Ұстаз психологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Января 2014 в 16:13, реферат

Описание работы

Ұлы ғұлама Әл- Фараби: "Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің барлығын жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсесін ұмытпайтын алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, меніңше шешен, өнер-білімге құштар қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізеттілік көрсетіп қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек" деген.

Содержание работы

Кіріспе
Негізгі бөлім
Мұғалім шеберлігі
Педагогикалық біліктілік туралы ұғым
Оқушылармен қарым қатынас жасау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер, сілтемелер

Файлы: 1 файл

Ұстаз психологиясы.docx

— 30.07 Кб (Скачать файл)

«Ұстаз психологиясы»

Жоспар:

    1. Кіріспе
    2. Негізгі бөлім
      • Мұғалім шеберлігі
      • Педагогикалық біліктілік туралы ұғым
      • Оқушылармен қарым қатынас жасау
    1. Қорытынды
    1. Пайдаланылған әдебиеттер, сілтемелер

 

  1. Кіріспе

Ұлы ғұлама Әл- Фараби: "Ұстаз  жаратылысынан  өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің барлығын жадында жақсы  сақтайтын, бұлардың ешнәрсесін ұмытпайтын  алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, меніңше  шешен, өнер-білімге құштар қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен  ізеттілік көрсетіп қорқыныш пен  жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек" деген.

 

  1. Негізгі бөлім
  •  Жақсы педагог – ең алдымен парасатты, адал, әділ, мейірімді

адам. Сонымен  қатар, өз жұмысын табысты орындау  үшін, мамандықтың 

әр қызметкері жеке қасиеттеріне өз талаптарын қояды, ал ондай қалып-

тасқан қасиеттері жоқ немесе аз болса онда еңбектің тиімділігі тез төмен-

дейді. Ал педагогті  сипаттайтын қасиеттер: көпшілдік, адамның бәріне тең 

қарау.

Ұстаздың шеберлігі - талантты қажет ететін ерекше бір  өнер емес, бірақ, ол басқа да мамандарды шеберлікке үйретуде қажет болатын  мамандық. Жас ұрпақ тәрбиесіне бүкіл  ғұмыры мен қажыр-қайратын және бойындағы  асыл сезімдерін бағыттаған мұғалімдерді айтуға болады.

 Әр педагог өз ісінің шебері бола ала ма немесе педагогикалық жетіс-

тікке жету үшін ерекше дарындылық керек пе? Немесе кәсіби шеберлік

қалыптасуы үшін, педагогикалық қызмет жемісті болуы  үшін қандай

себептер әсер етеді: табиғи және әлеуметтік.

Ұзақ уақыт  бойы педагогика тарихында өмірге педагогикалық  талан-

ты бар тәрбиеші дайындайды деген көзқарастар көбірек  болған; оның

жұмысындағы негізгі  жетістікке жетудің шарты арнайы қабілеттілігі болу

керек деп саналады. Әрине, бұл сұрақтардың төңірегінде  басқа да көзқа-

растар бар.

Қазіргі таңда  ғылым да педагогикалық қабілеттілік жөнінде 

біржақты жауап  бере алмайды. Негізінен қабілеттіліктің  қалыптасуына

әсер ететін төрт факторды баса айтады: талап (бейімділік), тәрбие, орта,

өздігінен жетуге талаптану.

Мұғалімнің өздігінен  білім алуына нақты көмек көрсету  үшін, тұлғаның кәсіптік қызмет саласындағы  қажеттіліктерін, сұраныстарын, мүдделерін білуі қажет. Арнайы ұйымдастырылған  әдістемелік жұмыс мұғалімнің жеке қажеттіліктерін ескеріп құрылуы  тиіс. Мұндай жағдайда мұғалім біліктілікті арттырудың ұжымдық нормаларына  қатыса отырып, өзін қызықтыратын мәселелерге  жауап табатын болады.

  Педагогикалық шеберліктің негізгі белгілері: кәсіптік білім, біліктілік, дағды, кәсіптік қабілет, педагогтік әдептілік, педагогикалық техника жатады.

