Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2013 в 22:00, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кезде, Қазақстанда технологиялық ғылыми мекемелер мен жоғарғы оқу орындары, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын тексеретін зертханалар бар. Әр алуан шикізаттың сапасына сорттық және оны өсіру жағдайының әсері туралы мәліметтерді студенттер өсімдік шаруашылығы, агрохимия, селекция, егіншілік және тағы басқа пәндердің курсынан алады. Астық сапасына жинағаннан кейінгі өңдеудің және өнімді сақтаудың әсерін ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасы, оларды мемлекеттік мөлшерлеу принципі, сондай-ақ әр түрлі өнеркәсіптердің шикізаттарға қоятын талаптары кешенді түрде толық қарастырылады.
Ауыл шаруашылық мамандарын осы курстан өнімнің тұтынушы бағасы жөнінде түсінік алған соң, соны ескеріп, халықтың қажетіне сай өнімді өндіруді жоғары тиімділікпен ұйымдастыра алады.

Содержание работы

Кіріспе..........................................................................................................................4
1 Технологиялық бөлім
1.1Ұн зауытының майдалау бөлімін жобалауға берілген бастапқы
мәліметтер....................................................................................................................6
1.2Астықтың сапалық сипаттамасы...........................................................................6
1.3Ұн тарту партиясын есептеу................................................................................10
1.4Астықтың ерекшеліктерін зерттеп майдалау процесстерінің технологиялық схемасының сипаттамасы.........................................................................................12
1.5Ұн тарту зауытының майдалау бөлімінің технологиялық схемасы бойынша жабдықтарды есептеу және таңдау..........................................................................16
1.6 Майдалау бөліміндегі астықтың қозғалысының коммуникациясы...............22
2 Құрылыс бөлімі
2.1 Ұн тарту зауытының майдалау бөліміндегі жабдықтардың қабаттарда үйлесімді орналасуы..................................................................................................25
2.2 Ұн тарту зауытының майдалау бөлімінің құрылыс параметрлерін анықтау.......................................................................................................................28
2.3 Жобаланатын өндіріс ғимарат құрылысының жалпы сипаттамасы...............31
3 Энергетикалық бөлім
3.1 Ұн тарту зауытының майдалау бөлімінің электр жабдықтары және электр энергиясымен қамтамасыз ету.................................................................................36
3.2 Электрқозғалтқыштың қажетті және берілген қуатын есептеу......................38
3.3 Өнім алуға жұмсалатын электрэнергиясының шығынын есептеу.................39
4 Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі
4.1 Өндірісте еңбек қорғаудың маңызы..................................................................41
4.2 Ұн тарту зауытының майдалау бөліміндегі жабдықтарды жөндеу және оларға қызмет көрсету кезіндегі техника қауіпсіздігі...........................................42
4.3 Өндірістік санитария және қоршаған ортаны қорғау......................................43
4.4 Өндірістік жарықтандыру..................................................................................45
4.5 Өндірістік шаң.....................................................................................................45
4.6 Өндірістік ғимараттың микроклиматы.............................................................45
4.7 Өндірістік шу.......................................................................................................46
Қорытынды................................................................................................................47
Қолданылған әдебиеттер..............................

Файлы: 1 файл

АЙГУЛЬ ҰН ЖАРМА.docx

— 114.53 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1. Білікті  станоктардың қабатта орналасу сызбасы(мысал)

 

Суретте көріп отырғанымыздай 6x6 м болатын колонна торы қабылданған. Менің технологиялық процесіне  және өнімділігіне байланысты майдалау бөлімінің колонна торы 6x9 2 пролеттары бар параметрлерін қабылдадым. Ғимараттың өлшемдерін білікті станоктар арсындағы қашықтықты, білікті станок пен ғимарат қабырғаларының арасындағы қашықтықтарды өлшей отырып анықтайды. Ғимарат өлшемдерін бұдан басқа рассевтік қабат арқылы анықтауға болады. Ол кезде де колонна торын рассевтердің орналасуы бойынша, рассевтер остерінің арақашықтықтары мен рассевтердің қабырғалармен қашықтығы бойынша анықталынады.  Сонда жоғарыдағы айтқандарды қорытындылай отырып, ғимараттың ұзындығы мен енін есептейміз.

