Жазба жұмыстарында жіберген қателерімен жүргізілетін жұмыстар және оны жетілдіру амалдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2015 в 20:26, реферат

Описание работы

Қазіргі мектеп бағдарламасында оқушылардың сауатты жазу дағдысын қалыптастыруға ерекше назар аударылып отыр. Қоғамның, оның мүшелерінің жалпы мәдениеті көтерілген сайын өмірдің сан-саласында қолданылатын тілдің мәдениеті де көтеріліп, сөйлейтін я жазатын ойды әрі айқын, әрі жатық, әрі мәнерлі етіп кұрауды қажет етеді. Бұл үшін оқушының тілін ауызша да, жазбаша да дамыту қажет.

Содержание работы

КІРІСПЕ.................................................................................................................3
І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ОРФОГРАФИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ.
1.1Орфография - жазу сабақтарының мақсаты, қойылатын талаптар, олардың сипаты.....................................................................................................................4
1.2 Сауатты жазуға үйрету жолдары, жұмыс түрлері........................................9
2. ЖАЗУ ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ САУАТТЫЛЫҚҚА ҮЙРЕТУ ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ.
2.1. Оқушылардың грамматика мен емле бойынша білімдерін есепке алудың жолдары..................................................................................................................17
2.2. Жазба жұмыстарында жіберген қателерімен жүргізілетін жұмыстар және оны жетілдіру амалдары.......................................................................................20
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................25
ІҮ. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................

Файлы: 1 файл

Абдуалиева Жібек 2 k.docx

— 235.38 Кб (Скачать файл)

толық көшіру т.с.с. ұйымдастырылады. Көшіру жұмыстарында керекті әріптердің, сөздердің, сөз тіркестерінің астын сызу, сөз табын анықтау, қосымшасын, жағын, шағын анықтау, жақшаға көрсету т.с.c белгіленеді.

Балалар көшіру техникасына үйретіледі (әуелі оқып шық, буындап оқы, ойлан, мағынасына түсінесің бе, қалай жазылатынын байқа, есіңде сақта, жазып болған соң тексер т.б). Жазғандарын түпнұсқамен салыстырып, қатесі болса түзейді. Көшіруге алынатын материал қызықты, түсінікті болуға тиіс.

Есте ұстау арқылы көшіру. Мұнда тақтаға жазылған мәтін  оқылады, талданады, сонан соң жабылады. Оқушы есінде қалғандарын жазады. Кейде мәтін талданғаннан кейін үйге беріледі. Жазып болған соң мұғалім мәтінді ашып, жазғандарын салыстырып, тексеруге мүмкіндік береді. Көшіріп жазудың бұл  көрсетілген түрі диктант болғандықтан, мұны көру диктанты деп атайды. Бұл әсіресе  «қиын» сөздердің жазылуы өткенде пайдалы. Әдетте жазылуы қиын сөздердің тізімі оқулықтардың соңында беріледі. Мұндай сөздердің жазылуын есте қалдыру үшін мұғалім мынадай әдіс-тәсілдер қолданылады:  1) зейін қойып іштерінен  және дауыстап оқып шығыңдар;  2) мағынасына көңіл бөліңдер; үй жануарларын білдіретін сөздерді бір топқа тізіңдер, бақша өсімдіктерін  білдіретін сөздерді бір топқа тізіңдер;  3)  мұқият оқыңдар және жазыңдар;4)әсіресе,сөздің қай бөлімін есте сақтағыларың келеді, сол бөлімнің астын сызыңдар;   5) жазғандарыңды  сөздік бойынша тексеріңдер;    6) сөзді  екі-үш рет қайта жазыңдар немесе екі-үш түбірлес сөз ойлап тауып жазыңдар;   7)  «я»  әрпі бар сөздерді топтаңдар  т.б. [9]

              Сауатты жазуға үйрету жолдары, жаттығу жұмыстары.

