Эстетикалық тәрбиенің мәні, міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 11:25, реферат

Описание работы

Ұрпақтан-ұрпаққа дәстүрлі жалғасын тапқан бабалар мұрасы тек шеберлік пен іскерлікті игеру гана емес, адамзаттың әлемді рухани-эстетикалық тануының "заттанган" көрінісі. Халықтың рухани бәйтерегі - қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт үғымдарында эстетикалық тәлім-тәрбие жатқанына көз жеткіземіз.
Біріншіден, қазақ қолданбалы өнерінің ішкі тылсым сыры ұгылады (қабылданады).

Содержание работы

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Эстетикалық тәрбиенің мәні, міндеттері.............................................3-4
2. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің рөлі...........5-7
3. Оқу процесіндегі эстетикалық тәрбие.................................................7-8
4. Музыка, бейнелеу өнері сабақтары.........................................................8
5. Эстетикалық тәрбиедегі сыныптан тыс жұмыстар.............................8-9
6. Күнделіктегі өмірдегі адамның жеке басы эстетикасы....................9-10
7. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру............................................10-13
8. Педагогика тарихында оқушыларға эстетикалық тәрбие беру жайлы ой-пікірлер........................................................................................................13-17
9. Бастауыш сыныпта эстетикалық тәрбиенің негізі..........................17-20
10. Оқушыларға эстетикалық мәдениеттілікке тәрбиелеу педагогтардың басты мақсаты.......................................................................20-23

III. Қорытынды.................................................................................................24-25

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................26

Файлы: 1 файл

Эстетикалық тәрбие.docx

— 63.87 Кб (Скачать файл)

Мектептегі эстетикалық  тәрбиенің жалпы мақсаты-оқушының айнала қоршаған ортаға деген тұлғалық- эстетикалық мәдениетін, көзқарасын қалыптастырып, оның шығармашылық әрекетін дамыту. Демек оның табиғатқа, еңбекке, ғылым-білімге, өнерге, адамдар мен  қарым-қатынас әрекеттеріне, спортқа  деген эстетикалық қарым-қатынасын  дамыта отырып тұлғаның шығармашылық іс-әрекетінің қалыптасуына белсенді ықпал еткен абзал.

Мектеп оқушысының эстетикалық  даму дәрежесінің әр деңгейде болуы, көбінесе отбасындағы тәрбиенің  дамуы деңгейіне, білім және тәрбие шараларының сапасына, әр түрлі қоғамдық ортаның ықпалына байланысты болады. Сондықтан әрбір баланың эстетикалық  көзқарасын, эстетикалық мәдениетін, эстетикалық сезімін қалыптастыру үшін олардың шығармашылық қызығуы  мен қажеттілігін тұрақты түрде  қалыптастыруды негізге айналдырған  жөн. Ол үшін мектеп, отбасы және ортаның  ықпалы нәтижесінде қалыптастырған эстетикалық тәрбиенің мазмұны  айтарлықтай рөл атқаратынын  естен шығармауға тиіспіз. Өйткені, барлық кезең мен жасөспірім шақта  эстетикалық білімдер мен шығармашылық дағдылар тұлғаның жеке дара дамуының бірден-бір құралы болады да, оның мектепті бітірген кезінде жоғарыда айтылғандардың негізінде эстетикалық мәдениеттің  дамуы қалыптасады. Осыдан барып  эстетикалық мәдениет үлесінде эстетикалық  даму дағдылары жетіледі.

Эстетикалық тәрбиені қалыптастырудағы басты мақсат-оқушыларды өнер құндылықтарын  жасақтауға қатыстыру, тіл, сөз өнерін дұрыс меңгерту, әдепті сөйлеуге баулу, олардың бойында белгілі бір  адамгершілік- эстетикалық мәдениетті, көркемдік талғамды, шығармашылық қабілетті  тудыру. Мұндай жұмыстардың игілікті түрде жүзеге асу үшін көптеген жұмыстар жүргізілуі шарт.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтар болсақ, бүгінгі  ұрпақ адам бойында кездесетін үлгілі , жақсы қасиеттер мен жағымсыз әдет-дағдылар жөніндегі бұрынғы  өткен ұлы ғұламаларымыздың өсиеті мен өнегесін оқып біліп, оны көкейіне тоқып, одан өзіне керекті тәлім-тәрбиелерді  бойына сіңіре білсе, нұр үстіне нұр  болмақ.

