Өндіріс ауқымының өсу әсері (тиімділігі)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 16:59, реферат

Описание работы

Қазіргі кездегі ғылыми-техникалық прогресс жағдайында өндірістік қарқынды дамуы жаңа, жоғары жұмыс жылдамдықты және қуатты техникалар мен технологиялық жабдықтарың пайдалануға көптеп енгізілуімен тікелей байланысты, бұл шу жүктемесі жоғарылай түсетін еңбек жағдайын қалыптастырады.
Шудың өндірістік зиянды фактор ретіндегі әлеуметтік маңызы және одан қоғамымыздың шығындану деңгейі өте жоғары, ол еңбекке уақытша жарамсыздыққа ұшырататын сырқаттылықтың жиілеуінен, жұмысшылардың қажуы нәтижесінде еңбек тиімділігі мен өнім сапасының төмендеуінен, аппараттардың көбеюі мен мамандардың тұрақсыздануынан т.б. қалыптасады.

Содержание работы

Кіріспе
Өндірісті экологизациялау принципі.
Өндірістік экология ғылымының мақсаты және міндеттері
Қазақстан территориясының өндірісітік аймақтары
Өндіріс ауқымының өсу әсері (тиімділігі)
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Өндіріс экологиясының келешегі.docx

— 40.55 Кб (Скачать файл)

Жоспар 

  1. Кіріспе
  2. Өндірісті экологизациялау принципі.
  3. Өндірістік экология ғылымының  мақсаты және міндеттері
  4. Қазақстан территориясының өндірісітік аймақтары
  5. Өндіріс ауқымының өсу әсері (тиімділігі)
  6. Қорытынды
  7. Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 
Қазіргі кездегі ғылыми-техникалық прогресс жағдайында өндірістік қарқынды дамуы жаңа, жоғары жұмыс жылдамдықты  және қуатты техникалар мен технологиялық  жабдықтарың пайдалануға көптеп енгізілуімен тікелей байланысты, бұл  шу жүктемесі жоғарылай түсетін  еңбек жағдайын қалыптастырады. 
Шудың өндірістік зиянды фактор ретіндегі әлеуметтік маңызы және одан қоғамымыздың шығындану деңгейі өте жоғары, ол еңбекке уақытша жарамсыздыққа ұшырататын сырқаттылықтың жиілеуінен, жұмысшылардың қажуы нәтижесінде еңбек тиімділігі мен өнім сапасының төмендеуінен, аппараттардың көбеюі мен мамандардың тұрақсыздануынан т.б. қалыптасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өндірісті экологизациялау  принципі.

Өндірісті экологизациялау  – табиғат қорын түгесілмейтін, оған ңұқсан келтірмейтін технология арқылы өндірісті ұйымдастыру, экологиялық  еңбектің өнімділігін арттыру. Өндірісті  экологизациялау мына бағыттарда жүргізіледі: экологиялық жүйелерді сақтау, қалпына  келтіру; шикізат өндіруде озық технология қолдану шикізат қорларын үнемді пайдалану,қалдықсыз және аз қалдықтытехнология қолдану,табиғат қорғау шараларын  кеңіту,өндірісті экологиялық талаптарға сәйкес орналастыру, табиғи ортаны ластауды азайту,жою, т.б.

Шикі заттын пайдалылығын арттыру және ұлғаймалы қалпына  келтіру - табиғат байлығын  пайдаланушы салалрада ұлғаймалы өндіріс мына төмендегі шарттар сақталғанда мүмкін болады:

  • Шикізат өндіру қарқыны материалдық өндіріс қарқынынан төмен болуы керек
  • Шикізатты тиімді пайдалану арқасында өңдеуші салалардың өсу қарқыны өндіруші салалрдың өсу қарқынынан артық болу керек
  • Қалдықсыз, аз қалдықты технология және табиғатты қорғау құрылымдарын қолдану қарқыны табиғатқа нұқсан келтіруші салалардың өсу қарқынынан басым болуы керек
  • Экологиялық технологиялармен табиғат байлығын қалпына келтіру шараларының дамуы табиғат байлығынөндіруші салалардың өсуінен кем болмауы керек

Экологиялық технологипяны  пайдалануды ғылыми негізінде жүргізу  принципі. Шикі затты  пайдалану, әсіресе оның тиімділігін арттыру мүмкіндігін ғылыми жолға қойылғанда ғана мүмкін  болады.Қазіргі кезде экологиялық техногияны пайдалану аса күрделі процесс. Экологиялық технология  процестерінің табиғи ортаға әсерін, әсіресе ұзақ мерзімдік әсерін ғылыми негізінде ғана болжауға және тиімді бағытта жүргізуге болады.

