Қасиетті жеті саны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 20:52, реферат

Описание работы

Жеті Қазына — қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы лық түсініктердің бірі. Қазақ халқы Жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады: жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, берен мылтық, қанды ауыз қақпан, майланғыш ау, өткір кездік

Файлы: 1 файл

Жеті Қазына.docx

— 21.03 Кб (Скачать файл)

Жеті Қазына — қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы лық түсініктердің бірі. Қазақ халқы Жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады: жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, берен мылтық, қанды ауыз қақпан, майланғыш ау, өткір кездік. Ер жігіттің жүйрік аты — қанаты. Қыран бүркіт — қуаты. Құмай тазысы — абыройын асырар сенімді серігі. Мылтығы — қаҝарлы оты. Қақпаны — серті, ауы — әдіс-айласы, кездігі — сұсы. Халық Жеті қазынаны өмір қажетіне негіз етіп таратқан. Қазақ халқының Жеті қазынаны — жеті ырыс деп атауының да мәні осында. “Жеті ырысқа” мыналарды жатқызады:

1) адамның ақылы,ой-санасы. Өйткені, адамзат ақылы арқылы хайуанаттар дүниесінен бөлініп ерекшеленеді, әрі дүниенің қожасы болды;

2) денсаулық, яғни  дененің саулығы;

3) ақ жаулық, яғни  үйдегі әйел адам — ердің жары, балалардың анасы. Халқымыз ежелден “Бас екеу болмай, мал екеу болмайды” деп, әйелді тіршілік иесі, адам өмірін жалғастырушы деп қастерлеген;

4) бала. Бала —  адам өмірінің жалғасы, қуанышы;

5) көңіл. Көңіл мен пейіл кең болса, ынтымақ пен береке орнайды;

6) жер. “Жерсіз — ел тұл, ерсіз — жер тұл”;

7) ит. Ол әуел бастан-ақ адамға сенімді серік болған.

 

 Ал ислам  аңызы бойынша, Жеті қазынаға  мыналар жатқызылады:

1) Қыдыр (қызыр). Ол өзі ұнатқан адамдарына  ғана дариды. Қыдыр дарыған адам  байлыққа кенеледі деген түсінік  бар;

2) бақ. Ерекше  жаратылған құдірет иесі. Бақ  дарымайды, қонады. Бақ қонған  адам ел мен жерге қожалық  етеді;

3) ақыл. Ақыл —  байлық пен бақыттың тірегі;

4) денсаулық. Деніңізде  саулық болмаса, өміріңізде сән  де, мән де болмайды делінеді;

5) ақ жаулық. Дін  аңыздары бойынша, Алла адамды  топырақтан жаратып, жан берген  соң, адам ұрпағын тарату үшін  оның сол жақ қабырғасының  біреуінен Хауа Ананы жаратқан;

6) тұз. Тұз —  Алланың адамдар мен жан-жануарларға  берген несібесі, таусылмайтын кені;

7) ит. Адам мен  Хауа Ананың алғашқы серігі, қорғаушысы. Осы айтылған ислам аңызындағы  Жеті қазына Алланың кереметімен  ғана болып отырады. Мұндағы  мақсат — “Барлық іс Алланың  ұйғарымында, құдайсыз қурай сынбайды”  дегенді білдіреді.

 

 Жеті қазына  ұғымы басқа халықтарда да  кездеседі. Мысалы, грек аңыз-әңгімелерінде  Жеті қазына басқаша кездеседі:

1) көк аспан.  Ол әлем сырын өз шеңберінде  сыйғызып, солардың өзіндік қалпын  сақтайды;

2) Күн. Ол әлемдегі  тіршілікті басқарады. Барлық  зат — Күннің шуағынан нәр  алады;

3) Ай. Түнгі тіршілік  нәрі. Ай табиғатты түн тұңғиығында  тербеп, нұрландырады;

4) от. От — Күннің жердегі сүлдесі. Отты пайдалану арқылы адамдар дүниенің төрт бұрышына тарады;

5) су. Сусыз тіршілік жоқ. Су — жерге қуат, өсімдік әлеміне, жан-жануарға нәр, көрік береді;

6) Жер. Жер — тіршілік анасы. Жан-жануарлар мен өсімдік әлеміне көрік, келбет, түр-тұрпат береді;

7) ит. Ит — Адам мен Хауа Ананың пейіштен қуылып, жерге түскендегі алғашқы серігі, досы әрі қорғаушысы. Сол себепті Жеті қазынаның бірі саналады.