Бірінші тәсіл. Сөздегі қатені сызып тастап, оған қажетті әріпті үстіне жазу.Мысалы: калхоз,енбек,сех,бүгүн,қүлұн,мазмын. 
 Екінші тәсіл. Сөздегі артық әріпті немесе буындарды сызып тастау. Мысалы: ылақ,ыстанқия,минута,газета. 
 Үшінші тәсіл. Қателесіп, біріктіріп жазылған сөзді бөлу. Мысалы: Еге білсең,уақытта,жерде,судажетеді.  
 Мұндай тәсілдердің  кейбір артықшылығы.

Біріншіден, емлелік қателерді сызып тастау және қажетті әріпті үстіне жазу жолымен түзету тәсілі оқушылардың қателерін түзетудегі ең таңдаулы тәсілдердің бірі болып табылады. Екіншіден, бұл тәсілді қолданғанда оқушылар емлелік қателерін бірден көреді. Келесіде осы сөздерді жазылуында қате жібермейтіндей есіне сақтайды, оның сипатын да тез біліп алады. Сөйтіп, оқушылардың емлелік қателерді өз бетімен түзетулеріне мүмкіндік туады. Үшіншіден, бұл тәсілді қолдану арқылы оқушылар орфографияны түзетіп қана

қоймайды, кей уақытта сөздің мазмұнын немесе сөйлемнің дұрыс еместігін айқындайды. 
Төттінші тәсіл.Бүкіл қате сөздің астын сызу.Мысалы: айтпайяк (айтпай-ақ), алтақ(алты-ақ),башшылық(басшылық). 
Бұл тәсілдің басқа тәсілден айырмашылығы бар, мұнда оқушылар өздерінің емлелік қателерінің дұрыс еместігін сөз тұлғасымен салыстырып, талдау жасаумен байланыстырады. Ал оқушы әсіресе сөз құрамын білмегендіктен көп қате жіберетіндігі мәлім, олай болса, бұл тәсілдің орфографияны меңгеру үшін зор маңызы бар. Екінші жағынан, бұл тәсіл оқушылардың грамматикалық талдау жасауды үйренуіне де көмектеседі. Мысалы, оқушы қате жазылған басшылық (башшылық)деген сөзді талдаған кезде, оған грамматикалық талдау жасап, сөз тұлғасына ажыратады. Сөйтіп, ол әлгі сөзді қате жазғанда, нені шатастырғанын саналы түрде түсіне білетін болады. 
 Бесінші тәсіл. Қатенің астын ғана сызып, үстіне қажетті әріпті жазу. Мысалы: сембеді(сенбеді),Дәстір(дәстүр). 
 Алтыншы тәсіл. Қажетті әріпті үстінен жазбай-ақ, қате кеткен әріптің астын сызу. Мысалы: қүлүн (құлын), мазмын (мазмұн), ақшыбар (ақшұбар). 
 Жетінші тәсіл. Қате жіберілген сөздің астын түгелдей сызу. Мысалы: аты адам (атты адам), ойн (ойын), айлану (айналу), бүхара (бұқара), әжептәуір (әжептеуір). 
 Сегізінші тәсіл. Сөздердің астын сызбай-ақ, дәптерлердің шетіне шартты белгі қою. Бұл тәсілді 5-6 класстарда ғана қолданып қоймай, сонымен  қатар төменгі кластарда да қате аз болған жағдайда қолдануға  болады.  Қойылатын шартты белгі оқушыларға түсінікті болуы керек. 
 Сонымен, жоғарыда көрсетілген тәсілдерді мұғалім іскерлікпен, орфографиялық қателердің сипатына, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай пайдаланып жұмыс жүргізсе, сауатты жазуға үйрететіні сөзсіз. [10]

    Еркін көшіру.  Балалар әуелі мәтінді оқып шығады, талдайды, сонан соң кітапты жауып қойып, мәтінен есте қалғандарын, қалай ұғынса, солай жазады.

