Қазақстан тоқырау жылдарында (XX ғ.70-80 жж.)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2014 в 12:59, реферат

Описание работы

ХХ ғ. 70-жылдарының басында 60-шы жылдардың ортасында басталған экономикалық реформаның қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған бастапқы идеялары бұрмаланып және көп ұзамай реформаны жүргізу тоқтатылып, тарихымыздағы тоқырау кезеңі басталған болатын.

Содержание работы

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
Қазақстан тоқырау жылдарында (XX ғ.70-80 жж.)

1) Әкімшілік – әміршілдік жүйенің белгілері.

2) «Тоқырау кезеңі» терминінің мағынасын түсіндіру

3) XX ғ. 70-80 жж. Қазақстандағы экологиялық мәселелердің себептері

Файлы: 1 файл

Қазақстан тоқырау жылдарында (XX ғ.70-80 жж.).docx

— 60.93 Кб (Скачать файл)

1964-1985 жылдары  мал шаруашылығы құлдырады: 4,2 млн. – ірі қара; 55 млн.-қой-ешкі; 5,1 млн. – шошқа өлім – жітімге ұшырады. Ауыл шаруашылық кәсіпорындар солақай саясаттың кесірінен көптеген шығынға батып отырды.

1986 жылы  еліміздегі барлық ауылшарушылық  кәсіпорындар, шаруашылықтар өздерінің қаржысынан айырылып, несиемен ғана жұмыс ітей бастады.

 

70-жылдары  республиканың бірқатар ауылшаруашылық қызметкелер шаруашылық жүргіздің қалыптасқан құрылымын өзгертуге әрекеттенді, И.М. Худенко сондай адамдардың бірі болатын.

 Алматы  облысының Еңбекші қазақ ауданындағы  «Іле» және «Ақши» совхоздарының  директоры И.М. Худенко шаруашылықты  басқарудың құрылымын өзгертуге  бағытталған бірқатар шаралар қолданып, еркін еңбек ету жүйесін енгізеді, фермерлер усадьбаларын дамытуға әрекеттенді. Бюрократиялық жүйенің кесірінен И.М. Худенко қуғындалып, ақырында бас бостандығынан айырылады. Түрмеге түсіп, сонда қайтыс болады.

 Колхоздардың  дербестігін жоюға бағытталған  қадамның бірі – ауыл шаруашылығын мамандыру, кооперациялау және агро-өнеркәсіптік интеграциялау туралы КОКП ОК-нің 1976 жылғы шешімі болды. Оның негізінде колхоздар мен совхоздарды механикаландырылған агро-өнеркәсіптік бірлестіктерді күштеп біріктіру жұргізілді.

1982 жылы  мамыр айында КОКП ОК-нің пленумы  болып өтті. Онда Азық-түлік программасы қабылданды және агро-өнеркәсіптік кешеннің тиімділігінің жеткіліксіз дәрежеді екендігін мойындауға мәжбур болды. Пленум азық-түлік проблемасын шешудін бірден-бір мүмкін жолы интесивтілігі басым өсу факторларына көшу деп тапты.

 Алайда  Азық-түлік бағдарламасы мен ауылшаруашылық өндірісінің қулдырауын тоқтатуға бағытталған өзге де әрекеттер айтарлықтай нәтиже бермеді. Өйткені бағдарлама басқарудың ескірген жүйесі аясында жасалды және шаруалардың түбегейлі мүдделерін, ауыл еңбеккерлерінің экономикалық мүдделерін қозғаусыз қалдырды. Колхоздар мен совхоздардың шаруашылық дербестігі бұрынғысынша жоғарыдан реттелді. Осының салдарынан ауыл шаруашылығындағы жағдайдың дағдарыстық сипаттары көбейе түсті. 80-жылдардың орта шенінде іс жүзінде барлық жерде тамақ өнімдерімен шектеулі қамтамасыз ету жүйесі енгізілді. Село тұрғындарының еңбегі бағаланбай, олар қалаларға, басқа жақтарға көшіп кетуге мәжбүр болды. Жүздеген қаңырап қалған кішігірім ауылдар пайда болды.

