Жазба жұмыстарында жіберген қателерімен жүргізілетін жұмыстар және оны жетілдіру амалдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2015 в 20:26, реферат

Описание работы

Қазіргі мектеп бағдарламасында оқушылардың сауатты жазу дағдысын қалыптастыруға ерекше назар аударылып отыр. Қоғамның, оның мүшелерінің жалпы мәдениеті көтерілген сайын өмірдің сан-саласында қолданылатын тілдің мәдениеті де көтеріліп, сөйлейтін я жазатын ойды әрі айқын, әрі жатық, әрі мәнерлі етіп кұрауды қажет етеді. Бұл үшін оқушының тілін ауызша да, жазбаша да дамыту қажет.

Содержание работы

КІРІСПЕ.................................................................................................................3
І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ОРФОГРАФИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ.
1.1Орфография - жазу сабақтарының мақсаты, қойылатын талаптар, олардың сипаты.....................................................................................................................4
1.2 Сауатты жазуға үйрету жолдары, жұмыс түрлері........................................9
2. ЖАЗУ ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ САУАТТЫЛЫҚҚА ҮЙРЕТУ ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ.
2.1. Оқушылардың грамматика мен емле бойынша білімдерін есепке алудың жолдары..................................................................................................................17
2.2. Жазба жұмыстарында жіберген қателерімен жүргізілетін жұмыстар және оны жетілдіру амалдары.......................................................................................20
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................25
ІҮ. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................

Файлы: 1 файл

Абдуалиева Жібек 2 k.docx

— 235.38 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ . Жазу жұмыстары арқылы сауаттылыққа үйрету және тіл дамытудың әдістемелік негіздері.

 

2.1. Оқушылардың грамматика мен емле бойынша білімдерін есепке алудың жолдары.

 

Әрбір  материал мұғалім  тарапынан  жақсы  түсіндіріліп, одан  қаншама  дұрыс  дағды  берілгенімен  әр  оқушының  білімі,  дағдысы  мен  шеберлігі  есепке  алынбаса,  оларды  материалды  қалай  меңгергені,  мұғалім мен оқушылар  еңбегінің  барысы,  нәтижесі  және  оған  қалай жеткені  белгісіз  болады.  Оның  үстіне  балалар  өз еңбегінің  нәтижесін  біліп  отырмаған  соң,  келесі  еңбекке  деген  ықыласы  азайып,  сабаққа  белсенділігі  төмендейді.  Сондықтан  қай  сабақ  болмасын,  балалардың  алған  білімдері,  дағдысы  мен  шеберліктері  есепке  алынып  отырылады.  Оның  мынадай  жолдарын  көрсетуге  болады:  1)  бір  сабақтың  негізінде  бағалау;   2)  бірнеше  сабақтың  негізінде  бағалау;  3)  бір  ғана  жұмыстың  негізінде  бағалау.

