Қолмен кестелеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2015 в 17:50, лекция

Описание работы

Керекті құрал-жабдықтарКестелуді қолмен тігу үшін жіп, мата, ине (көзі кең, қысқа), қайшы, оймақ, түйреуіш, желім, біз және дөңгелек кергіш қажет.
Матаның қалыңдығы кесте жібінің жіңішке, жуандығына және тігістің шаншылым жиілігіне сай келуі керек. Мата қалыңдау болғаны дұрыс, бірақ тігісті тартып, иненің өтуін қиындатпауы керек, мата өте жұмсақ болса да тіккен кесте бедері әдемі көрінбей қалады.

Файлы: 1 файл

Қолмен кестелеу.docx

— 72.37 Кб (Скачать файл)

Екі жақты түрлі-түсті шым кесте

  • Екі жақты түрлі-түсті шым кесте - шым кестенің қарапайым бір түрі. Кішкентай және орташа формадағы өсімдік бейнесі, сондай-ақ геометриялық ою-өрнектер кестелінеді.

  • Көркем кесте - бұл кестемен тек өсімдік суретін ғана емес, шағын пейзажды бейнелеуге де болады. Осы кестемен кестелегенде бір түсті жіптің бірнеше түрі бір-біріне баяу ауысып, құлпыра өзгеріп отырады. Ол үшін бірнеше түстің тігісінің ұзындығы әр түрлі етіледі. Сосын екінші түсті жіппен кестені жалғастырады, бұл тігістердің ұзындығы да әр түрлі етіліп, алғашқы тігістен қалған аралық шетінен толтырылады. Олар алғашқы тігістің үстін баса отырып, бір түрлі жіптің бірнеше түске ауысқанын байқатпай жібереді.

Орыс кестесі

  • Орыс кестесі - бұл кесте "инені алға салу" әдісімен матаның түзу жібі бойымен тігіледі, инені оң жағынан 1 мм жерден өткізеді. Өрнектің бәрін бір бағытта түсетін тігіспен тігеді. Иненің жанындағы тігістің ортасына таман шаншып, келесі қатардың тігісін түсіреді. Кестелеген кезде тігістердің арасынан мата көрінбейтіндей етіп кестелейді. Ол үшін тігістердің арасы өте жиі болуы тиіс (бос ширатылған жіппен тіккен дұрыс). Орыс кестесімен ақ сары және сұр түсті маталарды ақ жіппен кестелейді. Сондай-ақ жастық, жастық тысына, дастарқанға, т.б. ұсақ тор көздермен үйлестіріп, әдемі кестелер төгеді. Матаға тор көзді жасау үшін тор көз түсетін жердің бір шетінен келесі шетіне дейін жіпті шаршылап таратып, жіптердің қиылысқан жерін ұсақ көлденең тігістермен бекітеді.

  • Қиып кестелеу. Бұл кестемен көрпенің, жастықтың тыстарын, көйлек, жейдемелерді кестелейді. Кестелеу мәнері ақ кестемен ойып торлуға ұқсайды, айырмашылығы формасының тек қана дөңгелек емес, сопақша да болып келуінде.

Зер кесте


Алтын, күміс сияқты қымбат бағалы заттар жүргіртіп немесе жіптің сыртын солармен әшекейлеп жасалған сәндік бұйым. Алтындалған жіппен тігілген бұйымдарды да зер деп атайды. Зерленген дайын бұйымдардың үлкен-кішілігіне қарай зертаспа, ширатпа зер, оқа деп бөлген. Зерлеп тігу кесте өнерінде көп қолданылады. Көбінесе қымбат шапандар, дәулетті адамдардың бас киімдері, бағалы тұскиіздер, қалталар эер жіпптермен кестеленеді.

Оюластырып кестелеу


Оюластырып кестелеу немесе оюластырып жапсыру - маталарды бөлек-бөлек кестелеп, оюластырып жапсыру. Бұлар бірыңғай матаға (барқыт, шұға т.б.) біртұтас мазмұндағы бірнеше ою-өрнектердің жиынтығынан, үйлескен тұтас желісін жасау нгегізінде тігіледі. Бір матаның бетіне екінші матадан қиылған сұлба салынып шет жақтары әр түрлі кесте тігістерімен тігіліп сәнделеді. Көбнесе торлау әдісін қолданады. Кесте тігер алдында қиылып алынған өрнекті мата бетіне көктеп алып шеттерін бүгіп кестелеуге болады немесе салынатын өрнекті маталарға арналған желімдермен үтіктеп бекітіп алады.

Баспа кесте


Баспа кесте деген материалдың ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды өте аз қалдырып, тұтас кестеленген шымқай кестені айтады. Шым кесте ақ матаға тегістікті сақтау арқылы жіпті қатар орналастыру әдісімен тігіледі. Шым кестеге өрнек пен оюдың , аң-құс, гүлдің түрлі сұлбалары салынып, көбіне орамалдың шеті, кимешектің жағы, жастықтың тысы, жейденеің жаға-жеңі және төсек жапқыш, сәукеле сияқты басқа да көптеген киімдерге тігіледі.

Көпіртіп тігу


Әзірленген өрнек үлгісінің үстінен тігіледі. Мұндай материалдың бетіне бүлдіргеленген жіп түйіндері қалдырылып отырады. Кестенің жібі бірнеше түрлі болуы мүмкін. Бедерлеп тігу әдісімен алма, жүзім, бүлдірген, қарақат, қауын, қарбыз түйнектері, гүлдің жапырақтары, тақияның төбесінің өрнектері тігіледі.

Түктеп тігу


Бізбен шаншылған жіптің үстіңгі жағында өң бетінде кейде 1, көбіне 2 см-дей бүлдіргі жіп қалдырып отырады. Кестені тігіп болғаннан кейін қалған бүлдіргілерді тегіс қырқады. Жиі шаншылып қалың түскен бүлдіргі қырқылған соң, кілемнің түгі сияқты болып түрлі-түсті болады. Кейде түгінің биіктігі біркелкі болу үшін астына ширатқан жуан жіп, жұмсақ металл шыбықты мүйіздеп ою-өрнегіне келтіріп салып тігеді де, тігіп болған соң, әлгі тігіс астынан салған заттарды үстінен тіліп алып тастайды. Сонда түктеп тігілген кесте біркелкі, ою-өрнегі айқын болады.[2]

 


Информация о работе Қолмен кестелеу