Грамматикалық тапсырмаларға байланысты көшіру. Сөздің немесе сөйлемнің бір бөлігі өзгеріссіз сол қалпында, екінші бір бөлігі өзгертіліп көшіріледі: қалып қойған жерін ойлап тауып немесе қосып, өзгертіп жазады:  қалып қойған әріптер мен буындарды тауып қосу, сөздерді тауып қосу немесе сөйлемдерді аяқтау, берілген сөйлемнің немесе сөздің тұлғасын өзгертіп жазу сияқты тапсырмалар орындалады.

Мұнда мәтінді көріп қабылдау жеткіліксіз,сонымен қатар оны ойланып, анализ-синтез жасау керек. Көшірмес бұрын балалар алдарында тұрған міндетпен танысады, мәтінді іштен және дауыстап оқиды, тапсырманы әуелі ауызша шешіп алып, жазуға соңында ғана кіріседі. Жұмыстың бұл түрін кейде бақылап көшіру деп те атайды. Казіргі оқулықтарда жаттығудың бұл түрі кең алынып жүр. 

Көшіру  жұмыстары тіл  дамытумен  байланысты,  сұрақтарға жауап  беру  (жазбаша) түрінде де кездеседі. Бұл  жұмыс балаларды мазмұндама мен шығарма  жазуға  дайындау  мақсатында  қолданылады.

Балалардың  орфографияға  үйренген  дағдылары  мен  шеберліктерін  байқау мақсатында диктант жаздырылады. Мұнда мұғалім мәтінді,  сөйлемдерді  немесе жеке  сөздерді  оқиды, оқушылар  оны  аяғына  дейін  тыңдап,  естерінде  ұстайды, жазады.

Диктанттың  бастауыш  мектепте  жүргізілетін  түрлері:

1.Ескерту диктанты. Мұнда  мұғалім  мәтінді  оқып шығады.  Балалар  жақсылап тыңдап отырады. Сонан кейін түсініксіз деген сөздердің  мағынасы  түсіндіріледі. Мұғалім әрбір сөйлемді қайта оқып шығады, оқылған  сөйлемдер балалардың  қатысуымен  талданады. Сөйлемді  жазбас  бұрын  мұғалім  балалардың  зейінін  ондағы  қиын  сөздердің жазылуына,  өтіліп  отырған  ережеге  аударады. Оқушылар тиісті  дыбыстарды көрсетеді,  ережесін  айтып  береді,  олардың  қателескен  жері болса,  түзетіледі. Осындай  жұмыстардан  кейін  ғана  балалар сөйлемді  жазуға  кіріседі.  Алғашқы  кезде  әрбір  сөйлем оқылып, талданып  барып  жазылады. Кейін  балалар  жұмыстың  бұл  түріне  дағдыланған  кезде, бірнеше  сөйлем  бірден  оқылып,  олардың  ішінен  мағынасы  түсініксіз  сөздер  мен жазылуы  қиын  деген сөздер  ғана  талданады,  ал  онан әрі  мәтін  тұтас  оқылады  да,  сөздер  іріктеліп  алып  талданады,  сонан  соң  мұғалім  әр  сөйлемді  оқып,  балалар  жазады.  Егер  балалар белсенділік  көрсетіп,  сөздердің  қалай  жазылуын,  талдануын  сұрап,   сөздіктен  қарайтын  болса,  онда  ескерту  диктантының тиімді  болғаны.

2.Іріктеу  диктанты.  Мұның  ескерту  диктантынан  айырмашылығы – балалар  мұғалімнің  айтқан  сөздерінің  барлығын  жазып  отырмайды,  оның  ішінен  белгілі  бір  ережеге  қажетті сөздерді  немесе  сөз  тіркестерін  іріктеп  жазады.  Диктанттың  бұл  түрінде  уақыт  үнемделеді,  қажетті  сөздер  мен  сөйлемдер  көбірек  жазылады,  ең  бастысы  оқушылар  мәтінді  аса  зейін  қоя  тыңдап  отыруға  мәжбүр  болады.