Оқушылардың  білімін  бір  сабақтың  негізінде  бағалаушы  оқушының  қандай  сұрауларға,  қалай  жауап  бергенін  және  қандай  жұмыстарды  орындағанын  есепке  алып  отырады.  Сабақтың  соңында  бірнеше  оқушыға  бүкіл  сабақ  бойы  істеген  жұмыстарының  (еңбегінің) негізінде  баға  қояды  және  неге  олай  баға  қойғанын  бүкіл  сыныпқа  хабарлайды  (дәлелдейді).  Мұндай  жағдайда  мұғалім  сабақ  бойы  кез  келген  оқушыдан  сұрай  алмайды: кімдерді  бағалау  керектігін,  қандай  сұраулар  қоятынын,  қандай  жұмыстар  жасайтынын  алдын  ала  жоспарлап  алады.  Сабақта  сұраулар  бүкіл сыныпқа  қойылып,  дағдыландыру,  жаттығу  жұмыстарына  барлық  оқушылар  қатыстырыла  тұрса  да, мұғалім  білімін,  дағдысын,  шеберлігін  есепке  алатын  оқушыны   іштей  байқап,  сұрағанда  көбіне   соларды  тұрғызады. Мысалы, II класта оқушыларға деформаланған  мәтін  ұсынылып,  ондағы  сөйлемдерді  тауып,  соңына  нүкте  қою  керектігі  тапсырылды  дейік.  Оқушылар  тапсырманы  орындап  болған  соң,  мұғалім  олардан  сөйлем  жөнінде  не  білетіндерін  сұрайды:  3 – 4  оқушыдан  сұрағанына  жауап  алады,   1)  аяқталған  ойды  білдіреді,    2)  сөйлем  өзара  байланысты  сөздерден  құралады,    3)  сөйлемнен  соң  нүкте  қойылады,   4)  әрбір   жаңа  сөйлем  бас  әріптен  басталып  жазылады.   Сол  оқушылар  өздіктерінен   мысалдар  келтіреді,  талдайды.  Мұғалім  олардың  сөйлем  жөніндегі  түсініктерін,  дәлелдемелерін  байқайды.  Осыдан  соң  берілген  тапсырманы  бүкіл  сыныптың  қалай  орындағаны  жалпы  тексеріледі.  Бұл  үшін  жекелеген   оқушылар  орнынан  тұрғызылып,  нүкте  қойған,  бас  әріппен  жазған  әр  сөйлемді  оқиды.  Алдыңғы  сұралған  3 – 4  оқушыны  тақтаға  шығарып,  олардың  дәптерлерін  тексереді;  қажет  болса,  тақтаға  сөз,  сөйлем,  сөз  тіркесі  жаздырылады.  Балаларды  бағалау  үшін  мұғалім  бір  сабақ  бойы  осылайша  материал   жинайды.

Сабақ  соңында  бірер  сұраққа  жауап  берген  бірнеше  бала  және  жаттығуды  орындаған  балалардың  еңбектері  де  атаусыз  қалмайды.  Олардың  қай  сабақта  қандай  сұрауға  жауап  бергенін,  қандай  жұмысты  орындағанын  ескеріп   жүріп,  бірнеше  сабақтағы  еңбектері  қорытылып  бағаланады.   Бұл  үшін  мұғалім  өзінің  арнаулы  дәптеріне (балаларға  көрсетпей),  әр  сабақтан  кейін  қажетті  мәліметтерді  жазып  жүреді.  Балалардың  әрбір  жауабы,  әрбір  еңбегі  ескерілетініне  көзі  жетсе,  әр  сабақта  өз  білетіндерін  көрсетуге  тырысады,  белсенділіктері  артады.

Оқушылардың білімін, дағдысын, шеберлігін үйге берілген  тапсырманы орындауларына,  жазбаша  бақылау  жұмыстарының  нәтижесіне  немесе  сабақтың  әр кезеңінде  (әсіресе  жаңа  сабақты  түсіндіру  я  бекіту  кезінде)  бір  күрделілеу  сұраққа  дұрыс,  толық  анық  жауап  беруіне  қарай  бағалауға  да  болады.  Оқушының  белсенділігін  көтеруге,  тапқырлығын  арттыруға  және  өздігінен  ойлай  білуін  күшейтуге  бұл  әдістің  де  пайдасы  зор. [13]

Мектеп тәжірибесінде балалардың  білімдерін  және  емле  дағдыларын  тексеру бірге жүргізіледі. Мысалы,балалар диктант  жазса,  ол  оқушылардың  грамматикадан  белгілі  бір  тақырып  бойынша  алған  білімдерін  тексеруге  де,  емле,  жазу  дағдысын,  шеберлігін  тексеруге  де  арналады.  Оқушылар  ондағы  сөздерді, сөйлемдерді  талдайды,  шартты  белгілермен  көрсетеді,  керекті сөздерді теріп жазады,схемаға  түсіреді т.с.с.  Мұнда  грамматикалық    талдауға  берілетін   тапсырмалар  көп  болмауға  тиіс  (2 – 3-тен  аспауы тиіс). Бақылау  жұмысы  дұрыс  көрсеткіш  беру  үшін,  оны  ұйымдастыру  және  өткізу  барысында   кейбір  шарттар  орындалуы  қажет:

1.Орфографиялық бақылау жұмысы белгілі бір тақырып  аяқталып,  оқушыларда жазу дағдылары қалыптасқаннан кейін жүргізіледі.Егер  мұндай  алғышарт  болмаса  бақылау  жұмысын  кейінге  қалдыра  тұрған  жөн.

