Қолмен кестелеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2015 в 17:50, лекция

Описание работы

Керекті құрал-жабдықтарКестелуді қолмен тігу үшін жіп, мата, ине (көзі кең, қысқа), қайшы, оймақ, түйреуіш, желім, біз және дөңгелек кергіш қажет.
Матаның қалыңдығы кесте жібінің жіңішке, жуандығына және тігістің шаншылым жиілігіне сай келуі керек. Мата қалыңдау болғаны дұрыс, бірақ тігісті тартып, иненің өтуін қиындатпауы керек, мата өте жұмсақ болса да тіккен кесте бедері әдемі көрінбей қалады.

Файлы: 1 файл

Қолмен кестелеу.docx

— 72.37 Кб (Скачать файл)

Қолмен кестелеу

Керекті құрал-жабдықтарКестелуді қолмен тігу үшін жіп, мата, ине (көзі кең, қысқа), қайшы, оймақ, түйреуіш, желім, біз және дөңгелек кергіш қажет.


    • Матаның қалыңдығы кесте жібінің жіңішке, жуандығына және тігістің шаншылым жиілігіне сай келуі керек. Мата қалыңдау болғаны дұрыс, бірақ тігісті тартып, иненің өтуін қиындатпауы керек, мата өте жұмсақ болса да тіккен кесте бедері әдемі көрінбей қалады. Кенеп матаның құрылымы қандай мөлшердегі болсын иненің өтуіне оңай, иненің қалдырған ашық іздері басқа маталарға қарағанда кейін тез жабылып кетеді. Өте нәзік бұйымдарды кестелеуге өте жұқа бірақ құрылымы тығыз маталарды пайдаланған жөн, себебі ол жұмысқа қосымша айқындық әсер беріп тұрады. Айқас тігіс сияқты санап тігілетін кестелерге канва ыңғайлы. Канвалар жіптердің санына, тығыздығына қарай әр түрлі нөмірлі болады. Нөмір санының өсуіне қарай канваның көздері кішірейе береді.

    • Иненің жуан-жіңішкелігі кесте тігілетін материалдың қалыңдығына және жіптің жуан-жіңішкелігіне (нөмеріне) байланысты болады. Кесте тігудегі ең басты құралдың бірі болғандықтан иненің сапасының жоғары болғаны дұрыс. Кестенің түрлеріне қарай инелердің де түрлері әр түрлі болады. Жіптің жеңіл сабақталуы үшін иненің көзінің үлкен болғаны дұрыс. Өте ірі инемен кестеленген кесте тегіс болып түспейді.

      • Жүн маталарды кестелеуге ұзындығы орташа (көлемі 1-10) емес, бірақ жіп өтетін көзі үлкен, ұшы сүйір ине қолданылады.

      • Ұшы сүйір (көлемі 13-26), ұзын және жуан, көзі үлкен ине материалды жуан жіптермен кестелеу үшін қолданылады.

      • Тегіс тоқылған және селдір матаны (канвалауға) кестелеуге ұшы доғал (өлшемі 13-26) ине пайдаланылады. Мұндай ине матаның жіптерін суырмайды, түтпейді.

    • Жіптің ұзындығы 50-60 см. артық болмауы керек. Кесте жіптердің бірнеше түрлерімен кестеленеді:

      • Ширатылған мақта жіп - әдетте жеңіл бөліп алуға болатын алты қабаттан тұрады. Кейбір мұндай ширатылған жіптерді бөлмей сол күйінде пайдаланады. Канваға кестеленетін кестелерден басқа түрлеріне қоладана береді.

      • Ширатылған жібек жіп - алты қабаттан тұрады, мақта жіптер сияқты пайдаланылады, ерекшелігі жібек жіп жарқырап кесте түрін ашып тұрады.

      • Ирис - ширатылған жылтыр жіп кестенің көп түрлеріне қолданылады.

      • Кесте тігуге арналған жұмсақ мақта жіп - көбіне канва және қалың маталарды кестелеуге қолданылады.

      • Металл жіптер.

      • Жіңішке жүн жіп - қос қабатты жіңішке жүн жіппен маталарды, сонымен қатар канваға тігілетін әдемі өрнектерді кестелеуге жарамды.

    • Қайшының ұшы үшкір, ұзындығы 10-12 см. болғаны дұрыс.

    • Оймақ - қалың маталарды кестелеген кезде қолды жарақаттамай матаға иненің кіруін жеңілдетеді. Оймақтар қандай материалдан жасалса да ортаңғы саусаққа киюге ыңғайлы болғаны дұрыс.

