Экологиялық фактор әсеріне ағзалар реакциясының кеңістік пен уақытқа байланысты өзгеруі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2014 в 15:28, реферат

Описание работы

Тіршілік әрекетінің экологиялық фактор әсерінің қаркынына тәуелділігі кеңістік пен уақытка байланысты өзгере ме? Бұл сұрақты шешу үшін канадалық және флоридалық Аиrelia aurita медузаларына температуралық фактордың әсері зерттелді. Сонда, ареалдың солтүстік бөлігінен, Канада жағалауларынан алынған медузалардың қоңырауының максималды жиілікпен жиырылуы +18° С градусқа - судың осы аймақтағы табиғи орташа температурасына сәйкес келетіндігі, ал Флорида жағалауынан алынған медузалардың қоңырауының ең жоғары жиілікпен жиырылуы +29° С кезінде болатындығы анықталды. Басқаша айтқанда, солтүстік және оңтүстік популяцияларының өкілдері әр түрлі температуралық оптимумдармен сипатталады.