Балалардың жазғандарын қарағанда тек соңғы өтілген  тақырыптар  бойынша  берілген  білімдер  ғана  емес,  сонымен  қатар  бұрын  берілген  білімдер   де  қамтыла  тексеріледі.

2.Бақылау жұмысына әдетте мәтін немесе жеке сөйлемдер алынады. Әр  сыныпқа  белгілі  мөлшерде   сөз  саны  есептеп  беріледі.

Бір  түрлі  орфограмманың  бірнеше  қайталанып  келуінің  (бір  бақылау  жұмысының  ішінде)  қажеті  жоқ.Бақылау  жұмысында ең соңғы оқылған  тақырыпқа  2 – 6 объект,  ал  бұрын  оқылғандарға  екі  объектіден  келтірілген  жеткілікті.

Бірдей  орфограммада кездесетін сөздерді варианттармен  берген  тиімді.

3.Мұғалім  бақылау  диктантының  мәтінін  тұтас  оқып  шығады,  ондағы  түсініксіз  сөздер  мен  сөз  тіркестерін  түсіндіреді,  сонан  соң  жеке  сөйлемдерді оқиды, онан әрі мұғалім сөйлемді тағы бөліп   оқып  жаздырады.  Әр сөйлем қайта тұтас оқылады, бұл кезде  оқушылар  жазғандарын  тексеріп  шығады.  Ең  соңында  мәтін  тұтас,  жай,  бір  рет  оқылады,  балалар  оған  ілесіп отырып,  жазғандарын  тексереді. Оқушыларға  жұмыстарын  жөндеуге  қосымша  уақыт  берілмейді.  Мұғалім  жазғандарын  жинап  алады.

4.Оқушылардың алған білімдерін,дағдыларын  және  шеберліктерін  тексеру  мақсатында  өтілген  материалдардың  негізгі  мәселелері  жайлы  қосымша  тапсырмалар  беріледі.  Мысалы,  грамматикалық  тұлғаларды  табу,  сөз  таптарына  ажырату,  септіктерді  қою  т.с.c

5.Сабақта  оқушылардың  қойылған  сұрақтарға  жауап  қайтарып  қоюы  жеткіліксіз,  олар  сұрақты өздері  де  дұрыс  қоя  білуге  дағдылануға  тиіс.   Сұрақ  қоюға  үйретуді  қайталау  сабақтарында  жүргізген  дұрыс.

       Сонымен, оқушылардың  білімін,  дағдысы  мен  шеберлігін  белгілі  бір  жүйемен  есепке  алу  жұмысы  мұғалім  мен   оқушылар  еңбегінің   көрсеткіші  болып  табылады.[14] 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Жазба жұмыстарында жіберген қателерімен жүргізілетін жұмыстар және оны жетілдіру амалдары.

 

Мұғалім  грамматика  мен  емледен  оқушылардың  білімін,  дағдысы  мен  шеберлігін  есепке  ала  отырып,  олардың  жақсы  және  олқы  жақтарын  біледі,  ол  өзінің   дәптерінің  бірнеше  бетін  сыныптағы  анағұрлым  білімі  нашар  балаларға  арнайды.   Осы  дәптерге  үнемі  сол  балалардың  қатесін  белгілеп,  жазып  жүреді.  Сөйтіп,  мұғалім  оқушылардың  орфографиялық   сауаттылығын  қадағалап,  кейбір  оқушыларға   жеке  тапсырмалар  береді. 

Оқушылар  жазу  жұмыстарында  қате  жібермеу  үшін  өздіктерінен  жұмыс  жасауға тиіс.  Осы  тұрғыдан  олар өздері  қате  жіберген  сөздерін   дәптерлеріне жазады, оны  жою жолында жұмыс жасайды. Оқушы  мұғалімнің  басшылығымен  сөздерді  жазып  қоюға   ғана  емес,  сонымен

қатар  өздерінің  қателерін  жою  үшін  өздіктерінен  жұмыс  жасауға  да  үйренуге  тиіс.  Біршама  уақыт  өткеннен  кейін  мұғалім  сыныппен  жұмыс  жасау  кезінде  немесе  бір  оқушыдан  сабақ  сұрау  кезінде  керекті   сөзді  жазғызады,  қалай  жазылып  тұрғанын  талдатады.  Мұндай  жұмыс  балалардың  белсенділігін  арттырады.