 

Педагогика тарихында  оқушыларға эстетикалық тәрбие беру жайлы ой-пікірлер

 

Эстетикалық тәрбие адамның  рухани бейнесін қалыптастырудың соншама  ауқымды саласын қамтиды. Кейде  эстетикалық тәрбие деген ұғымды "көркемдік тәрбиелеу" деген  ұғыммен пара - пар алып жүрміз.

Көркемдікке тәрбиелеу дегеніміз - өнер құралдарымен тәрбиелеу деген  сөз. Ал Эстетикалық тәрбие дегеніміз - Илыинаның айтуынша - өнердегі, табиғаттағы және бүкіл қоршаған өмірдегі, әсемдік құралдары арқылы тәрбиелеу деген сөз. Сондықтан көркемдікке тәрбиелеу Эстетикалық тәрбиемен пара - пар емес, оның өте маңызды, бірақ құрамдас бөлігі болып табылады.

Осы орайда белгілі педагог  Р.Қоянбаев "Педагогика" атты еңбегінде: " Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі  әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді. Өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге  баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа  жағымсыз көзқарасты қалыптастырады", - деп, өнер арқылы Эстетикалық тәрбие беру жолдарын қарастырған.

Эстетикалық тәрбиенің міндеттерінің  бірі - Эстетикалық сезімді және Эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда әр түрлі болады. Біреулер әдемілікке үңіле қарап, оның сырын білуге тырысады, ал кейбіреулер  оған онша мән бермейді, қалай болса  солай қарап, жанынан өте шығады. Әдемілікті сезіну үшін, оған түсіну үшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка және ән саласынан әрбір адамда білім  болуы қажет. Білім адамды әдеміліктің  обьективтік критерилерімен қаруландырады. Білімді адам сұлулықты бағалай  біледі, түсінеді. Айналадағы дүниеге  сезімталдық, Эстетикалық қабылдау қырағышығы, ықыластылық, қамқорлық  баланың Эстетикалық дамуының негізі болады.

Қазақ ағартушылары Эстетикалық  тәрбиеге арнайы тоқталмаса да, ерекше мән бергенін олардың зерттеу  жұмыстары мен шығармаларынан аңғаруға болады.

Ш. Уалихановтың Эстетикалық  көзқарасы қоғамның саяси және философиялық көзқарастарымен тығыз байланысты болды. Өзінің зерттеу жұмыстарында ол қазақ халқы мен Орта Азия халықтарының тұрмыс - тіршілігіне, ұлттық әдет - ғұрпына, салт – дәстүріне баса көңіл біледі. Сөйтіп, өз халқының ауызекі әдебиеті, әсемдік танымы, көзқарасы арқылы Эстетикалық талғамын ашуға ұмтылады.

Шоқан халықтың ежелгі архитектуралық құрылыстарын Эстетикалық тұрғыда  қабылдай білуге байланысты құнды пікірлер айтты. "қазақ моласы мен оның төңірегінен қазақтың бар мәнер  талғамы, архитектурадағы өнері, оның ою мен бейнелеу салты байқалады" - деп халықтың мәдени деңгейінің жоғары болғанын көрсетеді. Өз халқымен бірге  Қырғызстан және Шығыс Түркістанның ежелгі архитектуралық құрылыстарына (Алашахан, Ботағай, Айша бибі т. б. ) тас  мұсіндеріне (Қозы - Көрпеш - Баян сұлу кешеніндегі, Түймекенттегі т.б. ) ғылыми тұрғыда талдау жасайды. Сөйтіп қазақ  халқының Эстетикалық мақсатты көздеген өзіндік сәулетшілік шығармалары  болғанын баяндайды. Осы көне заманның көз болып келген мәдени мұраларды  әсемдіктің үлгісі деп қабылдай білуге үйретеді.