3.Түсіндіру  диктанты.  Мұнда  мәтін  жазылып  болғаннан  кейін  ғана  талданады,  қателері түзетіледі.  Диктанттың  бұл  түрін  жазуға  кірісерде  қажетті  ережелер  еске  түсіріледі.  Мұны  ескерту  диктантынан  бақылау  диктантына  өткел  ретінде  жүргізілетін  жұмыс  деуге  де  болады. Түсіндіру  диктантының  бір  түрі  ретінде  сөздік  диктантын  да  жүргізуге  болады. Онда сөйлем де,  мәтін де  емес,  жеке  сөздер  айтылады.  Бұған  оқушыларға  қиындық  келтіретін немесе  ережеге  бағынбайтын  сөздер  алынады. Сөздік  диктант  ұзақ  болмайды,  5 – 10 минут  шамасы,  көбінесе сабақтың  аяғында  жүргізіледі.  Мұғалім  жеке  сөздерді  айтады,  балалар  жазады,  жазғандарын  сөздіктен  қарап  түзетеді,  үнсіз  диктант  ұйымдастырылады.  Онда  мұғалім  қажетті  суреттер  көрсетеді  (аю,  сиыр, жылқы,  қоян,  қозы,  трактор,  комбайн,  т.б.),   ал  балалар  бірден  жазады  немесе  керекті  әрпі  бар  карточканы  көрсетіп,  сонан  соң  жазады.  Сөздік  диктант  10 – 15  сөзден  аспауға  тиіс. 

4.Шығармашылық  диктант.  Мұғалім  тақтаға  қажетті  сөздерді  жазады.  Кейде  сурет  немесе  бір  серия  картина  беріледі:  балалар  бір  тақырыпқа  сөйлемдер  құрайды. Шамамен  қолданылатын  ережелер  беріледі  (еске  түсіріледі).  Балалар  сөйлемдегі  сөздердің  дұрыс  тұлғада  тұрған-тұрмағанын  байқайды,  қажет  болса,  өзгертеді.  Жұмыстың  бұл  түрін  таза  диктант  деуге  болмайды,  сөйлемді  балалардың  өздері  құрастыратын  болғандықтан  мұны  шығарманың  кіріспесі  деуге  де  болады.

Шығармашылық  диктант балалардың  тілін  дамыту  үшін  де  өте  қолайлы,  өйткені  оқушылар  мәтін  құрауға  белсенді  қатысады,  сөздерді  де  өздері ойлап  табады.

5.Ерікті диктант. Бұл мазмұндама деп те аталады. Бірақ  мазмұндамадан  сәл  оңайлау.  Диктант  деу  себебі – мұғалім  мәтінді  оқып  тұрады, ал ерікті  дейтініміз – балалар  әдеттегі  диктанттай,  мәтінді  мұғалімнің  оқуы бойынша  сөзбе –сөз  емес,  естерінде  қалғандарын  ғана  жазады.  Мәтін оқылмас  бұрын қажетті  ережелер  еске  түсіріледі.  Мұғалім  мәтінді  әуелі  тұтас,  сонан  соң  оның  5 – 6  жолын  оқиды.  Әрбір  оқылған  үзінді  оқушылар  жаттап  алатындай, өте  қысқа  болмауы  керек.  Оқушылар оқылған үзіндінің естерінде  қалғанын  ғана  жазады.  Диктанттың  бұл  түрі  де  тіл  дамыту  жұмысымен  ұштасады.

Осы  көрсетілген  жұмыстардың  барлығы  орфографиялық  дағдыны  автоматтандыру  мақсатын  көздейді.