 

Lд = l1 + l2 + l3 + l4 + l5 = 1250+2100+1700+2200+3750= 11000 м.

 

Lш = l1 + l2 + l3 + l4 + l5 + l6 = 2500+3900+2400 = 8800 м.

 

Есептеулерді қорытындылай келетін болсақ, ғимараттың ұзындығы  
11000 м, ал ені 8800 м. Бұл өлшемдер 6 x 9 м болатын колонна торына сәйкес келеді. Сондықтан 6 x 9 м өлшемді колонна торын қабылдадық.

Екі білікпен топтастыру ғимараттың ұзына бойын үлкейуіне алып келеді, себебі, проходтар саны көп болғандықтан. Бес білікті топтастыру кезінде  топтың ұзындығы  15 метрден аспауы керек, бірақ бұл кезде біліктердің өлшемі 800 x 250 мм болуы қажет.

Ұн және жарма зауыттарының өндірістік құрылысын бірнеше белгі  бойынша жіктеуге болады: тағайындалуы бойынша олар: ішінде негізгі технологиялық  процесстер жүретін өндірістік ғимараттарға жатады.

Жарылыс, өрт және өрт  қауіпсіздігі бойынша ұн және жарма  өнеркәсіптері В және Б категорияларына  жатады.

Ғимараттың негізгі құрылыстық конструкциялары өртке төзімділігі  белгісі бойынша екінші дәрежеден  кем болмауы керек. Ұн және жарма  зауыттарының өндірістік ғимараттары  капиталдық деңгейі бойынша I  классқа  жатады. Бұл ғимараттар жылыту жүйесі бойынша жылжытылатын ғимараттарға жатады.

Ауа алмасу шарттары бойынша  бұл ғимараттар және ауа баптағыштары бар ғимараттар. Құрылыстық нормаларға сәйкес және көлемдік жосппарлау принциптері  бойынша ұн және жарма зауыттарын II топқа жатқызады. Оларды көпқабатты етіп жобалап, колонна торы ірі болып, қабат биіктіктері біріктірілген  болып, стандартты құрама темір –  бетонды элементтерден құралады. Өйткені, бұл өндірісте процесстер вертикал жағдайда жүріп, оның өзгеруі  және жабдықтардың орын ауыстыруына  мүмкін болады. Негізгі құрылыстық параметрлер: пролеттар, колонна торы, қабат биіктіктері, конструкция элементтерінің осьтерге байланысуы.

Жоспардағы негізгі өлшемі ұзындығы және көлденең бойынша бөлетін  осьтерінің аралығы, көп қабатты  ғимараттарының пролеттарының өлшемі 3  м – ге бөлінетіндей, қабат  биіктігі 0, 6 м – ге бөлінетіндей, бірақ 3 м – ден кем емес, колонна  қадамы – 6  м - ге бөлінетіндей болу керек.

Ұн зауытының өнімділігіне, ондағы процесстің технологиялық сұлбасына  және ұн тарту типіне байланысты олардың  ғимараттарын 2 - 3 пролетті немесе 5 - 6 қабатты  етіп құрады.

Ғимараттағы жоспардың пішіні тіктөртбұрыш болып, биіктігі бойынша  бір деңгейде жоспарланады. Ғимараттың қабатының биіктігін келесідей  етіп қабылдайды: 3,6; 4,8; 6 м. Бұл өндірістердегі ғимараттарының бірінші қабатының  биіктігі 7,2 м, ал жоғарғы қабаты 6 м  болады. Өндірістік бөлмелердің биіктігін  еденнен еденге стандарттар талабына сай 3,2 м - ден кем емес етіп алады. Бір көпқабатты өндірістік ғимараттарда қабат биіктіктерінің өлшемі 2 м - ден  аспауы керек. Өндірістік ғимараттардағы қызмет ету алаңның биіктіктері 2  м - ден кем болмауы керек.

Конструкциялық қадамы –  ұзындығы және көлденең бойынша бөлетін  осьтерінің аралықтарын айтады. Көп  пролетті каркасты ғимаратың колонналарының ұзындығы және көлденең бойынша қадамның жиынтығы колонна торын береді. Ғимараттың жоспардағы қадам ғимараттың  ұзына  бойына немесе көлденең бойына болуы  керек.