Педагогикалық негізгі қасиеттерге мыналарды жатқызуға болады:

экспрессивтік, дидактикалық, перцептивтік, ғылыми-педагогикалық, авто-

ритарлық, конструктивтік, мажорлық, гностикалық, психомоторлық  және

назар аударып  жинақтай білу қабілеттілігі.

Мұғалімнің шеберлігі, біріншіден, сабаққа дайындығы мен  жаңашыл әріптестерінің тәжірибесін  пайдалана алуымен тікелей байланысты. Ол үнемі және мақсатты түрде өз білімін, өз тәжірибесін жұмыстың жаңа тәсілдерімен толықтырып отыруы керек. Мұғалімнің сабаққа дайындалуы, педагогикалық еңбегін Ю.А.Львова нақты сипаттап көрсеткен еді.

 

  •   Педагогикалық біліктілікті жоғарылату инженерлік-педагогикалық

кадрлардың кәсіби психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін қалып-78

тастыру мен дамытуға, оларды жаңа кәсіби педагогикалық ойлауға  бейім-

деуге бағытталған.

Біліктілікті  жоғарылату нәтижесі кәсіпқойлықтың өсуі, инновация-

ларға қарсыласудың азаюы, кәсіби-психологиялық потенциалдық жетілуі,

кәсіби рефлексияның қалыптасуы, мамандарды кәсіби тәрбиелеу  болып 

табылады. Біліктілікті жоғарылатудың маңызды функциясы - маманның

кәсіби өзін-өзі  сақтауы, өйткені кәсіпқойлық әлеуметтік қорғанысты қамта-

масыз етеді және бәсекеге қабілеттілікті жоғарылатады (Э.Ф. Зеер).

Біліктілікті  жоғарылату қосымша кәсіптік білім  беру жүйесінің 

құрамдас бөлігі болып табылады, ол кез келген педагогикалық  жүйенің 

элементтеріне (мақсат, мазмұн, оқыту әдістері, оқытушылар, білім алушы-

лар, оқыту құралдары) ие болады.

  •  Мектеп өміріндегі мұғалім – басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Мұғалім белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы, әрі ұстазы, ақылшы-кеңесшісі болып саналады. Оқушылардың ынтымағы жарасқан іскер ұжымын ұйымдастыруда олардың жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру қажет. Ол үшін, оларды ұстамдылыққа, төзімділікке, сенімділікке тәрбиелеу керек.

Оқушының жеке басын танып-білуде, оның оқу-әрекеті  мен қоғамдық жұмыстарының атқаратын  қызметі ерекше. Себебі, оқушының оқу-әрекетінде оның оқуға деген ынтасын, психикалық үрдістерін (жаңа материалды қабылдауы, есте сақтауы, ойлауы, сөйлеуі т.б.) мұғалімнің сабақтар жүйесіне қатысуы арқылы анықтайды. Мысалы, төмендегіше қарастыратын болсақ:

1. Мұғалім - басшы. Оның «беделі» - билік. Оқушылардан ол тіл алуды, бой ұсынуды талап етеді. Ол үнемі өзінің күшіне сенетін жендетке (рақымсыз, қатыгез адам) ұқсайды. Ол үнемі оқушыларды кіналап, қорқынышта ұстайды. Ол – оқушылардың жасырын кемшіліктерін және құпия қорқыныштарын білетін «тәжірибелі» мұғалім. Ол өзінің осы «білімін», өзінің беделін қолдауда шебер пайдаланады. Ол принцип ұстанғыш. Ол мұғалім кез келген сұраққа жауап беру керек және кез келген жағдайда бір ғана дұрыс көзқарас болу керек деп санайды. Нәтижесі: Мұғалімнің мұндай мәнез-құлық түрінің нәтижесі, оқушылардың реніші, қақтығыс (конфликт), қарым-қатынас жасауда шыншылдықтың жоқтығына әкеліп соғады.

