымның жүйелі басшылық алған бағыты деп есептейміз.

Айтылған ой - пікірлерді тұжырымдай келе, бүгінгі күні компьютерді қолдану негізінде коллежде өтетін әрбір пәндердің  оқыту сапасын арттыру,  білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асыруда деп, ой қорытындылауға  әбден болады.

Колледжерді ақпараттандыруға осылай мемлекет тарапынан үлкен экономикалық қолдау  көрсетіліп, оны оқыту, үйрету мәселесі бүкіл халықтық деңгейге көтерілсе ғана біздің еліміз өндірістің жоғары технологиясын меңгерген, дүниежүзілік бәсекеге төтеп  беретін, өндіріс өнімдерін өндіре алатын алдыңғы қатарлы мемлекетке айналары сөзсіз. Осындай дәрежеге жету үшін қажетті білім алуға  біздің жас ұрпақтың қабілетінің жететініне сеніміміз  мол.

 Қазіргі заманда жастарға заманауи ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім берудің өте қажеттілігі күн өткен сайын беки түсуде әрі жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үдерісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы артып келеді.

 Еліміз дамуының жаңа кезеңі Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті  50 елдің қатарына енуін жеделдетуге бағдарланып отыр. Осы  тұрғыдан алғанда, бірінші кезекте дайындық сапасы туралы мәселеге баса назар аударылуы өзекті. Білім сапасын қамтамасыз  ету үшін арнайы орта және кәсіптік білім беретін  оқу орындарында  жүзеге асыруына  күш салынуда , тиісті нормативтік - құқықтық құжаттардың сай болуы үшін арнайы орта  және кәсіптік білім беретін оқу орындарында  жүзеге асыруына күш салынуда, тиісті нормативтік құқықтық құжаттардың сай болуы үшін  жағдайлар жасалуда. Білім сапасы әлеуметтік сәйкестік пен бейімділіктің бірлігі арқылы көрінеді, ал арнайы орта және кәсіптік білім беру сапасы жүйесін қамтамасыз ету міндеттері олардың олардың кепілдендірілуінен  тұрады.

Заманауи ақпараттық технологиялардың аталып өткен мүмкіндіктерін пайдалану білім берудің төмендегідей жаңа түрлерін кеңінен пайдалануға мүмкіншіліктерін тудырады:    

 - интерактивтік өте белсенді сұхбат диалог ол қолданушының компьютермен қарым қатынасы  арқылы жүзеге асырылады. Бұл  арада сұхбат мәтінді бұйрықтарға жауап арқылы қарқынды түрде жүзеге асырылып отырады;

 -     нақты обьектілерді басқару;

- экранда көрініс тапқан түрлі обьектілердің, құбылыстардың, үдерістердің үлгілерін басқару;

 -  оқу үдеріснің нәтижелеріне автоматтық бақылау өзіндік бақылау жасау және бақылаудың нәтижелері бойынша тестілеу , түзетулер еңгізу.

Жоғарыда  атап өтілген білім беру  қызметінің түрлері, біріншіден, оқушылардың ой - өрісін кеңейтуге бағытталған әдістемелерді жасауға  мүмкіндік береді; екінщіден, қазіргі таңда адамдар үшін өте қажетті тиімді шешімдер қабылдай алу немесе қиын жағдайлардан шығудың жолдарын таба білу сияқты қарым - қатынасты қалыптастырып, дамытуға мүмкіндік береді.

Колледж оқушыларының дайындық сапасын арттыру олардың пәндік тапсырмалардың мазмұнын талдай алу машығымен, алгоритм бойынша орындалатын тапсырмаларды ерекшелеуімен, берілген тапсырманы орындауға қажетті әрі тиімді құралды таңдап ала білуімен, берілген тапсырмаларды анықтай, нақтылай  алуымен, тиісті нәтижелермен ала білуімен және оларды дұрыс түсіндіре алуымен нақтыланады.