Егер көп қабатты ғимаратқа  түсетін нормативті пайдаланатын жүктемесі 500, 1000, 1500 кг/м2 болса, онда ғимараттың колонна торын 6 х 6 немесе 6 х 9 етіп қабылдайды.               

 

 

    1. Жобаланатын кәсіпорын  ғимаратының  құрылыс конструкциясының жалпы сипаттамасы 

 

Конструктивті шешімдер нәтижесінде  ұн зауыттарының ғимараттарын рамалы – байластырғыш және балкалы конструкциядан жиналатын темір – бетонды  каркас етіп жобалайды.

Іргетас - бұл ғимараттың жүктемесін негізге беретін жерасты құрылыс бөлігі. Іргетастарды тұрғызу бойынша монолитті және жиналатын, ал құрылыс сұлбасы бойынша таспалы, біріккен, тіреуішті бөледі. Таспалы іргетастарды негізгі қабырғалар астына орнатылады. Өндірістік ғимараттарының колонналарының астына тіреуішті жинақталатын, жинау – монолитті және монолитті темір – бетоннан жасалатын іргетастарды қояды.  Іргетасты орнату қалыңдығы 0,25 метрден кем және жердің үсу қалыңдығынан төмен болу керек.

Қабырғалар – олардың негізгі тағайындалуы сыртқы температураның өзгеруінен, желден, сонымен қатар ғимараттардың ішінде температура және ылғал бойынша тұрақты режим қамтамасыз ету үшін тағайындалады.

Қалқа (перегородки) – олар жеңіл ішкі қабырғалар болып табылады, үлкен бөлмелерді бөлуге арналған, олар негізгі жабыннан түскен жүктемені көтермейді. Бұл қалқалар цехтық лаборатория, бөлмелер және т.б. арналады.

Баспалдақ – өндірістік көпқабатты ғимараттарда қозғалыс баспалдақтар арқылы жүргізіледі. Баспалдақ келесі элементтерден тұрады: 1. Көлбеу орналасқан баспалдақ жазықтықтары бар марштардан; 2. Горизантал орналасқан алаңдардан тұрады.

Баспалдақтың әрбір маршында баспалдақ саны 18 – ден көп  емес және 5 – тен кем емес болу керек. Әр баспалдақтың биіктігі 18 см –  ден аспауы керек, қалыпты жағдайда – 15 см. Алаңның енін марштың еніне  тең етіп алады. Баспалдақ торларынан басқа өрт қауіпсіздік баспалдықтар қойылады. Баспалдақ торларынан басқа  өрт қауіпсіздік басплдақтар  қойылады.

Терезе ойықтары. Ғимаратқа жарық түсіру үшін және өндірістік бөлмелерді желдету үшін қолданады. Бөлмелерге түсетін табиғи жарықты жақсарту мақсатында қабырға, қалқа, еден, төбе және басқа ғимараттардың бөліктерін түрлі түсті өңдеуден өткізеді. Көбінесе, бұл элементтер ашық түспен өңделеді.

Есіктер. Өндірістік ғимараттарындағы есіктерді келесі белгілері бойынша жіктейді:

        • тағайындалуы бойынша: эвакуациялық, транспорттық, қосалқы болып бөлінеді;
        • орналасуы бойыша: сыртқы және ішкі;

өртке төзімділігі бойынша: қарапайым және өртке төзімді.

 

Есіктердің өлшемдері: ені 1 – 1,5 м, биіктігі – 2 – 2,4 м.

Пролет – ғимараттың ұзындығы бойынша колонналар қатарының осьтерінің аралығы;

Қадам – ғимараттың көлденеңі бойынша колонналар қатарының осьтерінің аралығы;

Биіктік – еден деңгейінен жабын конструкцияның астына деңгейге дейінгі аралық, егер ғимарат көп деңгейлі болса, онда еденнен еденге дейін;

Колонна торы – ұзындығы және көлденеңі бойынша колонналардың аралығының жиынтығы.   

Машиналарды жүйелер бойынша  орналастырып тұрағаннан кейін және олардың орналасатын орнын алдын  ала белгілегеннен кейін өнімтасымалдағыш құбырларының коммуникациясын жобалайды. Процесс жүзінде коммуникацияны жобалаған кезде машиналардың алдын  ала белгіленген орындарын бекітіп, олардың және пневмотранспортты  жүйенің түсіргіштердің тұрақты  орнын және транспортты механизмдердің саны мен олардың орналасу орындарын  бекітеді.