Бақылау  немесе  тексеру  диктанты.  Бұл  балалардың  алған білімдері  мен  қалыптасқан  дағдыларын  тексеру  мақсатында  жүргізіледі.  Мұнда  оқушы  өзі  білетін  ережені  қолданып,  өз  күшін  өз  бетімен  байқай алады. Мұғалім қандай да болмасын бір орфографиялық ережені  оқушылардың  қалай  меңгергендері  жөнінде мәлімет  алады.  Қандай  ереже  қайталану керек, кімге қандай көмек керек – соны анықтайды.Егер  диктанттың нәтижесі бүкіл сынып бойынша нашар болса, қайталау  диктанты  жүргізіледі.  Мұндай  жағдайда  сол  мәтіннің  өзі  қайтадан  алынады немесе  соған  ұқсас  мәтін  алынып,  қайталанады,  диктант  жаздырылады.[11]

Жұмыстардың жүйесі: Орфографиялық жаттығулардың бірнеше  кезеңі  бар:

а)  алғашқы  кезеңде  әдетте,  оқулықтағы  немесе  тақтаға  жазылған  дайын  материал  алынады.  Бұл  материалдар  мұғалімнің  көмегімен  талданады,  оқылған  ереже  бойынша,  жазылған  сөздер  табылады,  нақты  үлгі  бойынша,  балалар  ереженің  практикада  қалай  қолданылатынын  түсінеді.  Мұнда  оқылған  орфограммаға  сай,  жеке  сөздер,  сөз  тіркестері  немесе  сөйлемдер  ғана  беріледі.  Мұны  дағдыны   бекітудің  алғашқы  кезеңі  деуге  де  болады.

ә)  екінші  кезеңде  де  дайын  мәтін:  сөз,  сөз  тіркестері,  сөйлемдер  беріледі.  Мұнда  оқылып  отырған  орфограммаға  сай, сөздердің  ішінде  басқа  ережелерге  де  жататындары  болады.  Ұсынылған  материалдардың  ішінен  балалар  керектісін,  оқылып  отырған  ережеге  сай келетіндерін  іріктеп,  тауып  алады;  неге  ол  сөзді  алды, ол  сөз  бұл  ережеге сай  келе  ме соны дәлелдейді.  Бұған  қосымша,  балалар  сұрақтарға  жауап  қарастырады,  ескерту  диктантын  жазады.

Бұл  кезеңдегі  ең  көп қолданылатын  жаттығулар:  көшіріп  жазу,  үлгі  сұрақ  бойынша  сөзді,  сөйлемді  аяқтап  жазу.  Бұл  орфографияны  білу  кезеңі  деп  аталады. Балалар  ережені  қолданып  үйрене  бастайды,  жазғандарын  дәлелдеп,  негіздей  алады. Сөздердің  жазылуын  әуелі  дәлелдейді,  сонан  соң  ғана  жазады.

б)  балалар  өздіктерінен  басқа  құбылыстардың  ішінен  оқылып  отырған  ереженің  объектісін  тауып  бере  алады.  Мұнда  жеке  сөйлемдер де,  тұтас  мәтін  де  беріледі.  Балалар  мәтінді  көшіреді:  қалдырылып  кеткен  сөздерді  үлгі,  сұрақтарсыз  өздері  тауып  жазады;  Бұл  кезде  ескерту,  түсіндіру,  іріктеу  диктанттары жаздырылады.  Бұл  үйрену  кезеңі  деп  аталады.

в)  орфографиялық  дағдының  автоматтана  бастау  кезеңі.  Мұнда  балалар  орфография  туралы  ғана  емес,  жазу  жұмыстарының  басқа  жақтары (мазмұны, лексика,  синтаксис,  жоспар)  жөнінде  де  ойланады.  Бұл  кезеңде  балалар  грамматикалық – орфографиялық  тапсырмаларды  орындап,  көшіру  жұмыстарынан  басқа  ескерту диктанты, түсіндіру, ерікті,  шығармашылық, бақылау  диктанттары,  түрлі  мазмұндама,  шығармалар  жазады.

г)  қалыптасқан  дағдыларды  жетілдіру  кезеңі.  Жазылуы  бірыңғай  сөздерді  байланыстырып,  оларға  тән ортақ  заңдылықты,  жалпылықты  анықтау;  түбірлес  сөздерді  табу,  сөздердің  синонимін,  антонимін табу,  омоним  сөздерді  табу.  Бұл  кезеңде  диктанттың  барлық түрі  жазылады,  оқыған  ережелер  бойынша  қалыптасқан  дағдылар  толық  автоматтанады,  сондықтан  мәтінді  алдын  ала талдаусыз  жаздыра  беруге  болады.  Сөздіктен  қарауға,  мұғалімнен  сұрауға  рұқсат  етіледі.