2. Мұғалім – компьютер. Оның «беделі» - белгілі бір аймақтағы негізделген білімді меңгерген. Ол оқушылардан білім, жаңалық, дәлел талап етеді. Ол түсі суық, белгілі жағдайды айтатын роботқа ұқсайды. Ол көбінесе сөйлегенде былай сөйлеп бастайды: «Бәрімізге белгілі...», «Мынандай ой бар...», «Барлығы біледі...». Ол өте суық, қатал, жабық адам. Нәтижесі: оқушының өз өзіне сенімділігінің түсуі, сабақта жағымсыз көңіл-күйдің жоқ болуы (әсіресе, пәнді меңгеруде қиындық көретін оқушылар). Соңында оқушылардың оқу мотивациясы төмендеп, тіпті, пәнді жек көрушілік пайда болады.

3. Мұғалім-қиналушы. Оның «беделі» - қақтығысқа түспеушілік. Ол оқушылардан тіл алуды, тыңдауды талап етеді. Ол көбінесе болмашы нәрсе үшін үлкен құрбандықтарға барады. Ол өзіне қатысты жұмыс болмаса да қақтығысқа түспеу үшін үнемі басқаның жұмысын орындайды. Бәрінен бұрын ол қақтығыстан қорқады. Ол үнемі өзін кінәлі сезінеді. Оқушының мәселесі оның көңіл-күйін түсіреді. Егер оқушыда бір мәселе болса, мұғалім бірінші өзін кінәлайды. Нәтижесі: Оның бағыты оқушы үшін зиян. Кейбір оқушыларды ол мұғалімдерді бағындыруға итермелейді.

4. Мұғалім – таныс (дос). Оның «беделі» - әйгілілік. Оқушылардын ол жақсы қарым-қатынасты талап етеді. Ол мейірімді жолдас, әрқашан барлығын кешіре алады (мүмкін болатын салдарына қарамастан). Мұндай мұғалім ешқандай проблемасыз жүреді. Оқушылардың проблемасына немқұрайды қарайды. Нәтижесі: Оқушыда жауапкершілік сезімнің жоқтығы.

Қарым-қатынас  мәселесі бұл әлеуметтік психологияның негізгі проблемалары. Бірақ, қарым-қатынас проблемасымен тек психологтар, педагогтар айналысып қана қоймайды, оны философтар, социологтар, политологтар да жан-жақты зерттеуде. Мектеп оқушыларымен жұмыс істейтін мұғалімдер вербальді (сөз) және вербальді емес (ым не ишара) қарым-қатынастың түрін пайдаланады. Қарым-қатынастың қай түрі болмасын ол мұғалімнің шеберлігіне, тәжірибесіне байланысты деп айтамыз.   Психологтар педагогикалық қарым-қатынастың нәтижесі мұғалімнің баланы біліп-тануына және әр баламен диалогқа түсуіне байланысты деген. Әрине, қанша тәжірибелі мұғалім болса да балалармен қарым-қатынас жасау, әр баланы білу, оларды тану, әр баланы іс-әрекетке кірістіру, оларды сөйлеттіру мұғалімдерге оңай жұмыс емес. Тәжірибеге сүйенсек, жалпы оқушылармен қарым-қатынасқа түсіп жүрген мектеп мұғалімдерін екі топқа (балалармен қарым-қатынас жасауы оңай және балалармен қарым-қатынас орнатуы қиын) бөлуге болады. Бірінші топтағы мұғалімдер қай жастағы оқушылармен болмасын қарым-қатынасқа оңай түседі.

Оның себептері:

  • өз сыныбындағы әр баланың психологиясын өте жақсы білуінде;
  • баланың ішкі жан дүниесін оятатындай жылы сөздер айтуында;
  • мұғалімнің этикасы мен психологиясының дұрыс қалыптасуында;
  • мұғалім сөзінің тәртіптілігінде, жүйелігінде, анықтығында, нақтылығында;
  • оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімнің бірнеше қарым-қатынас түрлерін пайдалана білуінде.