Біраз  уақыт  өткеннен  кейін  (тоқсан  аяғында,  жарты  жылдықтың  аяғында)  оқушылардың  жұмыстарына   толық   талдау   жасайды.    Кейбір 

оқушыларға  тән  қателерді  теріп  жазады,  осының  нәтижесінде  әрбір  оқушының  және  бүкіл  сыныптың  үлгерімі  жөнінде  тұтас  карта  жасалады.  Мұғалім  балалардың  қате  жіберу  мотивін  анықтайды:  1)  оқушы  ережені  білмегендіктен  (кезінде  түсінбеген  немесе  ұмытып  қалған)  жіберген  бе?   2)  ережені  біледі, бірақ  оны  жазуда  дұрыс  қолдана  алмаған,  яғни  ережені  жазуда  қолдану  дағдысы  қалыптаспаған.   3)  ережелерді  араластырып  шатастырады.  4)  жазып  отырғанының  мағынасына  (не  жазып  отырғанының  өзіне  түсінбейді)  түсінбей,  зейін  қоймай,  механикалық  түрде  әрекет етеді.   5)  кейбір  дыбыстарды  қате  естиді  немесе  өзі  қате  айтады  да,  өзін-өзі  бақылай  алмайды.  6)  асығыс,  ұқыпсыз  орындау  салдарынан  қатені  байқамайды  т.с.с. себептерін  анықтағаннан  кейін  соған  сәйкес,  қосымша  жұмыс  ұйымдастырады. [15]

Оқушылардың  жұмыстарында  кеткен  қателіктерді  түзету   жолдары  да  алуан  түрлі.  Қателерді  қай  кезде  түзету  керек?  Егер  жұмыс  шағын  болса,  сол  табанда  түзету  керек.  Мысалы, ескерту,  түсіндірме  диктанттары,  көшіріп  жазу  жаттығуларын сол  сабақтың  үстінде-ақ  түзетуге  болады.  Ал  бақылау  диктанты,  мазмұндама,  шығармадағы  қателер  соңынан  түзетіледі.  Қате  түзетуде  жазу  жұмыстарына  талдау  жасаудың  пайдасы  зор. Талдау  барысында  мұғалім  балаларға   әуелі  дәптерлерін  таратып  бермейді,  өйткені  олар  өз  дәптерлеріне  қарап  алаң  болады  да,  мұғалімді  тыңдамайды,  ұжымдық  жұмысқа  қатыспайды.

Жұмыс  осы  оқушылардың  көпшілігіне  тән  қателерден  басталады.  Мұғалім  өзі  (немесе  тақтаға  шақырылған  оқушы)  балалардың  көбі  қате  жіберген  сөзді  немесе  сөйлемді  тақтаға  жазады,  оны  қалай  жазу  керектігі,  неге  олай  жазатынымыз  анықталады,  ережесі  еске  түсіріледі.   Мұндай  жалпы  сыныпқа  тән қателер онша көп болмайды, сондықтан оларды талдауға бір сабақ жеткілікті. Егер уақыт қалса, оқушылар ол сөзге сөйлем құрап, дәптерлеріне жазып алады.

Екінші сабақта жеке оқушылардың жіберген қателіктері талданады. Осы мақсатпен балалардың дәптерлері таратылып беріледі. Олар мұғалімнің түзеткен қателіктерін табады, оны жұмыстың соңғы жағына теріп, көшіреді, қосып сөйлем құрастырады т.б. Қатемен жұмыс тек бақылау диктантына байланысты ғана жүргізіліп қоймайды, сонымен қатар басқа сабақта да жүргізіледі.

Бұл көрсетілген жағдайлардың қайсысын қалай қолдану: 1) сыныптың ерекшелігіне байланысты (I-II сыныптарда айқынырақ түзетулер қолданылады,  III –IV сыныптарда күрделірек әдістер қолданған мақұл (3-4 әдістер), 2) оқушылардың дайындық дәрежесіне байланысты. Мысалы, жақсы оқитын оқушы қате жіберсе, оның қатесінің асты сызылып қана қойылады, ал нашар оқитын оқушылардың қателерін түрлі әдіспен түзету керек (кейде қалай түзету керектігіне нұсқау көрсетсе, кейде дұрысын жазады). Мүмкіндігіне қарай, қателерді түзетуге оқушылардың өздерін қатыстыру керек. Мұғалім қате жазылған сөздердің дұрысын, тіпті болмаса, мәтінді түгел балаларға қайта көшіртеді. Мұнда қате жазылған сөздерге емлелері ұқсас я қарама-қарсы сөздерді теріп жаздыру әдісі өте пайдалы.