Жоғарыда  көрсетілген  жүйені  өзгертуге  болмайды  деп түсінбеу  керек.  Нақты  жағдайларға:  балалардың  жас  ерекшеліктеріне,  дайындық  дәрежелеріне,  алған  білімдері  мен  сөйлеу  дағдыларына  қарай  өзгеріс  болуы  мүмкін. Алайда, мұғалім  осы  көрсетілген жұмыстардың  жүйесінің  толық  орындалуын  қамтамасыз  етуге  тиіс.

Жаттығу  жұмыстарының  жүйесіне  қарай,  материалды  таңдауға  қойылатын  талаптар  туады.  Жаттығуларды  жүргізу  үшін  алынатын  материалдар  да  бірден-бірге лексикалық,  синтаксистік  жағынан  күрделене  түсуге  тиіс.  Материал  таңдауда  әсіресе  мына  жағдайлар  ескеріледі:

1.Грамматикалық  немесе  орфографиялық  құбылыстарды  түсіндіру  кезінде  бақылау  үшін  анағұрлым  жеңіл,  анық  материалдар  алыну  керек.  Бұл  кезде  оқушылардың зейінін  оқылып  отырған  ережеден  басқаға алаңдататын нәрселер болмағаны жөн.Оқушылар  бақылағандарынан  дұрыс  қорытынды  шығара  алатындай болуы қажет.

2.Жаттығуға  арнап материал  таңдағанда  тіл  дамыту  мен  жазу  жан-жақты  ескерілуге  және  бұрын  өтілгендерді  үздіксіз қайталау  есте  болуға  тиіс.

Жұмыстың  әр  түрлі  кезеңдерінде  біртектес  (сөздік,  фразалар  немесе  мәтін)  материалдарды  қайталап  отыру  дұрыс  болмайды.  Мысалы,  алғашқыда  «қала»  сөзіне  түбірлес  сөз  тапқанда  «қалалар»  десе,  кейінгіде  «қалалы,  қалашық,  қалашыл т.с.с.»  сөздер  айтқызылады.

Қазіргі  кезде  орфографияны  меңгеру  үшін  көру  мен есту  органының (көшіру  мен  диктанттың)  қайсысы  маңыздырақ  деген  мәселе  жөнінде  талас  жоқ.

3.Сауаттылыққа  үйренуде  сезім  анализаторларының  барлығы  да:  есту  де,  көру  де,  қол  қозғалысы  да  қатысуы  керектігі  зерттеліп  анықталды.  Оның  үстіне  көшіру  немесе  диктант  сияқты  жазу  түрлерінің  қазіргі  кезде  әр  түрлі  варианттары  шыққанын  жоғарыда  айтылғандардан  байқағанбыз.

4.Мұғалім  қандай  да  болмасын,  бір  сезім  органына  жаттығудың  қай  түрі  дұрыс  келеді  деген  мәселеден  гөрі,  бір  жаттығуда  таным  қызметінің  қандай  операцияларды  орындауы жайлы,  олардың  комплексті  қатысуын  қалай  қамтамасыз  етуге  болатыны  жайлы  көбірек  ойлауға  тиіс:  анализ,  синтез,  жалпылау,  ұқсастық  пен  айырмашылықты  табу,  абстракциялау,  топтау,  жүйелеу  т.б.

Сөйтіп,орфографиялық немесе пунктуациялық сауаттылық  дағдыларын  қалыптастыруда  оқушылардың  зейінін,  ойы-есін,  қиялын т.б.  таным  қабілеттерін  дамытуға,  сондай-ақ  олардың  ауызша,  жазбаша  тілін  дамытуға  көп  күш  салу  қажет.[12]

 

 

 

 

 

Информация о работе Жазба жұмыстарында жіберген қателерімен жүргізілетін жұмыстар және оны жетілдіру амалдары