 Дереккөздер

1.↑ Мынаған  өту: a b c d e f Қазақстан тарихы (XVIII ғасыр  — 1914 жыл). Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т./ Алматы: Атамұра, 2008. — 352 бет. ISBN 9965-34-816-2

 

 

 

Экологиялық жағдай

 

Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда КСРО-да экологиялық жағдай күрделі проблемалардың біріне айналды. Бұл проблемадан Қазақстан да тыс қалған жоқ. Әлем тарихында «қырғи қабақ соғыс» («холодная война») соғыс аталған империалистік мемлекеттер мен социалистік мемлекеттер арасындағы жанталаса қарулану бәсекесі XX ғасырдың 2-ші жартасында дүниені шарпыды. Бұл бәсекеде басты орында АҚШ пен КСРО тұрды. Ең алдымен бұл екі мемлекет ядролық қарудың ошағына айналды.

 Қазақстан  КСРО қорғаныс кешенінің ең  ірі ядролық полигоны болды. Қазақстан жеріне осы және тағы басқа әскери қару-жарақ кешендерін салу барасында ешкімнің мүддесі ескерілмеді. Қазақстанда ең ірі Семей полигоны болды. Семей, Павлодар, Қарағанды облыстары түйіскен жерде орналасқан бұл полигон 8372 км2 жерді қамтыды. 1949 жылы 29 тамызда Семей полигонда алғаш рет ядролық қаруды сынады. Семей полигонда барлығы 500-ге жуық ядролық сынақ өткізілді. Ол кезде полигонның халыққа, қоршаған ортаға деген зияны туралы еш нәрсе айтылмады. Полигонда өткізілген әрбір сынақтың адам өміріне келтіретін зияны өте көп болды. Адамдар арасында түрлі аурулар көбейді. өмірге келетін сәбилердін кемтар болып тууы жиіледі. Жер қыртыстары жарамсыз болып қалды.

1969 – 1970 жылдары  Маңғыстау жерінде жер астында  ядролық қару үш рет сыналды. Бұл сынақ халықтан жасырын түрде өткізілді.

70 жылдардан  бастап Қазақстандағы тағы бір экологиялық апатты аймақ Арал теңізі болды. Ең алдымен өндіргіш күштерді орналастыруда жіберілген стратегиялық қателік басты себептердің бірі болды. Сырдария, Амудария өзеңдері суларын мақта, күріш дақылдарын өсіруге қисапсыз пайдалануы Арал теңізінің тартылуын тездетті. Қазіргі уақытта Балқаш көлінің де экологиялық жағдайы проблемаға айналып отыр.

4. Қазақстандағы  «қайта құру» саясаты (1985-1991 жж.).

Дағдарыс алдындағы қоғамның жағдайы .

КСРО құрамындағы барлық одақтас республикаларда 1980 жылдан кейін аса күрделі жағдай басталды. Мүндай жағдай елдің әлеуметтік, экономикалық нышандарының жоқтығынан туып еді.

 Дағдарыстың  себебі өте көп болды.

 

Саяси саладағы белгілері:

1. Басшылықтың  өзгерістерді жүзеге асыру қажеттігін  түсінуге қабілетсіздегі және дәрменсіздігі.

2. Қоғамдық  өмірдің, экономикалық қызметтің, азаматтардың  жеке өмірінің бір орталықтан басқарылуы.

3. Партиялық  және мемлекеттік функциялардың  бірігуі мен төрешілденуі.

4. Заңдылықтың  бұзылуы.

5. Жариялылықтың  болмауы.

 

Экономикалық салаларда-дағдарыстың белгілері:

- Шаруашылықтың  жүргізудің шығындық тәсілі.  

- Ғылыми-техникалық  және технологиялық прогресте  артта қалушылық.

- Бақылаусыз  басқару аппараты.

- Инфляция.

- Товар зәрулігі.

 

Әлеуметтік саладағы оның негізгі белгілері:

- Халықтың  тұрмыс деңгейінің нашарлауы.

- Теңгермешілдік.

- Әлеуметтік  әділеттіліктің жиі бұзылуы.

- Күнделікті  тіршіліктің бұрмалануы.

- Ұлтаралық  қатынастардағы шиеленістер.

- Маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық, парақорлық, жезөкшелік және коррупция.

 Сонымен, КСРО қоғам дамуының жаңа бетбағытына мұқтаж жағдайда тұрды.

Қайта құру бағыты.

 

1985 жылғы  наурызда Н.У.Черненко қайтыс  болғаннан кейін КОКП ОК-нің  Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев  сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды.

 Қайта  құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми  айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың  қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Москвада В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Әзірбайджанда Г.Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді.

Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы .

1987 жылы қантар  айында болып өткен КОКП ОК-нің  Пленумында «Қайта құру және  партияның кадр саясаты туралы»  мәселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері:

1. Дағдарыстың  нақты себептерін көрсете алмады.

2. Жаппай  өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат  құрды.

1987 жылғы  маусым Пленумы басқару ісін  түбірлі қайта құру мәселеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда товар-ақша қатынастарының ролі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес товар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді.

 Алайда, бұл шаралар іске асырылмады. Қоғымның саяси құрылымдарын  жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің  жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын товарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады.

1988 жылғы  маусым айында болған КОКП XIX Букілодақтық  конфернцияда қоғамның әлеуметтік  экономикалық жүйесіне талдау  жасалып мынандай шешімдер қобылдады:

 

1. Саяси  жүйеге реформа жүргізбейінше  әлеуметік – экономикалық өзгерістер  жасау мүмкін еместегін мойындау.

2. Демократияландыру  мен жариялылық.

3. Төрешілдікке  қарсы қүрес.

4. Халықтық  реформа жүргізу.

5. Әлеуметтік  әділеттік ұстанымдарын жүзеге  асыру.

 Осыдан  кейін қайта құруды жүргізу  үшін ең алдымен саяси жүйеге  реформа еңгізу керек болды.

Қоғамның саяси және әлеуметтік өміріндегі қайшылықтар мен кемшіліктер.

80-жылдарға  қарай халық шаруашылығын жоспарлауындағы  және өндіргіш күштерді орналастырудағы  әміршіл-әкімшіл жүйенің жіберген кемшіліктері мен қайшылықтарының нәтижесі тоқырау құбылыстарын тұғызды. Республика шикізат көзі ретінде қала берді. Рухани идеологиялық өмірде отарлау жүйесінің толық ықпалында болды. Ғылым мен ағарту саласын қаржыландырудың «қалдықты» ұстанымы сақталды. Ұлттық мәдениет, салт-дәстүрлер, тіл өте ауыр жағдайға тірелді. Тек қана 1954-1986 жылдар аралығында қазақ тілінде білім беретін 600-ге жуық мектеп жабылды. Қазақ тілінің қолдану аясы өте тарылды. Сол кезде билікте отырғандарды тіл тағдыры толғандырмады.

 Аса маңызды  мәселелердің барлығы тек Москвада  ғана шешіліп отырды. Республикалар егемендегі сөз жүзінде ғана болды.

 Қазақстан  партия басшысы Д.Қонаев (1912-1993 жж.) өз жұмысында көптеген кемшіліктерге  жол берді. Д.Қонаевтің өзіне республика  халықтарының арасында табынушылық  пайда болды. Оның маңындағылар  республикадағы күрделі әлеуметтік-экономикалық, рухани, экологиялық жағдайларға немқұрайды қарады.

Желтоқсан оқиғасы (1986 ж.)

1986 жылғы  желтоқсан оқиғасына орталықтың өктемдік әрекеттері мен демократиялық принциптері арасындағы қайшылықтар және шовинистік саясат т.б. қалыптасқан жағдайлар нарызылықтың негізгі себептері болды.

Наразылықтың сылтауы 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы орталық Комитетінің V пленумы болды. Пленумда Г.П.Разумовский ұсынысымен Қазақстанды көп уақыт бойы басқарған Д.Қонаевты орнынан босатып, мемлекет басшылығына республика халқына бейтаныс Ульяновск облысы партия комитетінің бірінші хатшысы болған Г.В.Колбин тағайындалды. Ел басшылығының ауыстырылуына арналған бұл пленум 18 минутқа ғана созылды. Орталықтың бұл әрекеті барып тұрған саяси қателік және қазақ халқының мүддесін мүлде елемеушілік болды.