Кесте түрлер


Жай тігістер


Сабақты кесте

  • Сабақты кесте. Кестенің бұл түрін тігу үшін өрнектің нұсқалары пайдаланылады. Оларды тіккен кезде ине кері шаншылады, яғни әрбір жаңа тігіс осылайша түседі. Жіпті бекітіп, инені матаның кесте түсетін бетіне шығарған соң оған 2-4 жіпті іліп алу керек. Жіпті шығарып алған соң инені қайта шаншып, сосын оған алғашқы тігіске қанша жіп алынса, сонша жіп іліп алады. Тігістердің біркелкі болып түсуін қадағалау және инені екінші, үшінші, одан кейінгі тігістерде алдыңғы тігістің ортасынан шығарып отыру қажет.

Барқыт тігісі

  • Барқыт тігісі. Кестенің бұл түрімен балалардың киімін әшекейлейді. Оның үстіңгі жағы айқасып келеді де, астынан параллель бағытта екі қатар тігіс түседі. Кестенің бұл түрімен кестелегенде жіптерді санап, есептеп отыру керек. Егер кесте тігінен тігілетін болса, онда материалдың екі шетінен параллель екі сызықты белгілеп алады. Қалың маталардан екі жіптен суыр керек. Кестелеу төменнен жоғары қарай басталады. Инені тігіп отырған адам өзіне қарай бағыттап шаншып отырады. Кестені 3-4 түрлі жіппен кестелеуге болады, тек жіптердің түсі бірін-бірі ашатындай, дұрыс таңдалуы қажет.

Біз кесте


Біз кесте

Біз кесте - кергішке керілген арнайы мата бетіне түсірліген (сызылған) ою-өрнек немесе бейнені сызық бойымен қармақ бізді матадан ары өткізіп, жіпті бері іліп шалып алу арқылы қайталанатын майда тігісті айтамыз. Кестенің бұл түрімен кейбір контурлы ою-өрнектер немесе гүлдің сабағы кестеленеді. Тігілу мәнері жағынан ол көлемі біркелкі ілмектер шынжыр секілді біріне-бірі тіркесе тігіледі. Шынжырларының формасы мен көлемі әр түрлі болып келеді. Жіпті бекітіп, оны матаның оң жақ бетіне шығарып алған соң, ілмек тәрізді етіп созып, оны сол қолдың басбармағымен басып тұрып, инені алғашқы шаншыған жерден дәлдеп, төмен қарай, яғни матаның астыңғы бетіне қарай шаншиды. Тігістің теріс жағынан ине ілмектің астынан өтіп, тігістің үстіне ілмектің ортасынан шығады.

Санап кестелеу


Айқас тігіс, 1-тәсіл

Айқас тігіс, 2-тәсіл

Айқас тігіс, 3-тәсіл (а)

Айқас тігіс, 3-тәсіл (б)

Жартыкеш айқас тігіс. Кері бағытта жүріп шығу.

Санап кестелеу де аталатын кестені жіп оңай суырылатын матаға кестелейді. Бұл тігіс әдетте тік сызық бойына түсіріледі. Санап кестелеу түрлері:

  • Терме тігіс - өрнектің бір шетінен келесі шетіне дейін, жіптерін санай отырып, біресе оң жағына, біресе теріс жағына қарай матаның жібін бойлай "инені алға салу" әдісімен тігіледі. Теріс жағының өрнегі оң жағының өрнегіне кері болып түседі.

  • Қиғаш тігіс - матаның көлденеңінен 2 жібін, тігінен 4 жібін бастыра, қиғаш бағытта тігіледі.

  • Айқас тігіс - кесетенің ең көп тараған түрі. Бұл тігілуі қарапайым әрі әдемі кесте. Айқас тігіс кестесін селдір матаға түсірген дұрыс. Оның размері кестелейтін жіптің жуан-жіңішкелігіне, матаның қалыңдығына байланысты. Кестелеу барысында үстіңгі негізгі тігістің бір бағытта түсіп отыруын бақылау керек. Бұл кестені бір түсті және көп түсті жіптермен кестелеуге болады. Бір түсті жіппен кестелеген кезде көбінесе басқа түсті жіппен жиіектеліп отырады. Бұл кестені үш түрлі тәсілмен тігуге болады.

    • 1 - тәсіл - матаның теріс жағынан тік тігіс түсіру. Бір қатарды солдан оңға қарай жартылай айқастырылып тігіледі, сосын осылай кері бағытта қайталанады:

    • 2 - тәсіл - матаның теріс жағынан көлденең тігіс түсіру. Оңнан солға қарай тұтас айқас тігіс тігіледі. Сосын теріс жағынан инені сол жаққа қарай өткізіп, араға бір бүтін айқас тігіс қалдырады да, инені оң жақ бетіне шаншып шығарады.