Коммуникацияны жобалау  графикалық бөлімнен және түсініктеме  қағаздан тұрады. Графикалық бөлімінде  көлденең және ұзына бойына ғимараттардың  қимасы, оларда барлық технологиялық, транспорттық, аспирациялық және қосымша  қондырғылар көрсетіледі. Негізгі  контурлы сызықпен графикалық бөлімде  өзіндік ағу құбырларын, ал қосымша  контурлы сызықпен қосымша құбырлар сызылады.

Түсініктеме қағазда машинаға кіретін және олардан шығатын  өнімнің қозғалысын, транспорттық механизмедрдің сипаттамасы, түсігіштердің нөмірлері, қабылдағыш қондырғылары, нориялар көрсетіледі.

Цехішілік коммуникацияны жобалау  кезінде келесі материалдар қолда  болуы керек:

      • технологиялық процесстің схемасы;
      • рассевтерінің аудандары (жобада қандай рассев түрі талданғанына байланысты);
      • өнімдердің машинаға кіретін және шығатын жүйелерінің бекітілген орындарының схемасы;
      • көлденең және ұзына бойына қимасы;
      • өнімдердің жылжу ведомості;

 

Білікті станоктар мен  рассевтерді қабат жобасында  орналастырғаннан кейін оларды көлденең немесе ұзына бойына жүргізілетін қималарға  көшіреді. Өзіндік ағу құбырларының коммуникациясын көлденең және ұзына  бойына жүргізілетін қималарынан бірдей жобалайды.

Машиналарды қималарда орналастырып болғаннан кейін өнімнің машинаға кіретін және шығатын өнім тасымалдағыштарды  көрсетеді. Біртекті өнім қозғалатын өзіндік  ағу құбырларын бір нөмірмен белгілейді. Өзіндік ағу құбырларын бір жазықтықта орналастырады. Өзіндік ағу құбырларының нөмірлерін әр қабат қимасында қойып  шығады және олар араб цифрлерімен  нөмірленеді. Транспорттық механизмдердің нөмірлерін рим цифрлерімен белгілейді. Өзіндік ағу құбырларының бұрышын алдын ала көлденең және ұзына бойына қимасында өлшеп, номограммада оның нақты мәнін анықтайды.

Өзіндік ағу транспорты жобалаған  кезде мына шарттар сақталуы керек:

      • өзіндік ағу құбырларын жобалаған кезде олардың көлбеу бұрыштары минималды шамадан көп болу керек;
      • екі өзіндік ағу құбырларын біріктірген кезде олардың қосылу бұрышы тік немесе бітеу болмауы керек;
      • бір құбырға екінші құбырды біріктірген кезде өнімнің жүру барысында олардың біргу бұрышын өткір етіп, бірақ 250 кем болмауы керек.

 

Өзіндік құбырлардың бағытын  сонымен қатар олардың жолында  кездесетін машиналарды, тарнспорттық механизмдерді айналып өту үшін өзгертеді. Бірақ дәнге байланысты өзгерген бағыт ұнға келмеуі мүмкін. Ол кезде ұн және дәнге бөлек нормалар белгіленген. Өзіндік құбырларды жобалаған  кезде машиналар, өнімтасымалдағыштар  және нориялардың арасындағы қашықтық еденен  2,25 – 1 м – ден кем  болмауы керек. Құбырдың машинадан  0,7 – 1 м – ден кем жақын орналаспауы  керек. Өзіндік құбырларды баспалдақ  торына және баспалдақ жаққа орналастыруға  болмайды.  Сонымен қатар терезенің  жанында 2,25 – 2 м еденнен биіктікте  орналасқан құбырлар, терезелердің, фрамугтардың ашылуына немесе терезелерді тазаланған кезде кедергі келтірмеу керек. Машиналардың жанынан өтетін құбырлар сол машиналарға қызмет көрсету  немесе машиналарда жүріп жатқан процесстерді бақылауға кедергі  келтірмейтіндей етіп салынады. Білікті  және рассевтік қабатта өзіндік  ағу құбырлары еденнен 2,5 – 2,75 м  деңгейіндегі құбырлар тек өнімтасымалдағыштардың жанында өтуі керек. Машинлардың  жанында өтетін құбырлар вертикалды түрде еденнен 2 – 2, 25 м биіктікте  болуы керек. Ситовейкалық машиналардың көлденең жағынан өтетін құбырларды 2 м биіктіктен төмен болмайтындай етіп вертикал жағдайда бақылау терезелерінің  арасында өткізеді. Қызмет көрсетуді  қажет ететін қондырғыларды (бақылау  люктері, задвижкалар, бөлгіш лапандар) еденнен 1,5 метрлік деңгейден аспайтындай  етіп орналастырған жөн. Цехтің өзіндік  ағу құбырларын бункерлер, бөлгіш пунктері, шеберханаларды және т. б. кесіп өткізуге болмайды.