Сол секілді, қазақтың біртуар  ағартушысы Ы. Алтынсарин халықтың көркем шығарма туындыларын өте жоғары бағалап, өнердегі және өмірдегі барлық әдемі нәрселердің кұндылығын түсінуге тек қана білім берудің арқасында  жетуімізге болады деп есептейді. Ы. Алтынсарин өзінің педагогикалық еңбектерінде, тек білімділікке ғана емес, мәдениеттілікке  де үндейді. Қазақ қыздарына арналған тұңғыш әйелдер қол өнері мектебінің ұйымдастырылуы да Ы. Алтынсариннің  еңбегі т.б. Оның педагогикалық еңбектері Эстетикалық көзқараспен тығыз байланысты. Ол: Мектеп қазақ халқының арасында жаңаша мәдениетті өмір сүрудің жаңа әдет - ғұрып, тәртіп, тазалық, қолөнер мен өнердің үлгісі болуы қажет," - деп атап көрсетті.

Ы Алтынсарин өзінің барлық педагогикалық теориясында жас -жеткіншектердің  Эстетикалық тәрбиесін қалыптастырып, жетілдіруде қазақ халқының ғасырлар бойы тәрбие саласында жиған бай  тәжірибесін негізге алу қажет  деген пікірді ұстанды. Ол қазақтың қолөнерін де өте жоғары бағалаған  және сол өнерге жастайынан баулу  мақсатымен бірнеше қолөнер мектептерін  ашты. Егер Яковлев атындағы қолөнер  мектебінде ағаш ұсталығы және киім тігу ( машинамен тігу) жұмыстары жақсы  жолға қойылса, Красноуфимскідегі  реальное училинесі мен ауыл шаруашылық мектебінде тері илеу, қыш - құмыра өнерлері меңгерілді, ал Торғайдағы қазақ қыздары  үшін ашылған мектепте, қарапайым  халықтың тұрмысына керекті, ... киім тігу, киім пішу, шәлі тоқу, түбіт шарқат тоқу, жіп шалу және қазақтардың  қолында көп болатын жүн, қыл  секілді материалдардан өрмек тоқу, киіз басу, бау және тақыр киімдер  тоқу сияқты әйелдер істейтін жұмыстар үйретілді"

Ыбырай сол кездің өзінде - ақ, сол өнерге балаларды да ынталандыруға  атсалысты. Онсыз да ұмыт болып бара жатқан әдеттерді тезірек меңгеріп, құнды, пайдалы деген жағын Эстетикалық  талғаммен қабышдап, өмір қажетіне шығара білуге шақыруы қазіргі заман  талабымен ұштасып жатыр.

Осы айтылғандар Ыбырайдың  әдет - ғұрып, салт - дәстүрді тәрбие саласының  өзекті мәселесі деп қарағандығының дәлелі.

Балалар мен жеткіншектерге Эстетикалық тәрбие беруде халық  мұрасының тәрбиелік күшін ұлы  Абай да жоғары бағалады. ( Эстетикалық  тәрбие саласында арнайы еңбек қалдырмағанымен, өлеңдері мен қара сөздерінен Абай да халық мұрасының тәрбиелік  мәнін жақсы түсініп, оны жинауға  атсалысты. " Ел ішінен қолөнер бұйымдарын жинастырып Семей музейіне тапсырады, маңайындағы ақынға - жыршыларға халық  арасынан кең тараған жырларды қайта  жырлауды, оларды хатқа түсіруді жүктейді".

Абай өзінің педагогикалық  идеялары мен көркемдікке тәрбиелеу  ой тұжырымдарын өрбіте келіп, 27- ші қара сөзінде былай деп атап айтады: Сократ пен Аристотельдің пікірлері : "әуелі көзді" көрсін деп беріпті, егер көз жоқ болса, дүниедегі  көрікті нәрселердің көркінен қайтіп ләззат алар едік Осы Абай қырық  үшінші қара сөзінде ары қарай  толықтырады. "Ол хабарлардың ұнамдысы ұнамды қалынен, ұнамсызы - ұнамсыз  қалыппен, әрнесш өз суретімен көзге  тұседі. Жан қуатымен адам хасия  қылған өнерлері де күнде тексерсең  күнде асады. Көп заманнан тексермесең, тауыш алған өнерінің жоғалғандығын  және өзінің ол мезгілдерден бір басқа  адам боп кеткендігіңді білмей қаласың" . ( Абай. Екі томдық шығармалар жиынтығы.