Технологиялық принципі ресурстың бір түрінің екінші түрімен бір аймақта үйлесімді орналасуы, орналасу тиімділігі аймақтық принцип қолдануға мүмкіндік береді. Бұл принцип табиғат байлығын пайдаланудың,табиғи ортаны қорғаудың тиімділігін арттырудың басты негіздерінің бірі.

 

Өндірістік экология ғылымының  мақсаты және міндеттері

 

Адамзат  пен табиғат  арасындағы  қарым-қатынастарының негізгі   ұғымдар мен  материалдық  қажеттіліктерді  өтеу барысындағы  туындайтын қарама-қайшылықтармен және табиғи жүйелердің даму заңдылықтары, қоршаған орта ресурстарының және  оларды пайдалану  ерекшеліктерінен болатын құбылыстармен танысу.

           Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы ерекше маңызға ие болып отыр. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі және көптеген елдердің индустриалды дамуы табиғи ресурстарды пайдалануды еселеп арттырып, адамның табиғатқа әсерінің көлемін өсіре түсуде. Сонымен қатар, адамның денсаулығы мен оның материалдық жағдайы қоршаған ортаның жай-күйінің сапасына тәуелді. Сондықтан қоршаған орта туралы ілім пәнін меңгеру  антропогенді және табиғи жағдайларды , адамдардың биосферадағы ролі және  орны жайлы  экологиялық көзқарастарын қалыптастыруда  маңызды орын алады.

   Міндеттері:

  1. адам мен табиғат арасындағы байланыстың негізгі жолдарын түсіндіріп, оқыту.
  2. Ғылыми-техникалық прогресстің  мән-мағынасын түсіндіру.
  3. Ғылыми-техникалық прогресстің   жағымды, жағымсыз жақтарын түсіндіру.
  4. Негізгі өндіріс салаларының  сипаттарымен және олардың аралық байланыстармен таныстыру.
  5. Әртүрлі  өндіріс көздерінің  биосфераның  басты компоненттеріне  әсер ету бағыттармен  және одан туындайтын  зардаптарымен таныстыру.
  6. Түрлі өндіріс көздерінің  технологиялық процесстерін оңдау және экологизациялау жолдарын үйрету.

Ғаламат  жаңалықтармен  бірге  өндірістің жедел дамуы, зауыттардың  еселеніп салынуы, жер  құнарының  тас-талқанын  шығарған 1953-1962 жылдардағы  тың игеру , қазақ жеріндегі  сынақ  алаңдары  күнделікті тіршілікке  араласып, жетістігімен қатар апатын да ала келді.

Қазіргі  кездегі  шаруашылық іс-әрекеттердің  қоршаған ортамен  қарым –қатынасының күрделене түсуі, атмосфераның , құрлық , су экожүйелерінің беткі қабаттарының , олардың сипаттарының  өзгеріске ұшырауы, энтермиялық  қаруланудың күшеюі, өндірісте  қажетті  материалдардың шамадан  тыс өндірілуіне  байланасты көптеген  заттардың  қалдық түрінде  қоршаған ортаға  бөлініп шығуы, яғни қатты, сұйық  және газ тәріздес  қалдық заттардың   мөлшерінің жоғарылап  кетуі және  басқа да  айтулы  факторлардың  әсер ықпалына тікелей байланысты. Бұл  аталған  проблемалардың  негізі  адамзаттың   шаруашылық  іс-әрекеттер  кезінде, табиғи  ресурстарды  үнемі пайдалану  қажеттіліктерінен  туындап отыр.

АҚШ, Англия,Франция, Германия, Жапония сияқты   бірқатар өркениетті елдерде  ірі  өндіріс орындарын  салмастан бұрын оның қоршаған ортаға  әкелетін  экологиялық  шығынын  есептей отырып,  сол жердегі  халақтың денсаулығына  тигізетін  әсерін  ғылыми түрде  тұжырымдап  барып жүзеге асырады. Біздің ірі  өндіріс  орындарының барлығында  жоғарыда аталған  экологиялық шарттар  ескерілмеген. Ірі өндіріс орындарынан  шығатын улы газдар, ауыр металдар  өндіріс орындарынан  шыққан лас  су көздері, өндіріс орындарының  айналасындағы халықтың денсаулығына , топырақтың, ауаның құрамының  өзгеруіне  үлкен әсер етуде.

2. Жалпы ірі өндіріс орындарын дамыту 3 факторға байланысты:

  1. Шикізат көзі.

