Казіргі кездегі суицидалдық мінез-құлықты зерттеу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Июня 2013 в 16:48, дипломная работа

Описание работы

Латын тілінен аударғанда «суицид» сөзі «өзін-өзін өлтіру» деген мағынаны білдіреді. «Өзін-өзі өлтіру» деген түсінікке ХІХ ғасырда «Самоубийство: Социологический этюд» деген еңбегінде француз социологы Эмилем Дюркгейм классикалық тұрғыда анықтама берді. Өзінің осы түсінік туралы пікірінде, тікелей немесе жанама болса да, оң немесе теріс қылықтардың нәтижесі болып табылатын әрбір өлім жағдайын жәбірленушінің өз жасаса, және ол оның нәтижесі туралы білсе, онда ол өзін-өзі өлтіру әрекеті болып табылады дейді. Өзін-өзі олтіру – философиялық, психологиялық (психологиялық теріс бейімделу, фрустрация), әлеуметтік, медициналық, адамгершіліктің және құқықтың проблемалардың жинақталуынан тұратын өте күрделі, көп қырлы феномен.

Содержание работы

Кіріспе……………………………............................................................................3
1 Суицид мәселесінің әдіснамалық, теориялық негіздері....................................5
1.1 Суицид мәселесіне әдіснамалық талдау ....................................................5
1.2 Суицидті әлеуметтік мәселе ретінде қарастыру..........................................7
2 Жастар арасындағы өзін - өзі өлімге итермелеудің алдын - алу және олармен әлеуметтік жұмыс .................................................................................10
2.1 Суицидтік жағдайлардың негізгі себептері....................................................10
2.2 Жастар арасындағы суицидке байланысты жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар..................................................................................................................14
2.3 Кризистік көмек..............................................................................................23
Қорытынды..............................................................................................................25
Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………..................................................29

Файлы: 1 файл

Суицид диплом марта.doc

— 510.00 Кб (Скачать файл)

14.Клейберг Ю.А  «Девиантты  мінез-құлық психологиясы» М,.2001ж

15. Мустафаева Н. И.  Социально-демографические процессы в Казахстане

16.  Медицина и идеология.  – М.,  1997.

17. И.Ф.Дементьева   Приемная семья – новая модель защиты детства в Росии  Воспитание школьников. – 1996.

18. Социология молодежи: Оқулық / В.Т.Лисовскийдің басш. ред. – СПб., 1996.

19. Б.Ю.Шапиро Педагог как консултант: социально-психологическая помощь подросткам, попавшим в трудную жизненную ситуацию  // Мир психологии. Научно-методический журнал. – 2001.

20. А.А.Кучер, В.П.Костюкевич   Выявление суицидального риска у детей  // Вестн. психосоциальной и коррекционно-реабилитационной работы. – 2001.

21. И.Н.Лаврикова  Молодежь: отношение к смерти // Социологические исследования. – 2001.

22. Х.Ремшмидт  Подростковый и юношеский возраст: Проблемы становления личности. - М., 1994.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазіргі кездегі суицидалды мінез құлықтарды зерттеу жолдарының эксперементтік тұрғыда зерттеу.

Зерттеу жұмыстарының  мақсаты,  міндеті,  әдістемесі, сыналушыларға  сипаттама

 

Зерттеудiң  мақсаты: Суицидтің алдын алу бағдарламасын қамсыздандыру және дағдарыстық ахуалда балаларға, жасөспірімдерге әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету, жаңа әдістер ұйымдастыру.

Міндеттері:

  • қазақстандағы суицид мәселесі бойынша кешенді әлеуметтік-психологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу;
  • білім беру мекемелерінде суицидологиялық қызметтің үлгісін /моделін/ және жасөспірімдер арасында суицидті болдырмау мен психологиялық-педагогикалық диагностика бағдарламасын әзірлеу,
  • жастар арасында суицидті алдын алу бойынша халықаралық бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларында жұмыс жасауға қатысу.

Зерттеу барысына Қарағанды облысы, Теміртау қаласы №10жалпы білім беретін орта мектебіның 8-10 сыныптары, яғни 15-17 жастағы 75 сыналушы қатысты. Зерттеу барысында қыздар саны басымыр-ақ болды.

Эксперемент барысында суицидтік  бағыттылықты анықтау СБА әдістемесі (тұлғалық сұрақнама) әдістемесі жүргізілді. Бұл әдістеме 13-18 жасар жасөспірімдердің суицидтік қауіпті ұстанымдарын анықтаудағы бағдарланған әдістеме ретінде құрылған. Әдістеме депрессиялық, невротикалық жағдайды және қарым-қатынас деңгейін анықтауға арналған. Жалпы шкала саны – 4, негіздеме саны – 74.