    • 3 - тәсіл - көлбеу айқас тігісі. Кестелеуді төменнен жоғарыға қарай бастау керек.

  • Жартыкеш айқас тігіс. Бұл кестенің екі жақты тігісі болады, яғни астыңғы және үстіңгі тігістер жіпті үзбей отырып тігіледі. Түзу және қиғаш болып түсетін кестенің бұл түрі қарапайым, әдемі өрнек түзеді. Кесте екі жүріспен тігіледі:

    • 1 - жүріс - "инені алға салу" әдісімен сурет нұсқасының бойымен жүріп шығу;

    • 2 - жүріс - алғашқы жүрісте ашық қалған жерлерді қамти отырып, "инені алға салу" әдісімен кері бағытта тағы да жүріп шығу.

Санап тігілетін кесте.Тік түскен тігіс

Санап тігілетін кесте. Көлденең түскен тігіс

Бұл кестені матаның жібін санап отыру арқылы тігеді. Кесте төгілетін мата селдір болуы керек. Кестелейтін жіптің жуандау болғаны дұрыс, өйткені ашық жер қалмай жиі тігіледі. Тігістің тік, көлденең және қиғаш болып әр түрлі түсуі мүмкін. Тік түскен тігістің саны мен биіктігінің алмасып келуі ирек-ирек өрнек түсіреді, ал тік және көлденең тігістердің жымдаса түсуінен басқа бір өрнек туады. Кестелеуді солдан оңға қарай жүргізеді. Инені матаның оң жақ бетіне шығарып, жоғары қарай бір тігіс түсіреді. Сосын матаның астына түскен инені алғаш шанышқан жермен дөңгейлестіре, оң жаққа қарай әкеліп, жаңа тігіс түсіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    • Өсімдік жапырағын салып тігу үшін тығыз кестемен кестелейді - тігісті жапырақтың ортасынан бастап екі бағытта қиғаштай түсіреді, кестелеу жапырақтың сүйір ұшынан басталады:

      • бірінші - тігісті ұзын етіп ортаға қарай түсіреді;

      • алдымен жапырақтың бір жақ бөлігі тігіледі, сосын жоғарыдан төмен қарай екінші бөлігі тігіледі;

      • гүлін тіккен кезде тігісті ортаға қарай түсіреді, ортасын әдетте кереге көздеп толтырады. Кереге көзді түсіру үшін кестелеп отырған жіпті бір шетінен екінші шетіне көлденеңінен және тігінен тартады. Пайда болған кереге көздің қиылысқан жерлеріндегі жіпті бекітіп, крестпен немесе басқа да тігіс түрлерімен әшекейлеп тігуге болады.

    Ақ кестемен әйелдердің іш киімін, бет орамалдарды, жастық тыстарын кестелейді. Сурет нұсқасын "инені алға салу" әдісімен тігіп алады. Кесте бедерленіп түсетін жерге келесі кестенің бағытна қарама-қарсы бағытта бірнеше ірі тігіс түсіріледі "кесте көлденеңінен түсетін болса, оның астынан ұзынынан тігіс түсіреді).

    • Бедерленіп түскен ақ кесте әдетте кестенің басқа түрлерімен де жақсы үйлесіп кетеді:

      • түйіндеу (гүлдің және жапырақтың кей жерлерін осылайша кестелейді) - инені матаға шаншып, оған жіпті бірнеше рет орайды (түйіннің размеріне байланысты), сосын жіпті сол қолдың бас бармағымен басып тұрып, ілмектің үстінен тартып алады да бекітеді;

      • ойып алып торлау - бұл кестені тігерде сурет нұсқасын алдымен "инені алға салу" әдісімен тігіп алып, сосын тесікке торлайтын инені шаныша отырып, тығыз етіп кестелейді;

      • матаның теріс жағынан айқастырып, қиғаш тігіс түсіріп, оң жағынан сурет нұсқасын қысқа тігістермен толтырады.

    Бұл шым кестенің бір түрі. Оның жеке өзін де сабақты кестемен бірге де қолдана беруге болады.

    • Атлас кесте - тігістері біріне-бірі өте жақын, шым болып түседі. Қолданылатын жіптер - мулине және жібек. Инеге жіпті бір қабаттан қана сабақтайды. Әрбір келесі тігісті тіккенде алдындағы тігілген тігітен сәл кері қарай инені көрші тігістің ортасын ала шаншиды. Барлық тігіс жапырақтың өзегі бойынша жүріп отыруы қажет.

    Информация о работе Қолмен кестелеу