Абай өзінің шығармаларында Эстетикалық түсініктерге, әсемдік, сұлулық, талғам және т.б. Эстетикалық  категорияларға арнайы талдау жасамағанымен  оның өлеңдерінде осы түсініктерді қамтитын мазмұнды шумақтар аз емес.

Балалардың эстетикаға әсерленуі  туған табиғатты бейнелейтін  көркем сипаттама мен көріністерді жақсы түсінуге негіз салады. Мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие беруде мұғалімдердің алдыға қойылатын  күрделі міндетті, ол - окушылардың  көрген - білген заттарының, көркем нәрселерінің сырын дұрыс аша отырып, сезімдерін оятумен бірге ойлау, қиялдау  сияқты қасиетінің дамуына да жол  ашу. Яғни адамнаң дүниені Эстетикалық  мақсатымен де тығыз байланысты.

Осы орайда аса көрнекті совет педагогы А.С. Макаренко : "... балаларымыз - еліміздің келешегі, баланы дұрыс тәрбиелеу біздің қуанышымыз, ал нашар тәрбиелеу - біздің көз жасымыз  және ар алдындағы айыбымыз", - деген . Сондықтан да тәрбие жұмысы бүкіл  педагогикалық ұжымның қызметі  болып саналады. А.С. Макаренко өзінің тәрбиеленушілерінен кербездік, сәнқойлық, тазалықты ғана емес, әдемілікті, жүріс  — тұрыс, сөйлеу әсемдігін талап  ете білді. Сондықтан да олар өте  ақ жарқын, сыпайы болып өсті.

Балалардың әдемілікке деген  сезімін қай жерде болмасын мектепте, ұйде, демалыста, т.б. дамытып, жетілдіріп отыру керек. Мектепті, кластарды, арнайы бөлмелерді эстетикалық тұрғыда  безендіргенде міндетті түрде оларды қатыстырған жөн.

Бұл тұрғыда А.С. Макаренко  кімді де болмасын қызықтырмай қоймайды. Оның мекемелерінде болған адамдар  гүлдердің көптігін, жалтыраған паркетті айналарды, асханадағы аппақ жапқыштарды, бөлменің мінсіз тазалығын таңдана  әңгімелейді.

Педагогикалық қызметінің өн бойында мектеп окушыларын тәрбиелеу  және дамыту проблемаларымен шұғылданған  В.А.Сухомлинский табиғаттың мектеп оқушыларын қалыптастыруда алатын ролін өз практикасында  ерекше қолданған. Ол " Балаға жүрек  жылуы" атты кітабының " Табиғат  кітабының үш жүз беті" деп  аталатын бөлімінде балалардың эстетикалық  сезімІн тәрбиелеуде табиғаттың мүмкіншіліктерінде өз тәжірибесінде  ерекше орын берді. В.А.Сухамлинский сабақты  балалармен көбінесе табиғат аясында  өткізетін. Табиғатты әсемдікке  тәрбиелеудің құралы ретінде пайдаланып, қоршаған дүниенің қасиеті мен сұлулығын  таныта білді. Ол туралы " Бапа сұлулықты  сезініп, оған қуанатын болсын, оған бейнеленген  образдар оның жүрегімен зердесінде мәңгі сақталып қалатын болсын. Әсемдік - адамгершіліктің, ізгі сезімдердің, шын  жүректі қарым - қатынастың жаны мен  тәні", - деп жазды.

Педагогика ғылымының  практикасы мен теориясына баға жетпес үлес қосқан ғалым — ағартушы тәлімгер - ұстаз, балалардың эстетикалық өмірлеріне белсенді араласқан педагог Н.К.Крупская : "Көркемдікке тәрбиелеу ісінде көптеген аса күрделі проблемалар  туады. Бала өнер арқылы өзінің көңіл  сезімін тереңірек түсіне білуі  қажет. Көркемдікке тәрбиелегенде  баланың өлең, ырғақ, музыка, би арқылы өз пікірін жеткізуіне, оның табиғи түрде ілгері дамуына кедергі  жасамау керек" -деп, эстетикалық  тәрбиенің міндетін анықтайды. Ол 1931 жылы желтоқсанда "Правдада" жариялаған мақаласын "Мектепте бейнелеу өнеріне көңіл бөлінсін" деп атады.