2.Адам күші.

3.Су ресурстары.

Осы үш фактордың  арақатынасын сақтамай ірі енеркәсіп                орындарын дамыту мүмкін емес.

Қазақстан территориясының  өндірісітік аймақтары

 

Елімізде қазіргі кездегі қалыптасқан экологиялық мәселелерге байланысты бірнеше енеркәсіптік аймақтардың экологиялық жағдайына тоқтала кетейік.

Батыс Қазақстан өнеркәсіптік экологиялык аймағына - Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу, металлургия, қүрылыс материалдары және тағы басқа да салаларға маманданған Атырау, Маңғыстау, Орал, Ақтөбе облыстары кіреді. Бұл аймақтағы негізгі мәселелер - табиғи ортаның мүнаймен ластануы, радиактивті қалдықтармен ластануы адамның денсаулығына және экожүйелерге әсер етіп, шөлдену процестерінің жүруіне, биокөптүрліліктің жойылуына әкелуде. Сондай-ақ мүнда тыныс алу жолдарының қабыну аурулары мүнай өндіретін аудандарда, орташа саны басқа облыстармен салыстырғанда жоғары. Концерогенді көмірсутектердің концентрациясының жоғары болуы бүл аймақта қатерлі ісік ауруы, басқа аймақтармен салыстырғанда 2—4 есе жоғары екен. Жас балалардың өлімі 1000 адамға шаққанда 37 адамды құрайды. Бұл еліміз бойынша ең жоғарғы көрсеткіш болып отыр.

Батыс аймақта Маңғыстау облысы эколгиясы ауыр аймақтардың алдыңғы катарына жатады. Қауіпті нүктелердіц топырақ қабаттарын тексергенде бүл өңірді Семей, Аралдан кейінгі үшінші орынға қоюға болады. Маңғыстау облысында жергілікті тұрғындарға қасірет төндіріп түрған Қошқар ата улы көлінің су астында 104 млн. тонна улы қоспа жатыр. Қазір уран өндірілмейді, ал су буланып, жаға ашық қалған. Әбден кепкен топырақ шаң болып өңірге тарайды. Одан адамдар арасында түрлі аурулар пайда болуда. Әсіресе инсульт ауруы елді түгелдей жайлап болды.

Актөбеде көп жылдардан  бері Ақтөбе ферробалкыту зауыты мен Ақтөбе хромды қосындылар зауыттары жұмыс істеп келеді. Бүл зауыттар Ақтебе қаласының солтүстік-батысында қала халқы коп шоғырланған аймақтан 1000 м, қала тұрғындарының бақша-саяжай усачкелерінен 700 м ғана қашықтықта орналасса, зауыттардың бір-бірінен орналасу ара қашықтығы 300-400 м.

Қазіргі уақытта  кәсіпорын аймағының табиғаты алты валентті хром қосындыларымен,  солтүстік-батыстан соғатын желдердің әсерінен кәсіпорындардан шығатын зиянды заттармен, оның кұрамында шаңды хром қосындылары және т.б. зиянды заттармен өте белсенді түрде ластануда. Бүлардың мүражайларынан улы заттар қоршаған ортаны бүлдіріп қана қоймай адамдар денсаулығына елеулі залалын тигізуде. Жергілікті сарапшылардьщ берген мәліметтеріне қарағанда тыныс-қолка жолдарының ауруы қалада қалыпты деңгейден 3,5 есеге дейін жеткен. Сол сияқты жүрек-қан тамыры жүйесі мен коз аурулары 1,8 жөне 2 есеге шейін артқан.

Атырау еңірінің ауасының экологиялық жағдайы мұнай-газ  өндіруші, энергия-коммуналдық, көлік кешені және тағы басқа мекемелердің ауаға шығаратын лас затгардың көлемі мен олардың жеке түрлеріне тікелей байлапысты. Өткен он жыл ішінде Атырау облысы бойынша орта есеппен әр жыл сайын ауаға 164,65 мың тонна түтін шыққан екен. Оның негізгі өндірушілері облыстың өр түрлі кәсіпорындары. Негізгі облыс бойынша шығатын лас түтіндердің 72,5 % түрақты мүржасы бар өндіріс мекемелерінің үлесіне тиеді. Оған қоса облыста ауаны автокеліктердің 'түтінмен ластау да орын алады. Мысалы, 1990-1995 жылдары облыс аумағына ауаға шығатын түтіндердің 24-48 %-ы автоколіктердің үлесінде болды. Сонымен қатар Атырау облысында ластанған аймақтарды қалпына келтіру жүмыстары да жүргізілуде. Мұнда мүнаймен ластанған топырақ жамылғысын тазалаудың биологиялық жолмен тазалау қүрылғысы (отвал) салынды, бұл пайдаланып отырған жаңа технология ластаушы заттарды 80 %-ға дейін тазалауға мүмкіндігі бар.