 

Бес парыз

 Ол-Ислам дінінің негізгі қағидалары. Олар мынандай:

1. Алланың барлығына,  бірлігіне, хазірет Мұхаммедтің Алланың құлы әрі соңғы пайғамбары екендігіне сену («Әшһаду ән-ла-иллаһа иллалаһ уа ашһаду әннә Мұаммәдән Ғабдуһу уә расулуһ»).

2. Ислам дінінің,  яғни Аллаға сыйынудың негізгі діңгегі – күнде бес уақыт намаз оқу.

3. Дінге, Аллаға сыйынудың тағы бір талабы- ауқатты деп саналатын пенделердің жылына бір рет зекет беруі.

4. Рамазан айында бір ай ораза ұстау.

5. Дені сау және адал жолмен тапқан қаржысы, малы жеткілікті болса, өмірінде бір рет Мекке-Мәдинаға барып қажылық ғибадат жасау.

 Осы бес  парызын адал атқарған адам ғана нағыз мұсылман болып саналады.

Жеті ата. Бұл – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты-жөнін білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс. "Жеті атасын білмеген жетесіз" деген аталы сөзді өзіңіз де білетін боларсыз.

 

 Өйткені қазақта  жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады. Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.

 

Жеті жұт. 1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру). 5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зілзала (жер сілкіну).

Жеті жоқ. 1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ.

 

Жеті қазына. Ол жөнінде пікір талас көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен мылтық.

 

Жеті жетім.

Тыңдамаған сөз  жетім.

Киюсіз тозған бөз жетім.

Иесіз қалған жер  жетім.

Басшысы жоқ ел жетім.

Аққу, қазсыз көл  жетім.

Жерінен айырылған  ер жетім.

Замандасы қалмаса  – 

Бәрінен де сол  жетім.

 

Жеті ғашық. 1.Ләйлі  – Мәжнүн, 2.Жүсіп – Зылиха, 3.Фархад – Шырын, 4.Тахир – Зухра, 5.Арзу – Қамбар, 6.Уәлик – Ғарра, 7.Уәки – Күлшаһ.

Әлем халықтарының жеті санына қонақ болып көрейік

Жеті – ең ерекше сандардың бірі. Неге екені белгісіз, тұла бойы ашылмаған құпияға толы сынды. Әлем халықтары оны қасиетті, тылсым, таңғажайып, бақыт пен сәттілік әкелетін сан деп баға береді.

Жеті Египетте мәңгілік өмірдің нышаны, Осирис құдайының  саны. Сондай-ақ олар жеті планета бар  деп санаған. Шумерліктердің Лугуланнемунду атты патшасы өз қаласында Нинту  ғибадатханасын тұрғызған екен. Бұл  ғимараттың жеті қақпасы және жеті есігі болған көрінеді. Және ғимарат  құрылысы аяқталған соң, жеті рет  дәріптеліп, жеті өгіз бен жеті қой  құрбандыққа шалынған.

Жеті Ежелгі Грекияда Аполлон нышаны. Аполлон айдың  жетінші жұлдызында дүниеге келген. Оның лирасының (музыкалық аспап) жеті ішегі болған екен.

Дінде де жеті санының  орны ерекше. Мәселен, Аллаһ Тағаладан  пенделеріне түскен қасиетті кітаптардың  бірі – Тауратта жеті саны 500 рет  қайталанады. Ислам дәстүрінде жұмақтың жеті қақпасы, тозақтың жеті баспалдағы, Қағбаны жеті рет айналу деген  ұғымдар бар болса, христиандарда  жеті – жаратылыстың нышаны болып  саналады.

 

Жеті жазба, жеті ашу, жеті шырақ, жеті басты дәу, жеті нота, жеті батыр, аптаның жеті күні, жеті жел, жеті қат жердің асты, жеті таудың арғы жағы, жеті, жеті, жеті...

 

Соның бірі өлімге себепкер болатын жеті күнә: тамақсаулық, жалқаулық, нәпсіқұмарлық, өркөкіректік, ашу, қызғаншақтық және сараңдық. Теолог Фома Аквинский күнәһарларға ауыр жаза берілетін күнәлардың ішіндегі ең негізгілерін талдап, түсіндіріп жазып шыққан.

 

Жігіттің үш жұрты

Жеті атаға  дейін қан араласпайды (Қыз алып, қыз беріспейді).  I    Жеті жарғы.   I    Жеті саты.

 

“Туысым - бай, қайыным - бай, нағашым – бай, қайтып кедей  қыласын, құдайым-ай!»

 

Кез келген азамат өзінің ағайын жұрты, қайын жұрты  және нағашы жұрты болатынын жақсы  біледі. Алайда олармен қарым-қатынастың өзіндік  ерекшеліктерін жете білмейтін  жастар қазір әр жерден-ақ ұшырысып қалады. Әсіресе орыс мектебінде оқыған жастардың көпшілігі жігіттің үш жұрты былай тұрсын, жезде-балдыз, жеңге-қайын сияқты туыстық атаулардың өзін білмейді. Халық дәстүрін сақтай білген жігіттің қайда барса да жүзі жарқын. Оны өз туыстары да, қайны  мен нағашы жұрты да алақанға салып  ардақтайды. «Өзі жақсы кісіге бір  кісілік орын бар». Ал егер жігіт  туыс-жұрағаттың кім екеніне мән  бермей дәстүрден аттаса, өз басын  алып жүре алмай, әр істе табансыздық, тайғанақтық көрсетсе, ондай азаматта береке де, бедел де болмайды.  Сондықтан  «үш жұртты» таныстыра отырып, атаулардың мағынасын еске салайық.....

Жеті атаға  дейін қан араласпайды (Қыз алып, қыз беріспейді)

 

Үлкендердің ақылына  құлақ аспай үйленген қаны жақын  туыстас жастарды ерте кезде «тас боран» етіп өлтірген деген аңыз-әңгімелерді  надандық, жабайылық деп қабылдайды.  Мұның астарында ұрпақ қамы, үлкен  жауапкершілік жатқаны әрдайым  ескеріле бермейді. Ал, шындығында, қандас туыстар бір-бірімен қосылса олардың  ұрпақтарының айықпас дертке ұшырайтындығын, балаларының соқыр, маймақ, керең  не ақыл-есі кем болып туатындығын  ата-бабамыз ежелден-ақ білген. Қазақтың бұл даналығын кейінгі кездегі  тұқым қуалау белгілерінің заңдылықтарын  зерттейтін генетика ілімі де, оның ішінде медицина генетикасы саласы бойынша  зерттеу қортындылары да қуаттап, дәлелдеп отыр. Өйткені ата-ананың гендерінде тек оларға тән сипат-белгілер (бет-әлпеті, мінез-құлқы, түр-түсі, т.б.) ғана емес, түрлі  тұқым қуалайтын аурулар да «жазулы» тұрады екен. Мәселен, қаны жақын туысқан  адамдар қосылған жағдайда олардың  жыныс клеткаларына «жазылған» белгілердің  ішіндегі кереңдік ауруын «таситын»  гендері бір-біріне ұқсас болғандықтан асқынып, екі еселеніп күшейіп берілетіндіктен  төртінші ұрпақтарына келгенде олардың  барлық балалары таскерең болып туатындығы анықталған. Бұл мынандай сызбадан айқын көрінеді.

Жеті жарғы

 

Ақыл-парасатының  молдығы арқасында ӘзТәуке атанған  ханның тұсында «Жеті жарғы» атты қазақ әдет-ғұрып хұқығының тамаша ескерткіші туады. Өзіне дейінгі  дәстүрлі заң жобаларының бар  мәйегін бойына сіңірген бұл жарғыда  салт-тұрмыстағы күрделі жеті мәселеге қамтылған.

1.    Тіл  тигізу, балағаттау, ұрып-соғу, денеге  зақым салу, әйелді зорлауға қатысты  берілетін жазалар. 

2.    Кісі  өлімі, оған салынатын айып.

3.    Ұрлық-қарлық, барымта.

4.    Зинақорлық, зайыбының көзіне шөп салу.

5.    Әдептілік,  ата-ананы сыйлау, үлкендер сөзіне  құлақ асу.

6.    Жеті  ата ішінде қан араластырмау.

7.    Елді  мекен, көшіп-қону, жер дауы.

Сол кездегі қоғамның әрқилы қырын қамтыған бұл заң, қазақ  мемлекетінің ғасырлар бойы өз тәртіп-тәрбиесі бар, имандылыққа арқа сүйеген біртұтас тәуелсіз ел болып тұруына бірден-бір  негіз, алтын арқау болды.

Жеті саты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қасиетті жеті саны