Білікті станоктардың жанына өтетің өнімтасымалдағыштарды машинлардың  арасындағы проходтар мен көлденең және ұзынынан бойы қабырғаларды кеспей өтетіндей етіп құрады. Өнімтасымалдағыштарды  ғимараттың ортасында, ғимараттың ұзына бойына, екі қатарлы, ал керек кезінде көлденең қабырғалардың бойымен бір қатарлы етіп құрады.

Түсіргіштерді жоғарғы қабатта  екі немесе төрт қатарлы, ғимараттың ұзына бойына, өнімтасымалдағыштарға  және рассевтердің қабылдағыштарына жақын  орналастырады.

Түсіргіштерді орнатудың  ең тиімді нұсақасы болып, өнім бір  түсіргіштен екінші рассевтің бір  қабылдағышына берген кезде есептелінеді. Егер бір түсіргіштен өнім рассевтің  екі қабылдағышына түсіргенде өнім беру қарқынын екіге бөледі. Бір  түсіргіштерден рассевтің үш қабылдағышына  өнімді беруге болмайды. Бұл кезде  өнімтасымалдағыштардың санын сол  жүйе ішінде жоғарылатады.

Технологиялық процессте  әр түрлі жүйеден алынатын, бірақ  бір ағынмен ары қарай бір  машинада өңделу үшін өнімдер болады. Бұл кезде бір жинағыш өнімтасымалдағышты қолданылады.

Өнімділігі 150 т/сағ аспайтын ұн зауытының майдалау бөлімінде  барлық ұзындықтан 10 -15 % артық емес қосымша өнімтасымалдағыш құбырлар және жалпы ұзындықтан 25 % артық емес қосымша шнекті тасымалдағыштарды  орнатуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Энергетикалық бөлім

3.1 Жобаланатын  кәсіпорынның электроқоректенуі  және электрожабдықтары

 

«Электрожабдықтарды орналастыру  ережелеріне» сәйкес электроэнергияны пайдаланушылар үш категорияға бөлінген. Ұн тарту және жарма өндіру зауыттары  екінші катерогияға, яғни электроқоректенуі  өнімнің уақытша шықпауымен, жұмысшылардың  жетіспеушілігінен, машиналар мен  механизмдердің тұрып қалуымен, сонымен  қатар тұтынушыларды ұн және жармамен қамтамасыз етпеуімен сипатталынатын тұтынушылар қатарына жатады.

Электроқоректену схемаларын сатылы принцип бойынша жасайды: электроэнергия көзі - негізгі төмендеткіш  подстанция - орталық бөлгіш подстанция (ОБП) - цехтік төмендеткіш подстанция - тарату пунктері (ТП). Ұн және жарма  зауыттары электроэнергияны аудандық түсіргіш подстанциядан алады.

Жаңа немесе ескі ұн және жарма зауыттарын қайта жобалаған  кезде машиналар мен транспорттық механизмдердің жеке жеке электроқозғалтқыштары  қолданылады. Шлюзді затворларға, мөлшерлегіштерге және басқа да машиналарға қозғалыс беру үшін топтық электроқозғалтқыш  қолданылады. Егер машинаның электроқозғалтқыштары  бөлек болса, оларды орналастырған  кезде машина габариттерінен аспауы және машина арасындағы проходтар өлшемдерін қысқартпауы керек. Машиналардың көбіне үшфазалы асинхронды қозғалыштар қолданылады. Типті, сериялық машиналардың электроқозғалтқыштардың  мінездемесін паспортқа көрсетеді.

Информация о работе Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі