Сананың философиялық концепциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2014 в 15:59, реферат

Описание работы

Сана туралы жалпы түсінік. Сана психикалық бейнелеудің ең жоғары деңгейі және өзін-өзі реттеудің ең жоғарғы деңгейі ретінде. Белсенділік пен интенционалдық – сананың негізіг сипаттамасы. Рефлекия және сананң мотивациялық-құндылыұ сипаты. Адам санасының дамуы мен қалыптасуындағы еңбек ролі. А.Н.Леонтьев концепциясы

Файлы: 1 файл

гуз.docx

— 37.66 Кб (Скачать файл)

Сана объективтік болмыс жайында қорытылған білімнен ғана емес, сондай-ақ сол болмысқа белгілі түрдегі қатынастардан да көрініп отырады. «Бір жерде орын алып отырған қандай да болсын катынас,—деп жазды. К. Маркс пен Ф. Энгельс — мен үшін болып жатады; хайуандар ешнәрсеге де «қатыспайды» және жалпы «қатынас» емес; оның басқа хайуандарға қатынасы дейтін қатынас болмайды».

Демек, адам өзін табиғаттан бөліп алады, белгілі автономия танытады, белгілі дәрежеде бағалай отырып, оқиғаларға байқастап жанасады. Адам қатынастарды интеллектуалды (бағалау арқылы) және эмоционалды (сүю, ұнату, өшпенділік, жек көру, жирену түрінде керінеді) сипатта болуы мүмкін. көп жағдайларда саналы қатынастар интеллектуалды-эмоционалды сипатта, екеуі аралас келеді.

Сана адамның творчестволық қабілеттілігінен көрінеді. «Адамның санасы объективті дүниені бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар оны жасайды»Хайуан еш нәрсені де орната алмайды. Егер ол езі мекендеген жердің жағдайын өзгертсе оны саналы түрде түсініп істемейді, оның тіршілік етуі соған жеткізеді. Мәселен, ешкілер грек тауларындағы бұталарды жеп қойып, соның нәтижесінде елдің климатын өзгертті дейді Ф. Энгельс.

Адам дүниені саналы түрде өзгертуге талаптанады, оны өз қажетіне бейімдегісі келеді, тіпті ол табиғаттың жеке элементтерінен табиғатта кездеспейтін жаңа заттар жасайды. Творчество адамның бүкіл Жерді мекендеуіне және космосқа да жол табуына мүмкіндік береді.

Сананың аса маңызды қасиеті оның есеп беруі болып табылады. Адам өзінің ниеті мен күйзелісі, ойы мен түйсігі туралы өзіне-өзі есеп береді, демек, сана тек қана сыртқы білімді емес, өзің білуді де қамтамасыз етеді, яғни сана өзіндік сана-сезім түрінде де көрініс табады. Адам есеп беруінің арқасында өз күшін реттей алады, өзін түзетіп және дамытып отырады.

Білім негізінде жеке адамның іс-әрекетіндегі және мінез-құлқындағы саналылық мөлшерін анықтауға болады. Жеке адам мінезі мен іс-әрекетінде білімге сүйенеді, ол өткендегіні ескеру және болашақты болжай отырып, неғұрлым тиімді тәсілді таңдап алады. Бұл ретте адам өзін-өзі бақылайды және өз күшін жоспарына қарай реттеп отырады.

ӨЗІНДІК   САНА-СЕЗІМ

Адамның жануарлардан айырмашылығы — ол өзін танитын және білетін, өзін түзетіп және жетілдіріп отыруға қабілетті тіршілік иесі.

Өзіндік сана-сезім — сананың өзіңді білу мен өзіңе қатынастың бірлігі ретінде көрінетін бір түрі. Өзіндік сана-сезім сыртқы ортаны және өзіңді өзің танудың бейнеленуінен біртіндеп қалыптасады.

Басқаларды тану арқылы өзіңді тану. Жас бала бастапқыда өзін қоршаған ортадан бөліп қарамайды. Ол ойыншықты қозғап та, аяғының башайларын қимылдатып та — бірінен-бірін айырмай ойнай береді. Бірте-бірте ол өзін, өзінің органдары мен тұтас денесін қоршаған заттардан бөле қарап, ажырата бастайды. Бұл физикалық саралау процесі сыртқы дүние мен өзін танудың нәтижесінде және алғашқы кезде проприоцептивтік деңгейінде (өз органдарының қалыпты жайы мен қимыл-қозғалысын сезіну) өтеді. «Баланың өзін өзі аңғаруынан кейін,— деп жазды И. М. Сеченев,— есейгенде адамның өз санасының актілеріне сын көзбен қарауға, яғни өзінің бүкіл ішкі дүниесін сырттан келіп қосылатын барша құбылыстардан бөліп қарауға, оны талдауға және сыртқымен қатар қоя қарауға (салыстыруға) — бір сөзбен айтқанда, өз санасының актін зерттеуге мүмкіндік беретін өзіндік сана-сезім туады». Күрделі психикалық кұбылыстарды, әсіресе өз басының қасиеттерін танып-білу іс-әрекет және қарым-қатынас процестерінде өтеді. К. Маркс былай деп көрсетті: «адам алдымен айнаға қараған сияқты, басқа адамға қарайды. Павел дейтін адамға өзі сияқты адам деп қарау арқылы Петр дейтін адам өзіне адам деп қарай бастайды».

Қарым-қатынас процесінде адамдар бірін-бірі біліп, біріне-, бірі баға береді. Өзгенің осындай бағалауы әр адамның өзін-өзі бағалауынан көрініс танытатын болады.

Адамның өзін-өзі тануында, оны басқаның бағалауы мен коллективтік бағаның маңызы ерекше. Егер бір адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқын сыңар жақты бағалау тұрақты сипат алса, онда сол адам өзінің қабілеті немесе мінезі жайындағы осы сыңар жақ бағаны малданып алады да соған мойын ұсынады.

Өзін-өзі тану өзіндік сана-сезімнің қалыптасуында маңызды роль атқарады. Өзін-өзі тану — адамның өз психологиялық және физикалық ерекшеліктерін зерттеп-білуі. Адам өзін тікелей де, жанама түрде де танып біледі. Жанама таным неғұрлым күрделірек тікелей танымның алғашқы сатысы іспетті.

И.М.Сеченев. Таңдамалы философиялық және психологиялық шығармалары. М., Мемлекеттік саяси баспа.

Өз іс-әрекеті мен мінез-құлқын талдау арқылы адамның өзін-өзі тани алуы. Өзін жанама тану өз іс-әрекетінің нәтижелерін талдау жолымен жүзеге асырылады. Белгілі бір саладағы жетістіктерін талдай және бағалай отырып, жұмысқа жұмсалған уақыт пен күшті есептей отырып, өз қабілеттерінің деңгейін анықтауға болады. Қоғамдағы өз мінез-кұлқын бағалау арқылы адам өз басының адамгершілік және психологиялық ерекшеліктерін танып, біледі. Жанама танымда өзін-өзі зерттеп жүрген жеке адамға айналасындағылардың өзі жайындағы көзқарасын талдаудың да маңызы зор. Жақын адамдардың, қызметтес жолдастардың объективті бағасы өзіңді тереңірек танып білуіңе көмектеседі.

Өз басыңның қасиеттеріне берген өз бағаң мен басқа жұрттың бағасын салыстыру да маңызды. Ол өз танымының өзгелердің ойымен бірдей шығу-шықпауын, өзін-өзі не артық, не кем бағалап жүргенін айқындауға мүмкіндік береді.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Есім. Қазақ философиясының  тарихы.

2.Ғ.Есім. Фәлсәфа  тарихы. Алматы,1998

3.Ә.Нысанбаев.Т.Әбжанов. Қысқаша философия тарихы. Алматы,1999

Жаңа дәуір философиясы 
1. Жаңа Дәуір философиясының жалпы сипаттамасы. 
2. Жаңа Дәуір философиясындагы рационалистік және эмпиристік багыттар. Ф.Бжон, Р.Декарт, Б.Спиноза. 
3. Дж.Локк пен Т.Гоббстың ачеуметтік-философиячық концепциялары. 
4. Дж. Беркли мен Д.Юмның субъективтік философиясы. 
 
Жаңа Дәуір философиясының қалыптасуы мен мазмұнына қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер айқындаушы әсер етті. ХVІІ-ғасырда капитализм әлемдік-дүниежүзілік сауда мен мануфактуралық өндірістің тез қарқын-мен дамуын бастан кешті, ол рационализмге негізделген еді жән өндірістегі механизмдердің рөлі арта түсту 
Капиталистік өндірістәсілі ғылымғадеген сұранысты күшейтіп, ғылым бірте-бірте өндіргіш күшке айнала бастады. Экономикалық және әскери жағынан мықты мемлекетке айналуды мақсатетіп қойған европалық мем-лекеттер ғылыми ізденістерге ерекше көңіл бөлуге мәжбүр болды, бұл өмір талабы еді. Ғылымдар академиясы да осы кезеңде пайда бола бастады.(Жаңа Дәуірде тәжірибе мен эксперименттерге негізделген ғылымдар, әсіресе математика, алгебра, аналитикалық геометрия, механика күшті қарқынмен дамыды, бұл фактор шіркеудің рөлін төмендетіп, атеизмнің терең тамыр жаюына әкелді. 
Бірақ діннің де ықпалы жойыла қойған жоқ. Мемлекет басшыларына дін халықтың рухани азығы ретінде аса қажет еді, сондықтан да дін мен мемлекет одағының бұзылмауы үшін күрес үнемі жүріп отырды. Бір қоғамдық өмірде оның секуляризациясы, шіркеуден тәуелсіздік, діни шыдамдылық (веротерпимость) үшін күрес молырақ орын алды, әрбір адамның діни таңдау еркіндігі үшін күрес үнемі жүріп отырды. 
Осы кезенде философия ғылымы екіге бөлінгендей күй кешті: бір жағынан — ғылыммен тығыз байланыс, екінші жағынан — философиялық шығармаларда дінн-теологиялык мазмұн әлі де болса мол бол ды. Дегенмен де философия ғылымға көбірек бет бүра бастады; 
Бұл ерекшелік ағылшын философы Фрэнсис Бэконның (1561-1626) философиясынан анық байқалады. Дворяндар отбасындатуып, Кембридж университетін бітірген Бэкон дипломатиялық қызметпен де айналысты, парламент мүшесі, танымал адвокат, шешен, белгілі жазушы ретінде де танылды. Негізгі еңбектері: «Жаңа Органон», «Тәжірибелер немесе адам-гершіліктік және саяси қағидалар», «Жаңа Атлантида», т.б. 
Бэкон философия ғылымының практикалық функциясына ерекше көңіл бөледі. Оның ойынша. философия ғылыми білімдердің көмегі арқылы адамға табиғатты игеруге көмектесуі қажет. Әйгілі «Білім — күщ» (Знание — сила) деген қағиданың авторы Бэкон еді. Ғылымдарды да Бэкон адамға пайдалылығына байланысты классификациялайды. 
Оның пікірінше, философияның негізгі зерттеу объектілері — құдай. табиғат және адам. Бэкон философияны табиғи философия деп түсінеді, оның өзін теориялық және практикалық деп бөледі. Біріншісітабиғат құбылыс-тарының себептерін түсіндірсе, екіншісі теориялық жаңалықтарды пайда-лана отырып, адамға қажетті жаңалықтар ашады. Табиғи философияны Бэкон физика және метафизика деп жіктейді, оның негізінде — Аристотельдің себептілік ілімі. Себептер материалдық және іс жүзіндегі, формальдік және мақсаттық болып белінеді. Алғашқы екеуі тәжірибелік зерттеуде нақты көрінеді, себебі олар табиғатта болып жатқан нәрселердің жақын себептері, оларды зерттеу — физиканың міндеті. Бірақ бұл жеткіліксіз, формальдік себептер олардан тереңдеу, оларды талдайтын — метафизика. 
Философияның соңғы бөлімі — адам туралы ілім. Адам индивид ретінде антропологияның, қоғам мүшесі ретінде азаматтық философияның немесе саясаттың пәні.Адам табиғатты өзіне бағындырып, адам патшалығын орнатуы қажет. Бұл істе оған көмектесетін практикалық философия, объективтік акиқаттарды танып-білу тосілі, бұл тәсіл.»Жаңа Органонда» баяндалады. Бэконның тұжырымдауынша, адам ақыл-ойына жүгіне отырып, теориялық пайымдауларды іс жүзінде тексеруден өткізіп, тәжірибеде көз жеткізіп отыруы қажет. Бэкон осылайша рационализмді сынап, эмпиризмді қолдайды. Оның ойынша, адамның ақыл-ойына, санасына қателіктер тән, олар ақыл-ойдың дамуын тежеп отырады, сондықтан олардан құтылуға тырысу керек. Бэкон бұл кемшіліктерді идоя-дар, елестер, ескіліктің қалдықтары деп атайды. Оның пікірінше, кейбір идолдар адамға туа біткеннен тән, кейбіреуі адам танымының тарихи даму процесінде, ал енді біреулері адамның жеке дамуының кезендерін де пайда болады. Бұл елестер адамнан қалмай қуалап, олардың бойынд. алдамшы идеялар туғызады, табиғаттың нақты бейнесін көмескілеп, адамға табигаттың тереңіне бойлауға бөгет болады. Олар: 
1) Адамның табигатына, тегіне, ақыл-ойына да, сезімдеріне де тән елес-идолдар. Адамның ақыл-ойының да, сезімдерінің де кемшіліктері көп. Бірақ адам оны ескере бермейді, не ақылына, не сезіміне көбірек жүгінеді. Мысалы, ғылыми фактілерді толық жинап болмай жатып, теориялық асығыс қорытынды жасайды, немесе дәлелденбеген нәрсеге көбірек сенеді. Бэкон теорияны эксперимент тәсілі арқылы тексеру бұл идолдан құтылуға себеп деп көрсетеді, ақылдың қанатына таразы тас іліп қойса, ақыл жерге, фактілерге жақындай болады дейді. 
2) Үңгір идолдары — адамның физиологиясы мен психикасының, тәрбиесінің ерекшеліктері, жеке наным-сенімдері мен ырымдары құбы-лыстарды объективті түрде қабылдауға кедергі жасайды. Оны түзететін ұжымдық тәжірибе. 
3) Алаң идолдары — адамдардың тіл арқылы араласуынан туындайтын идолдар. Жаман сөздерді қолдану адамның санасын, ойлау логикасын бұзады. Адамдардың көпшілігі оның зиянын ескере бермейді. Бэкон бұл жерде қарапайым сананы сынайды. Сөздерді қолдана отырып, олардың артында нақты заттар тұрғанын, нағыз объективтілік тек соларға тән екенін ұмытпаған жөн дейді (номинализм бағытын жалғастырады). 
4) Театр идолы — жалпы қабылданған, көнеден келе жатқан философиялық доктриналарға, мектептер мен жүйелерге, олардың беделіне деген соқыр сенім «философиялықтеатрларды» туындатады. Мысалы, дінге деген шектен тыс сенім. Оны жеңу мақсатымен Бэкон «екі ақиқат» теори-ясын ұсынады. Философия ақыл-ойға жүгініп, ол әлсіздік танытқанда теологияға да арқа сүйесе, артық болмайды. Бірақ олар бір-бірінің ісіне араласпауы қажет. «Ақиқат беделдің емес, уақыттың туындысы». 
Ф. Бэкон индукция теориясының маңызын көрсетті. Тәжірибедегі фак-тілерден біртіндеп жалпы ережелерге көшуді дедуктивті-силлогистік пай-ымдауға қарсы қойған Бэкон бұл тәсілдің ақылға тән кемшіліктерді жоя алатындығына сенімді болды. Бірақ бұл жай тіркей беру емес, жиналған фактілерді қорыта білу (бал арасы секілді), жаңа қорытынды-тұжырымдарға қол жеткізу. Ал ол бақылау (наблюдение) процесінде емес, эксперимент процесінде ғана мүмкін. 
Рене Декарт (1596-1650) — француз дворянының отбасында туып, иезу-иттердің Ла-Флеш коллегиясында физика, математика, арифметика, механика, музыканы тереңдетіп оқыды. Мықты математик ретінде танылған Декарт осы ғылымның көмегімен бүкіл ғылымдар жүйесін, философияны қайта өзгертуді армандады. Саясат мәселелеріне қызықпаған де-карт (Картезий) алгебра, аналитикалық геометрия, механика мәселелерін зерттеумен айналысты жарықтың сыну заңын ашты, қанның айналуын зерттеді психология мен космогонияны, және, әрине, философияны талдады. Белгілі еңбектері: «Бірінші философия туралы пайымдаулар». «Фи-лософияның алғашқы бастаулары», «Метод туралы ойлар». 
-философия ағаш секілді, оның тамыры — метафизика, діңгегі — физика, діңгектен тарайтын бұтақтары — үш басты ғылымның, медицина, механика және этиканың төңірегінде топталатын ғылымдар. Жемістерді тамырдан бастап жинамайтынынымыз секілді, философияның пайдалылығы да оны құрастыратын бөліктерге байланысты» деп. Декарт барлық ғылымдардың бірлігін, тұтастығын атап көрсетеді. Бэкон секілді, Декарт та шығармаларын қоғамның тандаулы топтарына ғана емес, қарапайым адамдарына да түсінікті тілде жазуға тырысты, оларға демократиялық сипат беруге ұмтылды. Екіншіден, өзінің ағылшын әріптесі сияқты, Де-карт та әлеуметтік реформаларды қолдамады, діни және қоғамдық тәртіпті өзгертуге қарсы болды. 
Ерекшеліктері: 
Декарт адамның ақыл-ойына көбірек жүгінді, Бэкон жекеден жалпыға қарай жүрсе, Декарт жалпыдан жекеге көшті, оның бұл ерекшелігі мате-матикалық ойлау тәсілінен жақсы көрінеді. Өзінің математикалық ізден-істерінің негізінде Р.Декарт жалпы ғылыми тәсіл ұсынды. Негізгі себеп -адамдар ғылым және өнер саласында ақиқат ұғымдарды емес, болжамды көбірек қолданады, сондықтан басқа тәсіл керек. Декарттың ойынша, мейлінше дәл ойларды ұсынуға тек математика қабілетті, сол себепті осы ғылымның тәсілдерін жаңа философиялық жүйе жасау ісінде қолдану керек. Декарт төрт ережені тұжырымдайды: 
1) Ақиқат деп ақиқат екені күмәнсіз нәрсені ғана қабылдау қажет. Асығыстық пен нанымға орын болмауы тиіс, тек ақылға айқын, нақты тұжырымды ғана қабылдау керек. Картезиандық рационализмнің бұл принципін интуиция ұғымы буідіреді. Декарт бұл қасиетті табиғи, бірақ сезімдік емес, интеллектуальдік сәуле деп түсінеді. 
2) Зерттейтін сұрағымызды ойша мүмкіндігінше қарапайым элементтерге бөліп қарастырсақ, қиыңдықтарды шешу, белгілі бір шешімге келу жеңілдейді. 
3) Бұл ереже логикалық түрде екінші ережеден туындайды: таным процесі қарапайымнан күрделіге қарай жүреді. 
4) Дедукцияның барлық звеноларын ұмытпайтындай шолу жасап отыру қажет — энумерация. 
Декарттың рационализмінің негізі — күмән. Күмәнданған адам күмән туғызған объект туралы терең ойланады, яғни өмір сүреді, тіршілік етеді. «Мен ойлаймын, яғни өмір сүремін» (Я мыслю. следовательно я существую. Соgіtо егgо sит). Декарттың пікірінше, біз анық қабылдайтыні нәрселердің бәрі ақиқат, бірақ олар ақылымыз арқылы, ойымыз арқылыи қабылданады. 
Барух Спиноза (1632-1677) Амстердамда еврей отбасында дүниеге келіп, өуелі сауда-саттықпен айналысқанымен, кейінірек философияға біржола бет бұрды. Оның ілімінде алғашқы кезде жаратылыстану мәселелері көбірек болғанымен, ол бірте-бірте этикалық доктрина қалыптастыру, адам мәселесін терендеп зерттеу ісіне басты назар аударды. Негізгі еңбегі — «Этика». 
Спиноза адам табиғаттың ажырамас бөлігі екеніне сенімді. Табиғатта механикалық заңдар үстемдік құрса, адам қызметінде оған ойлау қосылады. Спиноза адамгершілік принциптерініңтабиғи сипатын ерекше атап кәрсетеді. Бірақ оның философиясында құдай — табиғаттың өзі. Ол субстанция, құдайы табиғатта кездейсоқ ештеңе жоқ, адамдардың құдай деп жүргендері өздері түсінбеген табиғат. Спиноза адамгершіліктік ережелердің құдайдан туындайтындығын теріске шығарғанымен, оның философиясынан жеке эгоизм идеясын кездестірмейміз. 
Ең бастысы — Спиноза адамның еркіндігін, оның ақыл-ойының еркіндігін жария етеді. Оның ойынша, адам адамгершілікті өз бойында еркін қалыптастыруға қабілетті, қорқыту, үрей (мемлекет және басқа адамдар тарапынан) арқылы адамгершікке тәрбиелеу мүмкін емес, себебіоның табиғаты ізгілікті.Адам өмірінің мәнін Спиноза бақытқа жету деп түсінді, осы бақытқа жету жолында оның ақыл-ойы адамгершілік ережелерін ту-ындатады. Спиноза сезімді парасаттан төмен қойып, адамгершілікті ақыл-оймен байланысты қарастырады. Ақыл-ой белсенді, оның күші танымның дамуы процесінде өсе түседі. Еркін ақыл-ойға ие адам еш қысымсыз басқа адамдармен тамаша қарым-қатынас орната алады, яғни ақыл-ойдың көмегімен рахатқа бөленеді. Осыдан Спинозаның мемлекет туралы пікірі туындайды, ол мемлекеттің мақсаты — адамның еркіндігін қамтамасыз ету деп тұжырымдайды. 
Спиноза адамды өмірдің барлық жағдайында да еркін болуға шақырады. Тіпті өлімнен де қорықпау керек, себебі мәңгілік ештеңе жоқ. Сондықтан да еркін адам өлім туралы мейлінше аз ойлайды, өлім туралы күні-түні қайғырып, мұңға бату — құлдықтың бір түрі. Спиноза адамдарды өз бақытсыздықтарына салыстырмалы түрде қарауға шақырады (біз «философиялық» деп атап жүрген көзқарас). Өмірде бәрі де өтпелі, қазіргі сәтсіздік — себептіліктің бір звеносы, әлем деңгейінде ол болмашы ғана 
68 
нәрсе. Бір қарағанда үстіртіндеу болғанымен, Спинозаның бүл философиясы өмір туралы ойланған адамның жан жарасын жеңілдетуге біршама пайдалы. Ол адамды тәуелсіз, еркін, ешкімге де, ештеңеге де жалтақтамай өмір сүруге үйретеді және дүниедегі құбылыстардың, адам өміріндегі проблемалардың бәрі де уақытша, өтпелі екендігін дәлелдейді. Өмірден жиі түнілетін қазіргі заман адамына Спиноза философиясы аса пайдалы. 
Томас Гоббс (1588-1679) — кәрнекті ағылшын философы, Оксфорд университетінде Аристотельдің логикасы мен физикасын оқыды. Негізінен адам мәселесін, оның әлеуметтік-құқықтық статусын зерттеді. Еңбектері: -Левиафан немесе Материя, шіркеулік және азаматтық мемлекеттің формасы мен билігі», » Азамат туралы», » Дене туралы», «Адам туралы». 
Гоббс философия мен теологияны беліп қарастырады, Бэконның «екі ақиқат » теориясын тереңдете түсіп философияны жогары қояды, «фи-лософия — танушы ақыл-ойдың рациональдік іс-әрекеттерінің жүйесі. Ол, бір жағынан, белгілі себептерден әрекеттер мен құбылыстарға қарай, екінші жағынан, құбылыстардан оларды тудыратын негіздерге қарай жүреді. Яғни, ақиқат дегеніміз ғылымға тең философия». — дейді 
Теологияны жоққа шығармағанымен, оны философияның құрамдас бөлігі деп қарастырмайды. Гоббс үшін теология рациональдік анализді қажет етпейтін құдайы білім, оны сол күйінде тұтас жұтқан дұрыс. Гоббстың бұл пікірлерінің негізгі себебі — оны

 


Информация о работе Сананың философиялық концепциясы