Оқушылар бір түрлі қатені қайталай беретін болса, онда динамикалық стеротип орнайды да, одан құтылу оңайға түспейді. Сондықтан олардың қателерін есепке алып, бір қатені екінші рет қайта жібермеу үшін, дереу алдын ала шаралар қолданылады. Оқушыларды қате жазудан сақтандыруда жазылуы қиын сөздерді ескертіп, көрсетіп жаздыру, жазылу ережесі оқылмаған сөздерді жаттығу жұмыстарына енгізбеу, егер бірен-саран кездессе, ондай сөздерді тақтадан немесе оқулықтан қарап жазуға дағдыландыру  керек. Мұғалім оқушылардың жазуларын тексеріп, қателерін түзетіп болғаннан кейін, әр оқушының жұмысына баға қояды. Бүкіл сыныпқа берілген тапсырманың үстіне жеке оқушыға арнаулы тапсырмалар береді (мысалы, ережені пысықта, сөйлем құрастыр, белгілі бір жаттығуды орында т.б.). Бастауыш сыныптарда да әсіресе сауаттылық жағын қамтитын бір баға қойылады. Ал мазмұндама мен шығармада тек орфографиялық  қателер ғана емес, сонымен қатар пунктуациялық қателер, сөз қолданудағы сөздерді байланыстырудағы, жоспардағы, сөйлем құрудағы, мәтіндегі қателер де, тіпті жазу жұмысының көлемі де есептеледі.

Оқушылардың жазғандары, айтқандары орфографиялық жағынан сауатты, стилистикалық жағынан дұрыс болуға тиіс. Оқушылар мұғалімнің сөзіне еліктейді. Ендеше мектептегі мұғалімдердің өзі сауатты сөйлеулері керек, тақтаға, оқушылардың дәптерлеріне жазғандары әдемі, қатесіз болғаны жөн.[16]

          Қорыта айтқанда: 1. Сауатты жазуға үйренуде мұғалім оқушылардың ережені түсінбей, құрғақ жаттауына жол бермеуі керек, сол ережені меңгертудің әдіс-тәсілдерін іздестіруі керек. Оқушылар өтілген ережелерге өз бетінше мысал келтіре алып, оны оған ұқсас басқа жағдайларда пайдалана алатындай дәрежеге жеткенде ғана ақыл-ой дағдысы қалыптасады. өйткені тіл дамыту – қашанда ой дамыту. Сауатты жазуға үйрену үшін оқушы аналогия, салыстыру, талдау, жинақтау, жалпылау, нақтылау сияқты ой операцияларын іске асыруы керек.

Сауатты жазуға үйретуде мұғалім мынадай жұмыстарды жүргізеді: сөздің не сөйлемнің мағынасын түсіндіріп барып оны оқушыларға жаздырады; сөзді дұрыс айтуға, ұқыпты жазуға машықтандырады, түбірлес сөздерді табу, сөз тіркестер арқылы сөйлем құрастыру, ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру, дыбыстық талдау жасау, сөздік жұмысын жүргізу, сауатты жазу дағдысын қалыптастыру т.б.

 Жазуға байланысты жүргізілетін жаттығулар  көруге,  естуге және  орфографиялық тапсырмалар бойынша  жүргізіледі. Олардың негізгі түрлері: грамматикалық-орфографиялық  талдау,  көшіру  түрлері: механикалық көшіру, есте ұстау арқылы көшіру, еркін көшіру, грамматикалық тапсырмаларға байланысты көшіру,  бақылап көшіру, диктант жүргізу, оның түрлері: ескерту диктанты, іріктеу диктанты, түсіндіру диктанты, шығармашылық  диктант, ерікті диктант, бақылау диктанты.

Информация о работе Жазба жұмыстарында жіберген қателерімен жүргізілетін жұмыстар және оны жетілдіру амалдары