Оқыға барысы. 1986 жылы 17 желтоқсанда Алматыда жастар толқуы басталды. Кейін бұл толқу республиканың басқа қалаларына тарады. Шеру бейбіт және саяси сипатта болды. Жастар шеруі құқық бұзушылық, ұлтшылдық сипаттан аулақ болды. Наразылықтың басты қозғаушы күші студенттер, жастар болды. Бюрократиялық жүйеге үйренген республика басшылары жастар пікірін тыңдағылары келмей, олардың тез таралуын талап етті. Шеруді тарқату мақсатында республика басшылары Алматы Гарнизоны, басқа да әскери күштер көмегімен жастар жиналған Брежнев алаңын қоршады. Демонстрацияны тоқтату мақсатында КСРО-ның кейбір өңірлерінен ішкі әскер бөлімдері әкелінді.

 Осыншама  ірі күштер сапер күрегі, үйретілген иттер, су шашатын машиналар, сойындар т.б. қарулар көмегімен демонстрацияны тоқтатты. Қоғамдық тәртіп сақшылары өрескел қатыгездікке барып, көп адамдардың қаза табуына жол берілді. Республика басшылары бұл жағдайға көз жұма қарады.

 Шеруге  қатысқандарды тергеу ісі өте  қатал, заңсыз жүргізілді. Тергеу  камераларына, қаланың сыртына әкетілгендерінің  саны 8,5 мың болды. Көптеген жастар  оқу орындарынан, комсомолдан шығарылды.

 Желтоқсан  оқиғасына қатысқандарының ішінен  Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ляззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова сияқты жастар жақсыз өктем биліктің құрбандары болды. Біраз уақыттан кейін сол кезде айыпталған 99 адамның 46-ы ақталды, 83 адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, 52 адам партия қатарынан, 787 адам комсомол қатарынан шығырылды. 1138 адам комсомолдық сөғіс алды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды, 271 студент оқудан шығаралды, ішкі істер министрлігінен 1200 адам, денсаулық сақтау және көлік министрлігінен 309 адам жұмыстан шығарылды. Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбеков 1988 жылы мамырда қайтыс болды. 1996 жылы 9 желтоқсанда оған «Халық каһарманы» атағы берілді. 1987 жылғы КОКП ОК-ті Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын «Қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағалады.

 Желтоқсан  оқиғасы КСРО-ның ыдырауын тездетті. Кейіннен партия желтоқсан оқиғасында жіберілген қателерді мойындады. КСРО халық депутаттарының 1 съезінде ақын, қоғам қайраткері М.Шаханов желтоқсандағы орталықтың жүргізген іс-әрекетін қатты сынап, тұңғыш рет мінбеде сөз сөйледі. Бұл желтоқсан шындығын ашудағы алғашқы қадам болды.

 

Кеңес саяси жүйесіне реформа.

1989 жылы  мамыр-маусым айларында КСРО халық  депутаттарының 1 съезі өтті. Бұрынғы  жылдардан өзгешілігі съезде  саясаттағы, экономикадағы және  қоғамдық өмірдің әлеуметтік-рухани  салаларындағы жағдайларға өткір сыни және табанды талдау жасалып, кеңес қоғамына төнген дағдарыстың себептерін іздеу әрекеттері жасалды. Съезд барлық дәрежедегі партиялық және мемлекеттік органдар қызметінің арасын ажырату мәселесіне арнайы тоқталды. Бұл съезден кейін Компартияның билігі өз беделінен айрыла бастады. М.Горбачев бастаған партия басшыларының С.Е. Лихачев, П. Соломенцев т.б. қызметіне сын айтылу көбейді. Партиямен қатар комсомол, кәсіподақ қызметтері де үздексіз сыналды.

Информация о работе Қазақстан тоқырау жылдарында (XX ғ.70-80 жж.)