Мұнда "Өнер орасан зор ұйымдастырушылық ролы атқарады", - деп атап көрсетеді.

Баланың эстетикалық талғамын қалыптастыруда көркемөнердің ролі орасан зор. Көркем өнер дүниені образдың түрде бейнелеудің және өзгертудің формасы ретінде өте күрделі, жан - жақты құбылыс. Онда мектеп окушыларына  тікелей әсер ететін, бір - бірімен  байланысты тәрбиенің идеологиялық, адамгершілік, эстетикалық жақтары  бірлікте келеді.

Әрбір адам өнердің игілікті күшін бала кезден бастап сезінді. Ол рухани жағынан жетілуімізге ықпал  етеді, жеке басты және қоғамдық өмірде кездесетін мәселелердің шешімін табуға, тіпті кейде өмірден өз орныңды  табуға көмектеседі.

Педагогикада эстетикалық  тәрбиені өнер әдістері арқылы жүзеге асыратын болғандықтан, " Көркем тәрбие" деп аталады. Ол тікелей өнер шығармаларына  көңіл аудара отырып, баланың әдемілікті түсініп қабылдауын талап етеді.

Эстетикалық тәрбие баланың  жас кезеңдеріне байланысты әр түрлі  дамиды. Оның өзі баланың белгілі  нәрсеге әсерленуімен байланысты. Кіші мектеп жасында баланың алғаш  мектепке баруы, одан алған әсері, оның көркемдік әрекеттерін дұрыс  түсініп ұғынуына түрткі болады. Алайда бұл жаста баланың ықыластъілығы  тұрақсыз болады, ұзақ мерзім өнер шығармаларымен танысу тіпті өнермен айналысу оны  тез атаймыз. Әрине, мінез - құлықты  дербес ғылым этика зерттейді, сонымен  қатар оны эстетика да қарастырады.

Егер этиканың негізгі  ұғымы - жақсылық болса, ал эстетиканыкі - сұлулық. Ізгілік, жақсылық жасау - қоғамға  пайда-келтіру деген сөз. Егер еңбектен пайда мен сұлулықтың тұтастығын іздесек, онда өсіп келе жатқан жас  ұрпақ әрекетінен, оның бет - бейнесінен жақсылық пен сұлулықтың, яғни этикалық және эстетикалық қасиеттердің сай  келуін қалыптастыруға тырысамыз. Олардың  мінез - құлқы неғұрлым қалтқысыз  қалыптасса, ол эстетикалың ләззат әкеледі. М.Горыкий : " эстетика - бұл  болашақтың этикасы" - деп бекер  айтпаған. Жасөспірімдер ұлкендермен, дос - жолдастарымен қарым - қатынаста  сыпайы, әдепті, байышты болулары абзал. Осы қасиеттердің бәрі мектеп оқушыларына  эстетикалық тәрбие берудің негізгі  көзі болып табылады.

 

Бастауыш сыныпта эстетикалық тәрбиенің негізі

 

Мектепте эстетикалық  тәрбие оқушылардың сыныптан тыс  тәрбие жұмысының жүйесінде кеңінен  пайдаланылады. Эстетикалық тәрбиенің  өмір елегінен өткен көптеген формалары  бар. Шығармашылық үйірмелер – олар әдебиет, музыка, хореография, бейнелеу өнері т.б.

Балалардың шығармашылық жұмыстарының басты формаларының бірі – көрмелер, сайыстар. Көрмеде оқушылардың  бейнелеу өнері, қабырға газеттері, қолжазба журналдары көрсетіледі. Сайыста  жақсы лирикалық, эстрадалық әндер, әңгімелер орындалады. Сайыс оқушыларды қуанышқа бөлейді, келешекке үмітін тұтындырады.

Информация о работе Эстетикалық тәрбиенің мәні, міндеттері