  Екінші топ мұғалімдерінің оқушылармен қарым-қатынасқа түсуі қиын. Оның себептері бірінші топта көрсетілген себептерге қарама-қарсы. Дегенмен, біздің пікірімізше кейбір мұғалімдердің әр жастағы оқушылармен қарым-қатынасқа түсе алмауының және оқушымен қарым-қатынастарының өте қиын болу себептері:

  • - авторитарлық стильді пайдалануында;
  • -балаларға салқындық танытуы;
  • -балаларды әлеуметтік жағынан бөлуі;
  • -балалардың іс-әрекетін, ойын, сөзін әділ бағаламауы;
  • -бала бойынан үнемі кемшіліктер іздеуі, оны жариялауы дер едік. Әлеуметтік психология ғылымында «Мұғалім-оқушы», «Оқушы-мұғалім» және «Балалардың өзара қарым-қатынасы» және қарым-қатынас барысында болатын қиындықтар біршама зерт-телінген.

  Қарым-қатынас қиындықтары эмоциональдық бағытта жиі кездеседі. Оқушылармен дұрыс қарым-қатынас жасауда кедергі келтіретін аталмыш қиындықтардың пайда болуының өзіндік себептері бар. Сондай негізгі себептердің бірі:

1. Қазіргі балалардың көпшілігі акселераттар. Психикасы тез дамыған балалар сұрақ қойғыш, тез қозғалғыш, бәрін білгісі келіп, қарым-қатынасқа тез түскісі келіп отырады. Бұндай топтың балаларын кейбір мұғалімдер тежейтіні жасырын емес. Мысалы, «тыныш отыр», «немене, бәрін білесің бе?», «сен қашаннан бері білетін болдың?», «әуелі өзіңді түзетіп ал, сосын айтасың» т.б. педагогикаға жатпайтын сөздер айтылады.

2. Оқу үрдісінде кейбір мұғалімдер тек өздері сөйлеуді ұнататындығы жасырын емес. Өйткені уақытты пайдаланам деп тек мұғалім өзі сөйлеп, баланың айтатын сөзіне кедергі келтіріп, оның ойымен, пікірімен санаспайды. Яғни оқу үрдісінде кейде диалогтың жоқ екені де жасырын емес.

3. Оқушылардың іс-әрекеттерін әділ бағаламау жиі кездесетін құбылыс. Осының негізінде қарым-қатынас барысында мұғалім мен оқушы арасында дау-жанжал болып жатады. Қарым-қатынас барысында кездесетін осы және өзге қиындықтарды жоюдың бірден-бір жолы: - әр жастағы оқушылардың өзіне тән психикалық ерекшеліктерін ескере отырып, қарым-қатынас орнату;

  • -мұғалім өзінің жағымсыз көңіл-күйінің болмауын қадағалау;
  • -қарым-қатынаста педагогикаға жатсөздер айтпау;
  • -бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау;
  • -қарым-қатынаста дау-жанжалға жол бермеу;
  • -сұхбаттасуда жеке оқушының пікірін сыйлау;
  • -қиын, қыңыр, қырсық оқушылармен жеке дара қарым-қатынас орнатып, олармен тіл табысу;
  • -қарым-қатынаста мұғалімнің – оқушыға, оқушының мұғалімге сенуі;
  • -сезімдік, әскерлік қарым-қатынаста болу.

Мысалы, сынып жетекші және орыс тілі мұғалімі ретінде 8-А класс ұжымына психологиялық тұрғыдан талдау жасайтын болсақ, сыныптың бастауыш сыныпғы білім фундаменті берік қалыптасқан. Оқушылардың сабаққа деген ынтасы жақсы, кез келген сабаққа қызығушылықпен қатысады. Балалар кез келген жағдайда, кез келген ортада өзгелермен тез тіл табыса біледі. Сонда да сол сыныпты ұйымдастырып отырған ұйымдастырушы жеке тұлғалар – лидерлер – бар. Мектептегі, сыныптағы қоғамдық жұмыстарға сыныпты ұйымдастырып, білім мен тәрбиемен ұштастыруға мұғалімдерге көп көмек көрсетеді.

Қарым-қатынаста  кездесетін қиыншылықтарды осы және өзге де жолдар арқылы жеңе отырып, мұғалім  қарым-қатынастың үш функциясын орындайды.

Информация о работе Ұстаз психологиясы