Шығыс Қазақстан  өнеркәсіптік аймаққа - Шығыс Қазақстан  облысының аудандары жатады. Қазақстан Республикасы өнеркәсібі жоғары дамыған, түсті және қара металлурғия, энергетикалық кешені, полиметалл кендері шоғырланған аймақ. Бүл аймақтағы экологиялық мәселелер - қоршаған ортада өндірістік қалдықтардың жиналуы, атмосфералық ауаның ластануы, ормандардың деградацияға үшырауы айқын көрінуде!

Тек, Өскемен  қаласы бойынша әуе кеңістігіне  тарайтын залалды заттардың 60 %-і осы түрлі-түсті металлургия кәсіпорындарының үлесіне, ал соның ішінде Өскемен қорғасын-мырыш комбинатының еншісіне зиянды заттардың 30 %-і тиеді.

Ертіс бассейнінің ластануы шектен шығьш отыр. Оның кішігірім сағалары Үлбі, Глубокое, Тихая өзендерінің Ертіске қүятын түстарында мыс пен мырыштың мөлшері шекті қалыптан бірнеше есе көп. Яғни, 30 РЗШ-ден 300 РЗШ-ға дейін барады.

Шығыс Қазақстан  облысында орман отау,  кесу фактілері орын альш отыр. Соның кесірінен жасыл желекпен көмкерілген жер келемі облыс бойынша 150 мың га кеміп кетті.

Солтүстік Қазақстан  өндірістік аймағына республикамыздың солтүстігі Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстары кіреді. Бұл аймақта мұнай өңдеу, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп маңызды орын алады.

Ауыл шаруашылығының зиянкестеріне қарсы күресте биологиялық және агрохимиялық әдістерге баяу көшуіміз кері әсер етуде. Соның салдарынан арам шөптер қаптап, ол аз болса, улы химикаттар зиян келтіруде.

Көкшетау қаласынан  солтүстікке қарай 8,5 км қашықтықта "Васильковский ГОК" кен орны орналасқан. Васильковский кен орны 1979 жылдан бастап жүмыс істеп келеді. Васильковский алтынды - кварц-мышьякті рудалар кен орнына жатады. Мұнда алтын қосындылары бар рудалардың ғана өндірістік маңызы бар. Васильковский ААҚ қүрамында негізгі атмосфера ластаушы көздер үш аланда орналасқан. Бірінші, қазылған тау рудниктері және үймектеу учаскелері, екшші, автономиялық уақытша қазандықтар, үшіншісі -алтын айыру фабрикасы.

Мұндағы дәстүрлі зиянды заттар шығару көздері асфальтқоспалары қондырғылары, дизельді қондырғылар, қазандықтар. АЗС-дан, цехтардан зиянды газдар шығарылады. Ал, дәстүрлі емес зиянды заттар шығару кездеріне инертті материалдардың ашық қоймалары, мұнай өнімдерін сақтау орындары, көліктерге арту, түсіру жүмыстары, тасымалдау жұмыстарын жатқызуға болады.

Бұл ластаушы көздерден атмосфераға 29 түрлі зиянды заттар шығарылады. Олардың ішінде органикалық емес шаң көлемі 0,3 және 0,5 мг/м3 шекті мөлшерден астам. Органикалык емес шаң атмосфераға жылына 4002,715 тонна мөлшерінде шығарылады.

Атмосфераның  ластану дәрежесі 1, 2-ші алаңдардың санитарлық қорғау аймағы (СЗЗ) мен жақын арадағы ауылдар Қонысбай, Красный Яр, Көкшетау қаласы мен Қопа көлі аумағына зиянды заттардың шығарылуы мен олардың таралуына қарай бағаланады. Мысалы: Қонысбай ауылы маңында ауаның қүрамындағы органикалық емес шаңның көлемі жазда - 0,62 (РЗШ) шекті мөлшерде, қыста - 0,42 (РЗТТТ) шекті мөлшерде. Көкшетау қаласында органикалық емес шаңның фондық концентрациясы жазда - 0,93 (РЗШ), қыста - 0,79 (РЗШ) көлемінде.

Информация о работе Өндіріс ауқымының өсу әсері (тиімділігі)