Заманауи ақпараттық технология құралдарын пайдалана отырып, жұмыс істеу барысында коллежд оқушыларының  оқуға, білім алуға деген ұмтылысының  артуы ақпараттық технология құралдарымен жұмыс істей алу жаңалығымен ғана емес, сонымен қатар оқу тапсырмаларын қиындық деңгейі бойынша реттей алу мүмкіндігінен, тапсырманың  дұрыс нәтижесі үшін марапаттай алу қызметінен де байқалады. Ең бастысы, оқу материалын түсінбеушіліктен   туындайтын білімдегі ол қылықтарды, атап айтқанда, үлгермеушілікті жоюға мүмкіндік береді. Замануаи ақпараттық технология құралдары арқылы оқушыларға көмектің белгілі бір түрін ұсынып, оқу материалдарын иллюстрациямен, графикамен және т.б. қамтамасыз етіп, оқушыларға белгілі бір ойын жағдайына жұмылдыра отырып, оқу әрекетін басқаруды айтарлықтай өзгертуге жағдай жасайды.

Бірқатар зерттеуші ғалымдар білім алушылар компьютермен жұмыс істеп отырғанда, берілген тапсырмалардың мәніне тереңірек үңіліп, оқу пәніне деген қызығушылығы туып, оқу және техникалық әдебиеттермен  белсенді жұмыс істеуінің нәтижесінде оқушылардың білім сапасының артатынына назар аударған.

Ақпараттық технологияларды білім беру үдерісіне ендіру мәселелерін Қазақстандық ғалымдар Е.Ы.Бидайбеков, Б.Бөрібаев, Ж.А.Қараев, Е.Ө.Медеуов, К.С.Мусин, А.І.Тәжіғұлов, А.Т.Чакликова, және т.б.   Ресейлік ғалымдар: Б.С.Гершунский , А.П.Ершов , Э.И.Кузнецов , Е.И.Мащбиц, В.М.Монахов , С.Пейперт , И.В.Роберт  және т.б. зерттеген.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру  арқылы жаңа сатыға көтеру үшін тек білім мазмұны мен оқыту әдістерін ғана емес, ақпараттық технологияларды  кезінен пайдалану арқылы оқытуды ұйымдастыру  формаларын жетілдіру  керек.

Сонымен қатар, заманауи ақпараттық технология құралдарымен жұмыс істеу оқушыларға  ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай- ақ, ақпараттық технология құралдырымен жұмыс істеу барысында  оқушылардың өзінің жеке іс - әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.

Сонымен,  біз заманауи ақпараттық технологиялар негізінде колледж оқушыларының дайындық сапасын арттырудың педагогикалық негіздеріне тоқталдық. Заманауи ақпараттық технологиялардың негізінде қалыптасқан білім беру құралдарының жаңа түрлерінің мүмкіндіктері және олардың бүгінгі таңдағы педагогика ғылымы саласында жүзеге асырылуының түрлі жолдары қарастырылды.

Жоғарыда айтылғандарды тұжырымдай келе, келесі мәселелерге тоқталып өтуге болады, олар:

1. Заманауи ақпараттық  технология оқу құралы ретінде  оқытудың тиімділігін арттыруға  мүмкіндік береді.

2. Білім беруді ақпараттандыру  оқытуды дербестендіру үшін қолайлы  жағдайлар жасайды.

3. Заманауи ақпараттық  технологияның  оқу - тәрбие үдерісіндегі  орны ерекше.

XXI  ғасыр – ақпарат  ғасыры, сондықтан адам баласына компьютерлік сауаттылық ауадай қажет. Компьютерлік сауаттылықтың алғашқы кезеңі мектеп қабырғасынан басталып, ол теориялық және практикалық жағынан техникалық және кәсіптік оқу орындарында жалғасын табуда. Компьютерлік сауаттылық заманауи ақпараттық технологияны толық меңгеруге негіз болады.  Компьютерлік сауаттылық жайлы ауқымды іске барша азаматтарды тарту, мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде қойылатын шарттардың бірі - ақпараттық технологияны қолдана алу дағдысы міндетті талап болу, сөйтіп ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында  білім беру секторына абыройлы да жауапты мынадай міндеттер жүктеліп отыр. Атап айтқанда, компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, электрондық кітапхананы, электрондық оқулықтарды оқу  - тәрбие үдерісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.

Енді оқытудың заманауи ақпараттық технологияларының мәнін ашып көрсетейік:

1. Компьютерлік және ақпараттық сауаттылық. Компьютерлік сауаттылыққа электронды есептеуіш техникасымен  жұмыс істеу білігін жатқызуға болады. Ақпараттық сауаттылық ақпаратты алудың, қайта жасаудың, жеткізудің, сақтаудың және пайдаланудың   негізгі ережелерін білуді көздейді.

Информация о работе Трансформатор.Трансформаторлардың қолдану аймақтары