Тұлғаның эмоциялық әлемі. Эмоция теориялары
Реферат, 16 Апреля 2014, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Темперамент және мінез типологиясы
Қабілет психологиясы
Дарындылық және талант феномендері
Файлы: 1 файл
Тұлғаның эмоциялық әлемі. Эмоция теориялары..doc
— 155.50 Кб (Скачать файл)Адамның өзіне деген қатынасы өзіндік таным құрылымында когнитивті, эмоциональді, бағалаушы компоненті ретінде қалыптасады. Ерте балалық шақтан бастап, бүкіл өмір бойы қоршаған адамдар баланың әрекет-қылықтарын бағалап өтеді. Бұл қатынас адамның өз-өзіне деген ішкі психологиялық қатынасына, мінез сапасына айналады. Балаға деген қатынас типінің басымдылығына қатысты мінезде қарапайымдылық не масаттанушылық, өзіндік сыншылдық не өз-өзіне сенімділік, намысшылдқ не бәсеңдік, өз-өзін бағалау немесе толымсыздық сезімі пайда болады. Адамның заттарға қатынасы да аса маңызды. Нәресте туғанынан басқа адамдардың еңбегімен жасалған заттарды қолданады. Жасы өскен сайын баланың заттарға деген қажеттіліктері арта түседі. Заттар дегеніміз - ойыншықтар, кітаптар, киімдер, ыдыстар, т.б. Бір бала ойыншығын сындырса, оған ұрысады, ал екіншісіне келесіні сатып әпереді. Бір бала жолдасына өз ойыншығын бермесе, келісі бірі өз ойыншықтарын таратып салады. Осыдан біртіндеп балада ұқыптылық, ашықтық не негативті қасиеттер жинақталады.