Сіздердің қазіргі жауап бергендеріңізді  бұрын сізді жақсы білетін  адам жауап бергендей көз алдарыңа елестетіңдерші. Айтылғандардың біреуі сізге жақын болса, ал кейбіреуі  келмейді, яғни сіз бұл ұстаныммен келіспейсіз.

Сіз келіскен ұстанымға  «+» белгісін, ал егер келіспесеңіз «-» белгісін қойыңыз. Егер сіз жауап  бере алмасаңыз немесе жауап бергіңіз келмесе  онда номерді  дөңгелетіп қойыңыз. Барлық сұрақтарды  дұрыс  тыңдап, мұқият болыңыздар, әдістемені орындауға  аз уақыт берілген. Дөңгелекті қоймай  жақын жауап беруге  тырысыңыз. Көп ойланып талқылауға тырыспаңыз. Адамның ойына  алғашқы  келген жауап нақты деп саналады. Ұстанымдар берілді  (ұқыпты да мұқият болыңыздар, нұсқауды орындаңыз): Осы әдістеме арқылы балалардың суицидтікке бару жолының төрт шкала бойынша анықтаймыз. Олар: І шкала «И» - шыншылдық шкаласы, ІІ шкала «Д» - депрессивті шкала, ІІІ шкала «Н» - невротизация шкаласы, IV шкала «О» - қарым-қатынас шкаласы.

Әдістеме мына сұрақтардан тұрады:

 

 

 

  1. Мен нұсқауды мұқият тыңдадым, барлық сұрақтарға  шынайы жауап беруге дайынмын.
  2. Мен шаруа істегенде  армандап немесе шашыраңқы болатын кездерім болады.
  3. Мен қоршаған адамдарға  қарағанда тез шаршаймын.
  4. Кейде мен мақтана аламын.
  5. Менде көтеріңкі  көңіл-күй жиі болады.
  6. Көңілсіз ойлар менде  үнемі болып тұрады.
  7. Адамдармен қарым-қатынас жасағанды  ұнатамын.
  8. Менің каяқ-қолым тоңып немесе ұйығанын кейде  сеземін.
  9. Ренжігенімді тез ұмытамын.
  10. Мойын тұсымнан , шекемде соғысты пульсацияны сеземін.
  11. Көңілді  ортада  көңіл көтергенді ұнатамын.
  12. Менің отбасымда жүйкесі тозған адамдар бар.
  13. Өзім түсінбейтін жайыттар туралы  сенімді түрде айта аламын.
  14. Кейде өзімді мүсәпір сезінемін.
  15. Менің жақсы таныстарым көп.
  16. Менің басым жиі ауырады.
  17. Мен үнемі белсенді  және ширақпын.
  18. Егер мен отырып бірден тұрсам менің көзім қарауытып, басым айналады.
  19. Жағымсыз жағдайлардан ауырғанымды сылтауратып құтыламын.
  20. Жабық тақырыптағы  әңгімеге құзығушылық  танытамын.
  21. Нашар көңіл-күй жайыттары  жиі болып тұрады.
  22. Менің шаршамайтындығым мен іскерлігіме жолдастарым таң қалады.
  23. Мен сезімтал және толқымалы адаммын.
  24. Өмірдегі барлық проблемаларды шешуге болады.
  25. Дірілдеген кездер болды.
  26. Анегдоттар мен қызықты оқиғаларды әңгімелегенді ұнатамын.
  27. Кейде үйден кеткім келген кездер болды.
  28. Бос заттарға жиі қобалжимын.
  29. Өзімді ақтау үшін көп нәрсені ойдан шығарамын.
  30. Кейде бірден тер жуып кететін кездер болады.
  31. Мен берген уәдемде  тұрмайтын кездерім болды.
  32. Мен ештенеге жарамчыз сияқты сезінемін.
  33. Менің таныстарымның көбісі маған ұнай бермейді.
  34. Менің тәбетім жиі болмайды.
  35. Көңілсіз ортаны тез ширата аламын.
  36. Отбасымдағы кейбір адамадардың әдеттеріне менің жыным келеді.
  37. Мен бөтен адаммен  де тез тіл табыса аламын.
  38. Мен үнемі бір қысыммен  жүргендей , өз-өзімді  еркін сезіне алмаймын.
  39. Мен өлгім келеді, себебі.
  40. Мені көңілді және ашық адам деп санайды.
  41. Мен барлығын жүрегіме жақын қабылдаймын
  42. Менің ұлтабарым түйіліп,ішімде біртүрлі сезімдер болады.
  43. Мен таныс немесе  таныс емес адамдармен сөйлесуге дайынмын.
  44. Егер мен қобалжып немесе  ашуланып тұрсам барлық дене мүшеммен  сеземін.
  45. Мен көп армандаймын, ешкіммен бөліспеймін.
  46. Кейде қолымда барлығы таситындай энергияға толы , кейде, былжыр болатын кездерім болады.
  47. Мен үнемі шындықты айтпаймын.
  48. Дауласу үшін мен барлығын орындауға дайынмын.
  49. Мен жағымсыз жағдайларды  қатты уайымдағандықтан көпке дейін басымнан шығара алмаймын.
  50. Мен өзімді үнемі  былжыл немесе шаршаңқы сезінемін.
  51. Мен басқа адамды мысқылдарды ұнатамын
  52. Сын мен пікір айтқанды мен ұнатпаймын
  53. Мен қорқынышты түстерді жиі көремін.
  54. Мен сезімге ерік беріп ортада жақсы көңіл  көтере аламаын.
  55. Себептен себепсіз өзімді бос және еңсем түсіңкі күйде сезінемін.
  56. Ұйқым келмейтін кездер жиі болады.
  57. Мен өсек айтқан кездерім болды.
  58. Мен барлығына жеңіл қараймын.
  59. Егер менде бақытсыздықтар болып отырса мен қаншалықты жақсы өмір сүре аламын деген ойлар болады.
  60. Мен  өз-өзіме сенімді адаммын.
  61. Мені өзімді  кінәлі сезіну мазалайды.
  62. Мен жылдам жүремін.
  63. Сәтті жетістікке үмітім үзілетін жағдайлар кейде болады.
  64. Басыма әртүрлі ойлар  келгендіктен ұйқым келмейтін кездер болады.
  65. Басқалар маған күледі деп ойлаймын.
  66. Мен байқам, ештенені ойламайтын адаммын.
  67. Кейде мен ұялатын ойлар болады.
  68. Менің жүрегім қатты соққан кездер болады.
  69. Адамдардың ортасында да мен өзімді жалғыз сезінемін
  70. Мен кейде көп сөйлеп тоқтай алмаймын.
  71. Мені қолдап, жұбатып түсінетін жолдастарымды қажет етемін.
  72. Мен өз күшіме сенбегендіктен бастаған ісімнен бас тартамын.
  73. Басқа адамдарға әсерін тигізбейтін ашық түс, қатты шу, қатты жарыққа мені қатты ызаландыратын кездер болады.
  74. Менің жаман әдеттерім бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өз-өзіне қол жұмсау азаптан құтқармайды

Бүгінгі ұрпақ – еліміздің ертеңгі болашағы. Сол ұрпаққа дұрыс тәрбие беру тек ата-ананың ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті. Қасиетті Құранда Алла Тағала: «Балаларың мен дүние-мүлік сендер үшін сынақ», – дейді. Бала өмірге келген сәттен бастап, оны Ислам діні, әдет-ғұрып негізінде тәрбиелеу әрбір ата-ананың мойнындағы парыз.

Жасөспірімдер көбінесе еліктеушілікке, заңсыздыққа ойланбастан бара салады. Ал, баланың мұндай әрекетке баруы – ол әлеуметтік-құқықтық тәрбиенің жетіспеуі. Бүгінде жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауының, заң бұзушылық әрекеттерінің бір себебі – бала санасының толық деңгейде болмауы. Яғни рухани азықтың жетіспеушілігі.

Соның салдарынан болар, соңғы кездері елімізде суицид (өз-өзіне қол жұмсау) жиілеп кетті. Ал бұл сұмдықтың алдын алу қалай болмақ? Суицидтен қалай құтыламыз десек, бұл жауапты діннен іздегеніміз жөн болар. Ислам дінінде өз-өзіне қол жұмсау айрықша ауыр күнә саналатыны белгілі. Алла Тағала берген жанды Өзі ғана алады. Өз-өзіне қол жұмсау Алланың берген өміріне наразы болу, Жаратқанға қарсы шығу болып саналатыны сөзсіз. Бұл турасында қасиетті Құран кәрімде «Өз-өздеріңді өлтірмеңдер (және соған апаратын бұзықтыққа бармаңдар). Расында (сіздерді бұдан тыйған) Алла сендерге ерекше мейірімді» («Ниса» сүресі, 29-аят), – деген. Бұл дүниедегі қиындықтардан өзімізге қол жұмсау арқылы құтыла алмаймыз. Бәлкім, нағыз қиындықтар бұл дүниеден өткеннен кейін, Алланың алдына барғанда, «Сен неге өз-өзіңе қол жұмсадың?», «Неге маған қарсы шықтың?» дегенде басталады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «…Ол өзін-өзі өлтірді. Сонда Алла тағала: «Пендем өз бетімен менің алдымнан шықты. Мен оған жәннатты харам еттім», – деді», – деген. Яғни, өз-өзімізге қол жұмсау өте қорқынышты тозақ азабына өз еркімізбен түсумен бірдей болады. Демек, өз-өзімізді өлтіріп ешқандай қиындықтан құтылмаймыз. Қайта одан да ауырына тап боламыз. Сондықтан, соңғы шешімді өзімізге қол жұмсаудан іздемеуіміз керек.

Халқымыз ұл мен қыздарымызды тәрбие-леуге ерекше көңіл бөлген. Жасөспірімдердің рухани тәрбиесін салт-дәстүрмен үйлестіріп отырған. Өкінішке орай, бүгінгі таңда ондай үйлесімділік байқалмайды. Қазір біз балаларымызды тек материалдық жағынан қамтамасыз етумен шектеліп қалғандаймыз. Әрине, мұндай түсінік дүниәуи қажеттілігін өтесе де, рухани қажеттілігін өтей алмайды. Күнделікті тіршілігімізде балаларымыздың не істеп жүргенінен, қандай жағдайға душар болғанынан бейхабармыз. Ал біздің басты міндетіміз – балаларымызға жақсы тәрбие беру, оның ақыл ойын дамыту арқылы бала санасына үлгілі тәртіптің негізін ұялату. Соған сүйене отырып Алланы тануды, ата-ананы қастерлеуді, үлкендерді сыйлауды және өз-өзіне қол жұмсау дұрыс емес екендігін түсіндіруіміз керек.

Біз, дін қызметкерлері де бұл мәселені назардан тыс қалдырмай, мүмкіндігімізге орай уағыз кезінде айтып келеміз. Ауданымыздың бас имамы Жақсымбетұлы Батырбек қажының ұйытқы болуымен ауданымызға қарасты мешіттерде бес уақыт намаз алдында 10-15 минут, жұма намазының алдында 30-40 минут түрлі тақырыптарда уағыз-насихат айтылады. Аталған мәселеге орай бір айға уағыз кестесі жасалып, соның негізінде жұмыс жүруде. Бұдан басқа аудан, ауылдардағы мектеп, колледж оқушыларымен кездесулер ұйымдастырылуда. Қаңтар айы мен наурыз айының аралығында мектеп басшыларының сұранысымен аудан имамдарының 9-11 сынып оқушыларымен кездесу жиындары өтті.

Негізінен, біздер көп жағдайда өзгелерді кінәлап жатамыз. «Бүгінгі жастар бұзылып барады» деп айтуға әуеспіз. Егер біз дін Исламдағы шариғат тәртібіне мойынұсынып, қасиетті Құран мен пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетін ұстансақ, еш уақытта бұндай жағдайға тап болмас едік. Құрметті оқырман! «Не ексең, соны орасың» деген жақсы сөз бар. Ендеше, бүгін өскелең ұрпаққа жақсы тәрбие берсек, ертең жемісін өзіміз көретінімізді естен шығармайық

"СУИЦИД – тығырықтан шығар жол емес"

Біздің Конституциямыз «Мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі» деп басталады. Ендеше сол қымбат қазынаны көзіміздің қарашығындай етіп қорғау әрбір азаматтың алдындағы, сондай – ақ жалпы қоғамның алдында тұрған өзекті мәселе.

Соңғы 4 – 5 жыл көлемінде қоғамға айықпас дерт боп жабысқан ғылыми атауы «сиуцид» деп аталатын адамның өзін – өзіне қол жұмсауы бүгінгі күннің өзекті жан ауыртар мәселесіне айналып отыр. Осы мәселіні шешуде мектеп психологтарының атқарар жұмысы, берер нәтижелері жетерлік.

Қазалы ауданы бойынша барлығы 40 мектеп 15277 балаға білім беріп жатырса,  онда  барлығы 48 психолог қызмет атқарады, оның 42 – сі өз ісінің мамандары. Мектеп психологтарының негізгі мақсаты – адамдардың психикалық саулығын жақсарту үшін психопрофилактикалық, психодиагностикалық, психокоррекциялық, психоконсультациялық бағыттарда нәтижеге бағытталған жүйелі жұмыс жасау.  Қазіргі таңда психологтардың жылдық жұмыс жоспарларынан түспей үнемі назарда тұрған мәселелердің бірі ол арине, оқушылар арасында суицидтің алдын алу. Осы орайда 2010 – 2011 оқу жылында мектеп психологтарының атқарған жұмыстарына тоқталып өтсек.

Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында суицидтік жағдайлардың алдын – алу байланысты аудан бойынша 2010 жылы 4 шара (3 – аудандық білім бөлімінің, 1 – аудан әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен) өткізілді. Облыстық деңгейде осы мәселеге сәйкес өткізілген семинарда баяндама жасаған №204 мектеп психологі Бисенова Жанияның еңбегі ерекше бағаға ие болды.

«Суицид – тығырықтан шығар жол емес», «Менің таңдауым – өмір», «Өмір – сен кереметсің!», «Өскелең ұрпақ арасындағы суицид мәселелері» сынды түрлі тақырыпта оқушылар, мұғалімдер және ата – аналар арасында семинарлар, тренингтер, конференциялар, медицина саласының, діни, полиция қызметкерлерімен басқосулар мен дөңгелек столдар өткізілді. Ол шаралардан үзінділерді назарларыңызға ұсынылған электронды көрмеден тамашалай аласыздар.

Жүйелі де нәтижеге бағытталған жұмыстың нәтижесі болар 2010 жылы бірде бір аудан бойынша суицид мәселесі тіркелген жоқ.

Бірақ алда психологтардың кәсіби біліктілігін талап етер қауіпті кезең күтіп тұр. Ол – көктем мезгілі.

Көктем мезгілі қалайша қауіпті болуы мүмкін деген сұрақ туындауы мүмкін. Бұл сұрақтың да ғылыми дәлелденген жауабы бар. Ғалымдардың зерттеуі бойынша ең көп суицидтер саны көктем мезгілінде тіркеледі. Көктемгі құлпырушы әлем мен адам жанының дағдарысының кенеттен пайда болған арақатынасының сәйкес келмеуі суицидті мінез-құлықтың көрінуіне алып келеді. Американдық ақын Томас Эллиот жазғандай: «Сәуір айы ең қатыгез ай». Статистикалық мәліметтерге сәйкес «өлім айлары»- сәуір, мамыр, маусым айлары, ал жыл мезгілі – көктем. «Өлім уақыттары» – 12.00 немесе 13.00-ден 15.00-ге дейінгі уақыт аралығы.

Суицид пен әлеуметтік себептердің байланысы жөніндегі ой ең алғаш «суицидология әкесі», әлеуметтану профессоры Э. Дюркгейм (1912) еңбектерінде көрініс тапты.

Жалпы суицидті әрекетке дайындалып жүрген жасөспірімдерді мына белгілер арқылы анықтауға болады:

Сөздік белгілер:

1.Жасөспірім өлім туралы ашық және тура айта бастайды: «Мен одан әрі өмір сүре алмаймын».

2.Өзінің тілегі туралы жанама түрде түсінік береді: «Мен енді ешкім үшін проблема тудырмайтын боламын…» .

3.Өзіне өзі қол жұмсау тақырыбында көп әзілдеу.

4.Өлім тақырыбындағы сұрақтарға қызығушылық таныту

Мінез-құлық белгілері:

1. Өзі үшін маңызды болған нәрселерді өзгелерге тарату, барлық жұмыстарын ретке келтіру.

2. Жасөспірім іс-әрекетінде келесідей радикалды өзгерістер байқалады:тағамдарды өте аз немесе өте көп мөлшерде қолдану, оқу үрдісінде сабақтардан еш себепсіз қалу, берілген үй тапсырмаларына көңіл бөлмеу,жолдастарымен қарым-қатынасқа түспеу,қызбалық көрсету,көңіл-күйдің түсіңкі болуы, қоршаған ортадағы құылыстарға немқұрайдылық таныту.

3. Әлсіздік, үмітсіздік белгілерінің көрінуі.   

Суицидті әрекетке баратын жасөспірімдердің ситуациялық белгілері:

1. Әлеуметтік оқшауланған (жолдастары болмайды немесе бір ғана досы болады);

Информация о работе Казіргі кездегі суицидалдық мінез-құлықты зерттеу жолдары